Экономика | Мемлекеттік меншік қалыптасу жолдары, ерекшеліктері және экономикадағы орны

 Экономика | Мемлекеттік меншік қалыптасу жолдары, ерекшеліктері және экономикадағы орны

Мазмұны
Кіріспе
1. Меншiк мәнi, мазмұны
2. Меншiк объектiлерi мен субъектiлерi
3. Мемлекеттiк меншiктiң формалары мен олардың даму диалектикасы
4. Мемлекет иелiгiнен алу – меншiк қатынастарын қайта құрудың шешушi бөлiгi
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе.
Бұл тақырып өте күделі және көп қырлы. Ол әлеуметтік – экономикалық жүйенің терең және өте мәнді қатынастарын қамтиды. Бүгінгі таңда меншік қатынастарының проблемалары өзекті сұрақтардың бірі және пікірталас туындайтын тақырыпқа айналып отыр.
Нарықты экономикаға көшу меншік қатынастарына тікелей байланысты. Өйткені қай қоғам болсын, өндіріс қатынастарының негізінде белгілі бір меншік формасы жатыр. Сондықтан нарық қатынастарына көшу кезенінде оның көптеген объективті мәселелері өз шешімін күтуде.
Қазіргі таңда айқындалып отырғанындай, бұрынғы көзқараспен социализм орнату жолында деп есептелінген елдердегі әлеуметтік-экономикалық жүйенің күйреуінің басты себептерінің бірі – мемлекеттік меншік қатынастарының үстемдікке ие болуы. Сол себепті де оларды өзгерту және түбегейлі құру туралы қорытынды жасалды. Сөйтіп, бұл проблемаларға қоғам тарапынан өзіндік көзқарас білдіру мәселесі алға тартылып отыр.
Меншік проблемаларын қарастыру – саяси экономия және экономикалық теория курсының қажетті элементі болып табылады.
1. Меншік : мәні, мазмұны.
Қай ел болсын, оның шаруашылық өмiрiмен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кiмнiң қолында? Немесе адамдардың өмiр сүру негiзi - материалдық игiлiктердi иемденетiн кiм? Бұл билiктiң мәнi – өндiрiс қурал-жабдықтарына және оның нәтижелерiне тиiстi меншік қатынастары болып табылады.
Меншiк – қогамдық құрылыстың экономикалық негiзi – қогамдық бастаулардың негiзiне жатады. Сондықтан әрбiр мемлекет меншiк туралы заңдар қабылдап, оны қорғайды. Меншiк, заң жағынан алып қарағанда, мүлiктiк қатынастарға жатады.Құқықтық нормалар мен актiлерде материалдық байлық әр түрлi субъектiлер (жеке адамдар, әлеуметтiк топтар, таптар, мемлекет) арасында қалай иемденетiнi және бөлiнетiнi анықталады. Меншiк иесi заңмен анықталған мүлiктерге ие болады. Және ол қолындағы мүлiктердi: иемдену, пайдалану және оған иелiк жасау өкiлеттiлiгiн алады.
Бұрынғы Одақтағы қоғамдық iлiмдер дамуының басты кемшiлiгi – объективтiк процестердiң нақты күрделiлiгiн жеңiлдетуге саяды. Бұл жағдай “меншiк” ұғымын зерттеу процесiнде де көрiнiс табады. Бiрiншiден, меншiктi жiгерлi қатынастар ретiнде, тек құқылық феонмен деп түсiну. Егер саяси экономия объективтi экономикалық процестердi қарастыратындығы және ол меншiктiң мазмұнын бiр жақты түсiнетiндiгiне көңiл аударсақ, онда бұл көзқарастын дұрыстығына күмән туғызбайды. Ал осындай бағытты жақтаушылар меншiктi құқықтық жағынан қарастыру – иемденудiң экономикалық қатынастарын бейнелейтiнiн, сол себептi де бұл, олардың түрлерi екендiгiн де мойындайды. Әйтсе де олар экономикалық қатынастарды, меншiк қатынастары ретiнде қарастырудың орнына, түрдi мазмұнынан айырып алады.
Екiншiден, көп уақыттар бойы меншiктiң экономикалық және құқықтық мазмұнына тереңдеп бармай, оны бетiнен қалқып түсiндiру орын алып келдi. Көптеген авторлар меншiктiң экономикалық мазмұнының салыстырмалы дербестiгi мен оның құқықтық мазмұнының күрделiлiгiн мойындаумен бiрге, олардың арасындағы өзара байланыс туралы нақты жауап бермедi.
Әйтсе де бiрқатар экономикалық әдебиеттерде бұл проблема туралы маңызды ой-пiкiрлер айтылып та жүрдi.
Меншiк қатынастары құқықтық және экономикалық материалдардан тыс қалыптаспайды, олар осы екi формада бiрдей әрекет жасайды. Сонымен, меншiктiң категория ретiнде процестi сипаттайтын принциптерiнiң ерекшелiлiгi осында.
Ендiгi басты мәселе – меншiктiң мәнi және сипаты туралы. Жалпы меншiк дегенiмiз не?
Меншiк дегенiмiз – өндiрiс құрал-жабдықтарын және өндiрiлген өнiмдердi иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Ол адам және заттың арасындағы қарым-қатынас емес, адамдар арасындағы қатынастар болып табылады.
Меншiк. Саяси-экономикалық мақынада. Бқл қндiрiс процесiндегi адамдар арасындағы күрделi шаруашылық қарым-қатынастар. Қандай да бiр материалдық игiлiктi өндiру – адамдардың өз қажетiне қарай табиғат байлығы мен энергияны иемдену болып табылады. Меншiк қатынастары: а) иемдену; б) материалдық ресурстарды тиiмiдi пайдалану; в) оларды жүзеге асырудың экономикалық сипатын анықтау процесiндегi қарым-қатынастарды қамтиды.
Меншiк. Саяси-экономикалық категория ретiнде. Мұны өндiрiстiң қоғамдық формасын анықтайтын, адамдар арасында құрал-жабдықтарды пайдалану процесiндегi болатын қарым-қатынастар жүйесi деп түсiнемiз. Сондықтан, меншiк туралы жалпы түрде оны: тек “таза” абстракция ретiнде ғана айтуға болады. Ол экономикалық категория ретiнде белгiлi бiр нақтылы әлеуметтiк қарым-қатынастарды бейнелейдi.
Сонымен, меншiк экономикалық категория ретiнде – экономикалық қатынастардың абстракциялық көрiнiсi. Яғни, меншiк – нақты қогамның экономикалық қатынастарының толық жүйесiндегi қандай да бiр экономикалық немесе топтық қарым-қатынастарының абстрактылы көрiнiс болып табылады.
Өндiрiс процесiн адамдардың өзiнен тыс табиғатты иемденуi деп айтуға да болады. Бұл иемдену өндiрiс фокторларын ұштастыру аркылы жүзеге асырылады. Ал, ұштастыруда әр түрлi қоғамдык формалар қолданылады.
Сөйтiп, экономикалық категория ретiндегi меншiктiң мазмұнына жоғарыдағыдай анықтама беруге болады. Әйтсе де әр түрлi жағдайда меншiктiң: мемлекеттiк, жеке меншiк, ұжымдық деген әлеуметтiк формалары бар.
Меншiк – иемдену, билеу, пайдалану тәрiздi күрделi қарым-қатынастар ретiнде осы қоғамның экономикалық қатынастарының барлық жүйесi арқылы жүзеге асырылады. Олай болса, оның экономикалық мазмұны мен заңдылық қозғалысын тану үшiн экономикалық қатынастардың барлық жүйесiн зерттеу керек.
Қоғам өзара қарым-қатынастағы және әркайсысының ерекше өзiндiк мүдделерi бар элементтерден , яғни кәсiпкерлер мен жұмыскерлерден тұрады. Және олардың мақсат мүдделерi өндiрiстiң бағдар-бағытын анықтайды. Мұны мынадай екi вариантқа бөлуге болады:
1. Кәсiпкерлер мен жұмыскерлердiң қай-қайсысы болсын, өндiрiстi жүргiзуде қашанда өз мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуi басым болуын көздейдi;
2. Өндiрiстi ұйымдастырғанда өз мүдделерiн теңестiруге және оларды оптимальды үйлестiруге ұмтылады.
Иемдену – адамдар арасындағы экономикалық байланыстарды бейнелейдi, егер олар; “мына зат менiкi” десе, онда бұл жайт қалыптасып үлгерген шаруашылық байланыстарын сипаттайды және бұл мүлiктi кiмнiң иемденуге құқығы бар, ал кiмнiң құқығы жоқ екенiнi көрсетедi.
Иемденуге қарама-қарсы ұгым – иелiгiнен айрылу. Иемдену ұғымы - қоғамның бiр бөлiгi – құрал-жабдықтарды өз иелiгiне алып, басқа адамдардың тiршiлiк ету көзiнен айыру дегендi бiлдiредi. Осыған сәйкес бiр адамдардың өндiрген өнiмдердiң басқа бiреулер, демек, құрал-жабдықтардың қожайындары иемденедi.
2. Меншiк объектiлерi және субъектiлерi.
Меншiк қатынастары көптеген ғасырларды қамтиды. Оның өз даму тарихы бар. Онымен адамдардың өте қуатты экономикалық, кәсiпкерлiк әрекеттерi, мақсатты қозғалыс жүйесi , тағы да басқа әртурлi экономикалық мүдделерi, шаруашылық жүргiзу формалары мен тәсiлдерi байланысты. Дүниежузiлiк тәжiрибенiң дәлелдiгi - меншiктiң аса маңыздылығы – жалпы адамзаттың маңызды байлығына жатады.
Меншiк қатынастарының ерекшелiгi, ол бiр жағынан, өте қарапайым, ал екiншi жағынан, өте күрделi де. Қарапайымдылығы – әр адам онымен күнделiктi кездеседi және оны жиi сезiне отырып, ол туралы белгiлi – бiр деректер алып отырады. Күрделiлiгi - оның тасасында тұрган адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды бейнелейтiн көп қырлы мазмұны. Бұл қарым-қатынастар – әлеуметтiк-экономикалық жүйенiң эволюциясында анықтаушы рөл атқаратын адамдардың меншiкке қатысты қарым-қатынастары.
Меншiк қатынастарының экономикалық мазмұнын, яғни меншiк субъектiсi мен объектiсiн анықтай бiлу керек.
Меншiк субъектiсi – меншiк қатынастарынын белсендi жағы. Олар меншiк объектiсiн иемденетiн, оған билiк ететiн және пайдаланатын адамдар. Ол аз емес. Меншiк субъетiлерi: адам, тұлға – меншiктiң бастапқы субъектiсi болып табылады. Ол ең алдымен өз дене қуатының қарым қабiлетiнiң , жұмыс күшiнң қожасы. Меншiктiң бұл объектiлерi адамның жеке өзiне тәуелдi. Сонымен қатар, адамдар өзiнен тыс басқа да заттарга ие бола алады.
Отбасы – бұл да меншiктiң көп тараған субъектiсi. Отбасы мүшелерi үй-iшiнiң жиған мүлiк-жиhаздарының иесi.
Әлеуметтiк топтар – өз ерiктерiмен пiкiрлес болған топтардың өз меншiктерi болады. Олардың мүдде-мақсаттары мен ынта-жiгерi бiр-бiрiмен сәйкес келедi.
Кәсiпорындардың еңбек ұжымдары – бiр кәсiпорында жұмыс iстейтiндер көп жағдайда бiр ғана ұжымдық иелер ролiн атқарады.
Территория халықтары – қандай да болсын, аймақта қоныстанған халық сол ауқымды орналасқан кейбiр объектiлердiң иесi бола алады.
Ел халқы – жалпы халықтың дәулетi болып саналатын, елдiң ұлттық байлығының белгiлi бiр бөлiктерiн иемденедi.
Басқару бөлiмдерi – кәсiпорындарының басқарушыларынан бастап, ел үкiметiне дейiн меншiк иелерiнiң қызметiн атқарады. Олардың меншiктiң бiраз объетiлерiн пайдалану, билеу туралы шешiм қабылдауға құқықтары мен мүмкiндiктерi бар.
Меншiк қатынастары әр түрлi объектiлердi иемденуге байланысты қалыптасады. Мұны потенциалды тұрғыдан алып қарағанда, тiптi жердегi құрлық атаулы, әрбiден соң бүкiл әлемде меншiк объектiсi бола алады. Шын мәнiнде адамдардың өзi, оның жеке өмiрi, қабiлеттiлiгi тек оның өзiне ғана жатады.
Жер, жер учаскiлерi, жер кеңiстiктерi, пайдаланылатын жер – меншiктiң көп тараған объектiлерi болып саналады. Оларды әр түрлi субъектiлер, құрылыс жүргiзу, ғимараттар салу, коммуникациялық жүргiзу және әр түрлi өсiмдiктер, дәндi-дақылдар егiп, мал өсiру мақсатымен – жайылым-шабындық ретiнде, сонымен қатар, адамдарға, қоғамға қажеттi шикiзаттар алу үшiн де пайдаланады.
Табиғат байлығы – меншiктiң тағы да бiр көпқырлы объектiсi болып саналады. Ол: пайдалы қазбаларды, жер-су байлығы мен ондағы тағы да көптеген пайдалы заттарды, ауа орталығын қамтиды.
Әлеуметтiк-мәдениет ғимаратарға – ең әуелi үй-құрылыс қорларымен қоса, адамдардың өмiр тарихында қорлана берген байлық құрамындағы меншiктiң күрделi объектiлерi жатады.
Негiзгi өндiрiстiк қорлар – өндiрiс процесiне тiкелей қатынасатын өндiрiстiк ғимараттар, құрылыстар, құрал-саймандар мен әр түрлi жабдықтар, машина, агрегаттар, приборлар ретiнде меншiк объектiлерiнiң едәуiр бөлiгiн қамтиды.
Ақша, валюта және бағалы қағаздар. Бұлар да меншiк объектiсi. Олардың басты ерекшелiктерi: материалды-заттық бағасында емес – құндылығында, дәлiрек айтқанда, құннан көрiнiс алатын меншiктер екендiгiне байланысты.
Аса қымбат асыл заттар – алтын, күмiс, платина, алмас, бриллиант тағы да басқалары. Бағалылық және заттық жағынан да меншiктiң бiртұтас объектiлерi болып саналады.
Рухани-ойшылдык, ақпараттық ресурстар мен өнiмдер… Адамдардың ақыл-ойының, ойлағыштық әрекетiнiн нәтижесi болғандықтан, меншiктiң ерекше объектiлерi болып табылатыны анық. Бұлар интеллектуалды меншiктiң объектiлерi – ғылымның, әдебиеттiң, көркемөнердiң, жобалардың және тағы басқа табыстары.
Жұмыс күшi – адамдардың еңбек әрекетiне қабiлеттiлiгiнiң , еңбек потенциалының көрiнiсi. Бұлар әр адамның өз меншiгiне жататын объектiлер.
Сонымен, меншiк қатынастары әртүрлi объектiлер бойынша қалыптасады. Өндiргiш күштерiнiң дамуы барысында олардың құрамдары мен құрылымдары кеңейiп, сапасы өзгередi. Жоғарыда қарастырылған меншiк объектiлерiнiң iшiнде ортадан ойып орын алатын және осыған байланысты қоғамда әлеуметтiк күрес пайда болатын айрықша объектiлерi де бар. Олар К. Маркстiң методологиясы бойынша, өндiрiсi құрал-жабдықтары. Бiрақ соңғы жылдары тап осы тұжырымдарға қатысты әртүрлi пiкiрлер айтылып жүр. Дәлiрек айтсақ, өндiрiс құрал-жабдықтарының атқаратын айрықша қызметi – тарихи өтпелi өндiрiс тәсiлдерiне тән деген кағида басым.
Қорыта айтқанда, қазiргi меншiк қатынастары қауырт күрделенiп барады. Және оның құрамына көптеген жаңа субъектiлер мен сапасы жоғары объектiлер енуде........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?