Информационно - познавательный
сайт №1 в Казахстане.
» » » Курстық жұмыс: Экономика | МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ

Курстық жұмыс: Экономика | МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ

Курстық жұмыс: Экономика | МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ казакша Курстық жұмыс: Экономика | МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе
1. Шығарылған капитал (акция) құрылуы.
1.1 Акционерлік қоғамның жарияланған капиталы.
1.2 Серіктестіктердің жарияланған капиталы.
1.3 Төленбеген капитал есебі.
2. Эмиссиялық табыс есебі.
3. Сатып алынған меншікті үлестік құралдардың құрылуы және оның есебі.
4. Резервтердің құрылуы және оның есебі.
5. Бөлінбеген табыстың құрылуы мен есебі
Қорытынды.

КІРІСПЕ.
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады.Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шішімді қабылдау үшін негіз бола отырып,тұтынуды,таратуды,айналысты және басқа өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субьектінің күрделі экономикалық тетігін нақты,жақсы жолға қоймайынша,сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорын иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалды ұқыпты жұмсауға,өндіріс қалдықтарын азайтуға,ысырапты жоюға,бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге,оның сапасын көтеруге,өзіндік құнды төмендетуге,қоршаған ортаны сақтауға мүдделі.Бұл орайда,шаруаға қырсыздыққа,кәсіпорынның материалдық құндылықтарын,ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттар көмегімен шаруашылық жүргізуші субьектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін,экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін,сөйтіп,ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктердің бірі ретінде пайдаланады.
Сонымен бухгалтерлік есеп бұл шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық жағдайын бақылап,есебін толық әрі сенімді жүргізу болып табылады.Ал шаруашылық жүргізуші субьект дегеніміз не? Шаруашылық жүргізуші субьект бұл белгілі бір қызмет түрімен айналысатын кез-келген кәсіпорын.Яғни,қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және табыс алу мақсатында кәсіпкерлік іс-әрекетке бағытталып құрылған коммерциялық ұйым шаруашылық жүргізуші субьект болып табылады.Ол өз қызметін жеке дара жүргізіп,салық төлегеннен және бюджетке міндетті төлемдер жүргізгеннен кейінгі шығарылған өнім мен табыспен өзі іс-әрекет жүргізеді.
Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезде оның өзінің меншікті(жарияланған) капиталы болуы керек.Жарияланған капитал-«жарғы» деген сөзден алынған-ұғымды анықтайтын ережелер жиынтығы,белгілі бір ұйымның атқаратын қызметінің тәртібі,немесе актив құндарының екінші жағынан көрінуі,яғни жарияланған қорға салынған активтердің жалған және номиналдық құны.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жаңа шот жоспары құрылды.Ол шот Халықаралық шоттар жүйесіне негізделіп жасалған.Міне,осы жазғалы отырған жұмысымда жаңа шот жоспарын қолданып,меншікті капиталды жаңа шот жоспарына салып,оның есебін көрсету менің ең маңызды мақсаттарымның бірі.
Курстық жұмысты жазудағы алдыма қойған мақсаттарым:
• Шаруашылық жүргізуші субьектілердің құрылу формалары мен меншікті капиталының құрылу тәртібін анықтау;
• Жарияланған капиталдың құрылу ережелерін және оның құрылымын анықтау;
• Меншікті капиталдың құрылымын ашып,оның есебін көрсету.
• Шаруашылық жүргізуші субьектілер жайлы толық ақпарат алу;
• Меншікті капиталдың құрылуы және есебі туралы мәліметті терең ашып көрсету.
1.Шығарылған капитал (акция) құрылуы.
1.1 Акционерлік қоғамның жариланған капиталы.
Мекеменің меншікті капиталы-ол міндеттемені есептегеннен кейінгі оның активтері.
Меншікті капитал құрамына мыналар енеді:
• Шығарылған капитал(акция);
• Эмиссиялық табыс;
• Сатып алынған меншікті үлестік құралдар;
• Резервтер;
• Бөлінбейтін табыс.
Меншікті капиталдың негізгі элементі болып жарияланған капитал саналады.Кәсіпорынның жарияланған капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасалған қаражаттарының сомасы болып табылады.Жарияланған капиталдың құрылу және өзгеру тәртібі заңмен және нормативтік құжаттармен реттеледі.Әр түрлі ұйымдардағы жарияланған капиталдың есебі кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасына тәуелді болып келеді.
Жарияланған капитал акцияларды орналастырудың немесе сатудың,жеке капиталын салудың,мемлекеттің қаражаттарының,материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтардың есебінен құрылады.Сонымен қоса,жарияланған капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып табылады,ол құрылтайшылардың(акционерлердің,қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің жарияланған капиталына салынатын салымдары ақша да,бағалы қағаз,мүлік те,мүліктік құқық және басқа мүлік (интеллектуалдық қызметтің нәтижесі не берілген құқық қоса алғанда) болуы мүмкін.
Мемлекеттік тіркеуден өткен кезде жарияланған капитал –құрылтайшылардың салған сомасына тең болады және ол құрылтайшылық құжаттарында беріледі.
Жарияланған капитал көлемі құрылтайшылармен белгіленеді және сейкес мемлекеттік органдармен тіркеледі.Егер белгіленген жарияланған капитал сомасы құрылтайшылармен төленбеген болса,онда жарияланған капиталды көбейту туралы шешім тіркеуден өтпеу керек.
Жарияланған капиталды құқықтық бақылау оның функцияларына байланысты ерекше мәнге ие болады.Олар үш негізгі категорияға бөлінеді:
• Жарияланған капиталға салымдар кәсіпорынды ұйымдастыру кезінде қызметін жүргізу үшін материалдық база болып табылады;
• Жарияланған капитал кепілдік қызметке ие.Шаруашылық жүргізуші субьект меншіктегі мүліктің негізінде кредиторлардың алдында міндетті;
• Жарияланған капитал кәсіпорынға қатысушы немесе әр акционердің қатысу үлесін анықтайды.
Жарияланған капитал сомасы тіркеу кезінде кәсіпорын жарғысында белгіленеді.Ақша құралдарының әсерінен жарияланған капитал өзгермеуі керек.
Жарияланған капиталдың өсуі немесе кемуі жаңа құрылтайшылардың келуі немесе кетуі нәтижесінде болуы мүмкін.Мұндай кезде жаңа жарияланған капиталды қайта тіркеу қажет.
Жарияланған капиталға натуралды түрдегі салым барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша ақшалай түрде бағаланады.
Шаруашылық жүргізуші субьект құрғанда құрылтайшылар ақшалай емес құралдар құнының жоғарлауына қызығушылық тудырады,ал мемлекеттік кәсіпорын қайта құрған кезде керісінше мүлік құнының төмендеуіне қызығушылық артады.Кәсіпорын құрған кезде құрылтайшылар оның ұзақ уақыт жұмыс істейтіндігіне сенім артады,бірақ өз үлесін төлеудегі актив құнының артуымен олар әлі ашылмаған кәсіпорынға зиян әкеледі.
Активті жоғары бағалау кәсіпорынға теріс әсер беруі мүмкін.Егер онық қаржылық жағдайы тұрақты болмаса,онда ол кәсіпорын серіктестіктеріне әсер береді.Сондықтан заңнама бойынша құрылтайшылар кредитор алдында салымның жоғары бағалу сомасына жауапкершілікте болады.
Мүліктік құқық ретінде жарияланған капиталға салымға өз үлесін берген құрылтайшы осы мүлікке өз иелігін жоғалтады.Бірақ кәсіпорын мүлігінде өз салымына байланысты иелік ету құқығын алады.Сонымен қатар құрылтайшы өз бөлігін сатуы мүмкін.Бұл жерде мүлік емес,кәсіпорын мүлкінің бір бөлігінің иелік ету үлесі болып табылады.Осы жағдайда бұл үлес жаңа құрылтайшының иелігіне көшеді.
Жарияланған капиталдың абсолютті көлемі және оның баланс пассивінің жалпы қорытындысындағы үлесі-кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын баяндайтын көрсеткіш.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде шаруашылық субьектіні қалыптастыру,құқық және міндеттерінің тәртібі анықталған.Азаматтық Кодекстің 58 бабында шаруашылық субьект жарияланған капитал құрылтайшыларының (қатысушылары) үлесіне (салым ақшасы) бөлінген коммерциялық ұйым ретінде сипатталады,ал өзінің қызмет процесінде жасаған,жинаған және құрған мүлік жеке меншігіне жатады.
Қазақстандағы шаруашылық жүргізуші субьектілердің классификациясы және іс-әрекет ерекшеліктері.
Субьект түрі Ерекшеліктері Жарияланған капиталдың минималды көлемі
Шаруашылық серіктестік Жарияланған капиталмен құрылтайшылар (қатысушылар) үлесіне (салым) бөлінген заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Қатысушылар салымдарының жиынтығы шаруашылық серіктестіктің жарияланған капиталын құрайды.Егер қатысушылар салымының құны 20000 АЕК асып түссе,онда оның бағалануы тәуелсіз аудитормен расталады.
Толық серіктестік Мүлік жетіспеген жағдайда оның міндеттемесі бойынша жауапкершілік алған барлық құрылтайшылардың құрылтайшылық келісімге қол қою негізінде құрылады және жұмыс істейді. Жарияланған капитал төлеу кезінде толық серіктестіктің жарияланған капитал көлемі 25 АЕК кем болмауы керек.
Коммандативті серіктестік (сенімге негізделген) Толық серіктестіктегі сияқты ережелер қолданылады.Серіктестік қызметімен болған шығын тәуекелділігін алады.Ол тәуекелділік салған салым сомасына тең.Қатысушылар серіктестіктің іс-әрекетін жүргізуге қатыспайды. Жарияланған капитал серіктестіктің қатысушыларының салымдарынан құрылады.Салым мөлшері жариланған капитал салу кезінде 50 АЕК кем болмауы тиіс.Салымның жалпы үлесі коммандативті серіктестіктің жарияланған капиталының 50% аспауы тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 50 адамнан аспайтын ұйым.ЖШС қатысушылары міндеттемелер бойынша жауап бермейді және шығын бойынша тәуекелділікті алады.Тәуекелділік салған салым құнына тең. Жарияланған капитал құрылтайшылық құжаттармен анықталған үлесті құрайды,ал тіркеу жүргізген кезде 25% аз болмауы тиіс.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік Бір немесе бірнеше тұлғадан тұрады.Серіктестіктің қатысушылары жарияланған капитал өздерінің салымдары бойынша міндеттемеге жауап береді.Ал бұл сомалардың жетіспеушілігі кезінде қосымша иелік ететін мүлік көлемінде салым ретінде Жарияланған капитал ЖШС жарияланған капиталы сияқты құрылады.Жарияланған капитал көлемі ЖШС үшін белгіленген жарияланған капиталының 50% кем болмауы керек.
Акционерлік қоғам Жарияланған капиталы номиналдық құнға тең белгілі акция көлемінде бөлінген қоғам.Акционерлік қоғам қатысушылары міндеттеме және шығын тәуекелділігін алдиайды.Акционерлік қоғамның келесідей түрлері болады. Жарияланған капитал шығарылған акциялардың номиналдық құнына тең,бірақ заңмен белгіленген көлемнен кем болмауы керек.Жарияланған капитал көлемі шығаруға жариялаған акциялардың номиналдыңқ құнының қосындысына тең.
Ашық акционерлік қоғам Ашық акционерлік қоғам қатысушылары басқа акционерлердің келісімінсіз акцияларын басқа тұлғаға беруі мүмкін.Сонымен қатар қоғам заңнамамен белгілеген тәртіппен акцияларды сату келісімін жазуы мүмкін. Жарияланған капитал минималды көлемі 5000 АЕК құрайды.Мемлекеттік тіркеу кезіне дейін жарияланған капитал көлемінің 25 % төленуі тиіс.
Тәуелді акционерлік қоғам Басқа заңды тұлға сайлауға қатысатын акциялардың 20% көп иеленетін қоғам Акционерлік қоғам қатысуы олардың әрқайсысының жарияланған капиталының 25% аспауы тиіс.
Өндірістік кооператив Тұлғалардың кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысу мақсатында бірігуі.Ол қатысушылардың жеке еңбегінде және мүшелік салымдарын біріктіру негізінде құрылады.Кооператив мүшелері екеуден аз болмауы керек. Өндірістік кооперативтің алғашқы капиталы мүшелерінің кооперативті құруға және ұйымдастыру шығындарын жабуға бағытталған мүліктік жарналардан тұрады.
Мемлекеттік кәсіпорын Құрылу кезінде мемлекеттік мүлік қолданылады.Мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктермен анықталған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешеуге бағытталады. Міндетті түрде кооперативтің жарияланған капиталының 10% аз емес көлемде резервтік капитал құрылу керек.Резервтік қордың белгіленген көлеміне жеткенде кооператив табысының 5% резервке бағытталады.
Коммерциялық емес мекеме. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік мекемемен құрылған саяси партиялар,қоғамдық бірлестіктер,ассоциациялар,діни бірлестіктер және тағы басқа. Осы мекеменің өзіндік құралдарымен,тұлғалардың көмегімен құрылады.Оның негізгі мақсаты қажеттілікті қанағаттандыру.
1998 жылдың шілде айына дейін серіктестіктер құрамына акционерлік қоғамдар да кіретін.Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғам туралы Заңының 3 бабына сәйкес: «Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады.Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Қағам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді»-делінген.
Акционерлік қоғам өз жарияланған капиталын жай және артықшылығы бар акцияларды шығару арқылы тартады.Акция-акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу,ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
Жалпы акциялар жай және артықшылығы бар деп бөлінеді.Жай акциялар өз ұстаушысына басқа иеленушілермен бірдей құқық береді.Жай акция өз иеленушісіне акционерлер жиналысына қатысуға және барлық шешімдер қабылдағанда дауыс беруге құқық береді.Сонымен қатар жай акция акционерге дивиденд алуға,қоғамның жабылуынан кейінгі мүлкінің белгілі бір бөлігін алуға құқық береді.
Артықшылығы бар акция ұстаушылар жай акцияларды ұстаушылардан қарағанда артықшылығы бар.Ол белгілі бір көлемде дивиденд алу,жабылғаннан кейінгі мүлкінің белгілі бір бөлігін иемдену.Артықшылығы бар акция жарияланған капиталдың 25 % көп болмайды.
Акционерлік қоғамның екі түрі болады:ашық және жабық.Акциялар құрылтайшылар арасында және белгілі бір тұлғалар шегінде орналастырылған қоғам-жабық акционерлік қоғам деп аталады.
Акциялар басқа бір тұлғаларға берілуі,сатылуы мүмкін қоғам –ашық акционерлік қоғам деп аталады.
Акционерлік қоғамды тіркеу акционерлердің жиналысында бекітілген жарғы негізінде жүргізіледі.Қоғам жарғысы заңды тұлға ретінде қоғамның құқықтық мәртебесін анықтайтын құрылтайшылық құжат.Қоғамның жарғысы келесідей мәліметтерді қамту қажет:
1. Қоғам түрі (ашық,жабық);
2. Қоғамның толық және қысқартылған атауы;
3. Қоғамның орналасқан жері;
4. Қоғамның жарияланған капитал мөлшері;
5. Акцияның әр түрі бойынша шығаруға жарияланған акция саны,категориясы,номиналдық құны және иеленуші құқықтары;
6. Қоғамның резервтік капиталын құру және қолдану тәртібі;
7. Қоғамның іс-әрекетін тоқтату шарттары.
Акционерлік қоғамның жарияланған капиталы Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғам туралы Заңының 10 бабына сәйкес: «Қоғамның жарияланған капиталының ең төмен мөлшері тиісті қаржы жылына арналған Республикалық Бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 5000 АЕК мөлшерінде болады»
Акцияның номиналдық құны-шығару кезінде бағалы қағаз құнының ақшалай көрінуі.
Акцияларды шоттар жоспарында көрсету үшін 5000 «Шығарылған капитал (акция)» бөлімшесінің 5010 «Жарияланған капитал» шоты берілген.
Акционерлік қоғамның жарияланған капиталының қалыптасуы акцияларды сату мен шығару арқылы жүргізіледі.Акцияны шығарған кезде келесідей жазу жазылады:
Дт 5020 Төленбеген капитал
Кт 5010 Жарияланған капитал
Шығарылған акциялардың(салымдардың) немесе жарналардың номиналдық құны төленсе:
Дт 1050 Ағымдағы банктік шоттардағы валюта түрінде ақша
қаражаттар;
1040 Ағымдағы банктік шоттардағы тенге түріндегі ақша
қаражаттар;
1010 Кассадағы тенге түріндегі ақша қаражаттар;
1020 Кассадағы валюта түріндегі ақша қаражатар
Кт 5020 Төленбеген капитал.
Егер шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен,материалдық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе,онда:
Дт 2710 Гудвилл;
2730 Басқа да материалды емес активтер;
2410 Негізгі құралдар;
1320 Дайын өнім;
1330 Тауарлар;
1350 Басқа да қорлар.
Кт 5020 Төленбеген капитал.
Егер акциялардың сату құны номиналдық құннан жоғары болса:
Дт 5010 Жарияланған капитал;
Кт 5110 Эмиссиялық табыс.
Номиналдық құннан төмен сатылған акциялар:
Дт 5110 Эмиссиялық табыс;
5020 Төленбеген капитал;
5410 Есепті жылдың табысы мен пайдасы;
Кт 5010 Жарияланған капитал.
Акциялардың номиналдық құнының төмендеуі мен жоғарлауы акциялардың ұсақталуы арқылы,яғни акция көлемінің өсуі немесе оларды консолидациялау не акциялардың азаюы арқылы болады............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!




Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Экономика | Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың есебі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың есебі
Курстық жұмыс: Экономика | Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы мен оның есебі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы мен оның есебі
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Еңбекақы есебі, оны талдау және жетілдіру жолдары
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Еңбекақы есебі, оны талдау және жетілдіру жолдары
Курстық жұмыс: Экономика | Меншік капиталының  есебі мен аудиті
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Меншік капиталының есебі мен аудиті
Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкінің жарғылық капиталының есебі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкінің жарғылық капиталының есебі
Дипломдық жұмыс:  Есеп және аудит  |  Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары
Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде Ұйымның қаржылық есептілігі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде Ұйымның қаржылық есептілігі
Дипломдық жұмыс:  Есеп және аудит  | Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмы, Курстық жұмыс: Экономика | МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін