» » » Өлең: Абай Құнанбаев (Әбдірахманға Кәкітай атынан хат)

Өлең: Абай Құнанбаев (Әбдірахманға Кәкітай атынан хат)

Өлең: Абай Құнанбаев (Әбдірахманға Кәкітай атынан хат) казакша Өлең: Абай Құнанбаев (Әбдірахманға Кәкітай атынан хат) на казахском языке
Тілім, саған айтайын,
Осы сөздің келісін тап.
Қолым, сені қайтейін,
Қаламды тұрдың қатты ұстап.
Жүректің сөзін сөйле, тіл,
Жалғаны жоқ бояма.
Қу көсе қандай өзімшіл,
Бір сынамай қоя ма?
Махаббатпен қарап бақ,
Тамыр соқса солқылдап.
Мен жазайын сізге хат,
Оқып көрсін ол шындап.
Оқып көріп байқасын,
Мағынасы ішке кіре ме?
Ұрлаған сөз деп айтасың,
Сөз ұрлыққа жүре ме?
Кісі айтпаған сөз бар ма,
Тегіс ұғар қай құлақ?
Сөккенің оны ұнар ма,
Үйренген сөзге мен де ортақ.
Тұла бойым, балқи көр,
Әбіш ағам дегенде.
Мейлің, Мағаш, шалқи бер,
Не десең де сөгем бе?
Көріскен соң бір дидар,
Алла оңғарып келгенде,
Сынаушы сонда табылар
Мұнда жатқан елден де.
Төсекке менің жатуым —
Ұйқыға әбден талған соң,
Ұстазым мен татуым
Сен екеуің болған соң.
Жас жүрегім қозғалса,
Бір Аллаға тілегім.
Ол қарағым оңалса,
Тыншыр еді жүрегім.
Жүздеріңді сау көрсем,
Екі көзім нұры еніп.
Қосылысып бір жүрсем,
Әр нәрсені үйреніп.
Жерің алыс, жете алмай,
Мағаштан да мен сорлы.
Қызметіңді ете алмай
Қалмас едім сол құрлы

Автор: nurgul95 | 888 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жүрегім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жүрегім)
Өлең: Абай Құнанбаев (Әбдірахманға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Әбдірахманға)
Өлең: Абай Құнанбаев (Татьяна сөзі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Татьяна сөзі)
Өлең: Абай Құнанбаев (Жүрегім ойбай соқпа енді!)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Жүрегім ойбай соқпа енді!)
Өлең: Абай Құнанбаев (Рахат мені тастап қоймадың тыныш)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Рахат мені тастап қоймадың тыныш)
Өлең: Абай Құнанбаев (Онегиннің Татьянаға жазған хаты)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Онегиннің Татьянаға жазған хаты)
Өлең: Абай Құнанбаев (Сәулең болса кеудеңде)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Сәулең болса кеудеңде)
Өлең: Абай Құнанбаев (Жігіт сөзі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Жігіт сөзі)
Өлең: Абай Құнанбаев ( ЕМ ТАБА АЛМАЙ)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев ( ЕМ ТАБА АЛМАЙ)
Қазақша өлең: Бернияз Күлеев (Ертеректе ер жүрегім)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Бернияз Күлеев (Ертеректе ер жүрегім)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өзіңменен жүрегім егіз менің)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өзіңменен жүрегім егіз менің)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Ем таба алмай)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Ем таба алмай)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қор болды жаным)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қор болды жаным)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жүрегім менің қырық жамау)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жүрегім менің қырық жамау)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Алла деген сөз жеңіл)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Алла деген сөз жеңіл)

KZ / Өлеңдер жинағы, абай құнанбаев Әбдірахманға Кәкітай атынан хат өлең олен абай кунанбаев, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Әбдірахманға Кәкітай атынан хат, абай құнанбаев Әбдірахманға Кәкітай атынан хат өлең олен абай кунанбаев казакша олен абай кунанбаев абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать абай құнанбаев өлеңдері Әбдірахманға Кәкітай атынан хат, Өлең: Абай Құнанбаев (Әбдірахманға Кәкітай атынан хат) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке