» » » Өлең: Жамбыл Жабаев (Жауға оқ)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Жауға оқ)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Жауға оқ) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Жауға оқ) на казахском языке
Жамбыл деген жай атым,
Халық менің шын атым —
Жал, құйрығым, қанатым.
Социализм Отаным,
Қалаған бақыт мұрасын.
Совет менің мыңдап жыл
Аңсап тапқан мұратым.
Жаңқамды жауға бермеске
Отанға берген бар антым.
Миллион-миллион барлық жан,
Арыстан жүрек ер балам,
Сарқылғанша тамшы қан
Қорған, шебін құратын.
Жау мойнын жұлатын, —
Антым — осы болатын.
Қасиетін Отанның
Білмеген, менен сұрасын,
Жау сергелдең болмасын,
Болса, көрсін оңбасын!
Отаным менің шын дүние
Аңсап адам тілеген,
Бейнесі оның нұрлы жаз,
Жер жасарын түлеген.
Ұзын өре өркені
Күнде ұзарып үдеген.
Мұндай Отан қайда бар
Бақытқа елді бөлеген?
Отаным елдің жанындай,
Қандай арсыз ала алар
Қанды айырып денеден?
Кімнің оғы аспақшы
Одағым тұрған төбеден?
Отпен ойнап күйгелі,
Жау жармасса шыңыма.
Қанды соғыс ол жауыз
Шала ұстаған қолына.'
Соғыстық соққы жауабы —
Бірлік туы қолымда.
Ел көсемі Сталин
Халықтың берер бұйрығын.
Алпыс ұлттың айбынды
Адалды сүйген ұлына.
Бейбіт жатқан еліңе
Бір оқ атса, мың оқ ат!
Пасық аяқ аттаса,
Төбесінен тау құлат!
Қайтсын кейін қорғалап,
Ақсын қаны сорғалап,
Өз қанына бөгелсін,
Қанға болса құрқұлақ;
Тұяғымен танкінің
Күлге айналдыр мылжалап!
Жыланға көз аштырмай
Төбесінен бомбалат!
Бізде жауға рақым жоқ,
Жау жазасы жалынды оқ!
Таста кейін шаласын
Өз жерінде жансын өрт!

Автор: nurgul95 | 98 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Жауға оқ өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Жауға оқ, жамбыл жабаев Жауға оқ өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Жауға оқ, Өлең: Жамбыл Жабаев (Жауға оқ) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке