Он мыңдаған алматылық «Абай бол» әлеуметтік бастамасының қатысушысы атанды » ZHARAR © 2017 | қозғалысы, Абай, Қазақстан, көлік, оқиғасы, түрде, таңдалынып, Алматының, мақсатты, алынғанын, жүзеге, асырылды, бастамасын, бірнеше, жүргізу, әрбір, қалада, тіркеледі, Республикасы, бойынша




  • »

Он мыңдаған алматылық «Абай бол» әлеуметтік бастамасының қатысушысы атанды

Он мыңдаған алматылық «Абай бол» әлеуметтік бастамасының қатысушысы атанды казакша Он мыңдаған алматылық «Абай бол» әлеуметтік бастамасының қатысушысы атанды на казахском языке


23.11.2015 Алматы. Hyundai Auto Kazakhstan дистрибьюторы «Астана Моторс» ҚМК мен «Ортақ жол» жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығы (ЖҚҚҚ) құрамында «Абай бол» әлеуметтік бастамасының нәтижесін шығарды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған аталған кампания аясында төрт ай бойы түрлі жастағы он мыңдаған алматылықты қамтыған бірнеше жоба жүзеге асырылды.

«Абай бол» бастамасын жүргізу үшін Алматының мақсатты түрде таңдалынып алынғанын атай кету керек, себебі еліміздегі әрбір үшінші дерлік жол-көлік оқиғасы осы қалада тіркеледі. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша, осы жылдың 10 айы ішінде оңтүстік астанада 4 712 жол-көлік оқиғасы орын алған (Қазақстан бойынша 15 643 ЖКО). Ведомство берген деректерге сүйенсек, мұндай құқықбұзушылыққа 90% жағдайда жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы себеп болады екен.

«Hyundai Auto Kazakhstan компаниясымен бірлесе отырып біз жүзеге асырған бағыттардың бірі – «Қауіпсіздік көлігі». Бейнекамералар жүйесімен жабдықталған автокөлік қаланың түйткілді орындарын аралап, ереже бұзғандарды тіркеп отырды. Осыдан кейін бұл мәліметтер құқыққорғау органдарына жіберілді. Сондай-ақ жол полициясымен бірлесіп біз қала мектептерінің маңында рейдтер жүргіздік, тек жүргізушілермен ғана емес, жол қозғалысы ережелерін бұзған жаяу жүргіншілермен де профилактикалық әңгімелер өткіздік», – деп атап өтті «Ортақ жол» ЖҚҚҚ президенті АРСЕН ШАКУОВ.

«Қауіпсіздік көлігінен» бөлек, «Абай бол» жобасының шеңберінде «MEGA Alma-Ata» СОО-да тамыз бойы балаларға арналған «Жол қозғалысы ережелерін бірге үйренеміз» атты интерактив сабақтар өткізілді. Сол жерде, яғни «MEGA Alma-Ata» СОО-да, сонымен қатар Hyundai Premium Almaty және Hyundai Auto Almaty дилерлік орталықтарында жүргізушілерге арналып семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылды. Аталған шаралар барысында тыңдаушылар танымал қазақстандық автожарыстарға қатысушы, ҚР АвтоМотоспорт федерациясының президенті Владимир Бородиннің апаттық айдауға қарсы әдіс-тәсілдер бойынша ақыл-кеңестерін алды. Сондай-ақ қатысушылар көлік құралдарын тегін техникалық байқаудан өткізу мүмкіндігіне ие болды. Семинарларға Владимир Бородиннен бөлек Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілдері қатысып, алғашқы медициналық көмек ережелері туралы әңгімелеп берді.

Қараша айының басында Азаматтық авиация академиясында Владимир Бородиннің студенттерге арналған тренингі өтті. Шараға «Нұр Отан» партиясы мен Алматы қ. Ішкі істер департаментінің өкілдері де қатысты. Семинардың ең белсенді студенттері Hyundai Auto Kazakhstan компаниясының бағалы сыйлықтарына ие болды.
«Қол жеткізген нәтижелеріміз бен жобамызға қатысқан жандардың қатарының көптігіне көңіліміз толды. Hyundai Motor Company жаһандық бастамасының аясында жүзеге асырылып отырған «Абай бол» келесі жылы Астана және Қарағандыда өтетін болады. Болашақта біз бүкіл республика аумағын қамтуды ойлап отырмыз», – деп мәлімдеді «Астана Моторс» ҚМК маркетинг жөніндегі директоры АНАР МАҚАШЕВА.
«Абай бол» бастамасының аясында ұйымдастырушылар қайырымдылық жобасын жүзеге асырды. Осы жылдың қаңтар айында он бес жастағы Ерлан Қазиев жантүршігерлік апатқа түсіп, дәрігерлердің көмегімен әрең аман қалған болатын. Осы уақытқа дейін Ерланға бес рет ота жасалды. Оңалып кету үшін оған Түркияда қымбат тұратын ем алу керек. Hyundai Auto Kazakhstan қаражаты мен «Абай бол» бастамасының аясында жиналған ақша Ерлан Қазиевке аяғына тұрып, толыққанды өмірге қайта оралу мүмкіндігін беріп отыр.
«Біз Ерланға осы емді барынша пайдаға жарат деп тапсырдық. Ол – батыл жігіт, күресіп, өзін жеңіп, босаңсымауға бел шешті. Түрік дәрігерлері Ерланға тағы бір маңызды ота жасауға болады деп үміттендіріп қойды, ал бұл ем жақсы нәтиже беруі мүмкін деген сөз. Отадан кейін Ерланға саналы түрде үлкен жұмыс жүргізуге тура келеді. Қайтпай, мақсатына жететініне сенімдімін. Өз еңбегімен қазір ол көп жанға үлгі болып отыр. Осы жолда Ерланға қолдау білдіргендерге алғыс айтамын», - деді «Милосердие» қайырымдылық қорының директоры АРУЖАН САИН.
Анықтама үшін байланыс мәліметтері:
Александра Кубекова (Шиклеева),
«Астана Моторс» ҚМК баспасөз қызметі
e-mail: pr@astana-motors.kz


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 463
Жаңалық айдары: Қоғам
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .