Қазақша өлең: Мұқағали Сейтқазы (Құттықтау)

Қазақша өлең: Мұқағали Сейтқазы (Құттықтау) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Сейтқазы (Құттықтау) на казахском языке

Ал, Әкетай, құтты болсын 60-ың
60-ыңа не сыйлады айтысың?
Тұғырыңды белгіледің өлеңмен,
Ғұмырыңның тарту етіп жартысын!

Сәуір таңы арайланып атқанда,
Сапар шегем сағым болған шақтарға.
Дәри-дайлап дүбірлеттің доданы,
Мен өмірге енді келіп жатқанда.

Өнер сенің берілген ғой бағыңа,
Халқың әлі іздейді рас сағына.
Аламанға шығарып сап ауыл боп,
Анам әркез қарайлайтын жолыңа.

Кенже балаң еліктейді саған көп,
Әйтеу бір күн жұлдыздарша жанам деп.
Алматыға шақырса да бармадың
Шаңыраққа ие болып қалам деп.

Қайран күндер қалса-дағы қай маңда
Атағың бар жетелейтін арманға.
Сенен асқан асаба жоқ Жезғанда
Менен де ертең озбайды ешкім тойларда.

Ел алдына шығып жүрсің сирек тым
Құны қымбат боп кетті ма билеттің?
Жырларыңа арқау қылып шындықты
Ұлдарыңа иілмеуді үйреттің.

Әскердемін, бұйырмады той маған
Жарқын көңіл мұңаймасын жайнаған.
Домбырама тіл шығады деуші едің,
Сол домбыраң мен шығармын сайраған!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали сейтқазы Құттықтау өлең стихи на казахском мукагали сейтказы казакша олен, мұқағали сейтқазы өлеңдері, мукагали сейтказы стихи на казахском, мукагали сейтказы олендери казакша, стихи стихотворения мукагали сейтказы на казахском языке, құттықтау әке 60 жас тілек өлең, мұқағали сейтқазы Құттықтау өлең стихи на казахском мукагали сейтказы казакша олен, мұқағали сейтқазы өлеңдері, мукагали сейтказы стихи на казахском, мукагали сейтказы олендери казакша, стихи стихотворения мукагали сейтказы на казахском языке, құттықтау ә, Қазақша өлең: Мұқағали Сейтқазы (Құттықтау) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке