Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қапырық бәрі)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қапырық бәрі) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қапырық бәрі) на казахском языке


Қапырық бәрі;
Көңілім де менің қапырық,
Емендер анау,
Жапырақтары шашылып,
Қайындар әне
Бөксесін жерге батырып,
Ақ ұрып бәрі
Аңсайды нөсер шақырып.
Автобустар да,
Трамвайлар да тұр жанып,
Самалға шөлдеп,
Саяны қуып жүр халық.
Үп еткен желді тұтқындап алып дәу үйлер,
Демімен ыстық
Тротуарларды тұр қарып.
Қапырық бәрі:
Аспан да, жер де қапырық,
Ауыр бір тозаң
Әлемді тұр-ау жапырып.
...Оңаша кетіп,
Айнабұлақта отырып,
Сыра ішсем бе екен,
Жұмекендерді шақырып...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Қапырық бәрі өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қапырық бәрі, мұқағали мақатаев Қапырық бәрі өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қапырық бәрі, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қапырық бәрі) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке