Жамбыл Жабаев (Большевиктік шындық туралы)
Май төбенің өңірі
Сол күні аса нұрланып,
Алатаудың ақ басын
Күмісті нұрға күн малып.
Қызғалдақ пен сарғалдақ
Алақан аша гүл жарып,
Үйіріп тілін төлдердің,
Бал бетеге шырмауық.
Жапырақтанған тал, терек
Жайқала жайнай ырғалып,
Сайрағыш сан құстардан
Тәтті әндер жырланып,
Тамашалап соларды,
Тұр едім биік белесте,
Шулаған бір кеңеске
Құлақ түрсем: «Ауылға
Келді десті Фурманов».
Фурмановты бұрында
Естіген кәрі құлағым.
Алматы деп естігем
Оның мекен тұрағын.
«Жағып жатыр—дескен жұрт,—
Бахыттың өшпес шырағын,
«Орындайды—дескен жұрт,—
Елдің барлық мұрадын».
Алматыға жете алмай,
Арық, жауыр есекпен,
Кедейлікті нәлеттеп
Күнде тұрса төсектен,
Жетуге күнде асығып,
Жұқарған сабыр, шыдамым.
Сағынған ерді көрген соң,
Амандыққа келген соң, »
Одан бір сұрау сұрадым:
«Осынау жалпақ жалғанда,
Жамбыл қарт — дедім—тұрғалы!
Іздеуден шындық жүрегі,
Бір уақыт та тынбады.
Жетпіс бес жыл өткенше,
Дауылда ұшқан кептерше,
Көз ұшында бұлдырап,
Қуған шындық зарлады.
Ұшқыр ойым ұмтылды,
Сонда да оған жетем деп,
Кешусіз теңіз, асусыз
Таудан да зырлап өтем деп,
Бөгеттен бірақ, өте алмай,
Шындыққа қуған жете алмай,
Есекпен тұрмын тепеңдеп.
Шындық қайда, білсең айт,
Қарт құлақ сені тыңдайды.
Ақылдылық, ақындық,
Достық бар екен өңінде,
Сөз бастауы Жамбылды
Ұқтырам деген сенімде,
Сырласа келіп сыпайы,
Деді: «шындық — өмірде,
Сол өмірді жасаушы
Еңбекті сүйген еліңде,
Бахытты елді бастаған,
СТАЛИН мен ЛЕНИНде.
Ақын қарт, бірақ, шын бахыт,
Тимейді тегін үлеске.
Шын бахытқа жетеді,
Шыдаған қанды күреске.
Большевиктер бастаса,
Халық оны қостаса,
Мен кепіл, шындық жеңуге».
Фурмановтың сөздері,
Ұялай қалды ойыма.
Жыйырма бес жасымдай,
Қуат кірді бойыма.
Сарқылған жырым тағы да
Тасқындап болды дария,
Сталин мен Лениннің
Күнінен көзім нұрланып,
Өтірік пен шындықтың
Шегін білдім айыра.
Жырымды қосып халыққа
Өтірікті өртесіп,
Шыбынсыз жасыл шындықтың
Жайлауына ел көшіп,
Елмен қондым жайыла.
Жыйырма бес жыл жайлауда,
Талмады тілім сайрауға,
Халқымның шаттық тойына.
Шалынды бір күн құлаққа,
Гүрс еткен мылтық дауысы,
Селк ете қалды кең далам,
Селк ете қалды тау іші.
Кім? Десем, дейді—«фашистер,
Өлімтікшіл аш иттер,
Адамның аң, тағысы».
Сол күні жыйнап елімді,
— Буыңдар! — дедім — беліңді!
Асыңдар, дедім — қаруды.
Кімде-кімнің кеудеде
Кеңестік болса намысы.
Кимеңдер нәлет қамытты,
Құтылған халқым құлдықтан
Халыққа артық бахыт жоқ,
Большевиктік шындықтан!
Қорғарың — бахыт табысы.
Басталғалы бұл майдан,
Мінеки болды жыл жарым,
Соғыстың өрті өрістеп,
Қызына лаулап тұр жалын.
Қан кешіп жүр тізеден,
Батыр қыз, батыр ұлдарым.
Батыр қыз, батыр ұлыма
Қосылды барып жырларым.
Аямай жатыр халқым да,
Қолдағы барлық жыйғанын.
Қызым, ұлым, жырымның
Халқымнан алған күшімен
Фашистерді қырғанын
Естісе кәрі құлағым,
Тасқындап жыр—бұлағым,
Дүнияға естірте,
Шырқаймын жеңіс ұранын.
Кілтін ашқан бахыттың,
Жыйырма бес жылдықта,
Бахытта еркін жасаған,
Айтарым менің ел-жұртқа:
— Азат басты егерде
Салмаймын десең құлдыққа,
Фашистермен күресте,
Малды, жанды аяма!
Аяғанмен, мал, жанды,
Қанқұмар фашист қоя ма?
Ішсе қанға тоя ма?
Бір адым кейін aттамa!
Қарасы жаудың өшкенше,
Жеңгенше жауды тоқтама!
Жеңістің бізде тетігі,
Большевиктік, Лениндік,
Сталиндік шындықта!
Сол күні аса нұрланып,
Алатаудың ақ басын
Күмісті нұрға күн малып.
Қызғалдақ пен сарғалдақ
Алақан аша гүл жарып,
Үйіріп тілін төлдердің,
Бал бетеге шырмауық.
Жапырақтанған тал, терек
Жайқала жайнай ырғалып,
Сайрағыш сан құстардан
Тәтті әндер жырланып,
Тамашалап соларды,
Тұр едім биік белесте,
Шулаған бір кеңеске
Құлақ түрсем: «Ауылға
Келді десті Фурманов».
Фурмановты бұрында
Естіген кәрі құлағым.
Алматы деп естігем
Оның мекен тұрағын.
«Жағып жатыр—дескен жұрт,—
Бахыттың өшпес шырағын,
«Орындайды—дескен жұрт,—
Елдің барлық мұрадын».
Алматыға жете алмай,
Арық, жауыр есекпен,
Кедейлікті нәлеттеп
Күнде тұрса төсектен,
Жетуге күнде асығып,
Жұқарған сабыр, шыдамым.
Сағынған ерді көрген соң,
Амандыққа келген соң, »
Одан бір сұрау сұрадым:
«Осынау жалпақ жалғанда,
Жамбыл қарт — дедім—тұрғалы!
Іздеуден шындық жүрегі,
Бір уақыт та тынбады.
Жетпіс бес жыл өткенше,
Дауылда ұшқан кептерше,
Көз ұшында бұлдырап,
Қуған шындық зарлады.
Ұшқыр ойым ұмтылды,
Сонда да оған жетем деп,
Кешусіз теңіз, асусыз
Таудан да зырлап өтем деп,
Бөгеттен бірақ, өте алмай,
Шындыққа қуған жете алмай,
Есекпен тұрмын тепеңдеп.
Шындық қайда, білсең айт,
Қарт құлақ сені тыңдайды.
Ақылдылық, ақындық,
Достық бар екен өңінде,
Сөз бастауы Жамбылды
Ұқтырам деген сенімде,
Сырласа келіп сыпайы,
Деді: «шындық — өмірде,
Сол өмірді жасаушы
Еңбекті сүйген еліңде,
Бахытты елді бастаған,
СТАЛИН мен ЛЕНИНде.
Ақын қарт, бірақ, шын бахыт,
Тимейді тегін үлеске.
Шын бахытқа жетеді,
Шыдаған қанды күреске.
Большевиктер бастаса,
Халық оны қостаса,
Мен кепіл, шындық жеңуге».
Фурмановтың сөздері,
Ұялай қалды ойыма.
Жыйырма бес жасымдай,
Қуат кірді бойыма.
Сарқылған жырым тағы да
Тасқындап болды дария,
Сталин мен Лениннің
Күнінен көзім нұрланып,
Өтірік пен шындықтың
Шегін білдім айыра.
Жырымды қосып халыққа
Өтірікті өртесіп,
Шыбынсыз жасыл шындықтың
Жайлауына ел көшіп,
Елмен қондым жайыла.
Жыйырма бес жыл жайлауда,
Талмады тілім сайрауға,
Халқымның шаттық тойына.
Шалынды бір күн құлаққа,
Гүрс еткен мылтық дауысы,
Селк ете қалды кең далам,
Селк ете қалды тау іші.
Кім? Десем, дейді—«фашистер,
Өлімтікшіл аш иттер,
Адамның аң, тағысы».
Сол күні жыйнап елімді,
— Буыңдар! — дедім — беліңді!
Асыңдар, дедім — қаруды.
Кімде-кімнің кеудеде
Кеңестік болса намысы.
Кимеңдер нәлет қамытты,
Құтылған халқым құлдықтан
Халыққа артық бахыт жоқ,
Большевиктік шындықтан!
Қорғарың — бахыт табысы.
Басталғалы бұл майдан,
Мінеки болды жыл жарым,
Соғыстың өрті өрістеп,
Қызына лаулап тұр жалын.
Қан кешіп жүр тізеден,
Батыр қыз, батыр ұлдарым.
Батыр қыз, батыр ұлыма
Қосылды барып жырларым.
Аямай жатыр халқым да,
Қолдағы барлық жыйғанын.
Қызым, ұлым, жырымның
Халқымнан алған күшімен
Фашистерді қырғанын
Естісе кәрі құлағым,
Тасқындап жыр—бұлағым,
Дүнияға естірте,
Шырқаймын жеңіс ұранын.
Кілтін ашқан бахыттың,
Жыйырма бес жылдықта,
Бахытта еркін жасаған,
Айтарым менің ел-жұртқа:
— Азат басты егерде
Салмаймын десең құлдыққа,
Фашистермен күресте,
Малды, жанды аяма!
Аяғанмен, мал, жанды,
Қанқұмар фашист қоя ма?
Ішсе қанға тоя ма?
Бір адым кейін aттамa!
Қарасы жаудың өшкенше,
Жеңгенше жауды тоқтама!
Жеңістің бізде тетігі,
Большевиктік, Лениндік,
Сталиндік шындықта!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?