Заңгер орысшаға қазақ тілінде жауап бергендердің әрекеті қаншалықты заңсыз екенін түсіндірді » ZHARAR © 2016 | мемлекеттік, тілінде, қазақ, сәйкес, тілде, Қазақстан, Заңының, бабына, туралы», барысында, заңгер, «Қазақстан, жауапты, әрбір, Абзал, азаматтың, Республикасындағы, дайындау, жауап, Заңның




  • »

Заңгер орысшаға қазақ тілінде жауап бергендердің әрекеті қаншалықты заңсыз екенін түсіндірді

Заңгер орысшаға қазақ тілінде жауап бергендердің әрекеті қаншалықты заңсыз екенін түсіндірді казакша Заңгер орысшаға қазақ тілінде жауап бергендердің әрекеті қаншалықты заңсыз екенін түсіндірді на казахском языке

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыдағы іссапары барысында қазақ тілі туралы айтқан сөздері қоғамда қызу талқыланып, әлеуметтік желі қолданушылары түрлі формада өздерінің қарсылықтарын көрсетіп жатыр.

Осыған орай, Абай порталы Батыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының мүшесі, заңгер Абзал Құспаннан тіл мәселесін заң тұрғысынан түсіндіріп беруін сұрады.

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының талаптарына сәйкес, азаматтардың арыздары мен басқа да құжаттарға жауаптар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен мемлекеттік тілде немесе арыз берілген тілде қайтарылады. Яғни сол арызды (шағым, өтініш, хат т.б.) қараушы субъект, жауапты қай тілде дайындау керек екенін өзі анықтайды. Өйткені ол арыздарға жауап дайындау барысында тілді таңдауға құқылы, алайда міндетті емес! Осыған сәйкес нормалар «Заңды және жеке тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабымен де бекітілген", - деді заңгер Абзал Құспан.

Заңгер сонымен қатар әрбір азаматтың өз ана тілінде ақпарат алуға құқығы бар екенін да атап өтті.

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңының 4 бабына сәйкес - Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл болып – қазақ тілі танылады, өз кезегінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға міндетті. Сонымен бірге, аталған Заңның 6 бабына сәйкес, әрбір азаматтың өз ана тілінде ақпарат алуға құқығы бар. Сонымен бірге, сол Заңның 9 бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тіл – қазақ тілінде дайындалып, қолдануы тиіс, басқа тілдерде (соның ішінде орыс тілінде) тек қана қажеттілік болған жағдайда ғана қолданылады деп көрсетілген. Жоғарыдағылардың негізінде азаматтар мен заңды тұлғалар тарапынан түскен арыз-шағымдарға жауапты, олардың қай тілде берілгеніне қарамастан, мемлекеттік тіл – қазақ тілінде қайтаруға құқылы екендігіңізді білгеніңіз жөн", - дейді заңгер.

Еске сала кетсек, Назарбаев орысшаға қазақ тілінде жауап берген қызметкерлерді жұмыстан қууды тапсырған еді.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 4 618
Жаңалық айдары: Қоғам, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 4)

.

. .