Экономика | Экономиканы мемлекеттік реттеудегі субсидиялар

 Экономика | Экономиканы мемлекеттік реттеудегі субсидиялар

Мазмұны
Кіріспе................................................................................................. 5
1. Нарықтық экономиканы реттеудегі экономиканың ролі................6-16
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі бағаның ролі. .....................17-23
3. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі субсидиялар мен
жеңілдіктердің ролі..............................................................................24-28
Қорытынды .......................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер...................................................................31

Кіріспе
Алдымен айта кетерлік жағдай, басқа елдердегі мемлекеттік реттеу тәжірибесін оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны біздің әлеуметтік-экономикалық жағдайымызға озгертпей кошіріп алу емес. Бүл келесі объективті сипаттағы себептерге байланысты мүмкін емес:
1) республика басқа елдердегі саяси, табиғи-экономикалық әлеуметтік-демографиялық этномәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленеді;
2) қазіргі Қазақстан жағдайында біз ұлттық экономиканы құру процесіндеміз және де әлемдік экономикалық тарихта әкімшілік-жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бізге ұқсас ешбір ел жоқ;
3) басқару жүйесі мен шаруашылықта негізгі озгерістер белгілі бір себептерге байланысты тиісті негіздеусіз жүргізіледі және "революциялық" көрініс табады, ал нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары олардың эволюциялық даму "нәтижесі" болып табылады.
Бірақ та шет елдер тәжрибесін ғылыми қорытындылау қажеттігі келесі жағдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы зандылықтарын анықтау мүмкіндігі туады, және де бул Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің механизмдерін "түйістіруге" мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мүндай толықтыру мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға мүмкіндік береді және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдік шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерін ескере отырып,реформаларды дүрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді.
Өндірісі дамыған елдердің тәжірибесі, сонымен қатар аграрлы секторы жақсы дамыған елдердің экономикасында бағаға мемлекеттік және жанама әсер етуінің үлкен маңызы бар екенін көрсетеді. Егер бүкіл дүние жүзінде ешқашан және еш жерде мемлекеттің араласуынсыз "таза нарықтың" болуы мүмкін емес деген ғылыми дәлелденген тұжырымдаманы растайтын болсақ, онда дәл осылай тарихта қоғам дамуындағы баға белгілеудің толық және жалпы даму бостандығы болмады деген қорытынды да дұрыс деп есептелінеді.
Егер нарықтағы бағаға күтпеген тенденциялар әсер ететін болса, онда ол фермерге минималды табыс деңгейін қамтамасыз етеді. Мұндай кепілдік фермерлердің тауарлы-несие корпорацияларымен қарым-қатынасқа түскен кезде қамтамасыз етіледі. Соңғылары, кепілдік баға арқылы фермерден қабылданған өнім, олардың несиелері арқылы белгілі бір соманы қамтиды (баға көбейтілген өнім) Қазақстан жағдайында да бұл жүйе орнықты болған болар еді. АҚШ фермерлерінің төменгі табыс деңгейін қамтамасыз ететін, сонымен қатар мақсатты баға тәжірибесі Қазақстан жағдайында жүргізілсе пайдалы болар еді.
1. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері
Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін үйренуден шығатын қорытынды — көптеген алдыңғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекетгік реттеудің негізгі құралдары ретінде халық шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады. Сыртқы, ішкі және оларға сәйкес факторлардың біртіндеп шиеленісуі, мемлекет тек ғылыми негізделген экономикалық мақсаттарға жетуде, әрқашан тарихи жағдайды ескеруді талап етеді. Американдық ірі экономист П. Самуэльсон көрсеткендей, мүндай зерттеулерсіз "күннен-күнге өсіп отырған қиыншылықтар мен әлеуметтік өзгерістерге эволюциялық жолмен икемделе алмайтын экономикалық жүйелерге, қазіргі кезде қаншалықты мықты болғаныменен, бара-бара күйреу қатері туындайды, өйткені ғылым мен техника экономикалық өрістің табиғи дамуын үздіксіз озгертіп отырады". Басқаша айтқанда, дәл біздің экономика сияқты, "әлсіз экономикалық жүйеге", барлық туындайтын қиындықтарға "эволюциялық жолмен икемделу қажеттілігі" үздіксіз ғылыми-техникалық процесс салдарынан туындайды.
"Ұлы дағдарыс" жылдары (20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басы) алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің нарықтық экономиканың өзін-өзі толық реттей алмайтындығына көздері жетті және де туындаған қиындықтарды уақытында шешу тек әлеуметтік-экономикалық өмірге мемлекеттің белсенді араласуымен ғана жүзеге асатынын түсінді. Бұл ақиқатты мойындау елдегі экономикалық түрақтылықты қамтамасыз ететін ресми мемлекеттік үйымдардың ресми ұстанымдарынан көрініс тапты. АҚШ-тағы "жұмыспен қамтамасыз ету туралы Заңға" сәйкес (1946 ж.) құрылған Президенттік экономикалық Кеңесі осы заңның талаптары бойынша барынша өндірісті толық қолдап, жұмысбастылықты, халықтың тұтынушылық қабілетін сақтай отырып, мемлекеттік монополистік реттеумен айналысты. 60-жылдардың соңында аталған Кеңеске міндет ретінде экономикада ұлттық басымдылықтарды анықтау, ұзақ мерзімдік болжау мен бағдарламалар жасау әдістерін әзірлеу жүктелінді.
Капиталистік елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезендерінде экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда, Жапонияда, ФРГ және тағы басқа мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешуші экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 1200-ге жуық болды. Бүлардың ішінде энергияны үнемдеу, космостық зерттеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бүл бағдарламаларды жүзеге асыру барысы салааралық байланыстарды күшейтуге бағытталған мемлекеттік шараларды қажет етті. Сондықтан АҚШ-та 20 жыл бұрын орталық экономиканы басқару органдарының аймақтық филиалдары қүрылған, тиісті аймақтық Комиссияның міндеті бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерін шешу болып табылған. Бұл тәжірибе біздің жағдайға пайдалы болар еді. Нарықтық жүйеге көшуге байланысты халық шаруашылық мәселелерін тиімді шешу жолдарын кейінге қалдырады.
Францияда, Жапонияда, Түркияда және т.б. елдердЕ ағымдағы, орта мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар шешеді. Францияда бүл қызметті Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргізеді, Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешенді даму департаменті және т.б. жүргізеді. Ұзақ мерзімді экономикалық даму және күрделі жұмсалымдар аясының қүрылымдық саясатымен қатар өндірістің аймақтық орналасуының ұзақ мерзімдік мақсаттарын белгілеу Жапонияның экономикасын жос-парлаудағы мықты жағы деп саналады.
Түркияда орта мерзімді жоспарлау 1963 — 1967 жж. бірінші бесжылдық жоспардан басталып, жүйелі түрде жоспарлау уақытының міндеттеріне байланысты жүзеге асырылуда. Осындай алтыншы бесжылдық жоспарда (1988 — 1992 жж.) нарықтық жүйенің дамыған күйін ескеріп, халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға көп көңіл бөлінді.
Германияда экономиканы реттеу біраз басқаша, мұнда көбінесе бәсекелестікті қорғауға, мемлекеттің антимонополиялық және бақылау қызметін нығайтуға, нарықтағы ірі кәсіпорындардың қосылуына тыйым салуға, жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтік қызметін кеңейтуге көңіл бөлінуде.
Реттеуші органдардың басты міндеттерінің бірі аймақтардың үйлесімді кешенді дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 1982 жылы жүргізілген реформалардың нәтижесінде аймақтық шаруашылық жүйесін басқару иерархиясының үш деңгейнің функциялары ажыратылған (коммуналар, департаменттер және аймақтар). Ал департамеит құрамына кіретін кантондар мен аудандардың өзіндік даму мәселелерін шешуде қүқықтық және ұйымдастырушылық тәуелсіздігі жоқ .
Халық шаруашылығында аймақтық мәселелер мен оларды салалық экономикамен үйлесімді байланыстыруға Швецияның, Англияның, Германияның, Оңтүстік Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегі елдердің көптеген үкіметтік шешімдері арналған. Бүл шешімдердегі басты ой, жергілікті билік органдары өзінің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізе отырып жалпы мемлекеттік және макроэкономикалық мақсатқа жету.
Көптеген елдердің жоспарлау тәжірибесін қорытындылай келіп американдық маркетинг маманы Мелвилл Бранч маркетинг қызметін жетілдірудің бірнеше қолайлы жақтарын бөледі. Соның ішінде, жоспарлау:
1) басшылардың үнемі болашақты ойлауын ынталандыруға мүмкіндік береді;
2) мемлекет және шаруашылық жүргізуші субъектілер қолданылатын шараларды үйлестіреді;
3) көрсеткіштерді анықтау және олардың орындалуын қадағалауға жол ашады;
4) алдағы мәселелердің және саяси ұстанымдардың нақты анықталуын талап етеді;
5) шүғыл өзгерістерге дайындықты күшейтеді;
6) барлық қызметкерлердің міндеттерінің өзара байланыста, қарым-қатынаста екенін көрсетеді.
Аталған пункттерден (халық шаруашылығының алдыңғы звеноларында ғана емес) ең маңыздысы ретінде бірінші, екінші және алтыншыны айтуға болады, өйткені қазіргі жағдайда жоспарлауда осы 3 пункт жетіспейді немесе өте аз қолданылады.
Қарастырылып отырған мемлекеттердің тәжірибесінен мемлекеттердің экономикасын реттеудегі күшті тетіктерінің бірі қаржы-бюджет ресурстарын пайдалану және салық жинау механизмі болып табылады. Осы механизмдердің маңызы мен оларды тәжірибе жүзінде қолдану зерттелді және де оқулықтарда қарастырылған.
Осы механизмдерді негізге ала отырып, бірнеше тұжырым жасауға болады. Біріншіден, бюджеттік қаржымен қаржыландыру арқылы (субсидиялар,дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халық шаруашылығының басымдылықтарын және білімді көп қажет ететін салаларды жылдам дамыту мәселелері шешіледі. Италияда, Норвегияда, Данияда, Швецияда, Бельгияда және басқадай мемлекеттерде мемлекеттік бюджет арқылы бөлінетін үлттық табыстың үлесі 50% жоғары, ал Францияда, Австрияда және ФРГ-де 50% шамасында. Бүл керсеткіш АҚШ пен Жапонияда 30% ғана.
Екіншіден, қүрылымдық-инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін салық салу механизмі үлкен ролді атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызығушылығын арттыруға болады, ойткені олар өндіріс және өнеркәсіп салаларының тез дамуына әкеледі. Ол деген импортты ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлі тауарларды шығару. Жапонияның экономикалық ғылымының патриархы Сабуро Окита "Известия" (25.02.92) газетінде: "Шенеуліктердің (әкімдердің) ақылдылығы телефон арқылы немесе ведомстволық ережелер арқылы экономиканы басқару емес, салық жеңілдіктерімен және инвестициялық саясат, салалық байланыстардың тиімді және дұрыс тұжымырымдамасын анықтау, бәсекені күшейту арқылы басыңқы салаларды дамыту" деген. Бұл нәтижелер құлдыраушылық (стагфляция) жағдайына душар болған мемлекет үшін қолайлы. Дағдарыстан шығу үшін фискалдық саясат арқылы ынталандыру қажет. Бұл саясаттың негізінде: а) мемлекеттік шығындардың өсуі; а) салық ставкасының және мөлшерінің азаюы; б) мемлекеттік шығындардың өсуі мен салықтың азаюын үйлестіре пайдалану жатыр. Бұл әдістің біреуін тандап алу алға қойылған мақсатқа немесе объектіні реттеуге байланысты. Үшіншіден, мемлекет әлеуметтік және ғылым салаларына шығындарын азайтпауы қажет. Шығындарын азайтып бұл салалардағы сұранысты қанағаттандыра алмаса, ол қайтадан шығындалуға мәжбүр болады және бұл жерде екінші шығын бірінші шығыннан өте үлкен болады. Соңғы он жыл ішінде Жапонияның әлеуметтік шаруашылық дамуындағы тәжірибесінен "ғылым және білім экономикалық өсу моделінің интенсивті және негізгі құрылымдық факторы ретінде көрінеді". Қазақстанда бұл салаларға көңіл бөлу жоқ, қаржыландыру жүйесі бұрынғысынша, яғни қалдық қағидасымен жұмыс істеуде. Бірақ Президент 1994 жылдың басында болған Ұлттық Академиясының жалпы жиналысында: "интеллектуалдық өндірісті қамтамасыз етуде, өндіргіш күштерді дамытуда, ғылым интеграциясын қамтамасыз етуде негізгі мәселелерді шешуді ұмытып кеттік" деген.
Дамыған өнеркәсіптік елдерде "экономикалық өсудің интенсивті моделінің" икемді құралы экономиканы реттеудің ақша-несие механизмі болып табылады.
Нарықтық экономиканың білгірлері, АҚШ-тың ірі мамандары К.Р. Макконелл және С.П. Брю, "осы ақша-несие саясатының мақсаты толық жұмыс бастылыққа қол жеткізуге және инфляцияның болмауына экономикада жалпы өнеркәсіп деңгейінің өсуіне көмектесу болып табылады" — деген. Мұндай саясат пен дем беруші (жұмыссыздық болғанда) және ұстамды (инфляция болғанда) фискалды саясат жүргізудің арасында тығыз байланыс бар екені көрінеді. Сонымен қатар, мемлекеттік реттеудің ақша-несие механизмі Жоғарыда аталған "көмекші" ретінде тек қана оның қолданылуы дайын өнім айналысына емес (яғни коммерциялы-спекулятивті құрылымдардың баюына емес), Материалды игіліктерді өндіруге бағытталған болса ғана көрінеді.
Нарық жүйесі дамыған елдерде бұл механизмді қолдану тәжірибесін зерттей отырып, мынадай бірнеше негізгі қорытынды шығаруға болады:
1. Монетарлы саясаттың әсерін "сезінетін" ұзақ мерзімді тәжірибенің басым болуы кейнсиандық ақша сұранысы теориясы мен оның трансмиссиондық механизмі әлсіздігінен пайыз мөлшері және инвестицияға дем берудің арасында байланыстың жоқтығы туралы қорытындысының қисынсыздығын көрсетеді, айқындайды. АҚШ-тағы бұл тәжірибеге терең талдау жүргізу нәтижесінде П. Самуэльсон ақша массасының қысқаруының салдары болып келетін несие бойынша пайыз мөлшерінің өсімі бұл несиеге физикалық және занды тұлғалардың қол жеткізуіне қиын жағдай туғызатыны туралы қорытынды жасайды. Ал несиенің қымбаттылығы мен қолайсыздығы, өз кезегінде, дербес және мемлекеттік инвестициялаудың қысқару тенденциясына әкеледі. Бірақ бұл тенденция күшті трансмиссиондық механизмді қолдану арқасында біраз нивелирленуі (тегістелінілуі) мүмкін (яғни акцияны, қозғалмайтын мүлікті, қолда бар тауарды іске асыру арқасында инвестицияны ынталандыру).
2. Көптеген жағдайда несиенің арзандылығы (пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі) депрессия жағдайында инфляцияны жеделдететіні туралы қорқыныш бостан-бос. Бұл жағдайда несие, егер ол тек өндірістік инвестициялауды жеделдетсе, нарыққа шығарылған тауарлардың санын арттырады. Мұнда, басқа да теңгермелі жағдайда (тұрақты баға мен ақша айналымының жылдамдығы) айналымдағы тауар массасының өзгеруіне байланысты ақша массасының өзгеру деңгейін көрсететін мулътипликатордың абсолютті параметрлерін анықтау ҚИБІН емес. Егер бұл несие басқа құрылымға келіп түссе, онда ол ақша массасын көбейтіп, артық сұранымның пайда болуына әкеледі.
3. Егер фискалды және монетарлы саясат жалпы мемлекет мақсатында жүргізілетін болса, онда пайыз мөлшерінің деңгейі (несиеге байланысты) мемлекеттің бақылауы мен реттеуінде болуы керек. Экономика дағдарысы мен фискалды саясатты дамыту (жетілдіру) кезінде несиенің өндірістік инвестицияны жеделдетудегі рөлінің төмендеуі қисынсыз көрінуі мүмкін. Несиелік және салық жеңілдіктерінің берілуі, сыртқы экономикалық тарифтік саясаттың шамадан тыс икемділігі — мемлекеттік реттеудің сенімді тетіктері, мұны АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда, Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Францияда, Италия және т.б. елдерде қолданып талдау жасаған кезде айқындалды. Бірақ бұл тәжірибе Қазақстан Үкіметі 1994 жылдың басында кез келген несиелік және салықтық жеңілдіктердің алынып тасталынуы туралы шешім қабылдағанда ескерілмеді.
4. Жалпымемлекеттік мақсатқа жетуде ақша-несие механизмдерін тиімді реттеу көбінесе оны қадағалайтын органдардың еркіндік дәрежесіне байланысты. Әлемдік тәжірибе бойынша, егер бұл органдар саяси ағымдар мен мүдделердің "шеңберіне" түссе, онда олардың іс-әрекеттерінің қорытындылары, жалпымемлекеттік тұрғыдан бағалау кезінде негативті болуы мүмкін. Бұл туралы Нобель сыйлығының иегері Ф.Хайек ақша саясатының басты мақсаты ақшаның тұрақтылығын қамтамасыз ету керек деген қорытынды жасайды.
Австрия, Италия, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония және тағы басқа елдердің үкіметтерінің баға деңгейін реттеу АҚШ елімен салыстырғанда өте қатал тәртіппен және арнаулы экономиканы басқару органдарымен жүзеге асырылады. Мысалы, Францияда мемлекеттік баға реттеу қызметтері бәсекелестік Кеңес арқылы жүргізіледі және халық шаруашылығындағы бағаның бестен бір бөлігін қамтиды. Австрияда мұндай қызмет баға туралы арнайы заң арқылы жүзеге асады. Ол мемлекеттің экономика өрісінде туындайтын төтенше жағдайын болдырмауын реттеуде үлкен рол атқарады. Осы мемлекетте баға ырықтандыруының бастапқы кезеңі соғыстан кейінгі (1946 — 1947) 3-4 он-жылдыққа созылды. Бірақта, әлі күнге дейін экономика министрлігі мен Үкіметтің тарапында сол елде өндірілген және импорттық тауарларға баға деңгейін реттеу кең өріс алуда. Бірінші топтағы тауар туралы сөз болса, онда оларға деген бағаны реттеу ең алдымен өндіруге кеткен шикізат материал ресурсының бағасы иемдену фактісі ескеріледі, ал егер екінші топтағы болса, онда ауыл шаруашылығында өндірілген өнімді елге өткізу кезінде қолданылатын баж салығын төмендету фактілері ескеріледі. Мемлекеттің осындай бақылау жасау функцияларын күшейту, әсіресе экономикалық дағдарыстан шығу кезінде қолдану пайдалы екені тәжірибе жүзінде дәлелденген. Біздің жағдайымызда француз үкіметінің шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несие, салық салу механизмдері арқылы және бағаны құруда арнайы құқықтар бойынша басқару ісін жүргізу тәжрибесі пайдалы болар еді.
Мемлекеттік баға реттеудің басты объектісі ауыл шаруашылық өндірісі болып табылатынын бүкіл дүние-жүзілік тәжірибе көрсетіп отыр. Ғылыми талдау шаруашылық өндірісінің бірқатар ерекшеліктерін бөліп көрсетеді. Біріншіден, ол табиғи-климаттық жағдайға байланысты. Бұл тәуелділік фермердің және аграрлы сектор субъектісінің табиғи-климаттық фактордың қолайсыз жағдайда да табыс пен пайда табуын объективті және өзекті проблемаға айналдырады. Оны шешуде басты рөл ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаны мемлекеттің реттеуі және сол механизмдер арқылы ауыл Шаруашылық жұмыскерлерінің еңбегін ынталандыру. Яғни, көптеген елдерде қарастырылып отырған саладағы өнімге баға деңгейін анықтау "шығын қосылған табыс" қағидасы қолданылады. Демек, фермер әр түрлі шығындар кезінде немесе өндіріске әсер ететін табиғи-климаттық факторлардың қарама-қарсы жойылуына байланысты болғанда табысқа қол жеткізе алады. Әлеуметтік бағыттағы баға құруда ауыл еңбеккерлерінің тұрақтылығы, олардың шеберлігі өседі және де ұйымдастыру мен өндірістік технологияның сабақтастығы қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, тұрғындардың тамақ өнімдеріне қажеттілігін уақытында қамтамасыз етілуінде (сондай-ақ өндіріс тауарларына) ауыл шаруашылық өнімдерін табиғи өңделген түрлеріне негізгі көңіл болінеді. Әлеуметтік түрдегі міндеттерді шешуде және тұрғындардың өмірін қамтамасыз етуден ауыл шаруашылық өнімдеріне баға құру процесінде негізгі мемлекеттік басқару органдары шеттеп тұра алмайды. Осындай объективті араласу әр түрлі басымды механизмдерде әкімшілік, экономикалық, тікелей, жанама, құқықтық және аймақтық реттеуде орын алады. Олар көбінесе әр елдің әлеуметтік-шаруашылық, құрылымдық, институционалдық ерекшеліктеріне байланысты.
Үшіншіден, аграрлы сектор қандай да болмасын жүйеде мемлекеттің қолдауына мұқтаж, әсіресе ғылыми-техникалық қызмет көрсету бағыты мен нақты инновациялық-инвестициялық шараларды іске асыруда. Мысалы, АҚШ-та мемлекеттік дотацияның үлес салмағы төрттен бірге жетеді, ал Еуропалық экономикалық одақта (ЕЭО) жартысына жуық, Жапонияда фермерлердің барлық табыстарының төрттен үшін құрайды. Канадада бұл көрсеткіш деңгейі шамамен 40% жетеді. Мемлекеттің ауыл шаруашылығын дамытуын қолдауда баға құру механизмін жеке, кәсіпкерлік және жалпы мемлекеттік мүдделерін байланыстыруда қолданады.
ЕЭО елдерінде ауыл шаруашылығы министрлерінің Кеңесінің шешімімен сала өнімдерінің бағасы 95% дейін реттеледі және бұл жерде назар аударарлық нәрсе ол сатып алу бағасының минималды деңгейі базар деңгейінің бағасының өзгеру деңгейіне байланысты негізделеді.
Негізгі ауыл шаруашылығы өнімдеріне (ет, сүт, астық) баға құру саясаты қолданылады, онымен арнайы органдар айналысады. Баға құру басымдылық болған жағдайда "сиқырлы төрт бұрышта" (тұрақты өсу қарқыны, жұмысбастылық, баға тұрақтылығы мен төлем балансы) олардың міндеті кеңейеді. Қытай Компартиясы бесжылдық экономикалық реформалардың қорытындысын жасай отырып және көрсетілген төртбұрыштың нақты "бұрыштары" басымдықтарын анықтай отырып, өздерінің шешімдерінде............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?