Қайрат Нұртас пен Ғаділбек армян әндеріне көз тіге бастады (видео)

Қайрат Нұртас пен Ғаділбек армян әндеріне көз тіге бастады (видео)

Қазақ әншілерінің өзге елдің әндерін көшіруі тым жиілеп барады. Қырғыз әндерін көшіріп алуға құмар шоу-бизнес өкілдері енді армян әндеріне көз тіге бастады, деп жазады oinet.kz порталы.

Өткен жылы «Азия» тобы 11 жылдық алғашқы есеп беру концертінде Қайрат Нұртаспен бірге «Шағала қыз» атты жаңа әнді орындап, тұсауын кескен еді.

[media=https://youtu.be/ScJkVn-em4g]

Оның түпнұсқасы жастар арасында танымалдылығы күн санап артып келе жатқан армениялық поп әнші Лилиттің орындауындағы GNCHU әні екен.



Белгілі эстрада жұлдызы Ғаділбек Жанайдың да “Ханшайымым” әні көшірме болып шыққанын біраз уақыт бұрын хабарлаған болатынбыз. Әннің түпнұсқасын армян әншісі Рипсимэ Акопян орындайды. Туындының аты «Tarorinak» (Біртүрлісің) деп аталады. Ал бейнеклип 2012 жылы көктемде жарық көрген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі