Ұятсыз клип түсіріп, елді шулатқан қазақ әншілер туралы не білеміз? (фото, видео)

Ұятсыз клип түсіріп, елді шулатқан қазақ әншілер туралы не білеміз? (фото, видео)

Елімізде "ұятсыз" клип түсіріп, ашық кадрлар арқылы тыңдалым жинаған әншілер мен отандық топтардың әрекеті үнемі елдің талқысына ұшырап жатады. Көптің ашуын туғызған отандық "эротикалық" кадрлары бар клиптер жайлы NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

Бұл тізімде Нұрболат Абдуллин мен Кәмшат Жолдыбаеваның жақында шығарған су жаңа клипі көш бастап тұр. Сондай-ақ, "Домино" тобы мен Дерик Байназаровтың "Для тебя" бейнебаянында да кейіпкерлер ашықтан-ашық төсек қатынасын көрсеткен. Олар камера алдында аймаласып, шешінген кадрлер де клипте бар.

Ұятсыз клип түсіріп, елді шулатқан қазақ әншілер туралы не білеміз? (фото, видео)




Жанар Дұғалованың Тәуекел Мүсіліммен сүйіскені бар "Ала кетпедің" клипі де кезінде талай пікірталас тудырған болатын. Осы бейнебаяннан соң қос жұлдызды "кездеседі екен" деген қауесет те тараған болатын. Алайда актер өзінің 18 жастағы сүйгені барын халық алдында жайып салды.





"Джейран" тобының "Аймалашы" әні де тыңдармандардың талқысынан тыс қалмады. Төрт қыз тұратын үйге басып кірген ұрылар тобы оларға ештеңе жасай алмаған. Алайда клиптегі кейбір кадрлар тыңдарманның ашуын тудырған.





Нұрболаттың Абдуллиннің қарапайымдылығы мен қоңыр үніне үйренген көпшілік, әншінің жаңа бағытын қабылдай алмады. "Сен тыңда" деп әндеткен әншінің су жаңа туындысын тіпті әріптестері де "ұят" деп бағалады.





Ал үнемі ашық-шашық образдарымен көзге түсіп, желідегі парақшасында сыннан көз ашпайтын Кәмшат Жолдыбаева екі жігітпен қатар сүйісіп, қызу талқыға түсті. Клиптегі әртістік қабілетті керемет орындағанымен әншінің бұл бейнесін оқырмандар қатаң сынға алған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу