Қазақша өлең: Ұлмекен Лесбекова (Сұр бәтеңке)

Қазақша өлең: Ұлмекен Лесбекова (Сұр бәтеңке) казакша Қазақша өлең: Ұлмекен Лесбекова (Сұр бәтеңке) на казахском языке


Тарса, темір қойған соң қадау қылып,
Тар кепенің ішінде қараңғылық.
Сықырлауық есіктің саңлауынан
Қараша жел соғады қадам қылып.

Міз бақпайтын қалпынан марғау қылық,
Қозғалғандай зіл-батпан жарау құлып.
Ақ шуаққа талпынды сұр бәтеңке
Қожайыны секілді Адамды ұғып.

Ақ шуаққа, ауаға талпынады,
Шаң кептелген мойыны шарқ ұрады.
Бір-біріне байланған қара баулар,
Қан жүргендей өзді-өзі тартынады.

Қожайыны басқа ойға қимай бөтен,
Сұғанақтап сүңгиді,
(Қимайды екен).
Бұған таныс сол табан, сол башпайлар
Қу, дүние-ай, ендігі сыймайды екен.

Бәрі өткінші, дәурені майлы жақпа,
Көкірегіңді асқақтат, асқақтатпа.
Резіңкелер қатары – монша оты боп,
Ал еркіндік алып ұш Аспан жаққа.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, ұлмекен лесбекова Сұр бәтеңке өлең стихи на казахском улмекен лесбекова казакша олен, ұлмекен лесбекова өлеңдері, стихи на казахскомулмекен лесбекова, улмекен лесбекова олендери казакша, Сұр бәтеңке, ұлмекен лесбекова Сұр бәтеңке өлең стихи на казахском улмекен лесбекова казакша олен, ұлмекен лесбекова өлеңдері, стихи на казахскомулмекен лесбекова, улмекен лесбекова олендери казакша, Сұр бәтеңке, Қазақша өлең: Ұлмекен Лесбекова (Сұр бәтеңке) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке