» » » Курстық жұмыс: Психология | Қыз баласының психологиялық ерекшеліктері

Курстық жұмыс: Психология | Қыз баласының психологиялық ерекшеліктері

Курстық жұмыс: Психология | Қыз баласының  психологиялық ерекшеліктері казакша Курстық жұмыс: Психология | Қыз баласының  психологиялық ерекшеліктері на казахском языке
Мазмұны
1. Қыз, жасөспірім, бойжеткендердің кейбір психологиялық ерекшеліктері
2. Еркек және әйел жынысы арасындығы биологиялық және физиологиялық ерекшеліктер мен айырмашылықтар
3. Жыныстық тәрбиенің психикаға әсері

КІРІСПЕ
Әйел және еркек жынысы арасындағы айырмашылықтар мен өзіндік ерекшеліктер мәселесі биологиялық және физиологиялық ерекшеліктер мен айырмашылықтар мәселесіне қарағанда қиынырақ әрі күрделірек болады.
Қыздар мен ұлдардың, бойжеткен мен бозбаланың, әйел мен еркектің психологиялық ерекшеліктері жеткілікті зерттелмеген. Біз кең тараған психологиялық және педагогикалық әдебиеттерден соңғы 30—40 жылдың ішінде осы тақырыпқа арналған ғылыми жұмыстарды аз кездестіреміз. Ал мерзімді баспасөз оның қоғамдық мәні мен іс жүзіндегі маңызын дәл байқап, бұған жиі назар аударып отырады.
Қыз баласын тәрбиелеу мәселесінің бірі ретінде біз әйелге тән нәзіктік туралы мәселеге тоқталмақшымыз. Әйелдік нәзіктік дегеніміз, оның өзіне тән қасиеті, ерекшелігі жағынан ер адаммен салыстырғандағы айырма белгілері. Қай дәуірде болмасын әйелдің эмоционалдық сезімталдығы, жаратылысының психологиялық нәзіктігі, еркектерді қызықтыратын өзіндік тартымдылығы — кез-келген дәуірде әйелдің ең жоғары бағаланатын қасиеті — аналық қасиеті болмақ.
Қоғамның даму барысында еркек пен әйел жынысы өкілдері өзіндік ерекшеліктерін, қасиеттері мен айырмашылықтарын көрсетіп, одан әрі дамытуы үшін мүмкіндіктері арта түседі, сондықтан да нағыз әйелдік қасиетіне ешкандай қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда олардың мінез-құлқындағы тарихтан белгілі ерекшеліктердің бәрі бірдей әйелдік нәзіктікке жата бермейді.
Кешегі Кеңес өкіметі кезінде ерлермен тең боламыз деп, жас қыздарды тракторға да отырғыздық, қой соңына да салдық. Қазақтың ең кедейі әйелге мал бақтырмаған. Осындай жағдайда нәзіктікті сақтау былай тұрсын, әйел дүниеге дені сау ұрпақ әкелу екіталай.
Дәстүрлі әйел нәзіктігінің күрт алға басуы, мейлі бұл киім жөнінде, немесе шашқа қатысты болсын, қашанда бізді таңдандырып, қайран қалдырған. Әйелдердің шаштарын қысқартып, тар юбка, одан қысқа юбкаға көшіп, шалбар киіп, темекі тартқаны, тағы басқа толып жатқан еске түсе бермейтін әрекеттері бүкіл адамзат баласын қатты толқытып, әйел нәзіктігіне кедергісін тигізді. Мұндайда әйелдердің, оның ең басты
белгілі бір ерекшелігі тартымды болып келген, ендігі жерде ешнәрсе де өзгеруі мүмкін емес. Адамның сырт келбетіндегі жаңалық пен өзгешелік, өз жынысына тән киінуінен ауытқушылығы қашанда назар аудартатыны жақсы мәлім.
Кейбір Шығыс елдеріндегідей әйел үнемі бетін перделеп ұстаса — бұл еркектерді ынтықтыра түседі, керісінше жалаң аяққа ешкім назар аудармайды. Егер әйелдер бетін ашып, бірақ ұзын көйлек киіп жүрсе, оның тізеден жоғары көтерілуі еркектердің назарын өзіне бірден аударады, т.с.с.
Ғылым мен техниканың, мәдениеттің, қоғамдық сананың жетістіктері жаңа ұрпакқа өздігінен емес, ана тәрбиесінің нәтижесінде беріледі. Ал кейбір әйелдердің темекі тартуы, өткенде олардың нашар ана болғанын, тек бұрын басқа сипатта көрінгенін дәлелдейді. Жүкті әйелдің темекі тартуы болашақ баласының денсаулығына зиян келтіретіндіктен — балаға жаны ашымағандық деп танылады. Ал сән қуып, өзінің айналасындағы адамдардың ұнатпағанына қарамай — бала мен семьядағы кейбір "парыз" міндеттерін орындамайтын әйелді айыптауға болады.
Әйел затының әуел бастағы табиғатынан алдындағы ұлы миссиясы бесігінен ажырап ажырап,соның кесірінен тастанды бала, жетім қарттар көбейе бастағанының негізгі себебі – қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған, жүйелі, ешкімге ұқсамайтын төл тәрбиесін жоғалтқанымыз.
Барлық ұлттардан құралған жаңа сипатты қауым-кеңес пайда болды деп, ұлттық болмысымыздан айырылып, жасанды, өгей тәрбиеден өткен қыздарымыз бен ұлдарымыз дүбәрә күйге түсті. Өкінішке орай әдепсіз қыз, шайпау келін, жүгенсіз жеңгелер, мейрімсіз шешелер етек жайған құбылыс болып барады. Оң жақта отырып сәбилі болуға,тәнін сатып,ада болған қаракөздерге,өз сәбиін өзі буындырып өлтіргендерге,маскүнемдікке салынып кеткен әйелдерге, жалпы қазақ әйелінің табиғатына жат қылықтарға ешкім таңданбайтын болды.
Әйелдің ең үлкен қаруы – инабаттылығы мен нәзіктігінің азаюы ер адамдардың ірілігінен, мінез-құлық кесектігінен айырылуына әкеп соқты. Бұл әйел табиғатының өзгеруінің әлеуметтік себептері болып табылады.
Егер еркек және әйел жынысы арасындығы биологиялық және физиологиялық ерекшеліктер мен айырмашылықтар ғылыми факт ретінде қабылданып, қарсы пікір айтылмаса, психологиялық ерекшеліктер мен өмір құбылыстарына қарым-қатынасы, ұлдар мен қыздардың, бозбалалар мен бойжеткендердің, еркектер мен әйелдердің, мінез-құлық ерекшеліктері дүние танымымен байланыстырылып, белгілі бір сенімсіздікпен бағаланады. Бүкіл адамзат тарихында көп уақытқа дейін әйелді еркекпен тең санамай келгені белгілі; бұған себеп әлсізді күштінің басып-жанышқан, таптық коғамдық құрылыстың эгоистік сипаты еді. В. И. Ленин атап көрсеткеніндей әйел екі бірдей құлдық жағдайында еді — ол таптық езгімен қатар, құлдың кұлы ретінде семьялық езгіге де түсті. Әйелдің мұндай жағдайын езуші таптың мүддесін қорғайтын дін иелері, сол құрылыстағы тәртіпті жақтайтын пікірлерді таратуға тырысып, діни ұғымдармен ақтап отырды. Әйелдің еркекпен тең праволы болмауының негізгі себебі,— әйел табиғатының кем болуынан деп есептеп келді. Әйелдің белгілі бір (ойдан шығарылған болса да) ерекшеліктеріне байланысты еркектерден төмен санады. Қоғам дамыған сайын әйелдің теңсіздігі коғамның одан әрі дамуына бөгет жасады. Идеологиялық күрес барысында әйелдің кемістігі туралы, пікірлердің орнына теңдік үшін (ол кезде «эмансипация» үшін дегенбіз) күреске негіз болатын дәлелді пікірлер тарауы керек еді. Әйел мен еркектің арасында іс жүзінде айтарлықтай айырмашылық жоқ деген дәлелдеулер, міне, сол пікірлер еді. Әрине биологиялық және физиологиялық айырмашылықтарды олар айқын көрініп тұрғандықтан және даусыздығынан жоққа шығару мүмкін емес, ал психологиялық айырмашылықтарды жоққа шығару оңай еді. Ал мұндай айырмашылықтарды бар деп көрсеткендер эмансипацияның қарсыласымен бірдей. Күні бүгінге дейін әйел мен еркек психологиясы арасындағы айырмашылыққа көңіл аудармаудың шынайы себебі, олардың арасындағы психологиялық айырмашылықтарды айқындап, зерттеуге, әйелдердің тең праволық принципіне қайшы келтіреді деген сенім болып табылады мыс. Ал шын мәнінде әйелдің тең праволылығы еркектер психологиясымен толық ұқсас болғандығында емес, қоғамдық құрылыстың әділеттілігіне негізделген, өйткені қоғам мүшелерінің барлығы бірдей жеке бас ерекшеліктеріне қарамастан еркін және тең праволы болып табылады.
Айта кететін бір жай эмансипациялық күрес әйел сәні жыныстық айырмашылықты білдірмеуге тырысқан тарихта бірден-бір кезең болғандығын айта кетуге тура келеді. Алайда бұл сәнді жұрт қабылдамады сондықтан, еркектер онша таңдана койған жоқ. Сондықтан ол кезде тап осындай тенденциялар «жалған эмансипация» (Блох), кейде шынайы «ақ» (таза деген ұғымдағы) эмансипациямен салыстырғанда тіпті «қара эмансипация» (Гексли) деп қарастырылды. Ол кезде де әйелдің темекі тартып еркек костюмін киюі, т. б. жайлар кездесіп тұратын, сондыктан да қазіргі соған ұқсас кұбылыстар жаңалық емес. Адамзат тенденциясының негізіне жыныстық қасиет, сапа мен белгілердің даму мүмкіндігінің өсе түсуіне байланысты, сән әлсін-әлсін өзгеріп, әйелдер мен еркектердің сырт келбетінің кейбір айырмашылықтары белгілі бір дәрежеде байқалмай отырады.
Еркек пен әйел жынысы өкілінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы олардың биологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін одан әрі зерттеудің маңызынан бір де бір кем емес. Кезінде жалпы медицинадан маңыздылығы жағынан ешкім күмән келтіре алмайтын — терапия, хирургия, педиатрия, акушер-гинекология, т. б. жеке бағыттар бөлініп шыққандай, психология ғылымының даму барысында ұлдар мен қыздардың, бозбалалар мен бойжеткендердің, еркектер мен әйелдердің психологиялық ерекшеліктері барған сайын айқындала түсті. Яғни, бүгінгі жағдайда жыныс ерекшеліктер ескертілмеген психологияға қарағанда психологияның алға басуына қол жетіп, тәрбие ісінде әркімге әрқалай жол табу принципі адамның жеке басының маңызды факторы — жыныстық ерекшелігін бұрмалай алмайды. Төменде біз қыз, жасөспірім, бойжеткендердің кейбір психологиялық ерекшеліктеріне тоқталамыз.
2. Еркек және әйел жынысы арасындығы биологиялық және физиологиялық ерекшеліктер мен айырмашылықтар
Әйелдердің психологиялық ерекшеліктеріне сипаттама бермес бұрын (яғни олардың еркек жыныс өкілдерімен салыстырғандағы психологиялық айырмашылығы) мынадай принципті кездерді атап көрсету керек.
- Біріншіден, бұл айырмашылықтар жыныстық жетілуге дейін байқалып, ол процесс кезінде тек күшейе түседі.
- Екіншіден, бұл айырмашылықтар тәрбие сипатымен айқындалмайды, оған керісінше бүкіл тарихи кезеңдегі оның жалпы сипатында алсақ өздері айтарлықтай дәрежеде анықтайды, ал әрбір нақты жағдайдағы тәрбие сипаты оның неғұрлым толығырақ айқындалып, дамуына жағдай жасайды.
- Үшіншіден, бұл ерекшеліктер орта статистикалық сипатта болады және еркек немесе әйел жынысы өкілдерінің белгілі бір қасиеттерінің болу болмауын емес типін ғана білдіреді. Жалпы адам баласының толып жатқан қасиеттері мен ерекшеліктері бар және ол өзіндік жыныс ерекшеліктерін бүркемелейді, сондықтан әйел немесе еркек жынысы өкілдерінің біреуінің басымдылығын ғана айтуға болады. Әрбір жыныстың жетістіктерінің өзгеріп тұратыны сондай, ол өзгерістерді басқа бір жыныстың орташа дамыған жетістіктері толықтырып тұрады.
- Төртіншіден, барлық психологиялық ерекшеліктерді (ойлауы, эмоционалді деңгейі, әр-түрлі жағдайлар мен құбылыстарға қызығуы мен бейімділігі) әрқайсысын бір-бірінен бөлмей, міндетті түрде тұтас қалпында қарастыру керек. Бұл жалпы алғанда екі жыныстың да психологиялық жағынан бірдей екенін, тек кейбір мәселелер мен белгілі бір жағдайларда ғана бір-бірінен артықшылығы болады деген сөз.
Бесіншіден, бұл ерекшеліктерді білудің педагогикада зор маңызы бар, сондықтан да мұндай білімді игеруге ұмтылу тәрбие жұмысымен айналысатын адамдардың мамандығына сай жақсы қасиеті деп бағалануы керек.
Адам және оның өмір сүрген ортасы, олардың өзара қарым-қатынасы, тұтынатын заттары — киімі, дүние-мүлкі, қыздардың сәби шағынан назарын аударып, қызықтырады. Қыздар кеңістікті қабылдауда, сондай-ақ түсін танып, оның реңін ажыратқанда ұлдардан озып, тек уақытты қабылдаудан ғана кейін қалады. Қыздардың бала бағып, қамқорлық жасауға, кішкентай інілеріне ақыл айтып, сынап, жөн көрсетуге бейім (ұлдардың қарындастарына мұндай ықпалы төменірек) болатыны белгілі. Бұл аналық бейімділіктің жас шамасына байланысты бой көрсетуі. Мұндай қасиет ойыншық таңдағанда, ойын барысында да байқалады: Керісінше, кыздардың жаңартушы түрлендіруші әрекетіне бейімділігі төмен. Жалпы заттардың не үшін пайдаланылатынын жақсы біле тұра көбіне әйелдер олардың құрылысына онша мән бермейді және оған қызықпайды да. Әдетте қыздар ойыншықпен әртүрлі заттарды өздерінің қолдану аясына қарай пайдаланса, ұлдар күтпеген жерден оларды мүлде басқа мақсатқа пайдалана біледі. Қыздар ойыншықтың құрылысымен онша ісі болмайды, ал ұлдар оны бұзып көргісі келеді. Жалпы әйел жынысы өкілдері заттың ішкі ерекшеліктеріне онша мән бермей оны жалпы бағалауға бейім келеді.
Әйел психикасының қабылдағыштығы ер адамдармен салыстыр-ғанда жоғарырақ, бірақ оның өнер тапқыштығы төмен. Неміс психологы
В. Штерн атап өткендей, «үлгі немесе жоспар көп жағдайда олардың жол көрсеткіші және творчествосының аяқталуы болады; сол үлгіге барынша жақындауы олар үшін қанағаттанарлық мақсат болып көрінеді». Әйелдердің жұмыста барынша тиянақты болатыны атап өтілген. Қыздар көбіне сенгіш келеді, ал іс жүзінде шешім қабылдау қабілеті төмендеу. Қыздар сезім әрекетіне тез берілетіндіктен сол кезде болып жатқан оқиғаны өз көңіл күйінен ажырату қабілеті нашар болады, сондықтан болған оқиғаны ұлдармен салыстырғанда, толық жеткізе алмайды және істің куәсі болғанда айғақтық жетіспейді. Сондай-ақ қыздар болған жайды ретімен айтып, нәтижесін көрсетіп, белгілі бір қорытынды шығару үшін жолды, маршрутты сипаттап беруге де шорқақ болады. Олар ұлдарға қарағанда құбылыстың, оқиғаның өзіне мән беріп, оның шындығына көңіл бөлмейді.
Сонымен бірге әйел жынысы өкілі жағдайға тез көндігіп, әртүрлі өзгерістер барысында өз орнын тез тауып, жаңа жағдайға бірден үйреніп кетеді. Әйел өз ісінде және жеке қарым-қатынаста өте сезімтал, өзінің әлеуметтік тобындағы тілек-талаптармен кемшіліктерді тез ұғынып, игере алады.
Ұлдар мен қыздардың мінез-кұлқына талдау жасаған кезде олардың психикасы мен әрекетіндегі ерекшеліктерді ескеру кажет. Ұлдардың жүрген жерінде шу болатыны белгілі, бұл олардың тәртіпті жиі бұзатындығынан деп ойлауға болмайды. Қыздар мен бойжеткеннің бойындағы жағымсыз қасиеттер көбіне жасырын сипатта болады. «Қиын» ұлдар «қиын» қыздармен салыстырғанда тынышсыз болғанмен, «қиын» қыздар одан да «қиындау» екені белгілі. Мұны өте жақсы аңғарған
А. С. Макаренко былай деп жазды: «ұлдар» көшеде қаншама қаңғып жүрсе де, қандай күрделі, заңсыз оқиғаларға қатысты болса да, біздің педагогикалық әрекетімізге көнбей соншама қасарысқанмен, оның тіпті болар-болмас ақылы болса, жақсы орта оны тәрбиелеп адам етіп шығарады. Бұл шынын айтқанда баланың өз қатарынан артта қалуы, оның талап-тілектерден артта қалуын байкап толықтырып отыруға болады. Ал тым ерте, тіпті балалық шағында жыныстық қатынасқа түсе бастаған қыздар тек физиологиялық және рухани жағынан артта қалып қана қоймай, ол өз бойына жазылмас ауыр жарақат түсіреді. Шым-шытырық ауыртпалық пен астамшылық, жақсылық пен жомарттық, түнгі көз жасы мен күндізгі жарамсақтану кезек алмасқан жүгін көтеріп, өзіне жаңа бағыт белгілеп сонымен жүру үшін жаңа әдет, "жаңа дағдыға үйреніп, тәжірибе жинау үшін, ғаламат мінез керек». Әрине, қыздардың мұндай тәртіп бұзуының бәрі бірдей жоғарыда айтылған жағдайларға әкеп соқпайды, бірақ олардың бұл қылықтары педагогикаға жат нәрсе.
Бұған себеп жоғарыда қаралып өткен әйел психикасы мен сана-сының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы шараптың әйелдерге неғұрлым күшті және тезірек әсер ететіні, олардың өзін-өзі билей алмай қалатыны белгілі. Әйелдердің жалпы ұялшақтығына және алғашқы кездері өздерінің ішімдікке бейімділігін барынша жасыруға тырысып осыған байланысты медициналық көмек сұрауға кешігіп баратынына қарамай әйелдердің маскүнемдігі мен ішкілікке салынуы еркектерге қарағанда әлдеқайда өрескел де жиіркенішті болып көрінеді. Мас кезінде олар өзін-өзі ұстай алмай әдепсіз, дөрекі, дойыр және т. б. қылықтар көрсетеді. Мұнын бәрі психикалық ауруларға шалдығуынан болады.
Мәселе әйелдердің ырықсыздығы мен қызбалығына жаман әдеттері қосылатын болса, мінез-құлықты жөндеу оңайға түспейді.
Әлдебір келіспеушілік немесе қиыншылық бола қалса, қыздар, ұлдарға қарағанда үлкендерге шағымдануға бейім тұрады. Шамданған адам жәбірленуші болып саналатындықтан, егер қыз ұлдың үстінен шағымданса, онда ұл кінәлі деп саналады. Ал ұлдар мұндай-да аз шағынытыны байқалады, сондықтан да ересектер көбіне ұрыс-керіс пен өзара келіспеушілікке балалар кінәлі деп ойлайды.
Ұлдар мен қыздардың белсенділігі жалпы бірдей. Алайда қыздар біршама тындырымды болады. Сондықтан мектептің қоғам жұмысына араласатын ұлдар мен қыздардың ара қатынасын салыстыра келіп, қыздар қоғамдық жұмыстарға көп араласатындығын атап айтуға болады.
Ұлдар қыздарға қарағанда әр нәрсеге қызыққыш келеді. Олар жақындағы нәрсені емес, алыстағы нәрсені де пайымдай біледі, сондықтан да ұлдардың сөздік қоры мол. Ұлдардың сөзінде көбіне әрекетті (етістік пен одағай) білдірсе, қыздар нәрсені бағалауға (зат есім, сын есім, теріске шығару, мақұлдау) бейім келеді. Ұлдар бір орында ұзақ отыра алмайтын тынышсыз болады және өздерін еркін ұстайды. Оқуға қызығуында да айырмашылығы бар екені байқалады. Әдетте ұлдар еңбек сабағын, дене шынықтыруды, қоғамдық пәндерден — тарихты көбірек ұнатады; ана тілін, шет тілдерін аздап ұнатады. Қыздар қоғамдық пәндерден — тарихты, әдебиетті қалайды; ұнатпайтын пәндері көбіне физика, математика, биология. Ұлдардың қыздарға қарағанда тарих, түрлі саяхаттар туралы әңгімелерді көбірек ал, көркем әдебиетті, әсіресе өлеңдерді аз оқитыны белгілі.
Қыздар шыдамды, тиянақты және адал келеді. „Олар істеген ісінің дұрыстығына сенбеген жағдайда, мұғалімнің түсіндіруін күтеді, ал ұлдар көбіне өз түсінігінің шешімін ұсынуға тырысады. Қыздар сөзді жақсы байланыстырып сөйлей алады және егжей-тегжейін толық жазуға қабілетті болғандықтан шығарманы жақсы жазады. Ұлдар сияқты қыздар да барлығын жақсы түсінеді, бірақ олардың есінде жаттап алғандары көбірек сақталады; математикадан ұлдарға қарағанда олар едәуір кейін қалады; Есеп шығарғанда қыздар олардың нақты қосымшаларына көңіл аударады, ал ұлдар болса, оған назар аудармастан ойда бірден шығарады. Ең көп тараған, қарапайым пәндерді қыздар артық білетін болса, арнайы, ерекше, неғұрлым сирек пәндерді игеруде ұлдар озып кетеді. Қыздар емтихан кезінде жаттап алған сөйлемдері бойынша жауап беруге бейім болады да, өз бетінше онша тұжырымдай алмайды. Әңгімелеу барысында қыздар негізгі ойынан ауытқып, егжей-тегжейіне дейін тоқталуға бейім, ал ұлдар болса мазмұнына толық тоқталмағанмен әңгіме негізін сақтап қысқа және ықшамды түрде баяндай алады. Қыздар ұлдарға қарағанда заттардан гөрі адамдарды көбірек әңгімелейді.
Қыздар бос кезінде әр нәрсемен көп шұғылданбайды, бірақ дұрыс ұйымдастыра біледі. Қыздар үйден басқа жерде, үйренбеген ортада абыржып, не істерін білмей, айналысатын істі әзер табады. Бір жерге барарда олар күнібұрын істейтін ісін жобалап, дайындалып барады, ал ұлдар болса, өздеріне лезден ермек тауып, бейтаныс ортаға тез үйреніп қыздар сияқты жатырқамай, өзін жайбарақат сезінеді.
Қыз, жасөспірім, бойжеткендер өзі қатарлы еркек жынысы өкілдеріне қарағанда әлдеқайда сезімтал келеді. Олар мақтау мен жамандағанды көңіліне тез алып, жылауы мен күлуі де тез. Олар менменшіл әрі өкпешіл келеді, әзіл-қалжыңды көңіліне тез алып ренжіп қалады. Әдетте қыздар алдымен сөйлеген адамның даусына, үніне, кейін оның мәніне көңіл бөледі.
Бірдеңені бағалауға да қыздардың әсершілдігі анық байқалады. Ұлдар мен қыздар жаңа бір таныс емес нәрсені көргенде, әдетте ұлдар «бұл не, қайдан алған, не үшін керек» деп сұраса, қыздар оны «қандай әдемі!» немесе «қандай ұсқынсыз» деп бағалай бастайды.
Қыздар өздерін қызықтырып, назарын аударған нәрсені ұлдарға қарағанда жақсы қабылдайды, бірақ ең нашары өздеріне қажетті нәрсеге назар аудармай немқұрайды қарайтыны. Олар алыстағы абстрактылы кұбылыстардан гөрі, жақын айналасындағы нақты құбылыстарға назар аударады. Олар нақты сезімдік көріністерге бейім болады. Белгілі бір жағдайдың дұрыстығына көз жеткізу керек болғанда олар ұлдардан гөрі оған нақты, жеке бір оқиғаларды теңестіріп көруге көбірек тырысып, логикалық дәлелдерді сирегірек іздейді. Қыздардың өзінің сырт келбетіне қатты көңіл бөлетіні жиі байқалады, сондықтан да олар басқа адамдардың оны бағалауын сезгіш келеді; осыған байланысты олардың кейпін (дене құрылысындағы кемістік туралы жалған ұғым) әр түрлі өзгертуі жиірек кездеседі.
Қыздар ұлдармен бірлесе әрекет етуге бейім, бірақ бұл қасиет оған, өсе келе тығыз қарым-қатынаста болатын кезде емес, балалық шақтан бастап сіңірілуі керек. Өкінішке орай, ересек адамдар бұл дағдының қалыптасуына мүмкіндік жасамайды. Керісінше, олардың кінәсінен ұлдар ...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 27 | 22.01.2019


Загрузка...
Читайте также
Дипломдық жұмыс: Психология | Білім беру жүйесіндегі гендерлік тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Психология | Білім беру жүйесіндегі гендерлік тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері
Презентация (слайд): Психология|Топтағы әлеуметтік-психологиялық феномендер
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Презентация (слайд): Психология|Топтағы әлеуметтік-психологиялық феномендер
Презентация (слайд):  Психология|ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КОНСИЛИУМ
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Презентация (слайд): Психология|ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КОНСИЛИУМ
Презентация (слайд): Психология| Қабілет Қабілеттің психологиялық ерекшеліктері
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Презентация (слайд): Психология| Қабілет Қабілеттің психологиялық ерекшеліктері
Қазақша презентация (слайд): Сынып жетекшілердің қиын балалармен жұмыс жасау жүйесінің психологиялық - педагогикалық негіздері
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Қазақша презентация (слайд): Сынып жетекшілердің қиын балалармен жұмыс жасау жүйесінің психологиялық - педагогикалық негіздері
Әйел өзін төсекте қалай ұстауы керек?
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңес жинағы / Аналарға және әйелдерге пайдалы кеңес жинағы
Әйел өзін төсекте қалай ұстауы керек?
Педагог - психологтың 2014 – 2015 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
KZ
Педагог - психологтың 2014 – 2015 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
Қазақша мақал - мәтел: Әйел
Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы
Қазақша мақал - мәтел: Әйел

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қыз баласының психологиялық ерекшеліктері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қыз баласының психологиялық ерекшеліктері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар психология жо, Курстық жұмыс: Психология | Қыз баласының психологиялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін