Тағдыр тауқіметі (3 бөлім)

 Тағдыр тауқіметі (3 бөлім)

Зәулім сарайдай салынған бір керемет үйдің ауласына келіп тоқтады. Тамаша екен.Айналаның бәрі қымбат дүниелер.. қымбат жиһаздар.. Таңқалып келеді.Бірде Руслан Аяулымға қарап - Бұл менің туғам ағамның үйі.Кел жайғас,- деді.Отыра бергені сол еді жоғарғы қабаттан бірнеше адамның дауыстары мен аяқ жүрістерінің дыбысы естілді. Русланның ағасы, жеңгесі және оның әке-шешесі екен.Сонымен Аяулымды осы үйге жатқызатын болып сол жерде бәрі мәз-мейрам болып мақулдасты.Руслан жолға аттаның кетті.Аяулымның сол сәттен бастап құлдық өмірі басталды.Аяулымның байқағанындай Русланның ағасының үйі емес әйелінің қолына кіріп алған екен.Өте бақуатты адамдар көрінді.Жеңгесі де үйдің жалғызы,еркесі өте қатыгез нашар адам болып шықты.Тек ағасы ғана адамгершілігі бар биязы адам еді.Аяулым көнді,бәріне көнді себебі барар жері болмады.Сол үйдің отымен кіріп,күлімен шықты.Бар жұмысы Аяулымға қарап бір тыным таппады.Осылай жүріп күндері өте берді.Ағасына өзі де барып тұруды әдетке айналдырды.Ағасымен бірге болғанына қуанып алданып келеді.Бір күні үйлеріне қонақ шақыратынын және қолынан келгенше дастархан жаюуын тапсырды жеңгесі.Аяу қашпады бар білетінін жасап дастарханды жайнатып қойды.Қонақтар келді ол асханада ыдыс жуып жүргенде қасына орта бойлы қыр мұрынды, көзі домаланған, қалың қасты сымбатты жігіт келіп тұрды.Аяулым сәл қысылып, ұялып қалды.Жігіт сөз бастады.
- Осы үйдің қызметшісісің ба?
- Жоқ,олай емес
- Енді неге ыдыс жуып тұрсың
- ...
- Есімің кім?
- ...
- Русланның қарындасы деп естідім.солай ма?
- я...
- Жақын танысайықшы,менің арам ойым жоқ тек танысқым келеді,- міне осылай басталды
алғашқы әңгімелері.Аяулымның жасы 20 дан асып 21 ге қарап қалған шағы.Танысты жақсы жігіт болып шықты.Үйіне әлсін-әлсін кіріп көңілін өзіне бұрып алды.Аяулымның туылған күні жақындап қалды.Қайдан екені белгісіз оны Қанат біліп алыпты.Туылған күн дегенді тойламайтын болғанға үйреніп қалған қыз бұл жылы да үн-түнсіз жұмысын істеп жүре берді.Межелі күн туғанда Қанат келіп бір шоқ гүлімен Аяулымды қуантты.Үйіндегілер қызды жақтырар емес.Әр қайсысы бір келіп қитырқы сөздерімен тисіп кететін.Аяулым бақыттымын деп ойлайтын.Себебі Қанат түрлі сыйлықтармен қуантып, сезімін білдіріп басын айналдырып қойған-ды.Арада тағы 2-3 ай уақыт зымырап өтіп кетті.Әбден сенімге кіріп алған Қанат бір күні Аяулымды қалаға қыдырып қайтуға шақырды.Үйіндегілерден ыңғайсыз болады дегеніне қарамай қалаға алып шықты. Сенсіз өмір сүре алмаймын.Саған үйленемін.Балаларымның анасы боласың» деген сөздер Аяулымға артта қалған бар ауыртпашылықты ұмыттырып жібергендей болды.Бұл жағдайды ол я ағасына я Русланға айтқан жоқ.Сол күні екеуі жақсы қыдырды.Көрмегенді көріп әбден қуаныштан жылап жіберуге аз-ақ қалған Аяулым Қанатқа
- Қанат, менің жағдайым сен ойлағандай оңай емес.Менің басымнан не өтпеді десеңші.Мен
жалғызбын.Туған ағам түрмеде жатыр.Әке-шешем жоқ, туыстарым да.Қалай ғана менімен бірге боламын дейсің?жауап берші,- деп терең күрсінді
- Айым,ботам,күнім, мен бәрін білемін.Маған бастысы сенің адалдығың нәзік жүрегің болса
болды.Әлі-ақ бақытты боламыз,- деп Аяулымды одан бетер өзіне сендіріп,баулап алды.
Сол кештен кейін Қанат қоңырау шалуын сиретіп, үйіне мүлдем келмейтін болды.Аяу қоңырауын күтіп жүріп шыдамай өзі хабарласты.
- Қалайсын жаным?
- Жақсы...
- Қайдасың? Амансың ба?
- Менде шаруаң болмасын.Жүрмін да
- Не болған саған?Хабарсыз кеткеніңе алаңдап жүрмін
- Ештеме болған жоқ басымды қатырмашы
Телефон тұтқасын қоя салған Қанатты Аяулым еш түсінер емес.Арада 10 минут өткен жоқ қоңырау түсті.Қанат екен.Қатты қуанып кетіп
- Алло,жаным?
- Ау,ау ботақаным сол ренжімеші.Мында бір шаруалар болып қалып еді.Қатты айқайлап жібердім
бе?ренжімеші алтыным сол!
- Жоқ жаным бәрі жақсы.тек сен аман болшы.Тыныштық па?
- А, я жай майда-шүйда тірліктер ғой.Қайдасың?
- Үйдемін,қазір апам келеді жұмыстан.Тамақ пісіріп жүрмін.
- И жаным сол.менің ақылдым ғой.Қашан менің әке-шешеме осылай тамақ пісіресің?
- Құдай буйыртқан күні
- Қашан бұйырар екен?Білмейсің ба?
- ...
- Мақұл онда былай жасайық менде жақсы ой бар.Мына жақтағы жұмыстардан да шаршап
кеттім.Сенің қасыңда болғым келеді.Бүгін мен сені аға-жеңгеммен таныстырам.Сосын қарындасыммен...сосын мама папамен...Келістік па?
- Сәл ыңғайсыздау емес па?
- Жоқ жаным,сені ертерек таныстырып,ертерек үйленгім келеді!
Аяулым көзіне жас алды «Е Алла сансыз шүкіршілік мен бақыттымын!»
Сағат 6 ны шамалап келеді.Қанат бір-екі минуттарда есікті қағып кіріп келетіндей күтіп отыр.Әдемі болып киініп, іштей дайындалып отыр.Өзін қалай ұстау керектігін, қалай сөйлеу керектігін қайта-қайта күбірлеп қобалжып барады.Қанат та келді. Үйіндегілерден Аяуды сұрап алып шықты.Сәл көлікпен қыдырып қаланы аралап шықты да бір үйдің алдына келді.Машинадан түсе беріп еді, жанына бір келіншек жетіп келді.Өзінара бірнәрсе деді Қанат жоқ деп қайтарып жіберді.
- Жүр жаным,Дайынсың ба?
- Я
- Кеттік, - қолынан ұстап 3 қабатқа қарай көтерілді.Қанат бүгін ерекше көңілді.Әйтеуір алып-ұшып
қуанып тұр.Соған қарап Аяулым қуанды.Әйтеуір не керек үйге келді.3 қабатта темір есіктің қоңырауын басып еді, үн шықпады үйден.Сосын қолымен есікті соғып-соғып тоқылдатқанда есік кілттенбеген екен өздігінен ішке қарай ашылып кетті.Үйде жан баласы жоқ екенін білініп тұр.Жалғасы бар.....

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!