Ахмет Байтұрсынов (Еменнің түбіндегі шошқа)

 Ахмет Байтұрсынов (Еменнің түбіндегі шошқа)

Түбіне бір Еменнің Шошқа келіп,
Жемісін жерге түскен жеді теріп.
Тойған соң келістіріп ұйықтап алып,
Еменнің түбін қазды тұра келіп.
Шошқаға сол уақытта сөз айтады
Ағаштың басындағы құзғын көріп:
«Тамырын қазып, аршып тастаған соң,
Қалмай ма Емен қурап, кеуіп, сынып?»
«Қураса, қурайды деп, қиналман көп,
Қурамай тұрғанменен, неме ол сеп?
Қурасын, маған салса, күйіп кетсін,
Қайғырман оның үшін уайым жеп.
Құдайым жемісінен айырмасын,
Қылатын мені семіз солар ғой тек!».
Сол шақта күңіреніп сөйледі
Емен Шошқаға айтып тұрған осылай деп:
«Ей, шіркін! Жақсылықты білмейтұғын!
Білсең сен, не бетің бар бүй дейтұғын?!
Жоғары қарай алсаң, білер едің
Шыққанын жеміс қайдан сен жейтұғын!»

* * *
Дүниеде түрлі-түрлі адамдар бар,
Жақсы мен арасында жамандар бар.
Ғылымды пайдаланып отырса да,
Сезбейтін сол пайдасын надандар бар

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі