Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (АДАСҚАҚТЫҢ АЙТҚАНЫ)

Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (АДАСҚАҚТЫҢ АЙТҚАНЫ) казакша Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (АДАСҚАҚТЫҢ АЙТҚАНЫ) на казахском языке


Сыйласар көп сырласқа сыйым болмай,
Жүрген-ай мына күнде күйім болмай.
Сыздаған жүрегіме сырқат жамап,
Дертті еткен қу мінезім қиын қандай!..
Құлаған қиын қандай әлің барда,
Әжімсіз ажарың бар,
Әрің барда.
Сыртымнан сырқатымды емдеп жүрген
сиқыршым,
дәрің бар ма,
дәрің бар ма?
Білмеймін, қазір менде жалын бар ма,
Мәз болам былғанбаған арым барға.
Аспанда ұша-ұша аш құрсақпын,
Алданып ағымдар мен сағымдарға.
Құлдилап құшағыңа келем құлап,
Жер-Апа-ау, наның бар ма, наның бар ма?
Айтпаған,
Айтылмаған әнім де алда,
Әу дейін қу кеудемде жаным барда.
Бір торғай бір жағымда шырылдайды,
Құс патшам,
Дәнің бар ма,
Дәнің бар ма?
Қиялап тартсам деп ем кезеңіме,
Өмірім өрт боп түсті өзегіме.
Аптапта көлеңке іздеп аласұрам,
Су патшам,
Ағыз мені өзеніңе.
Кәрінен уақыт пен замандардың
тал қармап талай-талай аман қалдым.
Қалғу жоқ қазір маған
қайтармаған
алдында қарызым көп адамдардың.
Онсыз да өкінішке толы өмір бұл,
Онсыз да келер бәрін тәмамдар күн.
Қол да аман,
Аяқ – мығым,
Бас – қалпында,
Жан-дүнием жалындайды жас қалпында.
Кез әлі келген жоқ-ау
қыр басынан
қасқайып қарап тұрар тас қалпымда.
Қиялап тарттым, міне, кезеңіме,
Қарамай қарайғанның кезегіне.
Осыдан көлеңке іздеп көзге түссем,
Су патшам, ағыз мені өзеніңе.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, жарас сәрсек АДАСҚАҚТЫҢ АЙТҚАНЫ өлең стихи на казахском жарас сарсек казакша олен, стихи на казахском языке жарас сарсек, жарас сарсек олендери, жарас сәрсек өлеңдері, АДАСҚАҚТЫҢ АЙТҚАНЫ, жарас сәрсек АДАСҚАҚТЫҢ АЙТҚАНЫ өлең стихи на казахском жарас сарсек казакша олен, стихи на казахском языке жарас сарсек, жарас сарсек олендери, жарас сәрсек өлеңдері, АДАСҚАҚТЫҢ АЙТҚАНЫ, Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (АДАСҚАҚТЫҢ АЙТҚАНЫ) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке