Қазақша мақал - мәтел: Ел, Халық » ZHARAR © 2017 | пословицы на казахском языке про народ, ел туралы макал мателдер, халык туралы макал мателдер, халық туралы мақал мәтелдер, ел туралы мақал мәтелдер, халық ел туралы мақал-мәтелдер, ел халық туралы мақал мәтел




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Ел, Халық

Қазақша мақал - мәтел: Ел, Халық казакша Қазақша мақал - мәтел: Ел, Халық на казахском языке

Азған елдің баласы бірін-бірі жамандар,
қақпан құрып алдына құлатуға амалдар.

Озған елдің баласы бірін-бірі "батыр" дер,
қойны-қоншы құйылып, толып тұрған ақыл дер

Аз қойда айран бар, өре жоқ,
Аз елде азар бар, төре жоқ.

Айрылған болсаң еліңнен,
қуатың кетер беліңнен.

Айрылған ел — азады,
Қосылған ел — озады.

Ақбөкенді "жатыр" деме,
Көшкен елді "отыр" деме.

Акқу көлге, ер елге паналайды.

Арқа сүйер елің болсын,
Аунап жатар жерің болсын.

Алысып ойнар теңің болсын,
Сүңгіп бойлар көлің болсын.

Арша өскен жерінде,
Азамат өскен еліңде.

Атауы кеткен елдің матауы кетеді.

Бабын тапсаң: байлық — жерде,
береке, салтанат — елде.

Бақа көлінде патша,
Балық суында патша,
Жігіт елінде патша.

Бақа көлін сүйеді,
Бұлдырық шөлін сүйеді,

Ер жігіт елін сүйеді.

Білек түр де еңбек ет,
Етек түр де елге жет.

Дос та елден, жау да елден
(Дулат).

Ел аралаған сыншы болар,
Орман аралаған үйші болар.

Ел артындағы шаң жұтады,
Ел алдындағы май жұтады.

Ел ауызы дуалы,
Көп ауызы куәлі.

Ел барда ер қор болмас,
Ер барда ел қор болмас.

Ел боламын десең — бесігіңді түзе.

Ел бұзылса салады шайтан өрнек
(Абай).

Елге берсең асыңды
ел қадірлер басыңды.
Итке берсең асыңды
ит мүжиді басыңды.

Елге дұшпан жерге сыймас,
Жерге дұшпан елге сыймас.

Елге, елек те керек, желек те керек.

Елге ел қосылса — құт,
Желге сел қосылса — жұт.

Елге ерсі іс істеме.

Елге жақса қылығың — елдің іші тынымың.
Елге жақпаса қылығың — үзіледі жұлының.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 33 824
Рейтинг:
(голосов: 146)

KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы, Қазақша Мақал - Мәтел: Ел Халық, Қазақша Мақал - Мәтел, Ел Халық казакша макал мател, Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Ел туралы (О народе), Мақал-мәтелдер – Ел туралы, (Пословицы на казахском языке) (О народе), Қазақша Мақал - Мәтел: Халық Ел, Халық Ел казакша макал мател, ел туралы макал мателдер, халык туралы макал мателдер, халық туралы мақал мәтелдер, ел туралы мақал мәтелдер, халық ел туралы мақал-мәтелдер, ел халық туралы мақал мәтел, пословицы на казахском языке про народ, Ел Халық туралы Мақал мәтел қазақша, Қазақша Мақал - Мәтелдер жинағы, Мақал - Мәтелдер жинағы, Қазақша Мақал - Мәтелдер, Казакша Макалдар жинагы, Қазақша Мақал - Мәтел: Ел Халық, Қазақша Мақал - Мәтел, Ел Халық казакша макал мател, Қазақша мақал - мәтел: Ел, Халық макал мателдер казакша тил туралы пословицы на казахском языке пословицы казакша казахские пословицы макал мателдер казакша на казахском мақал мәтелдер жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .