Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Ауру жүрек ақырын соғады жай) » ZHARAR © 2016 | стихи абая кунанбаева на казахском языке , Қазақша өлең: Абай Құнанбаев , казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать , абай құнанбаев өлеңдері скачать,абай құнанбаев өлеңдері ,




  • »

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Ауру жүрек ақырын соғады жай)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Ауру жүрек ақырын соғады жай) казакша Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Ауру жүрек ақырын соғады жай) на казахском языке

Ауру жүрек ақырын соғады жай,
Шаршап қалған кеудемде тулай алмай.
Кейде ыстық қан басып кетеді оны,
Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай.
Қараңғы саңырау қайғы ойды жеңген,
Еркелік пен достықты ауру көрген.
Ақылы жоқ, ары жоқ шуылдақты
Күнде көріп, тұл бойы жиіркенген.
Тірілтіп өткен күнді, тағы шөлдеп,
Осы күнді күн демес қарғап, міндеп.
Кейде тілеп бақ пенен тағы тыныштық,
Кейде қайғы, азапты тағы да іздеп.
Кейде ойлайды жылауға қайғы зарын,
Тынышсыз күнде ойлаған дерттің бәрін.
Кейде онысын жасырар жұрттан ұрлап,
Кетірер деп мазақтап беттің арын.
Ауру жүрек ақырын соғады жай,
Өз дертін тығып ішке, білдіре алмай.
Кейде ыстық тағы да қан басады,
Кейде бір сәт тыншығар үн шығармай.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 8 553
Рейтинг:
(голосов: 5)

.

. .