Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Көзің нұрсыз дейсің сен) » ZHARAR © 2018 | мұқағали мақатаев Көзің нұрсыз дейсің сен өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Көзің нұрсыз дейсің сен

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Көзің нұрсыз дейсің сен)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Көзің нұрсыз дейсің сен) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Көзің нұрсыз дейсің сен) на казахском языке


...Содан бері шыныммен жыламадым,
Сүріндім ғой, қойшы оны, құламадым.
Көзің нұрсыз дейсің сен өлде әзілің,
Әлде бір шыныңмен-ақ сынағаның
Оның рас, несіне қынжыламын,
Нұрсыз көздің көрсеңші тұнжырауын.
Жанарымның жартысы ағып кеткен,
Себебі, бір-ақ рет шын жыладым.
...Аттанды әкем жау туын құлатуға,
Қуат берсін, жетсін бір мұратына.
Желе жортып, артынан ілестім мен,
Қонып алып әкемнің құла атына.
Ақпан еді, бүріккен үскірігін,
Шырылдатып бұрқасын ысқырығын.
Ес білгелі ең алғаш жылағаным,
Кешіргейсің, есіме түсті бүгін.
Жылайын деп онда мен жыламадым,
Шыдамадым, қайтейін, шыдамадым,
Алпамыстай әкемнің өкіріп кеп,
Көріп қалдым шанадан құлағанын.
Болсам-дағы тұңғышы, шөлдегені,
Маңдайымнан иіскеп көрмеп еді.
Өкіріп кеп, аймалап, жылап жатыр,
Тік көтеріп қойды да жерге мені.
Өзі күйреп жатқанда шаңырағым,
Шыныменен сонда мен аңырадым.
Өкіргенде тау тұрды күңіреніп,
Сондағы Әке, қазіргі Аруағым.
Қауым келіп, қаумалап, алып кеткен,
Қап-қараңғы дүние, жарық кеткен.
Көзің нұрсыз дейсің сен,
Сонда менің,
Жанарымның жартысы ағып кеткен...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Көзің нұрсыз дейсің сен өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Көзің нұрсыз дейсің сен, мұқағали мақатаев Көзің нұрсыз дейсің сен өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Көзің нұр, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Көзің нұрсыз дейсің сен) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке