» » » Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Т әрпі бойынша ат қою)

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Т әрпі бойынша ат қою)

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Т әрпі бойынша ат қою) казакша Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Т әрпі бойынша ат қою) на казахском языке
ТАЛЖАН – тал - өзен бойында өсетін сәнді, нәзік, иіліп тұратын ағаштың бір түрі, қосымша - жан.

ТАЛШЫБЫҚ - қыз бала талшыбықтай көркем, әдемі болсын деп қойылған есім.

ТАЛШЫН – ағашының бір түрі. Әдемі, әдемі түс деген мағынасын білдіреді.

ТАМАРА - көне еврей тіліндегі құрма ағашы.

ТАМАША – көріністік, ерекше, өте әдемі қыз болсын деп қойылған есім.

ТАНА - ақықтан жасалған үлкен жалтырауық түйме.

ТАҢСЫҚ - құмар, әуес; сирек зат.

ТАҢШОЛПАН - таң жұлдызы, жарық жұлдыз.

ТӘБИБА - араб тілінен - емші, дәрігер.

ТӘБИЛА - араб тілінен — ұзақ, ұзағынан берген (өмір).

ТӘБИЯ - араб тілінен - қорған, қамал, бекініс.

ТӘЖІГҮЛ - иран тілінен алынған тадж — тәж + гүл; тәждегі гұлдей әдемі сұлу.

ТӘЛИПА - араб тілінен алынған таалип - талапкер, талаптанушы, білім іздеуші; сұраушы; студент.

ТӘМИЛА - араб тілінен - тау кептері, көгершін.

ТӘНЗИЛА - араб тілінен - әмір, бұйрық.

ТӘНЗИЯ - араб тілінен - тазалық, пәктік.

ТӘРБИЕ - араб тілінен - тәртіп, ауыспалы мағынасы ұлгі - өнеге.

ТӘТТІБАЛА - сүйікті, сүйкімді қыз бала.

ТЕҢДІК - бостандық, еркіндік, тең құқықтық.

ТОҒЖАН - әлді, кұйлі, көңілге тоқ, толымды болсын деген мағынада.

ТОЙБАЛА - той күні туған қыз бала.

ТОЛҒАНАЙ - толған айдай аппақ сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.

ТОЛҚЫН - теңіз, көл бетіндегі шайқалыс, әдемі көрініспен байланысты берілген есім.

ТОРҒЫН - үлбіреген жұқа жібектің бір түрі.

ТОРЫМБАЛА - көне түркі торым — бота, ботақан + бала.

ТОТЫ - тоты құс, сандуғаш. Бұл есім шешендік пен сұлулықтың, ұзақ өмірдің бейнесі ретінде беріледі. Синонимі — Тотия.

ТҰРҒАН - берік тұрып қалған, тоқтаған.

ТҰРСЫНАЙ - ай сияқты мәңгі өмір сүрсін, өмір-жасы ұзақ болсын деп қойылған есім.

Автор: ZHARAR | 58 |


Загрузка...

KZ / Қазақша Есімдер мағынасы жинағы, әдемі қыз аттары, қыз есімдері тізімі мағынасымен, мұсылманша қыз есімдері, ең әдемі қазақ қыздарының есімдері, қазақ қыздарының есімдері және мағынасы, самые красивые имена девушек на казахском, , Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Т әрпі бойынша ат қою) қыз бала ұл есімдері мағынасымен имена на казахском языке для мальчиков қыз балаға ұл балаға есім таңдау қазіргі жаңа заманғы есімдер /қазақша есімдер мағынасы мен қазақша есімдер қыз балаға мағынасымен красивые имена девушек красивые имена мальчиков казахов современные имена