» » » Өлең: Мұқағали Мақатаев (Түс)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Түс)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Түс) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Түс) на казахском языке
Қара жолмен келе жатып,
Кездестім ескі досыма.
Сөз айтпақ боп аз тоқтатып,
Ентіге жеттім қасына.
Ескі досым жорға мініп,
Жортып кетіп барады.
Қиястана көзі күліп,
Тек қана бір қарады.
Іріккен жоқ аттың басын,
Жөніне кетті қарамай.
Қолына алып тапаншасын,
Жүрегімді атты жаралай.
Ілестіре шаңына,
- Қиялымды тұрмын қарап.
Дақ салып кетті-ау жаныма,
Жүректі махаббат уы жалап.
Кетті!.. Кетті!..
Бұрылмай,
Еш нәрсе кірмей ойына!
Жүрегім мұз боп жылынбай,
Қала бердім жайыма.
Көз жасымды жаңбыр етіп,
Қара жолдың шаңын бастым.
Жүрегімді зар еңіретіп,
Жолға ғана сырымды аштым.
Артымнан кенет келіп жетіп,
"Осынша неге қиналдың?" - деп,
Қара көзін мөлдіретіп,
Мұңая ол да қарады тек.
Жол бойында ару қалқам,
Отырды ақ жамылып.
Мойнына сонда қолымды артам,
Жоғалған досым табылып.
Қалқамның кенет алдына,
Сүйедім иіп басымды.
Көзімнен сүйіп алды да,
Көңілмен сүртті жасымды.
Бойымды шарпып бір жылу,
Аймалап іздеп тапқандай.
Көсілген көзден ащы су,
Досыма мұңын шаққандай.
Солғын ғана сүзіледі,
Бетімді сипап қолымен.
Күдерім қалай үзіледі,
Өте ыстық едім онымен!
Досыма келіп қолын созады,
Тосыннан болған бөгде күш.
Кім біледі? Неткен ғажап!
Таң алдында көрінген түс!

Автор: nurgul95 | 141 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Түс өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Түс, мұқағали мақатаев Түс өлең мукагали макатаев олен мұқағали мақатаев өлеңдері мукагали макатаев стихи на казахском мукагали макатаев стихи на казахском языке Түс, Өлең: Мұқағали Мақатаев (Түс) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке