Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ұшқан ұям) » ZHARAR © 2018 | айтқали нәріков Ұшқан ұям туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ұшқан ұям)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ұшқан ұям) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ұшқан ұям) на казахском языке


Тасқала ауданындағы Оян орта мектебінің қырық жылдығына арнаймын

Орыны бар маған артар өкпенің,
Көптен бері келмеппін ғой, мектебім!
Бірақ бейнең көз алдымда тұрады,
Білім нәрін алып, сенен көктедім.
Ашып едің болашаққа жолымды,
Сен таныттың оңым менен солымды.
Тек өзіңнің арқаңда деп түсінем,
Іс тындырсам бұл жасымда толымды.
Қазір шәкірт - ұл-қыздарым жас талап,
Өсіп едік біз сендерден басқарақ.
Жай-күйіміз келмей жиі жүрсе де,
Білім десе болдық керім ашқарақ.
Әке көрмей, арқаладық күйікті,
Ауыр жүкке тостық ерте иықты.
Қиял құсын қияндарға ұшырып,
Армандадық Алатаудай биікті.
Деп өзімді айта алмаймын алғырмын,
Өмір-жолда қанатты көп талдырдым.
Бір кісідей көріп келем маңдайша,
Жазғандарын тиесілі тағдырдың.
Оза шауып, алған жоқпын жүлдені,
Киген жоқпын үлдені мен бүлдені.
Мен өзімше өмір сүріп келемін,
Біреуден кем, ал біреуден ілгері.
Бірде жылап, енді бірде шат күліп,
Татқандарым ащылық пен тәттілік.
Бесігінде тербелгеннің бәріне,
Мектебімнің ойлайтыны жақсылық!
Ей, жас буын, білімді бол әманда,
Еру үшін мына қилы заманға...
Ой-санада болып жатыр төңкеріс,
Қырық жылда жаңарады қазан да.
Келіп тұрмыз қырық жылдай жол жүріп,
Кейбіріміз қалғандаймыз болдырып...
Кластастар кемпір болды, шал болды,
Қызды ұзатып, ұлды ұяға қондырып.
Бізді әлі шаршатады жол үсті,
Толық өтеп болған жоқпыз борышты.
Өле-өлгенше тер төгеміз ұрпақтың
Өмірлері болу үшін өрісті.
Ұшқан ұям, аруақ тұтар киелім,
Сағындым ғой, босағаңнан сүйемін.
Бізді оқытқан ұстаздарға бағыштап,
Бурыл тартқан басымды мен иемін!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Ұшқан ұям туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, айтқали нәріков Ұшқан ұям туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ұшқан ұям) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке