Қазақша мақал - мәтел: Еңбек пен кәсіп

Қазақша мақал - мәтел: Еңбек пен кәсіп казакша Қазақша мақал - мәтел: Еңбек пен кәсіп на казахском языке

Рахат түбі — кейіс,
Бейнет түбі — кеңіс.

Ер дәулеті — еңбек.

Келген дәулет,
Кеткен бейнет.

Ер еңбегіне бір тойсын.

Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.

Қолы қимылдағанның
Ауызы қимылдар.

Еңбегіне қарай, өнбегі.

Жас кезімде бейнет бер
Қартайғанда дәулет бер.

Еңбек ерлікке жеткізер.
Ерлік елдікке жеткізер.

Еңбек ет те, міндет ет.

Көп еңбегі — көңілді.



Еңбегің сайлы болса,
Ішің майлы болар.

Еңбек ет те мақтан,
Ойнап-күл де шаттан.

Еңбек — ширатады.
Өмір — үйретеді.

Кетпен шауып өлгем жоқ,
Кемтаршылық көргем жоқ.
Таңмен таласа тұрғанның
Талай ісі бітеді.
Тал түске дейін жатқанның
Талай ісі кетеді?

Еңбек пен бақыт егіз.

Еңбекпен ер өседі,
Егізден төл өседі.

Елің сені елесе,
Еңбегіңнің жанғаны,
Елің сені шенесе,
Көз қырына алғаны.

Мал өсірсең мол өсір,
Кеңейтеді пейіліңді.
Еңбек етсең — көл көсір
Қандырады мейіріңді.

Еңбек ет те, егін ек,
Жарымасаң маған кел.
Белді бу да бейнет қыл,
Байымасаң маған кел.

Еңбекте қорлық жоқ.
Шындықта зорлық жоқ.


Еңбектен алғанның бүйірі шығады.
Кісіден алғанның екі көзі шығады.

Еңбек түбі —қуаныш,
Сауда түбі — реніш.

Еңбегіне қарай — құрмет.
Жасына қарай — ізет.

Халық — қазы,
Еңбек — таразы.

Екі көзің ойнаса,
Жақұт емей немене?
Екі қолың ойнаса
Бақыт емей немене?!

Еңбек — өмірді ұзартады,
Ұят бетті қызартады.

Еркін еңбек
Баршаны жеңбек.

Жер — өмірдің бесігі.
Еңбек — ердің несібі
Еңбек еткен —
Мұратқа жеткен.

Кедейлік кетсін десең, еңбек ет.
Молшылық жетсін десең, еңбек ет.

Еңбек етсең — еленерсің,
Еңбегіңе кенелерсің.
Есің жиып, етек жауып,
Елге жетіп теңелерсің.


Күшіңе сенбе,
Ісіңесен.

Өзенжағалағанның
Өзегіталмас.

Түйменің инесіз күні жоқ.

Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.

Елге қылған жақсылық,
Еленбей қалмайды.
Еңбек еткен ерінбей —
Кенелмей қалмайды.

Ергенек болмаса,
Есік тұра ма?
Еңбеккер болмаса,
Несіп тұра ма?

Отты үрлеген жағады.
Шындықты іздеген табады.

Бір еңбектің — бір рахаты бар.

Көңілсіз жұмыс — өнімсіз.

Ерінген екі істейді.


Қалған іске — қар жауар.

Жұмысы жемістінің —
Өмірі келісті.

Сөзі — аз,
Ісі — саз

Даярға — аяр.

Жақсы болар жігіттің
Жұмыссыз жүрген күні жоқ.
Жаман болар жігіттің
Еш жұмысқа қыры жоқ.

Бал ұстаған бармағын жалар.

Ынта болса адамда
Қиын іс жоқ ғаламда

Әрекет болмай — берекет жоқ.
Еңбексіз — рахат жоқ.

Еңбек — ырыстың бұлағы,
Еңбек — бақыттың шырағы

Ерінбей еңбек істесең —
Етек-жеңің кеңейер
Етек-жеңің кеңейсе
Терезең жұртпен теңейер.


Үдере көшкен уығын сындырады,
Жұмыла жұмыс істеген
Жұмысты тындырады.

Ерінбей еңбек етсең —
Ерінің асқа тиеді.
Ерініп ілбіп кетсең,
Иегің тасқа тиеді.

Еңбексіз тапқан мал
Есепсіз кетер.

Шапқан озар,
жатқан тозар.

Еңбектің наны тәтті.
Жалқаудың жаны тәтті.

Істеу қиын, сынау оңай.

Еңбек адамды бүтіндейді.
Жалқаулық адамды түтіпжейді.

Ер тынысы — еңбек,
Ез тынысы — ермек.

Есті бір өледі,
Еріншек мың өледі.

Жалқауға жатса да — мейрам,
Тұрса да — мейрам.


Берекесіз бейбақтар
Терлеп еңбек етпейді.
Терлеп еңбек етпеген
Тілегіне жетпейді.

Кедейлік жаны тәтті жалқауға үйір,
Еңбек ете білмейтін, аңқауға үйір.

Жалқаудың жұмысы өнбейді
Жаяудың жүрісі өнбейді.

Аузымен астау шапқан
Қолымен жаңқа жара алмас.

Еңбектен қашпа,
Ырысыңды шашпа.

Ез —езер,
Езерден ырыс безер.

Іңірден жатқан — ырыссыз қалады.

Жұмысы жоқтың ырысы жоқ.

Еріншектіңегіні піспес.

Еңбексіз ел кезгенің —
ар-ұяттан безгенің.


Қырқына шыдаған
Қырық біріне де шыдайды.

Аттың сүріншегі,
Жігіттің еріншегі жаман.

Саудың асын ішіп
аурудың ісін істейді.

Уақытыңның босқа өткені —
өміріңнің бос кеткені

Еріншекке есік пен төр —
екі күндік жер.

Еңбегің болмаса,
Елге өкпелеме.
Ықтасының болмаса,
Желге өкпелеме.

Еріншектің ертеңі бітпес,
Жеңілтектің селтеңі бітпес.

Опасызбен дос болма,
Еріншекпен қос болма.

Жалқау — жарты кісі

Жалқау жатып ішер,
Отырып ұйықтар.

Еңбекке ебі жоқтың,
елдікке себі жоқ.

Жемісті жұмыс
жаныңды тындырады.
Сауыққұмарлық
Сағыңды сындырады.

Ақпаса, су бұзылады.

Сөзге көп — іске жоқ.




KZ / Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы, еңбек туралы мақал-мәтелдер, еңбек туралы мақал-мәтелдер қазақша, еңбек туралы макалдар, еңбек туралы мақал-мәтелдері, кәсіп туралы мақал мәтел, кәсіп туралы мақал мәтелдер, еңбек туралы мақал мәтелдер, еңбек туралы мақал-мәтел, Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Еңбек пен кәсіп туралы (О труде и профессии), Мақал-мәтелдер Еңбек пен кәсіп туралы, (Пословицы на казахском языке) (О труде и профессии), Қазақша Мақал - Мәтел: Еңбек пен кәсіп, Қазақша Мақал - Мәтел, енбек пен касип казакша макал мател, мамандық маман туралы мақал мәтелдер қазақша, макал мателдер казакша маман мамандык туралы, пословицы про профессию на казахском, пословицы про профессии на казахском языке, Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Еңбек пен кәсіп туралы (О труде и профессии) Мақал-мәтелдер Еңбек пен кәсіп туралы (Пословицы на казахском языке) (О труде и профессии) Қазақша Мақал - Мәтел: Еңбек пен кәсіп Қазақша Мақал - Мәтел , Қазақша мақал - мәтел: Еңбек пен кәсіп макал мателдер казакша тил туралы пословицы на казахском языке пословицы казакша казахские пословицы макал мателдер казакша на казахском мақал мәтелдер жинағы