Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (АҚ БОЗ АТ, АҚ БОЗ АЯЗ, ӘППАҚ ДАЛА)

Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (АҚ БОЗ АТ, АҚ БОЗ АЯЗ, ӘППАҚ ДАЛА) казакша Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (АҚ БОЗ АТ, АҚ БОЗ АЯЗ, ӘППАҚ ДАЛА) на казахском языке


Ақ боз ат,
Ақ боз аяз,
Әппақ дала,
Кім кімнен қарап тұрсам таппақ пана?
Сақылдап қарашада сардауыл жүр,
Тірлігім бар еді ғой шап-шақ қана...
Дүние әппақ болып жымдасады,
Кіршіксіз ақ нәрседен кім қашады?
Жылусыз,
Әппақ әлем,
Қайттік сені,
Жалғанның пәтуасыз тұлғасы әні.
Биыл қыс әдеткідей басталмады,
Қайда ұшты туған жердің қасқалдағы?
Ақшақар пәтшағарға
Айналды әттең,
Ақ боз ат арман едің аспандағы.
Көзіңді тостағандай мөлдіреттің,
Жалыңды үскірікке желбіреттің.
Алдымнан жайтаң қағып сен бір өттің,
Маңыңнан бүрсең қағып мен бір өттім.
Ақбозат,
Ақбозаяз,
Әппақәлем,
Сен үшін жандыда әппақ сақтаған ем.
Ақшақар,
Бейбаянды бегім едің,
Барасың бір бұлт етіп жатқа менен...
Өзіңдей әппақ ажар таппаған ем,
Екіұшты ала-құйын шаққа келем.
...Танымай аязды да, тажалды да,
Кеудемнен көтерілді қаптап өлең...
Ақшақар, Ақбозкүлік, Әппақ Әлем...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, әділбек ыбырайымұлы АҚ БОЗ АТ АҚ БОЗ АЯЗ ӘППАҚ ДАЛА өлең стихи на казахском адильбек ыбырайымулы казакша олен, стихи на казахском языке адильбек ыбырайымулы, адильбек ыбырайымулы олендери, әділбек ыбырайымұлы өлеңдері, АҚ БОЗ АТ АҚ БОЗ АЯЗ ӘППАҚ ДАЛА, әділбек ыбырайымұлы АҚ БОЗ АТ АҚ БОЗ АЯЗ ӘППАҚ ДАЛА өлең стихи на казахском адильбек ыбырайымулы казакша олен, стихи на казахском языке адильбек ыбырайымулы, адильбек ыбырайымулы олендери, әділбек ыбырайымұлы өлеңдері, АҚ БОЗ АТ АҚ БОЗ АЯЗ ӘППАҚ ДАЛА, Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (АҚ БОЗ АТ, АҚ БОЗ АЯЗ, ӘППАҚ ДАЛА) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке