Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Баспа, мұнар!) » ZHARAR © 2017 | мұқағали мақатаев Баспа мұнар өлеңі , мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері , мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы,




  • »

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Баспа, мұнар!)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Баспа, мұнар!) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Баспа, мұнар!) на казахском языке

Арылмасын аппақ нұр бастарынан,
Шашпа ызғар,
Күнімді баспа, мұнар!
Кетпе, шуақ,
Мына елдің аспанынан.
Мейрамы майдан болған қарттары бар,
Мейрамға жаңа келген жастары бар,
Шашпа, ызғар,
Күнімді баспа, мұнар!
Аймалап Алатаудың шырқау басын,
Түтінсіз тұнық ақша бұлтты аунасын.
Майданға емес, мейрамға жаратылған,
Қаным сіңген Туыма су тамбасын!
Тыныштықтың түтінсіз бұлты аунасын.
Адамзат тарихында дара түрған,
Октябрь,
От пен оқтан жаратылған.
Октябрь - оқ пен оттың қанатынан,
Шуағын тыныштықтың сыйлы туған,
Шашпа ызғар, күнімді баспа, мұнар!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 2 906
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .