Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан

 Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан

Мазмұны
І Кіріспе
Қола дәуіріндегі Қазақстан ......................................................................5
ІІ Негізгі бөлім
І Тарау
Қола дәуірінің негізгі ерекшеліктері ......................................................6
1.1 Шаруашылық мәдениет және қоғамдық қатынастардағы ерекшеліктер................. 7
1.2. Қола дәуіріндегі өндіргіш күштердің дамуы...................................11
ІІ Тарау
Қола дәуіріндегі қол өнер мен қоғамдық қатынастардың пайда болуы....................13
2.1 Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің қоныстары .........................15
2.2 Тоқыма, керамика өнеріндегі едәуір өзгешеліктер.......................... 17
2.3 Қоғамдық қатынастың қарқынды дамуы .........................................21
2.4 Қол дәуіріндегі тайпалардың діни нанымдары мен табынушылықтары.........................23
ІІІ Қорытынды ...........................................................................................26
ІҮ Сілтемелер тізімі................................................................................... 27
Ү Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................30

Қола дәуіріндегі Қазақстан
Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б. з. б. II мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға кешу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өндеудің дербес саласына айналды1.
Қола дәуіріндегі қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты. Олардың бірі - жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды.
Қола дәуірінің негізгі ерекшеліктері
Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі бұйымның неге арналуына қарай, әр түрлі пропорцияда мыс пен қалайының кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстырғанда қоланың бірсыпыра артықшылықтары бар: оның өзгешілігі -өзі катты, балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі. Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат бола бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен калайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл аумақта металлургияның мықты ошағы шығуының бір себебі болды.
Б. з. б. II мыңжылдықтың басында-ақ Еділ бойы, Орал өңірінің, Қазақстан мен Алтайдың далалық тайпаларында кешенді малшылық-егіншілік шаруашылық қалыптасады. Ал б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің ерлеуі байқалады, мал шаруашылығы жедел дамиды. Осы уақыттан бастап далалық Евразия тұрғындарының шаруашылығында мал шаруашылығы неғұрлым көбірек орын ала бастайды. Б. з. б. II мыңжылдықтың аяғында - I мыңжылдықтың басында далалық өңірлердегі тұрғындардың көпшілігі шаруашылытың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Батыс Азия мен Шығыс Европаның далалық аймағында бақташы тайпаларының бөлініп шығуы, шынында, б. з. б. II мыңжылдықтың басында болды деуге келеді, алайда әр қилы табиғи ортадағы даму қарқынының әр түрлі болғанын ескеру керек.
Алғашқы экономиканың кайта құрылуына бәрінен бұрын табиғи-климаттық өзгерістер себепші болды. Мәселен, кола дәуірінде ұзаққа созылған салқын- ылғал кезеңнің орнына климаттың жылылық пен қуаңшылыққа қарай бірте-бірте өзгеруінің мың жылдан асатын дәуірі келді, сөйтіп, ксеротермиялық минимум дәуірі басталды. Куаңшылық дәуірінде өзендердің суы тартылды, жайылмадағы алаңқайлар бірте-бірте құрғады, көлдердің су деңгейі төмендеді, түптеп келгенде, Солтүстік жартышардағы құрлықтардың жалпы ылғалдылығы азайды.
Климаттың жедел құрғауына байланысты Шығыс Европа мен Батыс Азиядағы далалық тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысында болған өзгерістерді археологиялық деректемелер де растайды. Батыс және Орталық Қазакстанның ұзақ уақытқа арналған қоныстарында сумен жабдықтаудың жаңа әдісі - кұдық қазу шығады.
Егер Қазақстанның солтүстік аудандарынын тұрғындары мен Батыс Сібірдің орман және тайгалы аймақтарының тайпалары энеолит пен алдыңғы қола дәуірінде шаруашылық және мәдениет жағынан бір-біріне көп ұқсас болса, кейін климат өзгергенде бұл ұқсастық жойылады. Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында, Орталық Қазақстандағы сияқты, бұл аудандарда да малшылық-егіншілік шаруашьшық өрістеп, мал шаруашылығы басым дамыды.
Оңтүстік Сібірде Нарым өлкесінің тайгалы-батпақты аудандарына дейін бұл аймақтың тұрғындарына тән емес ежелгі мал шаруашылығының шаруашылық дәстүрлерінің кең таралуын және Қазақстанның далалық тайпалары мәдениеті ықпалының күшеюін, сірә, нақ сол табиғи-климаттық құбылыстармен түсіндіруге болар.
Тұрғындардың коғамдық құрылысы мен отбасылық-некелік қатынастарында елеулі өзгерістер болды.
Қола дәуіріндегі экономиканың басты-басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбек мамандануының күшеюіне, коғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншік кеңейді, рулық кауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.
1.1 Шаруашылық, мәдениет және қоғамдық қатынастардағы ерекшеліктері
Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы. Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы дамуының заңды кезеңі болды. Колдa үйретілген және қолда өсірілген жануарлар аңшылық сәтсіз болған күнде, әсіресе, қыс кезінде, тамақ қоры болуын қамтамасыз етті. Жа-байы жануарларды қолға үйрету сонау неолит дәуірінде басталды. Солтүстік Арал өңіріндегі, Қазақстанның батыс, орталық және шығыс аудандарындағы неолиттік тұрақтарда жабайы жануарлардың сүйектері-мен қатар қолға үйретілген сиырдың, жылқының, қойдың және сірә, ешкінің де болар, сүйектері табылды2. Неолиттен кейінгі кола дәуірінде қолға үйретілген жануарлардың саны көбейді, малдың түр кұрамы да көбейді. Қола дәуірі шаруашылық нысаны ретіндегі мал шаруашылығы-ның үздіксіз дамыған уақыты болды.
Қола дәуірінің алдыңғы кезеңіндегі қоныстарда жиналған сүйек материал бұл уақытта Қазақстан аумағындағы адамның негізгі кәсібі үй маңында мал өсіру болды деуге мүмкіндік береді. Малдың көбі ірі қара болды; оны жаю үшін жайылымдағы шалғын пайдаланылды. Қой мен жылқы аз болды. Кәрі малдар мен әр жылғы төл қысқа ет дайындауға арналды, ал төлдің бір бөлегі табында қалдырылды.
Үй маңында мал бағу бірте-бірте жайлауда мал бағуға ұласты. Малды жайлауда баққанда бақташылар малмен бірге бір жайылымнан екінші жайылымға жылжи көшіп отырды3. Табын құрамында ұсақ малдың (кой-ешкінің) және жылқының үлесі көбейді. Мәселен, Атасу конысынан табылған сүйектердің дені жылқының сүйегі болып шықты.
Ботай қонысынан алынған материалдың көрсеткеніндей, жылқыны колғa үйрету мен оны салт мініп жүруге пайдалану энеолит дәуіріңде орын алған4.
Дамыған қола дәуірінде жылқы неғұрлым кең көлемде: күш көлігі ретінде және салт мініп жүру үшін пайдаланылды. Мұны Степняктағы, Айдаболдағы, Тастыбұлақтағы қоныстардан табылған, сүйектен жасалған жұмсақ ауыздықтардың айшықтары дәлелдейді. Жылқыны көлік ретінде пайдалану даладағы және биік таудағы жайылымдарды игеру мүмкіншілігін малайтты. Орталық Қазақстанның далаларында жабайы түйе қолға үйретідді. Ақсу-Аюлы-2 кешендерінің бірін қазғанда ботаның сүйегі шықты. Алексеевка қонысында да түйенің кейбір сүйектері табылды5.
Ежелгі замандағы мал шаруашылығы экстенсивті шаруашылық болды. Жайылымдарды игеріп, көлемін кеңейту, төзімді, тебінге жарайтын (қыста қар астынан аяғымен шөп аршып алуға және ұзақ жер жүруге қабілетті) жылқы, қой сияқты мал түрлерін өсіріп, өндіру малдың көбеюіне жеткізді. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылықтың негізгі саласына айнадды және көшпелі мал шаруашылығына жақын түрге ие болды.
Сірә, ол кезде Қазақстанның кең-байтақ аумағындағы халықтың бәрі бірдей шаруашылық жүргізудің осы жаңа түрлеріне көше қоймаған болу керек. Мәселен, сонғы кола дәуіріндегі Шығыс Қазақстандағы (Трушниково, Мало-Красноярка), Батыс Қазақстандағы (Алексеевка) және Солтүстік Қазақстандағы (Явленко-1) қоныстарда малдың дені әліде ірі қара болған; мұның өзі Орталық Қазақстанның тайпаларымен салыстырғанда бұл жерлерді мекендеушілердің көшіп-қонуы аз болғандығын көрсетеді.
Өнімді мал шаруашылығына көшу ілгері басқан құбылыс болды. Жаңа еңбек құралы, өндіріс құрал-жабдығы ретінде бақташы тайпаларға мал материалдық игіліктер ендіруде көп артықшылықтар берді. Ет-сүт өнімдерінің қоры молайды, олардың жаңа түрлері (ірімшік, сүзбе) пайда болды, үй кәсібі (теріден, жүннен бұйым жасау) ұлғайды.
Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен қатар неолит дәуір інен бастап егіншілік дами бастады. Қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен егіншілік бірін-бірі толықтырып, өзара байланысты болды. Мәселен, Усть-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Ол уақыттағы адам кездейсок, ұсақ егістен өзендердің жайылмаларындағы шағын алқаптарға тұрақты егін егуге көшті6.
Алдыңғы қола дәуірінің қоныстарында тастан және бұғы мүйізінен жасалған теселер табыдды. Жер копсытатын таяқтармен және мүйіз теселермен салыстырғанда тас кетпендер өнімдірек болды: бұлармен жерді жақсырақ қопсытуға болатын еді. Тастан астық үгетін құралдар да: астық түйгіштер, тоқпақшалар, түйгіштер, келілер, келсаптар пайдаланылған болса керек, ал соңғы кола дәуірінде бітімі әр түрлі қола және мыс орақтар, қола шалғылар пайдаланылды (Шағалалы қонысы). Олар, сондай-ақ, мал үшін қысқа пішен дайындауда, қамыс дайындауда қолданылған болуы мүмкін.
Неғұрлым жетілген құралдардың пайда болуына байланысты егіс те біраз өсті. Негізінде бидай, қара бидай, тары егілді. Дәнді дақылдардың бұл түрлерінің бәрі қоныстарда салынған үйлер7 мен қора-қопсыларда айқын көрінеді. Егіншілік өзінің сипаты жағынан қарапайым болып қала берді және мал өсірумен салыстырғанда көмекші рөл атқарды, бірақ ол тамақ өнімдерін алудың маңызды көзі болды.
Мұнан басқа кейбір коныстардың шаруашылық ұраларын толтырған қабатында тұз кұстарының - қаз бен сұр тырнаның сүйектері (Қанай), шортанның, бекіренің сүйектері мен қабыршактары табылды. Балық аумен ауланған: мұны табылған қыш және тас батырғылардан аңғаруға болады. Алайда қола дәуірінде аң және балық аулау өзінің бұрынғы маңызынан айрылады. Жабайы жануарлардың (елік, марал, солтүстік бұғысы, арқар, қабан, құндыз, ақ қоян, түлкі) сүйектерінің үлесі алдыңғы қола дәуірінің қоныстарында 3,6%, соңғы қола дәуірінде Шығыс Қазақстанның қоныстарында 4 процентке дейін (Трушниково), ал Солтүстік Қазақстанның қоныстарында 1 процентке дейін (Алексеевка) болады.
Қазақстан аумағында тараған аудандардың бәрінде қола дәуірі мәдениетінің даму сатыларын сипаттайтын материал шаруашылық тұрпатының өзгергенін көрсетеді: кола дәуіріндегі тайпалар үй маңында мал өсіруден жайлауда мал бағуға, одан кейін көшпелі мал шаруашылығына көшті. Нақ осы жағдай материалдық мәдениеттегі өзгерістерді туғызды, дегенмен бұл өзгерістер барлық жерде бірдей болған жоқ. Географиялық және басқа факторларға байланысты бір аудандарда еуелі жабайы хайуандарды қолға үйрету басталды, ал екінші бір аудандарда әуелі қарапайым кетпендік егіншілік шығып, тарады8.
Соңғы онжылдықтарда (1976-1994 жж.) мыс балқыту өндірісі мен қыш құмыра жасаудың6, кен кәсібінің және металл өңдеудің, сондай-ақ мал шаруашылығы мен аң аулаудың, егіншілік пен үй кәсібінің ежелгі тарихын толықтырған, Сарыарқаның оңтүстік бөлігіндегі дамыған және соңғы қола кезеңдері ескерткіштерінің кезеңдерге бөлінуі мен хронологиясын нақтылай түсуге мүмкіндік берген жаңа деректемелер мәлім болды.
1.2 Қола дәуіріндегі өндіргіш күштердің дамуы
Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуында мал шаруашылығымен және егіншілікпен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті ұқсату аса маңызды рөл атқарды.
Қазақстан аумағында мыстың, қалайының және алтынның бай кендері бар екендігі ежелгі уақыттан белгілі болатын. Көптеген көне кен орындары - мыс (Жезқазған, Зыряновск, Қаршыға, Жалтыр, Ашылы, Ұратебе, Күшікбай), қалайы (Атасу тауы, Қалба және Нарым жоталары), алтын (Степняк, Қазаншұңқыр, Балажал, Ақжал, Дайбай, Майқапшағай, Ақабек) кен орындары бұл аймақтың ежелгі металлургия орталықтарынын бірі болғанын көрсетеді9.
Геологиялық зерттеулер ежелгі заманда тоттанған мыс рудаларын өндіріп, балқыту ісінің зор мөлшерге жеткенін аңғартады. Ең жұпыны есептің өзі Жезқазған өңірінде балқытылған мыстың көлемі шамамен 100 мың тонна болғанын көрсетеді. Успенск мыс руднигінен 200 мың тонна руда шығарылған, ал Имантау кен орнынан ежелгі заманда 48 мың тонна мыс рудасы қазылып алынған. Ежелгі заманда касситерит шығарылған кеніштерінің барлық зерттелген орындары бойынша жүргізілген есептің көрсетуінше, мұнда 130 тонна қалайы өндірілген. Кені қазылып алынған орындардың аумағы мен шығарылған руданың көлемі мыс, қалайы және алтын кеніштерінің талай ғасырлар бойы пайдаланылып келгенін көрсетеді.
Мысы мен қалайысы мол, тотықтанған руда ғана (малахит, азурит, касситерит) өқдірілді. Өндірудің түрі мен әдісі рудалы қабаттың орналасу..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!