Психология | Мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру

 Психология | Мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру

Мазмұны
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3-4
І БӨЛІМ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Қарым-қатынас түсінігі және оның мазмұны..................................................5-7
1.2. Қарым-қатынастың түрлері............................................................................. 7-10
1.3. Баланың арасындағы қарым-қатынасты іске асырудың тәжірибелік мәні.............................................11-13
ІІ БӨЛІМ БАЛАНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
2.1. Мұғалімнің баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы рөлі.....................................................14-17
2.2. Баланың қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы......................................17-20
2.3. Баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары............20-24
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25-26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..........................................................................27

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларды қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасыды, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез келген адам дүниеге келсімен-ақ екінші бір адаммен қарым- қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейрімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен аралысып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де қажет. Мәселен, баланы қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екендігі белгілі. Өзгелермен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз.
Бала қарым –қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарға меңгереді. Әрине қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл кең көп қырлы ұғым. Спектакль көрсекте, лекция тыңдасақта , телефонмен хабарлассақ та, дос- жарандармен сөйлессек те – осының бәрі – қарым- қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе – жүз, не жанама, не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі.
Осындай қарым-қатынастың мән –мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып тұр.
Курстық жұмыстың мақсаты: мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелері.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балынң қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қарым-қатынас түсінігі және оның мазмұны;
- Қарым-қатынастың түрлерін анықтау;
- Баланың арасындағы қарым-қатынасты іске асырудың тәжірибелік мәні;
- Мұғалімнің баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы рөлі;
- Баланың қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы;
- Баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы » Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан - 2030» үндеуі; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, қоғамдағы баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелері және тәрбие процесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.
«Қарым-қатынас психологиясының теориялық мәселелері» деп аталатын бөлімде қарым-қатынастың қоғамдағы рөлі, қарым-қатынастың түрлері және баланың арасындағы қарым-қатынасты іске асырудың тәжірибелік мәні қарастырылады.
«Баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі» деп аталатын бөлімде мұғалімнің баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы рөлі, баланың қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы және баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары қарастырылады.
І БӨЛІМ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Қарым-қатынас түсінігі және оның мазмұны
Қарым-қатынас — бұл бірыңғай іс-әрекеттің қажеттіліктерінен туындайтын адамдар арасындағы байланыстың дамуының жан-жақты үрдісі.
Қарым-қатынас оның қатынасушыларының арасында ақпарат алмасуды қамтиды, ол қарым-қатынастың коммуникативтік жағы ретінде сипатталады.
Психологияда қарым-қатынас мәселесін зерттеудің өз дәстүрі бар және психологияда аталған мәселені зерттеудің үш кезеңін атап көрсетуге болады. В.М.Бехтеревтің зерттеулері, ол бірінші рет адамның психикалық факторы ретінде қарым-қатынастың рөлі туралы мәселені көтереді. Бірақ Бехтеревте қарым-қатынас үрдісі өз бетімен зерттеу жұмысының нысанасы болған жоқ. Қарым-қатынастық психикалық үрдістер мен атқаратын қызметіне әсер етудің тек қана нәтижелік жағы қолданылады.70-жылдарға дейін қарым-қатынас проблемасын талдауда теориялық-философиялық көзқарас ерекше кең тарады. Қарым-қатынас ұғымы әлеуметтілік себептілік, адам психикасының рөлі жеке тұлғаның әлеуметтенуі туралы қағиданы негіздеу үшін қолданылды. Мәселен, Л.С. Выготскийдің еңбектерінде қарым-қатынас адамның психикалық дамуының факторы, оны реттеудің шарты ретінде негізгі орынды алды. Бұл кезеңді қарым-қатынастың рөлі мен атқаратын қызметін теориялық талдау кезеңі ретінде сипаттауға болады.
Қарым-қатынастың бірінші жағы-70-жылдары қарым-қатынас психологиялық зерттеулердің дербес саласы ретінде қарастырыла бастады. Бұл кезең психологияда қарым-қатынас мәселесінің шын мәнінде дүниеге келген кезеңі болып табылады.
Қарым-қатынастың екінші жағы — қатынасушылардың өзара әрекеті, сөйлеу үрдісінде тек сөздермен емес, сонымен қатар әрекеттермен, қылықтармен алмасады. Ең соңында, қарым-қатынастың үшінші жағы — қарым-қатьшас жасаушылардың бір-бірін қабылдауын қарастырады. Қарым-қатынас және іс-әрекет бір-бірімен байланысты. Бірлескен қызметінде адам басқа адамдармен қажеттілігіне қарай бірігеді, қарым-қатынас жасайды, жақындасады, өзара түсінісуге қолы жетеді, ақпарат алады және т.б. Шын мәнінде, қарым-қатынас үрдісінде қатысы болмайтын адамгға тән психикалық құбылыстарды табу қиын. Қарым-қатынас, іс-әрекетпен бөлінбес байланыста, жеке тұлға адамзаттың жасақтаған нәтижесін меңгереді.
Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойларын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтыластары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады, білімді беру және алу негізінен тілдің көмегімен іске асады.
Сонымен, сөйлеу — бұл тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынас үрдісі. "Сөйлеу" және "тіл" ұғымдары кей жағдайда бір мағынада қолданылады. Бірақ бұл ұғымдардың мағыналарын шатастыру дұрыс болмас. Сөйлеу мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ бұл екеуі бір ұғым емес.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы - бұл адамдардың өзара байланысын,олардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруға қатысты қарым-қатынастың мақсаты, адамдардың бірлескен іс-әрекетінің қажеттілігін бейнелеу. Бұл жерде қарым-қатынас тұлға аралық өзара әрекет түрінде қатысады, демек, олардың біріккен іс-әрекетінде қалыптасқан адамдардың байланысы мен өзара әсерінің жиынтығы.
Ең алдымен адамның даралық әрекеті негізінде қарым-қатынастың атқаратын қызметтері туралы қысқаша айтуды жөн көрдік. Бұл қызметтер жан-жақты, бірақ негізінен қызметтердің үш түрін атап көрсетуге болады: ақпараттық-коммуникативтік, реттеу-коммуникативтік және аффектілік-коммуникативтік. Осының негізінде қарым-қатынастың үш жағын бөліп қарастырады: ақпарат алмасу, жеке тұлға аралық өзара әрекет және адамдардың бір-бірін түсінуі. Қарым-қатынастағы ақпарат алмасу әрекеті туралы айтқанда, қарым-қатынастың коммуникативтік жағы деп түсінеді. Сөздің тар мағынасында коммуникация туралы айтқанда, ең алдымен адамдар бірлескен іс-әрекеттің барысында өзара әртүрлі елестетулермен, идеялармен, кызығулармен, көңіл-күйлермен және т.б. пікір алысады. Осының бәрін ақпарат ретінде қарастыруға болады.
Сондықтан да қарым-қатынастың коммуникативтік жағын қарастыруға ақпарат теориясы кейбір ережелерінің қолдану мүмкіншіліктерін жоққа шығармай, міндетті түрде негізгі мәселелерге мән беру қажет.
Коммуникативтік үрдісте тек қана ақпарат қозғалысы іске асып қоймайды, сонымен қатар белсенді ақпарат алмасу жүреді. Қарым-қатынастың әрбір қатысушысы үшін ақпараттың мәні ерекше рөл атқарады, ақпаратты тек қана қабылдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар түсінікті болуы керек.
Екіншіден, адамдар арасында ақпаратты алмасу сипаты белгілер жүйесі арқылы бір-біріне ықпал етуі мүмкін. Басқаша айтқанда, осындай ақпарат алмасу міндетті түрде әріптесіне әсер етеді. Коммуникативтік әсер ету бір адамның екінші адамға психологиялық әсері болып табылады.
Үшіншіден, ақпаратты алмасу нәтижесі ретінде коммуникативтік ықпал сол уақытта мүмкін болады, егер қарым-қатынастың екі қатысушысы қабылдаудың бірыңғай жүйесін меңгергенде.
Төртіншіден, адамзат коммуникациясы жағдайында әлеуметтік және психологиялық сипаттағы ерекшелігі бар коммуникативтік кедергілер пайда болуы мүмкін. Бір жағынан, осындай кедергілер қарым-қатынас туралы бірыңғай түсініктің жоқтығынан, екінші жағынан, кедергілер негізінен таза психологиялық сипатта болуы мүмкін.
Кез-келген ақпаратты беру белгілер арқылы болуы мүмкін, дәлірек айтқанда — белгілер жүйесі. Вербалдік және вербалдік емес коммуникация деп бөледі, бірақ соңғысын тағы да бірнеше түрлерге бөледі: кинестетика, паралингвистика, проксемика, визуалдық қарым-қатынас. Олардың әрқайсысы өзінің жеке меншік белгілер жүйесін құрайды.
Сөйлеу мәселесін психологияда көп жағдайда ойлау және сөйлеу контекстінде қарастырады. Шынында да ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты. Генетикалық тұрғыдан сөйлеу қоғамдық еңбек тәжірибесінде ойлаумен бірге пайда болды және адамзаттың қоғамдық-тарихи даму үрдісінде онымен бірге дамыды. Сөйлеуде ерекше рөл атқаратын эмоционалдық сәттер: сөйлеуді жалпы алғанда сана реттеп отырады. Адам санасы адамдардың арасындағы қарым-қатынаста қалыптасады. Сананың негізгі қызметі — тұрмысты бейнелеуін түсіну, тіл және сөйлеу оны ерекше орындайды. Сөйлеу тіл сияқты, егер де оларды бірлікте алсақ, тұрмыстың бейнеленуін білдіреді. Сөйлеу - қарым-қатынастың іс-әрекеті, тіл арқылы мәнін түсінеді, ықпал етеді, хабарлайды; сөйлеу — іс-әрекеттегі тіл, басқалар үшін сананың өмір сүру түрі, қарым-қатынас құралы.
Сонымен, сөйлеу қарым-қатынастың ерекше жетілген түрі, тек қана адамға тән. Сөйлеу қарым-қатынасында екі жақ қатынасады — айтушы және тыңдаушы. Айтушы жақ ойды мәнерлі беруге қажетті, сөздерді тыңдап алады, оны грамматиканың ережелерімен байланыстырады және сөйлеу органдары артикуляциясының арқасында айтып береді.
Тіл қарым-қатынас құралының қатаң нормаға түскен жүйесі, ал сөйлеу қарым-қатынас үрдісінде ой мен сезімді беру үшін оның қолданылуы. Тілде ой жоқ, бұл ойды беру үшін қолданылатын әртүрлі тәсілдердің жиынтығы.
1.2. Қарым-қатынастың түрлері
Қайда өмір сүріп, еңбек етсе де, басқа адамдармен қай жерде араласса да, адам қарым-қатынастың алуан түріне жолығады. Кездейсоқ, онша мәні болмайтын, ұзақ уақытқа созылатын тұрақты кездесулер де, түкке тұрғысыз қарым-қатынас та, достық, сырлас байланыс та ұшырасады. Қарым-қа-тынасты ресми (қызмет бабында, жұмысқа байланысты) және жеке бастың ісі (таныстық, жолдастық, достық) деп екі топқа белуге болады. Жұмысқа байланысты қарым-қатынастар адамның өндірістік, оқу, қоғамдық қызметіне және оның әлеуметтік ауқымына қатысты: мұғалім — шәкірт, бастық — қарамағындағы қызметкер, дәрігер — емделуші және тағы басқадай. Жеке адамға байланысты қарым-қатынастар да нақты бір қызмет аясында басталуы да мүмкін.
Алғашқы топтың қарым-қатынастары праволық және моральдық (мұның үлесі аздау) нормалармен белгіленеді. Моральдық нормалардың арасынан алдымен қызмет бабына байланысты туындайтын талаптардың рөлі үлкен. Ал жеке бастың қарым-қатынастарын негізінен моральдық нормалар белгілейді де, әдетте, мүдделер ортақтығымен, екі жақты ықыласпен, құрмет сезімімен байланысты болады. Олар көбіне адамдардың жеке басындағы ерекшеліктеріне байланысты.
Нақты өмірде қарым-қатынастардың бұл екі түрі бір-бірінен онша алшақтамайды. Мысалы, кез келген класта оқушылар арасындағы қарым-қатынастың екі жүйесі болады. Бұл ең алдымен жауапты тәуелділік жүйесі немесе іс бабындағы қарым-қатынастар (староста, комсорг және т. б.), екіншіден, достық немесе жай таныстық қарым-қатынастар жүйесі. Бұл екі жүйе бір-бірімен байланысты, өзара кірігіп те жатады, бірақ толық үйлесіп кетпейді.
Қарым-қатынастың әр түріне бейім адамдардың бір-біріне қояр-талаптары да әр басқа, мысалы, класс старостасы немесе таныс таңдаудағы көзқарастары да әр қилы. Айталық, староста айтқанды екі етпейтін, жинақы және тиісінше талапшыл болуға міндетті. Жеке басқа қатысты қарым-қатынастар жүйесінде оқушының класта қаншалықты танымал болуы оның өз тобында жоғары бағаланатын сипаттары мен ерекшеліктеріне байланысты.
Кластағы жеке қарым-қатынастар жүйесінде оқушының танымал болуы неге қатысты? Психологтардың зерттеулері нақты бір оқушының класта танымал болуына әсер ететін әр түрлі жағдайларды анықтауға мүмкіндік берді. Бұған ең алдымен балалардың жекелеген ерекшеліктері мен мінезі жатады. Мысалы, «коллектившілдер», яғни қоғамдық, коллективтік тұрғыдан өздерін іс арқылы көрсете білетін оқушылар қара басының қамын көбірек ойлайтын «өзімшілдерден» гөрі өз класында анағұрлым танымал болады. Мінезі ауыр, ұстамды, қайырымды адамдардың коллективте құрметке бөленуіне толық мүмкіндіктері болады. Әрине, қандай болмасын өлшем мәні оқушылардың жасына қарай өзгеріп отырады, ол қыздар мен ұлдарда бірдей болмайды. Төменгі кластарда оқушының кластағы жағдайына оның сабақ үлгерімі, тәртібі, сондай-ақ сыртқы пішіні ықпал етеді. Жоғары кластарда бұл өлшемдерге — ақыл-ой сипаты, ой-өріс кеңдігі, кейде күштілік пен ептілік (ұлдарда), сыртқы сұлулық (қыздарда), сәнді және қолға түсе бермейтін заттардың болуы (немесе болмауы) жатады.
Психологтар тағы бір заңдылықты анықтады: оқушы өз класын жоғары бағалаған сайын, оньң жеке қарым-қатынастар жүйесінде- алатын орны жоғарылай түседі, басқаша айтқанда, ұжым оған деген кластың құрмет сезімін қайтарғандай болады.
Бұл топта кімнің танымал екендігіне қарап, онда қандай қасиет қадірлі саналатынын білуге болады. Мысалы, рухани байлықты бағалауға бейімі аз кластарда қолға түсе бермейтін қымбат заттары бар оқушылар танымал болуы мүмкін.
Қарым-қатынастар адамдардың бір-біріне ықыласының тереңдігі мен сырластығына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Таныстардық, достардың, жолдастардың қарым-қатынастары сияқты. Көне заманның өзінде Аристотель достықтың үш түрін: достың игілігі үшін, өзі қанағат табу үшін және өзара пайдакүнемдікке негізделген достық деп белген еді. Адамдар тек қана таза достық аясындағы ғана емес, сондай-ақ қарым-қатынастардың басқа түрінде де бір-бірімен қарым-қатынас тереңдігі, мазмұндылығы, сырластығы әр түрлі жағдайда араласуы мүмкін. Қарым-қатынастардың ең терең түрі — бір-бірін сүйген адамдардың арасында болады.
Мұнан кейін мұғалім басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға дұрыс баға беру және өзінің мінез-құлқын қалыптастыру үшін жоғары класс оқушыларына қажетті ұғымдардың бірқатарын түсіндіруі тиіс. Мұндай ұғымдарға: ынтымақтастық пен бәсеке, қарым-қатынастың демократиялық және беделге негізделген түрлері, топ басылар мен солардың «жетегінде жүрушілер» сияқтылар жатады. Мұғалім тақырыптың осы бөлімін оқушылардың бұл мәселе бойынша түсінігін анықтап алу үшін әңгіме түрінде өткізуіне болады.
1-кесте. Топтағы қарым-қатынас түрлері.
Топтағы қарым-қатынас түрлері. Топтағы қарым-қатынас түрлеріне сипаттама беру.
1. Жеке тұлғалық қарым-қатынас Адамның эмоциялық симпатикалық тұрғыда бір-бірінің жеке тұлғалық қасиеттерін бағалап, мойындап қалауы бойынша жасалынатын қарым-қатынас.
2. Іскерлік қарым-қатынас. Қандай да бір мәселені, істі шешуге жасалынатын қарым-қатынас, қалаудан тыс ұнамаған адам болса да белгілі бір себеп арқылы қарым-қатынас жасау.
3. Мақсатты қарым-қатынас. Адамның алдын ала мақсат қоюынан туындайтын қарым-қатынас.
4. Инструменталды (мақсатсыз) қарым-қатынас. Кездейсоқ түрде болатын қарым-қатынас.
5. Вербалды қарым-қатынас. Сөздік жүйені қолдана отырып жасалатын қарым-қатынас.
6. Вербалды емес қарым-қатынас. Дыбыстық жүйені қолданбастан түрлі ым-ишараны қолдану арқылы байланыс жасау қарым-қатынасы.
7. Материалды қарым-қатынас. Адамның өзара байланысында алмасатын нәрсе – материалдық заттар қолданатын қарым-қатынас.
8. Когнитивті қарым-қатынас. Адамдардың бір-бірімен байланысында алмасатын мәлімет-білім, ептілік, дағды.
9. Кондициялық қарым-қатынас. Адамның эмоциялық, физиологиялық күйлерін алмастыру қасиеті (екі адамның бір-бірімен мұңдасуы).
10. Мотивациялық қарым-қатынас. Аамның қажеттіліктері, қызығушылықтары мотивтерінің алмасуын қамтамасыз ететін қарым-қатынас.
11. Іс-әрекетті қарым-қатынас. Адамдар өзара байланысында қимыл-қозғалыс түрлі операцияларды алмастыратын қарым-қатынас.
12. Шартсыз қарым-қатынас. Адамның табиғатынан берілген дене мүшелерімен байланыс жасау қарым-қатынасы.
13. Шартты қарым-қатынас. Табиғи және мәдени заттармен байланыс жасау арқылы қарым-қатынас.
14. Тікелей қарым-қатынас. Адамдардың бірін-бірі қабылдай отырып, жест-мимикалардың алмасуына байланысты жасалатын қарым-қатынас......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?