Талғат Бигелдиновтың махаббат хикаясы


Соғыстың сұрапыл жылдары көптеген ғашықтардың лаулаған сезіміне,мөлдір махаббатарына тосқауыл болғандығы хақ. Кеңес одағының екі мәрте батыры,ұшқыш Талғат Бигелдинов те тағдырдың осы бір тәлкегіне тап болған көрінеді.

«Қара ажал» аталып кеткен ұшақты мінген батыр өзінің алғашқы махаббатын сонау Чкаловта,жазғы училищеде оқып жүргенде кездестіреді. Туған жерден жырақта, Россияның алыс түкпірінде, қазақтың ботагөз қызын байқап қалып, бір көргеннен ұнатып қалады. Ажары айнадай жарқыраған Айнагүлмен танысып, сөз жарастырып жүргенде, аяқ-асты соғыс басталып кетеді. Екеуі де Отан үшін майданға аттанбақ болады. Қоштасарда,қос ғашық соғыстан оралған соң, үйленеміз деп уәделесіп, соңғы түнді бірге өткізеді.

Бигелдинов тылда ержүректігімен, нағыз ерлігімен көзге түседі. Қан мен терін төгіп шайқасады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы - Берлинді алуға көш бастап, бірінші болып аттанады. Алайда, 1944 жылдың желтоқсанында Талғат қара хабар алады : Айнагүл көз жұмыпты. Немістің ұшағы санитарлық көлікті атып түсірген екен. Ал,Айнагүл ауыржаралы жауынгерді денесімен қорғап қалса керек. Жаудың үш оғы арудың нәзік жүрегін жаралаған. Өмірдің дәмін татпай, 20-дан енді асқан Талғаттың сүйіктісі осылайша мерт болыпты.

Қайғылы хатпен бірге бір жапырақ қағаз,Айнагүлдің аяқталмаған,соңғы жүрекжарды хаты да жіберілген екен : «Жаным,өтінемін, өзіңді күт. Сенің марапаттарың көп, сен - батырсың! Мен сенің өмір сүргеніңді қалаймын. Естисің бе? Маған атақ та, ештеңе де керек емес, маған сен керексің! Сен! Мен сені қатты, қатты жақсы көремін...». Осы сөзден кейін жазу үзілген.

Ұшқыш бірнеше күн бойы өз-өзіне келе алмай, қиын халде болады. Бірақ, Талғатқа қауіпті тапсырма беріледі. Бұны батыр «немістерден алар кегім болсын» деп қабылдап, тапсырманы бұлжытпай орындайды : Карпат шатқалында,ұшу барысында үш мың фашисті бар колоннаға өзі жалғыз қауіп төндіріп,фосфордан жасалған бомбалармен, реактивті снарядтармен көзін жояды.

Талғат Бигелдинов өз аэродромына қайтып келгенінде, ұшағының оқтан тесілмеген,сау жері болмаған көрінеді. Пулеметінде бірде-бір оқ қалмаған, бәрін жұмсаған.

Бұл оның Айнагүл үшін немістерден бар жанын салып кегін алғаны еді. Батыр қан майданда тірі қалып, Отанға аман-есен оралады. Аман-есен болғанымен,жүрек мәңгі жаралы...


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу