2022 жылы Мәуліт мерекесі қай күні атап өтіледі?


Мұсылмандарға арналған 2022 жылдың күнтізбесіне сәйкес, Мәуліт мерекесі қазанда тойланады.  Мәуліт атауы барша мұсылманның үлгісі болған Мұхамед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың өмірге келу құрметіне берілген.

Мәуліт түні 2022 қашан?

2022 жылы Мәуліт мерекесі 7-нен 8 қазанға қараған күнге сәйкес келеді. Мәуліт мерекесін тойлау исламда һижри IV-V ғасырлардан басталады.


Араб тілінен аударғанда "туған күн" деген мағынаны береді. Бұл ислам елдерінде кеңінен тойланады. Сирия, Алжир, Тунис, Марокко және басқа елде Мәуліт күні қалыс қалмайды. Пәкістанда бұл мереке үш күн тойланады. 


Мұхамед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз Құрайыш тайпасынан шыққан. Әкесі Абдулла, атасы Әбдімүтәліп. Анасының есімі - Әмина. 


Бұл күнді тойлаудағы негізгі мақсат - пайғамбар ғұмырын үлгі ету. Оның жүріп өткен өмірін, амалдарын, өсиетін ұрпаққа жеткізу. Ата-ананы құрметтеуге, сүннет жолын ұстануға үйрету. Пайғамбар көрсетіп кеткен жолды нұсқау. Өсиетін ескеру. 


Мәуліт күні Құран оқылып мұсылмандар бас қосады. Сауапты амалдар атқарады. Бір-біріне сыйлық беріп, көңілін аулайды. Дінімізде рұқсат етілген өзге де сауапты амалдарды жасаудың артықшылығы жоқ. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу