Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бостандық туы жарқырап) » ZHARAR © 2017 | шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке , шакарим кудайбердиев стихи на казахском, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем, шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шакарима кудайбердиева




  • »

Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бостандық туы жарқырап)

Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бостандық туы жарқырап) казакша Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бостандық туы жарқырап) на казахском языке

Бостандық туы жарқырап,
Еркіндік суы сарқырап.
Байқұс қазақ осыдан
Қана ала ма бас құрап.

Ата-анасыз жас бала,
Денесінде көп жара,
Қайраты жоқ, ес шала,
Құр жылайды барқырап,

Жаратқан жәрдем етпесе,
Өз өнері жетпесе,
Тағы да қуып кетпесе,
Сақа айғырдай арқырап.

Құлдықтан жоқ құтылған,
Еркіндігі мұтылған,
Берік байлап, тұтылған,
Бекітулі шартарап.

Тұла бойы қотыр ғой,
Қозғала алмай отыр ғой,
Әр өнерден жетім ғой,
Кім өсірер арқалап?

Моншағы көп мойында,
Ол әркімнің ойында.
Бұл еркіндік тойында
Кетер екен кім талап?

Бірлігі жоқ ел өзі
Көрсеқызар мінезі,
Белгілі ғой тым езі,
Жұта алмайды-ау, құр жалап.

Енді өмірі не болар,
Күн туа ма оңалар–
Түзелер не жоғалар,
Бал ашайын шамалап.

Еркін тиіп қонысы,
Кеңір ме екен өрісі,
Не болады орысы,
Соны ойлайық бағалап.

Патсалық енді тірілмес,
Бұлайша билеп жүрілмес,
Николай ірі білінбес,
Айтқаным емес табалап.

Орыс әзір тына алмас,
Орнығып жұмыс қыла алмас,
Болмас па екен тайталас,
Бірін-бірі сабалап.

Бірі шығар үстіне,
Есе тиер тістіге,
Жалынбай ма күштіге
«Ал, қойдым,– деп,– ағалап».

Бұл еркіндік тым-ақ жас.
Бір қалыпты тұра алмас,
Кейде айығып, кейде мас,–
Бостандықты жағалап.

Бола берсе таласы,
Екі нардың арасы –
Шыбындай ғой, шамасы,
Өлмей ме қазақ «алдалап».

Оған шыдар күш бар ма,
Қару, өнер, тіс бар ма,
Жемтігің қалар тысқарда,
Қарға мен ит қамалап.

Орнығып, орыс билесе,
Ерік берсе, тимесе,
«Өз есіңді жи» десе,
Қайтер еді бұл қазақ?

Өзінен ұлық сайласа,
Шаруаларын жайласа,
Бостандық туын байласа,
Бұғаудан босап құл қазақ.

Сонда өзі жай жүре ме,
Тыныштық өмір сүре ме,
Таласып иттей үре ме,
Неғылып тек тұр қазақ?

Күншілдігі мұтылмас,
Береке, бірлік тұтылмас,
Деп ойлама құтырмас,
Жай отырмас бір қазақ.

Оқығандар бас болар,
Ұлықтың көбі жас болар,
Жас өмірге мас болар,
Үлкенін қылар ол мазақ.

Ысылған ерте сезгіштер,
Алыстан қарап көргіштер,
Еліне мейірім бергіштер
Зияннан жүрер жасқап-ақ.

Сүйтіп олар күндесер,
Бірін-бірі жүндесер.
«Кел, маған ер, жүр» – десер,
Сонда болар қатты азап.

Мені қорқақ дерсіңдер,
Етімді сүйтіп жерсіңдер,
Кім өз елін өлсін дер,
Бал аша ғой тап-таза-ақ?

Еркіндік елге тисе де,
Берекені ел сүйсе де,
Күншілдік қоймас күйсе де,
Ашылмас біздің қас-қабақ.

«Бұл өлеңді жауып қой,
Балың бұлдыр қауіп қой»,–
Дегізбексің «тәуіп, қой» –
Айтқаның келсе – мақтамақ.

Заманды себеп билейді,
Күштіні де илейді,
Кейде әлсізге тимейді,
Қоя тұршы сақтап-ақ.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 3 572
Рейтинг:
(голосов: 5)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңі Бостандық туы жарқырап, шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке, шакарим кудайбердиев стихи на казахском, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем, шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шакарима кудайбердиева, шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке, шакарим кудайбердиев стихи на казахском, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем, шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шакарима кудайбердиева, Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бостандық туы жарқырап) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .