Уақытты бағдарлау

  Уақытты бағдарлау

Сабақтың мақсаты: жалпы өлшеуішер туралы бағдар беру.
Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру. Уақытты бағдарлай біліп қалыптастыру.
Әдіс - тәсілдер:: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу
Көрнекіліктер:: суреттер, әліппе - дәптер, жұмбақтар, элек. сұрақтар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалармен амандасу
- Балалардың сабаққа қажетті оқу құралдарын даярлату.
- Балалар бірінші сабағымыз қарапайым математика түсініктері.
Жаңа сабақ:
- Балалар айтыңдаршы қазір қай мезгіл, кәне кім біледі?
(балалардың жауабы: қыс мезгілі)
- Балалар сендер білесіңдер ме жыл мезгілі төртке бөлінеді екен.
Балалар бәріміз бес саусағымызды жоғары көтеріп, көрсетейікші, енді бір саусағымызды жұмайықшы. Ал енді неше саусақ қалды?
Адамның төрт саусағы жылдың төрт мезгілі. Сұқ саусақ – күз, ортаңғы саусақ – қыс, шылдыр шүмек саусақ – көктем, кішкене шынашақ саусақ – жаз. Сонымен балалар неше жыл мезгілі бар екен?
Енді бәріміз тақтаға назар аударайықшы, тақтада төрт жыл мезгілдің суреті көрсетілген. Күз, қыс, көктем, жаз.
- Балалар күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауабы)
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауабы)
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауабы)
- Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауабы)
Балалар төрт саусақтарымыздың әрбіреуінде үш буыны бар. Әр саусақтың үш буыны – үш ай. Әрбір жыл мезгілінде үш ай болады. Бір жылда 12 ай болады. Балалар тақтаға назар аударайықшы 12 ай кестесі сызылған, менімен бірге ай аттарын қайталап отырыңдар.
Қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз.
Балалар қыркүйек, қазан, қараша айлары – күз мезгілі. Желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс мезгілі. Наурыз, сәуір, мамыр – көктем. Маусым, шілде, тамыз – жаз мезгілі.
- Балалар қазір қандай мезгіл? (қыс)
- Ендеше қыс мезгіліне байланыс сурет салайық.
Сергіту сәті: «Балақан»
- Балалар бір аптады жеті күн бар. Апта күндерін атайықшы.
- Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
- Балалар сендер неше күн оқисыңдар?
- Неше күн демаласыңдар?
Балалар енді Нұржан мен Гүлжанның тапсырмасын орындайықшы.
Балаларға сұрақтар қойылады, балалар дұрыс жауапты тауып, яғни жауапқа сай келетін суретті қаламмен шертеді.
Қорытынды:
- Бір жылда неше жыл мезгілі болады?
- Бір жылда неше ай болады?
- Бір аптада неше күн болады?
Мадақтау, бағалау. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі