Қазақша мақал - мәтел: Жақсылық пен жамандық » ZHARAR © 2016 | жаксылык туралы макал мателдер казакша, жамандык туралы макал мателдер казакша, жақсылық туралы мақал мәтелдер, жамандық туралы мақал мәтелдер, пословицы на казахском языке о хорошем и плохом




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Жақсылық пен жамандық

Қазақша мақал - мәтел: Жақсылық пен жамандық казакша Қазақша мақал - мәтел: Жақсылық пен жамандық на казахском языке

Жақсыға жанас, жаманнан адас.

Жақсы - жаныңа жолдас,
Жаман - малыңа жолдас.

Жақсының сөзі кепіл,
Жаманның өзі кепіл.

Жақсыдан қашпа, жаманға баспа.

Жақсыға сөз батады,
Жаманға шөп батады.

Жақсыға - шарапат,
Жаманға - кесапат.

Жақсыны халық мақтар,
Жаманды халық даттар.

Жақсы өз басынан көреді,
Жаман жолдасынан көреді.

Жақсыға шаң жуымас,
Жаманға жан жуымас.

Жақсыға айтсаң, білер,
Жаманға айтсаң, күлер.

Жақсылың ағаш басында,
Жамандық аяқ астында,
Жақсы аттан жығылса,
Жаман адам табалар.

Жақсы атын маңқар,
Жаман қатынын мақтар.

Жақсының жауы көп,
Жаманның дауы көп.

Жақсы көргенін,
Жаман бергенін айтады.

Жақсылың көрсем - өзімнен,
Жамандың көрсем - өзімнен.

Жақсылық пен жамандың егіз.

Жақсылық зая кетпейді,
Жамандық пайда етпейді.

Жақсы кісі қырңқнда толады,
Жаман кісі қырқында солады.

Жақсы ниетіңе келеді,
Жаман етіңе келеді.

Жақсының жүрген жері базар,
Жаманның жүрген жері азар.

Жақсының алдында жазыларсың,
Жаманның алдында тарыларсың.

Жаманның қолына бергенше,
Жақсының жолына бер.

Жамандық жақын, жаңқылық алыс.

Жаманның қойнына жатқанша,
Жақсының аяғына жат.

Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.

Ескісіз жаңа болмас,
Жамансыз жақсы болмас.

Жақсы мақтанса, есебін табар,
Жаман мақтанса, қатынын сабар.

Екі жақсы қосылса,
Өлгенше дос болады.

Екі жаман қосылса,
Өлгенше өш болады.

Екі жақсы қосылса,
Бірін-бірі қиыспайды.

Екі жаман қосылса,
Кең дүниеге сыйыспайды.

Жаңсыны жамандаса,
Аруағы асады;
Жаманды жамандаса,
Құты қашады.

Жақсы жүрген жерінде кент салады,
Жаман жүрген жерінде өрт салады.

Жақсының күнде бір үйі кеңиді,
Жаманның күнде бір үйі кемиді.

Жақсыға берсең асыңды,
Жақсы сыйлар басыңды.

Жаманға берсең асыңды,
Итке тастар басыңды.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 4 286
Рейтинг:
(голосов: 3)

.

. .