Қазақша ерлер (ұлдар, ер бала) есімдер мағынасы (С,Т)

Қазақша ерлер (ұлдар, ер бала) есімдер мағынасы (С,Т) казакша Қазақша ерлер (ұлдар, ер бала) есімдер мағынасы (С,Т) на казахском языке

САБАЗ - иран тілінен алынған шаһбаз — ер, азамат, батыл; сұңқар. Біріккен тұлғалы есім — Сабазбек.

САБАНШЫ - көне түркі соқашы, егінші, дихан, көктемде егін айдау кезінде туған балаға қойылған есім.

САБАТАЙ – қазақ сөзі саба — қымыз ашыту, сақтау үшін жылқы терісінен істелген кен ыдыс; ауыспалы мағынасы бір нәрсенің мөлшері, шегі яғни баланың ой-өрісі, білім дәрежесі кең, болсын деп қойылған есім.

САБИҒАТ - араб тілінен — жаңа, жас; сұлулық, әдемілік. Фонетикалық түрі. — Сәбиғат.

САБЫР - араб тілінен — шыдамды, төзімді.

САБЫРЖАН - сабырлы, шыдамды, төзімді кісі. Синонимі — Сабырқан.

САҒАДАТ - араб тілінен - бақыт, құт.

САҒАТ - араб тілінен алынған саад - бақытты сәт, уақыт.

САҒИ - араб тілінен — бақытты, ырысты, құтты; мырза.

САҒИТ - араб тілінен — бақытты; ырысты; аман-есендік, саулық.

САҒЫМ - көне түркі тілінен саг — ақыл + тәуелдік жалғауы ым, яғни менің ақылдым, ойшылым деген мәнде қойылған ескі есім. Біріккен тұлғалы есім — Сағымбай.

САҒЫН - қатты аңсау, құмарту, көруге ынтық болу, яғни ата-ана ұлға зар болып жүргенде көрген балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сағынбай, Сағынғали, Сағынтай.

САҒЫНДЫҚ - ұзақ уақыт сағынып, сарғайып жүріп көрген ер бала.

САҒЫР - араб тілінен — кішкене, кенже бала.

САДАН - моңғол тілінен— туыс, туған-туысқан.

САДЫБАЙ - (қараңыз: Жақсыбай).

САДЫҚ, СЫДЫҚ - араб тілінен - шын, адал, таза, ашық; сенімді адал дос.

САДЫР - араб тілінен алынған — кеуде, көкірек; басшы, бірінші; ұлы мәртебелі. Біріккен тұлғалы есімдер — Садырбай, Садырбек, Садырқан, Садыралы.

САЙБАҚ - араб, моңғол тіліндегі жақсы, оңды деген мағынаны білдіретін сайын сөзіне араб тіліндегі бақ - бақыт сөзін қосу арқылы жасалған есім. Яғни, аса бақытты, жақсы ғұмыр деген мағынаны білдіреді.

САЙДАР - моңғол тілінде - сай (сайын), иран тілінде ие болуды білдіретін + дар қосымшасы қосылу арқылы жасалған есім. Мағынасы «жаксылық, қайрымдылық иесі» дегенді білдіреді.

САЙЛАУ - жаңа есім, халық депутаттарын сайлау кезінде дүниеге келген балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Сайлаубай.

САЙМАСАЙ - бала әкесінен не анасынан аумайды, қатты ұксайды, дәл өзі сияқты деген мәнді есім.

САЙРАН - бала өмірде бақытты өмір сүрсін, сайрандап жүрсін деген тілекпен қойылған есім.

САЙРАМБАЙ - Сайрам қаласында туылған адам.

САЙЫН - моңғол тілінен— жақсы, онды. Біріккен тұлғалы есім — Сайынбек.

САҚТАР - бале-жаладан сақтасын деген мәнді есім.

САДЫБАЙ - (қараңыз Жақсыбай).

САҚЫП - араб тілінен алынған — сахиб — серік, жолдас, дос, таныс.

САЛАМАТ - араб тілінен - бейбітшілік, тыныштық, саулық; сәлем.

САЛАУАТ - араб тілінен - қаттылық, беріктік, табандылық, тұрақтылық; қажырлылық, жігерлілік.

САЛЫҚ – араб тілінен салиг — жақсы, ізгілікті, рақымды, тауфикты; адал.

САМАТ, СӘМЕТ - араб тілінен - мәңгі, тұрақты. Қысқарған түрі — Саматай.

САМҒА - аспанға ұшу, шарықтау.

САМҰРАТ - иран тілінен алынған шах + араб тілінен алынған мурад, Мақсатына жеткен шах. Синонимдері — Шахмұрат, Шаймұрат, Шамұрат.

САНА - бала ынталы, ақылды, парасатты болсын деген тілекпен қойылған есім.

САНАТ - араб тілінен алынған - өнер, сәулет, жарасым; ұлылық, дәреже.

САНДЫБАЙ - қазақ тілінен алынған санды — әдеттен тыс, сирек кездесетін + бай.

САНЖАР - араб тілінен - патша, император. Түркі тілдерінде — тесіп, түйреп өтуші деген мағынаны білдіреді.

САНСЫЗБАЙ - (қараңыз: Байсан).

САПА, САФА - араб тілінен - тазалық, ашықтық; адалдық; тыныштық.

САПАБЕК - адал.

САПАР - араб тілінен алынған сафар - саяхат, алыс жол.

САПАРБАЙ - араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бай. Өмір жолы ұзақ, мол болсын деген тілекпен қойылған есім.

САПАРБЕК - араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бек. Өмір жолы берік, мықты болсын деп қойылған есім.

САПАРҒАЛИ - араб тілінен — сапары, алған беті әркашан биік, жоғары болсын деп қойылған есім.

САПИ , САФИ - араб тілінен сафа — таңдаулы, адал дос.

САРДАР - иран тілінен алынған сар — сардар, генерал, бастық, қолбасшы; туркі тілінде — батыр. Біріккен тұлғалы есім — Сардарбек.

САРИ - араб тілінен — атақты, мейрімді, асыл.

САРМАН - моңғол тілінен сар — ай + ман - кісі аттарындағы қосымша, яғни «ай туды» деген мағынаны білдіреді. Синонимдері – Айтуды, Айтуған.

САРЫ - ауыспалы мағынасы — кең-байтақ; көп нәрсені білетін, қоғам өмірінен хабардар, білгір.

САРЫБАЙ - баланы алтынға балап немесе өмірде кең пейілді болсын деп қойған есім.

САРЫБАС - бала өңі сары немесе шашы сары болғандықтан қойылған; бала алғыр, білімді болсын деген тілекпен қойылған есім.

САРЫН - қатты дыбыс, үн; қатты ағын үні, екпін.

САСАН - иран тілінен — мүсәпір, тілекші. Ирандағы сасанидтер династиясы басшысының есімі.

САТАЙ - моңғол тілінен садан — туыс, туған, туысқан, жақын.

САТТАР - араб тілінен алынған — кешірім етуші, жасырушы; қорғаушы.

САУРАН - сый, тарту; ескіше екінші ай аты, сол айда туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сауранбай, Сауранбек.

САУРЫҚ - үйірге түспеген жас айғыр. Жас, жеткіншек деген мағынада.

САУЫҚ - араб тілінен — тамаша, ойын-күлкі, сауық-сайран; даңк, құрмет.

САУЫТ - батырлар киетін кіреуке. Бала мықты, берік болсын деп қойған есім. Біріккен тұлғалы есім – Сауытбай.


САФИ - араб тілінен — тандаулы, адал дос.

САФУАН - араб тілінен - тазалық, пәктік; қатты гранит тас.

САХИ - араб тілінен — жомарт, мырза.

САЯ - иран тілінен - қорғаныш, пана.

САЯТҚАН - араб тілінен алынған — саят — аңшылық, аң аулаушылық + хан.

САЯН - Саян тауы атынан қойылған есім.

СӘБИҒАТ - араб тілінен алынған - сұлулық, әдемілік.

СӘБИТ - араб тілінен алынған - мықты, тұрақты, табанды, адал.

СӘДУАҚАС - араб тілінен алынған сәйд - бақытты, ырысты, құтты + уа қосымша + хас — нағыз; яғни нағыз бақытты, ырысты адам. Қысқартып айту түрлері — Сәду, Сәкен, Оқас.

СӘЛМЕН - иран тілінен — есейген, ер жеткен, үлкен.

СӘЛІМ - араб тілінен алынған сәлим — сау, бүтін, толық, аман-есен; нағыз, шын, табиғи, аман-сау; қарапайым, адал. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәлімбай, Сәлімбек, Сәлімгерей.

СӘМЕН - иран тілінен — байлық, молшылық; күш, қуат, тәртіп, тыныштық.

СӘМЕТ – араб тілінен — мәңгілік, өмірлік, берік; бас ие, қожайын.

СӘМИ - араб тілінен — жоғары, биік, көтеріңкі, зор, асқар.

СӘРСЕНБІ - иран тілінен алынған шәһар — төрт + шәмбе — күн, төртінші күн, яғни бейсенбі, бейсенбі күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәрсенбай, Сәрсенбек, Сәрсенәлі, Сәрсенғали, Сәрсенқан. Еркелетіп, ықшамдала қысқартылған түрлері - Сәрсек, Сәрсен, Сәрсекей, Сәркеш.

СӘТ - араб тілінен - сад — бақыт, құт, ырыс.

СӘТБАЙ - араб тілінен — құтты бала (бай).

СӘТЖАН – араб тілінен алынған сәт, иран тілінен алынған жан — бақытты, ырысты адам.

СӘТІМ – араб және қазақ сөздері қосылған — менің бақытым, құтым, ырысым.

СӘУІР - араб тілінен алынған — жыл мерзіміндегі екінші ай аты, сол айда туған бала. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәуірбек, Сәуірқұл.

СЕЗІМ – жаңа есім - достық, адалдық, махаббат сезімдер балаға серік болсын деген қойылған есім.

СЕЙДАХМЕТ - араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + Ахмет, яғни әмір, бастық Ахмет.

СЕЙДӘЛІ - араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + ғали — жөғары, биік. Демек, жоғары, үлкен бастық, әмір. Синонимдері — Сейдәлі, Сейітқали.

СЕЙДУӘЛИ - араб тілінен алынған — мырзаның, бастықтың орынбасары, орындаушысы.

СЕЙДІЛДА, СЕЙДОЛЛА – араб тілінен алынған - мырза, орындаушы. Қысқартып айту түрлері — Сейдін, Сейділ, Сейдім.

СЕЙСЕНБАЙ - иран тілінен алынған се - үш, сенбі (шамбе) — күн + бай, яғни айдын үшінші күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сейсенбек, Сейсенби, Сейсенғали, Сейсенхан.

СЕЙІЛ - араб тілінен алынған - көктем мерекесі; халық серуені.

СЕЙІТМЕТ, СЕЙІТМӘМЕТ – араб тілінен алынған — мақтаулы, мақтауға лайық адам.

СЕЙІТ - араб тілінен алынған сейидь — мырза, бастық, әкім; құрметті. Құрделі тұлғалы есімдер — Сейітәлі, Сейітбаттал, Сейітбек, Сейітжан, Сейітмұрат, Сейітқожа, Сейіткерей, Сейітмұкамбет.

СЕЙФОЛЛА - араб тілінен алынған саифи — қылыштан өткір, кесіп түскіш + олла, алла - яғни қылыштай өткір перзент.

СЕКСЕНБАЙ - мұндай есім көбіне бала әкесі 80 жасқа келгенде туған балаға қойылады.

СЕМБАЙ - иран тілінен алынған шамбе + бай, яғни сембі күні туған бала.

СЕМБІ - иран тілінен алынған шамбе — алтыншы күн, сөл күні туған балаға қойылған есім.

СЕНІМ - үміт, сенім.

СЕҢГІРБАЙ - көне түркі тілінен келген сеңгір - таудың биік төбесі + бай, бала таудай биік болсын деген мәнде қойылған есім.

СЕРӘЛІ - иран тілінен алынған сер, шер + әлі, ғали, яғни арыстан сияқты батыл. Еркелетіп айту түрі — Сертай.

СЕРҒАЗЫ - араб тілінен алынған - сер - басшы, бастық + араб тілінен алынған ғази — жауынгер; жауынгер, әскер, басшы.

СЕРҒАЛИ - иран тілінен алынған сер + араб тілінен алынған ғали; Басшы Ғали.

СЕРКЕ - қой бастайтын серке; ауыспалы мағынасы басшы, жетекші, көсем. Біріккен тұлғалы есім — Серкебай.

СЕРКЕБАЙ - (қараңыз: Байсерке).

СЕРІК - араб тілінен алынған шәрік — жолдас, серіктес. Біріккен тұлғалы есімдер — Серікбай, Серікбек, Серікқали, Серіктұр.

СЕРІКБОЛ - көптің серігі, досы бол деген тілекпен қойылған есім.

СИРАЖ - араб тілінен алынған - шырақ; жарық.

СОЛТЫБАЙ - араб тілінен алынған солдо — күш, өкім, билік; күшті, мықты; + бай. Демек, күшті, мықты адам.

СОМБЕЛ - белі мықты, күшті, балуан тұлғалы бөлсын деген тілекпен қойылған есім.

СҰЛТАН - араб тілінен — өкімет, билеуші, әкім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сұлтанбай, Сұлтанбек, Сұлтанғали.

СҰЛТАНГЕЛДІ - дүниеге, өмірге билеуші әкім бала келді деген мәндегі есім.

СҰЛТАНМҰРАТ - бала сұлтан боп тілегіне, мұратына жетсін деген мағынаны білдіретін есім.

СҰҢҚАР - бала сұнқардай көреген, батыл болсын деп қойылған есім.

СҮГІР - көне түркі тілінен келген сукур — хабар.

СҮГІРБАЙ - көне түркі тілінен - бала білгір ғылымнан, өнерден хабары, білімі мол болсын деген тілекпен қойылған есім. Түрі — Сүгірбек.

СҮЙЕУ - ата-ана, туысқа тірек, таяныш болсын деп қойылған есім.

СҮЙІН - ырза болу, сүйіну, көңіл толу.

СҮЙІНБАЙ - көптің көңілі толсын, істеген ісіне разы болып сүйсінсін деген мәндегі есім.

СҮЛЕЙМЕН - көне еврей тілінде Шэломох — соломон — бейбіт, тыныш, қорғалған. Қысқартылып айтылу түрлері — Сүлей, Сүлейке.

СҮМБЕБАЙ - иран тілінен алынған сунба - мылтықтың сүмбесі. Бала сүмбедей тіптік, түзу, мүсінді, әдемі болып өссін деген тілекпен қойылса керек.

СҮНДЕТ - араб тілінен алынған суннэт — рәсім, әдет, дәстүр.

СҮТТІБАЙ - сүтке, жалпы аққа бай болсын деп қойылған.

СЫБАНҚҰЛ - бұл есімнің бірінші сыңары араб тілінен Шабан — тоқ, тойған; Бұл есімнің түбірі Сыбан, Шейбан, Шейбани, Шибан түрлерінде де кездеседі.

СЫДЫҚ - араб тілінен алынған седдик — шындық, растық, туралық; әрқашан тура айтушы; шыншыл, әділ.

СЫЛАН - көне түркі тілінен силан — тік, биік, сымбатты.

СЫМАҚ - иран тілінен алынған самеһ — жомарт, мырза.

СЫНДЫБАЙ - сымбатты, әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған есім.

СЫРБАЙ - араб тілінен алынған сиер — өмірбаян, табиғи жаратылыс, өмірдегі жағымды ісәрекет.

СЫРҒАБАЙ - араб тілінен алынған сыр + ға қосымша + бай; яғни бала өнер-білім, ғылым құпиясын жете білсін, соны меңгерсін деген тілекпен қойылған есім.

СЫРҒАБЕК - сырға берік, мықты болсын деп қойылған есім.

СЫРЫМ - көне түркі тілінен - шыдам, шыдамды, төзімді.

СЫРМҰХАМБЕТ - көне түркі тілінен сыр - шыдам, төзім, ұстамды + араб тілінен алынған Мухаммет, яғни төзімді, шыдамды, ұстамды Мұхамбет. Дыбыстың өзгеру түрі — Сырымбет.

Алфавит бойынша ерлер (ұлдар, ер бала) есімдері жинағы :
А, Ә, Б, Ғ, Д, Е, Ж, З, И, К, Қ, Л, М, Н, О, Ө, П, Р, С, Т, У, Ұ, Ү, Ф, Х, Ш, Ы, І
Алфавит бойынша қыздар есімдері жинағы :
А, Ә, Б, Г, Ғ, Д, Е, Ж, З, И, К, Қ, Л, М, Н, О, Ө, П, Р, С, Т, У, Ұ, Ү, Ф, Х, Ш, Ы, І
Беттер:
<< 1 2 >>




KZ » Қазақша Есімдер мағынасы жинағы, қазақша ерлер есімдері, есімдер жинағы, қазақша есімдер тізімі ер балаға, красивые имена для мальчиков на казахском, қазақша есімдер тізімі ер балаға мағынасымен, қазақша есімдер ұл балаға, қазақша есімдер жинағы ұл балаға, қазақша ерлер есімдері, есімдер жинағы, қазақша есімдер тізімі ер балаға, красивые имена для мальчиков на казахском, қазақша есімдер тізімі ер балаға мағынасымен, қазақша есімдер ұл балаға, қазақша есімдер жинағы ұл балаға, Қазақша ерлер (ұлдар, ер бала) есімдер мағынасы (С,Т), Қазақша ерлер (ұлдар, ер бала) есімдер мағынасы (С,Т) қыз бала ұл есімдері мағынасымен имена на казахском языке для мальчиков қыз балаға ұл балаға есім таңдау қазіргі жаңа заманғы есімдер /қазақша есімдер мағынасы мен қазақша есімдер қыз балаға мағынасымен красивые имена девушек красивые имена мальчиков казахов современные имена

  • Анализ сайта www.zharar.com