Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Тұрмысқа) » ZHARAR © 2017 | сұлтанмахмұт торайғыров Тұрмысқа өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров өлеңдері, Тұрмысқа




  • »

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Тұрмысқа)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Тұрмысқа) казакша Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Тұрмысқа) на казахском языке

Өмірімнің өрлерін,
Жазы шықпас, қыс қылшы!
Жылы шырай бер десем,
Аждаһадай ысқыршы!
Құлдық ұрып жалынсам,
Арт жағыңа қыстыршы!
Алтын, күміс асылыма,
Баға бермей мыс қылшы!
Оңға қарай қол созсам,
Теріске жорып пысқыршы!
Нахақ мазлұм болсаң да
Күншілікпен іс қылшы!
Бұлардың барлығы ойыншық,
Тек аурудан тыс қылшы!


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 54
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .