Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ж әрпі бойынша ат қою)

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ж әрпі бойынша ат қою)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
ҰБТ. Қазақ тілі пәнінен қалай дайындалған дұрыс?

ЖАБАҒЫ - бұл есім о бастағы көне түркі тілінде ябғу — патшанын, хағанның орынбасары деген сөз. Жабағы сөзі осымен қатар: — бір жасар құлын; түйе мен қойдын жабағы жүні деген мағынаны да береді.

ЖАБАЙ — көне түрік тіліндегі ябгу-жабгу патшанын хағанның орынбасары деген мағынаны білдіреді.

ЖАБАЙХАН - көне түрік тіліндегі жабай + хан. Ханнын, хағаннын орынбасары деген ұғымды береді.

ЖАБАЛ - араб тілінен алынған — тау.

ЖАБЫРБАЙ - көне түрік тіліндегі жабыр — жазық, кең жер + қазақтың сөзі - бай.

ЖАҒЫПАР - араб тілінен — бұлақ, жылға.

ЖАДАЙ - араб тілінен алынған жадид — жаңа, жаңарақ.

ЖАДЫРА - жайнау, жарқын жүзді болып гүлдену, көңіл-күйі көтеріліп, көңілдену.

ЖАЗЫЛБЕК - араб тілінен алынған жазия — жазал мол, үлкен, зор + қазақтың сөзі бек.

ЖАЙДАР - қазақ тілінен алынған жайдары — көңілді, ақ жарқын. Біріккен тұлғалы есім — Жайдарбек.

ЖАЙЛАУ - қазақ тілінен алынған шөбі шүйгін, соны, жазғы мал жайылымы.

ЖАЯЛАУБАЙ - жайлау сияқты кең, жайлы болсын деп қойылған есім. Синонимі — Жайлаубек.

ЖАЙНАҚ - ашық-жарқын, жайдары.

ЖАЙСАҢБЕК – моңғол , қалмық тілдерінен алынған зайсаң — ұлық, бек.

ЖАЙЫҚ - Орал өзенінің атына байланысты қойылған есім.

ЖАҚАН - иран тілінен алынған джәһан — дүние, әлем, шартарап.

ЖАҚИЯ - араб тілінен алынған яхья — ғұмырлы, өмірлі.

ЖАҚСЫБАЙ - көпке жағымды, жұртқа сүйкімді болсын деген тілекпен қойылған есім. Қысқартып-еркелете айту тұлғасы — Жакей. Синонимі — Садыбай.

ЖАҚСЫЛЫҚ - адам бойындағы жақсы қасиет, ізгілік, қайырымдылық.

ЖАҚСЫМҰРАТ - қазақ тілінен алынған жақсы - игі мақсат - араб тілінен алынған морад — ізгі тілек.

ЖАҚЫП - араб тілінен алынған яғкуб, — табанды, қарсылық білдіретін, үндемейтін; айлакер, қу; егіздің сыңары. Біріккен тұлғалы есімдер — Жақыпбай, Жақыпбек, Жақыпжан, Жақыпқан. Еркелете қысқартып айту тұлғасы — Жақай.

ЖАЛҒАС - тіркес, ұштас, селбес. Бұл есім алдыңғы балалардың жалғасы дегенді немесе содан кейін де балалар көбейіп, жалғаса берсін деген ұғымда берілген. Біріккен тұлғалы есімдер — Жалғасбай, Жалғасбек, Жалғастұр.

ЖАЛЕЛ - араб тілінен алынған жалия - ұлы, даңқты, атақты.

ЖАЛИД - араб тілінен - табанды, тұрақты.

ЖАЛТЫР - ап-ашык, жалтыраған, жайнаған.

ЖАЛЫН - кұш-жігер, қайрат, қуат.

ЖАМБЫЛ - моңғол тілінен келген - қорған.

ЖАМИЛ - араб тілінен - әдемі, тамаша, көркем, сұлу; сүйкімді, ажарлы.

ЖАМЫҚАН - араб тілінен алынған джамег — қоғам, жамағат, көпшілік + қан (хан). Көптің, жамағаттың ханы деген мағынаны білдіреді.

ЖАНАЙ - иран тілінен алынған джон + қазақтың сөзі ай. Жаным, айым.

ЖАНАЙДАР - иран тілінен алынған джон + араб тілінен алынған хайдар — арыстан. Бала арыстандай айбатты, мықты болсын деген тілекпен қойылған.

ЖАНАҚ - иранның және қазақтың сөзі — оның жаны таза, ниеті ақ деген мағынада қойылған.

ЖАНАР — көздін жанары; күннің шапағы; ауыспалы мағынасы көрік, ажар, рең.

ЖАНАРЫСТАН - иран тілінен алынған джон + қазақтың сөзі арыстан.

ЖАНАС - иран және қазақ тілдерінен - бұл есім жаннан асқан, жан біткеннен артық деген мағынаны білдіреді.

ЖАНАТ - ең көркем, керемет. Біріккен тұлғалы есімдер — Жанатбай, Жанатбек, Жанатқан.

ЖАНАХМЕТ - иран және араб тілдерінен — мақтауға тұратын кісі.

ЖАНӘБІЛ - иран тілінен алынған — әкенің жаны, жақсы көретін ұлы.

ЖАНБАЙ, иран мен қазақ тілдерінен — жаны бай, жомарт болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЖАНБЕК, ЖӘНІБЕК – иран сөзі жан + қазақ сөзі бек. Бала жаны мықты, берік, өмір-жасы ұзақ болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЖАНБОЛАТ - (қараңыз: Болатжан).

ЖАНБОСЫН - иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі босын ,болсын - өмірі берік болсын, тірі болғай.

ЖАНГЕЛДІ - иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі келді - өмірге, дүниеге жаңа адам келді деген мағына береді.

ЖАНҒАБЫЛ - иран тілінен алынған джон + араб тілінен алынған қабыл, жан біткеннің қабілеттісі. Қабылетті адам.

ЖАНҒАЛИ – иран және араб тілдерінен алынған Ғали сияқты батыл, өжет адам.

ЖАНҒОЗЫ - қозы сияқты сүйкімді бала.

ЖАНДАЙ - аса қымбат, қадірлі.

ЖАНДАР - жан біткеннің дарындысы болсын деген тілекпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жандарбек, Жандархан.

ЖАНДОС – иран тілінен алынған джон + дос, жан біткеннің досы.

ЖАНҚУАТ - иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі қуат жанға қуат, медет болсын деген тілекпен қойылған.

ЖАНМҰРАТ - иран тілінен алынған - жанымнын мұраты - арман тілегі деген мағынада қойылған. Баласы болмай жүрген адамдар тарапынан қойылатын, сирек кездесетін есім.

ЖАНМЫРЗА - жаны мырза болсын деген тілекпен қойылады.

ЖАННАЗАР - иран және араб тілдерінен алынған — жан біткеннің ықыласы түсетін жақсы адам болсын деген мағыналы есім.

ЖАННҰР - иран тілінен алынған джон + нұр, жан біткеннің нұрлысы, әдемісі, көріктісі болсын деген мағыналы есім.

ЖАНОРАЗ - иран тілінен алынған джон + көне қазақ тілінен келген ораз — бақыт. Жан біткеннің бақыттысы деген мағынаны береді.

ЖАНПЕИІС - иран тілінен алынған джон + араб тілінен алынған фэйзь — молшылық, жомарттық; мейірім, рақым.

ЖАНСАЛ - жан біткеннін серісі, еркесі.

ЖАНСҰЛТАН - иран тілінен алынған джон + араб тілінен алынған - жан біткеннің сұлтаны.

ЖАНТАЙ - иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі тай - жаным, өмірім деген мағынада қойылған.

ЖАНТАС - иран және қазақ тілдерінен — баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.

ЖАНТЕМІР - иран және қазақ тілідернен - жаны темірдей мықты, берік. Баланың өмір-жасы ұзақ болсын, темірдей мәңгі жасасын деген тілекпен қойылған.

ЖАНТУАР - иран және қазақ тілдерінен — дүниеге жақсы адам келді деген үмітпен қойылған есім.

ЖАНТУҒАН - иран және қазақ тілдерінен - дүниеге ер бала келді.

ЖАНТІЛЕУ - иран және қазақ тілдерінен — жаны аман қалсын, аман-есен жарық дүниеге келсін деп тілеумен байланысты қойылған есім.

ЖАНША - иран тілінен алынған джон + ша , шах сөзінің қысқарған түрі, жан біткеннін патшасы, шах.

ЖАНҰЗАҚ - иран және қазақ тілінен алынған — баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім.

ЖАҢАБАЙ - дүниеге, өмірге жаңа келген бала.

ЖАПАН - кең жазық құлан дала. Бала өз өмірінде кең пейілді адам болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЖАПАР - араб тілінен алынған — алып, ер, батыр; қатал билеуші, әмірші,

ЖАНСАЛ - иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі сал.

ЖАРҚЫН – қазақ есімі — ашық, айқын, жарық, нұрлы, жайнаған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жарқынбай, Жарқынбек. Қысқартып еркелету тұлғасы — Жәкіш.

ЖАРМҰХАМБЕТ - иран тілінен алынған йар - дос, көмекші — араб тілінен алынған Мұхамбет, Мохаммед. Мұхамбеттің досы, жәрдемшісі.

ЖАРЫҚ - сәуле, нұр.

ЖАРЫЛҚАСЫН - құдай оңдасын, тәңір есіркесін деген мағынаны білдіреді.

ЖАС - уылжыған балғын, сәби.

ЖАСАМЫС - көпті көрген, ысылған, тәжірибелі.

ЖАСҚАЙРАТ - жаңа қуатқа, қабілетке ие болсын деп қойылған есім.

ЖАСТАЛАП - жаңа талапқа ұмтылған жас бала деген мағынадағы есім.

ЖАСҰЗАҚ - баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.

ЖАСҰЛАН - жас жігіт, жас азамат деген мәндегі есім.

ЖАСЫБАЙ – қазақ есімі — баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім.

ЖӘДІГЕР - иран тілінен алынған едгор — естелік, ескерткіш.

ЖӘМШИТ - иран тілінен алынған джемшид — сәулелі, нұрлы.

ЖӘҢГІР - иран тілінен алынған джаһан + ғир — дүниені меңгеруші, әлемге үстемдік етуші.

ЖӘРДЕМ - көмек, тірек, сүйеніш.

ЖЕКСЕНБАЙ - иран тілінен алынған йек — бір, шамбэ — күн + қазақ сөзі — бай. Бұрын жексенбі күні туған балаға Жексен, Жексенбі, Жексенбай деген есім берген.

ЖЕКСЕНБІ - (қараңыз: Жексенбай).

ЖЕМІСБЕК - бала ержеткенде ата-ананың еңбегін ақтап, жемісін жегізетін болсын деген тілекпен қойылған.

ЖЕҢІС - жеңіске ие болу, жеңу. Ұлы Отан сорысы аяқталып, гитлерлік фашизмді жеңген күні туған балаға қойылған есім. Күрделі тұлғалы есім — Женісбек.

ЖЕТЕС - ақыл-ойы өзіне жеткілікті, ақылды болсын деген тілекпен қойылған.

ЖЕТКІНШЕК - жас өспірім, жастар, жас буын.

ЖЕТІБАЙ - ерте кезде 3, 7, 9 сандары киелі саналған, соған байланысты ер баланың өмір-жасы ұзақ болсын деген тілекпен осындай есімдер жиі қойылған. Қысқарта айтылу түрі — Жетен.

ЖЕТІГЕН – астрономия терминнен алынғана - спан жұлдызының бірі, жеті қарақшы.

ЖЕТІК - білімді, білгір.

ЖЕТІСТІК - қол жеткен табыс, жеңіс.

ЖИРЕН - моңғол тілінен цэрэн — ұзақ өмір.

ЖИРЕНШЕ - халық аңызындағы әйгілі шешен есімі. Кейіннен ұрпақтан-ұрпаққа қойылып кеткен.

ЖИҺАНША - иран тілінен алынған жиһан — дүние, әлем, шартарап + иран тілінен алынған ша (шах сөзінің қысқаша айтылу түрі). Әлемнің, дүниенін шахы, шах деген мағынаны білдіреді.

ЖОЛАЙ – кырғыз тілінен алынған - әдет, ғұрып, өмір салты; Манас жырындағы эпикалық батырдың есімі; қазақ сөзі жолшыбай, жол-жөнекей.

ЖОЛАН - баланың өмірде жолы боп, бақытты болсын деген тілекпен қойылған.

ЖОЛБАРЫС - жолбарыстай айбатты, жүректі, күшті болсын деп қойылған есім.

ЖОЛДАС - сенімді серік, пікірлес дос. Біріккен тұлғалы есімдер — Жолдасбай, Жолдасбек, Жолдасқан, Жолдасәлі т. б.

ЖОЛДАСБАЙ - жолдасқа, доска бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЖОЛДАСБЕК - бектің, бекзаданың жолдасы; жолдастыққа берік, мықты, тұрақты.

ЖОЛДАСҚАН - жолдас, серік.

ЖОЛДЫБАЙ - жолы құтты, ақжолтай болсын деп қойылған есім.

ЖОЛТАЙ - бақыт, құт әкелетін, сәтті, ақ жолды.

ЖОМАРТ - иран тілінен алынған джаван — жас, жас жігіт, бозбала + мард — ер, еркек, яғни джавонмард — қайырымды, мейірімді, қолы ашық мырза. Біріккен тұлғалы есімдер - Жомартбай, Жомартбек.

ЖОМАРТБАЙ - (қараңыз: Байызбай).

ЖОРА - иран тілінен алынған джурә — жолдас, дос. Жолдасбек деген есімнің синонимі. Біріккен тұлғалы есімдер — Жорабай, Жорақан.

ЖҰБАН - жұбану, тынышталу, екінішін басу. Ертеде баласы тұрмай жұргенде туған балаға осындай ат берген.

ЖҰБАНЫШ - қуаныш есімінің синонимі. Фонетикалык түрі — Жуаныш.

ЖҰМА - араб тілінен алынған джумға — жиын, жалпы қауым жиналатын күн. Біріккен тұлғалы есімдер — Жұмабай, Жұмабек, Жұмақан, Жұмәділ, Жұмағұл, Жұмажан, Жұмагелді және т. б. Еркелете айтылатын түрі — Жұмаш.

ЖҰМАН - араб тілінен алынған — қымбат бағалы зат, інжу.

ЖҰМАНБАЙ - қымбат бағалы затқа бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЖҰМАНИЯЗ - араб тілінен алынған джумга - жиын, қауым жиналатын күн, жұмадан жұмаға дейінгі бір жеті + араб тілінен алынған нияз — өтініш, тілек, үміт, сый, тарту. Жұма күні туған сыйлы, үміт артар бала.

ЖҰМАТ – араб тілінен алынған, санауындағы 5-ші ай аты.

ЖҰЗБАЙ - бала жүз жасасын деген тілекпен қойылған есім.

ЖҮНІС, ЖҮНҮС - көне еврей тілінен алынған иона - көгершін. Біріккен тұлғалы есімдер — Жүнісбай, Жүнісбек, Жұнісжан, Жүнісәлі.

ЖҮРСІН - аман-сау болсын, ұзақ өмір сүрсін деген тілекпен қойылған есім.

ЖҮСІП - көне еврей тілінен алынған Иосиф - көбейсін, көп болсын; әдемі, жақсы. Біріккен тұлғалы есімдер - Жүсіпбай, Жүсіпбек, Жүсіпжан, Жүсіпқан, Жүсіпқали, Жүсіпқожа, Жүсіпақын. Фонетикалык түрлері — Түсіп, Нүсіп, Нұсұп.

ЖІГЕР - қажыр, кайрат, күш, қуат; ынта, талап, ерік.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Кір сабынның пайдасы





Комментарии для сайта Cackle