Журналистер марқұм Ерасыл Әубәкіровтің өмірінің соңғы минуттары өткен коттеджді тапты

Журналистер марқұм Ерасыл Әубәкіровтің өмірінің соңғы минуттары өткен коттеджді тапты

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Ғаламторда студентті өлтірді деп күдікке ілінгендердің қылмысты атқару кезіндегі рөлдері анық көрсетілген тергеу сызбасы жарияланды.

Оған сәйкес, 23 жасар студент өскемендік бай баласы Аян Мейірбаевтың тапсырысымен, өлтірілген деп хабарлайды КТК арнасы.

Интернетке тарап кеткен ақпарат бойынша, студентті қинап, азаптап өлтірген үйдің мекен жайы да көрсетіліпті. Бүгін осы қанды қылмыс болған үйді КТК арнасы іздеп тауып, көріп келді.

Журналистер марқұм Ерасыл Әубәкіровтің өмірінің соңғы минуттары өткен коттеджді тапты

Марқұм Ерасыл Әубәкіровтің өмірінің соңғы минуттары Астананың шетіндегі коттеджде өткен. Екі қабатты үйде 23 жастағы студентті бірнеше күн қамап ұстап, кейін азаптап өлтірген. Қанды қылмыс болса да, коттедждің есігіне қара құлып салынбапты. Жантүршігерлік оқиғаның ізін жасыру үшін қожайыны қан болған төсек пен жердегі кілемді алып тастап, шаршы метрлерін жын-ойнаққа жалға беруін жалғастыруда.

Ал Ерасылды өлтіріп, кейін қарға көміп тастады деген күдікке ілінгендердің барлығының аты-жөндері белгілі болды. Тіпті, ғаламторда тараған кестеде Аян Мейірбаев бастаған күдіктілердің адам өлтіру кезіндегі рөлдері мен бір-біріне шалған қоңыраулары анық көрсетілген. Мәселен, қылмыстың үстінен түсіп, барлығын таспаға түсірді делінген Нұрбек Әжімбай қылмыстың ұйымдастырушы ретінде аталыпты. Ал, оған тапсырыс берген Аян Мейірбаев. Полицейлер құрастырды делінген сызбаға қарағанда, Ерасылды Виталий Шерстенев және Андрей Тихоненко есімді Оңтүстік Қазақстанның тумалары өлтірген болуы мүмкін. Тергеу аяқталғанға дейін сот бұл төртеуді 2 айға қамауға санкция берді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі