Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері (кесте)

Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері (кесте)

Жаңа жылдан бастап айлық есепкіш көрсеткіштің (АЕК) мөлшері 148 теңгеге артып, 1 АЕК 2 269 теңгеге жетті. Осыған байланысты жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері артты, деп хабарлайды Kapital.kz.

Еліміздегі жолда жүру ережесін бұзып, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін салынатын ең жоғарғы айыппұл мөлшері жарты миллион теңгеге жуық. Ол 200 АЕК-ті құрайды, яғни 453 800 теңге. Сондай-ақ, аяғы ауыр келіншектер мен зейнеткерлер сынды әкімшілік арест қолданылмайтын тұлғалардан өзге азаматтар 3 жылдан 5 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады.

Одан кейінгі ірі айыппұл көлемі — 50 АЕК, яғни 113 450 теңге. Ол көлікті тоқтатқан кездегі ережелерді бұзғаны үшін және мүгедектерге арналған көлік тұрақтарына көлігін қойған азаматтарға салынады. Былтырғы жылы аталған айыппұл мөлшері биылғыдан 7,5 мың теңгеге төмен еді.

Көлемділігі жағынан үшінші орында жылдамдықты 40 км/сағаттан асырған жолаушыларға салынатын айыппұл тұр. Мөлшері — 30 АЕК (68 070 теңге).

ІІМ әкімшілік полиция Комитеті бастығының орынбасары Талғат Мұсақановтың айтуынша, бүгінде жол қиылысындағы камералар саны артып, 1 772-ге жеткізілген.

 

Құқық бұзушылық

Айыппұл

(АЕК)

 (Теңге)

Жылдамдықты арттыру

Жылдамдықты 10-20 км/сағатқа арттыру 10 22 690
Жылдамдықты 20-40 км/сағатқа арттыру 15 34 035
Жылдамдықты 40 км/сағаттан арттыру 30 68 070

Қиылыстарды, жүргінші жолақтарын, жол өткелдерінен өту

Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамау 10 22 690
Көлік кептелісі кезінде жаяу жүргінші жолағына түсу, қиылысқа тұру 10 22 690
Жаяу жүргіншіге жол бермеу 10 22 690
Қиылыстан өтерде басым құқығы бар көлікке жол бермеу 15 34 035
Теміржол шлагбаумы жабық тұрғанда, шлагбаум жабылайын деп қалғанда ескерту белгісіне қарамастан өту 10 22 690

Белгі беру

Жүрейін деп тұрғанда, тоқтағанда, бұрылғанда белгі бермеу 5 11 345
Тыйым салынған жолдарда бұрылу, артқа жүру 10 22 690
Басым құқығы бар көлікке жол бермеу 15 34 035

Жүргінші жолағындағы қозғалыс

Жаяу жүргінші жолағындағы, тротуарлардағы, жол жиегіндегі қозғалыс 15 34 035
Қарсы бағытқа шығу 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру

Тоқтау, көлікті қою

Тротурарда, балалардың ойын алаңында, арнайы көліктердің орнына көлікті қою 15 34 035
Көлікті жол қозғалысына кедергі келтіретін жерге қою 20 45 380
Мүгедектерге арналған көлік тұрағына көлік қою 50 113 450

Ішкі істер органы қызметкерлерінің бұйрығын орындамау

Көлікті тоқтатуға байланысты 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Ішімдік, есірткі қабылдамағаны жөнінде тексерістен өтуге байланысты 2 жылға жүргізуші куәлігінен айыру

Ішімдік ішу

Көлікті мас күйінде басқару немесе оны ішімдік ішкен адамға басқаруға беру 3 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Мас күйінде апаттық жағдай туғыза жаздау 4 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Мас күйінде жол-көлік оқиғасына, жол апатына себепкер болу 5 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Жүргізуші куәлігі жоқ азаматтардың көлікті басқаруы 20 тәулікке әкімшілік арест
Жоғарыдағы ережелерді аяғы ауыр келіншектер мен зейнеткерлер сынды әкімшілік арест қолданылмайтын азаматтар бұзған кезде 200 453 800

Жалпы міндеттер

Жүргізуші куәлігі немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәліктің жүргізушімен болмауы 5 11 345
Міндетті сақтандыру келісім-шартына қол қоюдан бұлтару 20 45 380
Көлік категориясын басқаруға рұқсат беретін жүргізуші куәлігінің болмау 15 34 035
Жүргізуші куәлігінен айырылған адамның көлік жүргізуі 10 22 690

Экплуатация ережесі

Мемлекеттік немесе міндетті техникалық бақылаудан өтпеу 5 11 345
Көлік құралындағы ластану деңгейі немесе дауысы бекітілген нормадан асып кетуі 2 4 538
Мемлекеттік ережеде бекітілген нөмірлерге сәйкес келмейтін нөмірлі көлікті басқару 5 11 345
Мемлекеттік нөмірсіз немесе тіркелмеген нөмірсіз көлікті басқару 10 22 690
Көлікке жалған нөмір орнату 20

1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру

45 380
Тормозы істен шыққан немесе рөлі басқарылмайтын көлікпен жүру 15 34 035
Арнайы рұқсатсыз жинақталған көлік 15 34 035
Көліктің алдыңғы жағына қызыл түсті жарық орнату, жарықты қайтаратын қызыл түсті құралдар орнату 15 34 035
Көлікке арнайы рұқсатсыз жарықтық белгілер мен дыбыстық белгілер қою (қауіпсіздіктің дыбыстық белгісі кірмейді) 25 56 725
Көліктің түсін арнайы қызметтік көліктермен бірдей қылып бояу 25 56 725

Апаттық жағдай және жол-көлік оқиғасы

Басқа көліктердің жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуіне әкеліп, жол-көлік оқиғасына себепкер болу 10 22 690
Жол ережесін бұзу салдарынан өзге көліктерге, жолға, жол белгілеріне өзге де мүліктерге материалдық зиян тигізу 10

9 айға жүргізуші куәлігінен айыру

22 690
Адамның денсаулығына жеңіл түрдегі зиян келтіру 15

1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру

34 035
Жүргізуші куәлігінсіз адамның жол-көлік оқиғасына себепкер болуы 20 45 380

Өзге де ережелер

Қоғамдық көлік аялдамаларына қатысты ережелерді сақтамау, түнгі уақытта жарықты қоспау, белдік тақпау, тұрғын үйлер арасындағы қозғалыс ережесін бұзу, телефонмен сөйлесу, т.б. 5 11 345

 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады