Тарих | Қазақстанға қола дәуіріндегі ескерткіштер

 Тарих | Қазақстанға қола дәуіріндегі ескерткіштер

Мазмұны
І. Кіріспе
Дәуірдің ерекшеліктері
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстанға қола дәуіріндегі ескерткіштер
2. Орталық Қазақстанның тайпаларының ескерткіштері
3. Солтүстікң және Батыс Қазақстанның ----------
4. Шығыс Қазақстан --------------
5. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу -------------
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Дәуірдің ерекшеліктері. Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б. з. б. II мыңжыддықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға көшу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақғығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл
Қола дәуіріндегі қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты. Олардың бірі — жаңа дәуірді белгілеген фактор — палерметалдардың ендірістік жолмен игерілуі болды.
Андронов мәдениеті. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстанның және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді; бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Бірінші ескерткіштін табылған жері Ачинск маңындағы Андроново селосының атына қарай бұл мәдениет ғылымда шарты түрде «Андронов мәдениеті» деп аталды.
Андронов мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықгарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыс аудандардын, андроновтық тұрғындары қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларға тікелей ықпал жасап отырды.
Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін керсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жертөлелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын кашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды.
Андроновтық уақытқа байланысты металдан жасалған еңбек құралдары, қарулар және сәндік заттар: ұңғысы бар, дүмі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға-шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер көп тарады.
Андроновтық тұрғындарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялық белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнегі бар балшық ыдыстардың өзінше бір жиынтығы, металл бұйымдардың түрлері болып табылады.
Тарих ғылымында бірнеше болжам бар.
Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениеті неолит пен энеолит дәуірлеріндегі Қазақстан даласының солтүстік аймағының және Орал сырты мен Батыс Сібірдің іргелес аудандарының мәдениет жағынан, әрі, сірә, шыққан тегі жағынан туыс тайпаларының табиғи дамуы негізінде құрылған деп есептейді. Сол кездің өзінде-ақ мал өсіру, қарапайым егіншілік және кен кәсібінің бастамасы мәлім болатын.
Үнді-иранның ежелгі жазбаша ескерткіштерін - Авестаны, Ригведаны, Атхарваведаны, Яджурведаны, шатапатханы және топономика мен ономастиканыцң басқа да деректерін, археологиялық материалдарды талдау негізінде тарихи және филология ғылымында андронов тайпаларының үнді-иран намесе арий текті екендігі туралы болжам
Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 ж. А. Я.
Тугаринов ашты. Содан бері еткен уақыттың ішінде орасан көп археологиялық материал жиналды.
Бұл мәдениеттің ескерткіштерін кезендерге бөліп, топтастыруды бастаған С. А. Теплоухов болды. Әсіресе М. П. Грязновтың сіңірген еңбегі зор. Ол 30-жылдарда-ақ андронов мәдениетінің тарихи құбылыс ретіндегі суреттемесін жасап берді және далалық қола дәуірінің хронологиялық үш кезеңін: алдыңғы, ортаңғы және соңғы кезендерін саралап берді.
Кейін К. В. Сальников Орал сыртының андронов мәдениетіне хронологиялық топтама жасады; оны бірінің орнын бірі басқан үш кезеңге бөліп, оларға шартты түрде мынадай аттар берді: федоров кезеңі — б. з. б. XVIII— XVI ғасырлар, алакөл кезеңі - б. з. б. XV—XII ғасырлар, замараев кезеңі - б. з. б. XII—VIII ғасырлар. Андронов мәдениетін К. В. Сальниковтың кезендерге бөлуі тарих ғылымында дұрыс деп танылды және далалық қола дәуірінің ескерткіштерін зерттегенде осы мәдениеттің тараған аудандарының бәрінде қолданылды.
Қазақстанның андронов мәдениетін кезендерге бөлу проблемасымен Ә. X. Марғұлан, К. А. Ақышев, А. Г. Максимова, С. С. Черников, А. М. Оразбаевтар айналысты.
Қазіргі кезде К. В. Сальниковтың кезендерге бөлуі қайта қаралып, Э. А. Федорова-Давыдованың, В. С. Стоколостың, Г. Б. Зданович пен басқа да зерттеушілердің еңбектерінде нақтылана түсті.
Өнімді мал шаруашылығына көшу ілгері басқан құбылыс болды. Жана еңбек құралы, өндіріс құрал-жабдығы ретінде бақташы тайпаларға мал материалдық игіліктер өндіруде көп артықшылықтар берді. Ет-сүт өнімдерінің қоры молайды, олардың жаңа түрлері (ірімшік, сүзбе) пайда болды, үй кәсібі (теріден, жүннен бұйым жасау) ұлғайды.
Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дами бастады. Қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен егіншілік бірін-бірі толықтырып, өзара байланысты болды. Мәселен, Усть-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Ол уақыттағы адам кездейсок, ұсақ егістен өзендердін, жайылмаларындағы шағын алқаптарға тұрақты егін егуге көшті.
Неғұрлым жетілген құралдардың пайда болуына байланысты егіс те біраз өсті. Негізінде бидай, кара бидай, тары егілді. Дәнді дақылдардың бұл түрлерінің бәрі қоныстарда салынған үйлер мен қора-қопсыларда айқын көрінеді. Егіншілік өзінің сипаты жағынан қарапайым болып қала берді және мал өсірумен салыстырғанда кемекші рөл атқарды, бірақ ол тамақ өнімдерін алудың маңызды көзі болды.
Орталық Қазақстанның тайпаларының ерекшеліктері
Шүйгін жайылымдар мен рудалы кен орындарының көптігі арқасында Орталық Қазақстан ежелгі замандағы мал шаруашылығы, кен кәсібі мен металлургия дамыған ірі аймаққа, андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының біріне айналды. Мал шаруашылығы мен металлургия және бұлармен бірге бақша егіншілігі арқасында Орталық Қазақстанды мекендеуші ежелгі адамдардың материаддық және рухани мәдениеті жоғары деңгейде болды.
Қазақтың ұсақ шоқылығының байтақ жерін мекендеген тайпалар тұрғын үйлер мен қора-қопсылардың қалдықтары бар қоныстар, бейіт құрылыстары мен көне рудниктер, жартастағы суреттер мен құрбан шалу орындары сияқты көптеген ескерткіштер қалдырды.
Қола дәуіріндегі ескерткіштердің тараған батыс шегі Жезқазған — Ұлытау — Арғанаты — Терісаққан өзенінін, жоғарғы бойлығы арқылы өтеді. Жезқазғанда бұл мәдениет көптеген кен орындарымен көрінеді, олардың ішіндегі ең ірілері Кресто, Петро, Златоуст, Милықұдық болды. Солтүстігінде бұл шекара Есіл мен Тобыл өзендерінің аңғарына дейін, шығысында Ертістің сол жағасы мен Шыңғыс жотасына дейін барады, ал оңтүстікте бұл мәдениеттің ошақтары Бетпақдала шөлінің солтүстік шетінен Жетіқоңыр өңірінен, Тайатқан, Шұнақтауларынан, Батпақсу мен Шажағай өзендерінің алқаптарынан мәлім
Қазіргі уақытта Орталық Қазақстанда қола дәурінің 50-ге жуық қонысы мен 150 ірі қорымы табылды. Қазба ісі 40 қорым мен 10 қоныста жүргізілді.
Алдыңғы қола мәдениеті. Мәдениеттің алдыңғы, Нұра кезеңі әзірше толық зерттелмеген, бейіт құрылыстарының материалдары бойынша ғана мәлім.
Қорымдардың дені Бұғылы-1, Ақсу-Аюлы-1 қорымдары секілді болып келеді. Оның бірнеше қоршаудан тұратын біріншісі Шерубай-Нұра өзені алқабының батыс жағында, Бұғылы тауының етегінде орналасқан. Бұғылы-1 қорымында қазылып ашылған дөнгелек және тік бұрышты қоршауларда тік бұрышты қабірлер болды; кейде олар жалпағынан салынған тақга тастармен шегенделген (цисталар). Бейітгегілердің көпшілігі өлікті ертеу ғұрпы бойынша жерленген. Лақыттарда мол өрнектелген бір-екі қыш ыдыс табылды, олардың кейбіреуінің түбі вазаның түбіндей әсем, бұлармен бірге балшық ұршықбас, дөңгелек қола айна, қола моншақтар мен тізбектер шықты. Молалардан және олардың жанынан үй жануарларының (жылқының, қойдың) — батаға сойылған малдың сүйектері табылды.
Тік бұрышты шұңқырлардан нұралық тұрпатты қыш ыдыстар табылды. Бітімі жаңа ыдыстар — Солтүстік және Батыс Қазақстандағы көрші тайпалардың ыдыстарына ұқсас иіні ойық ыдыстар шығады. Кейін мұндай үлгідегі ыдыстар Орталық Қазақстанда да басым бола бастайды.
Атасу кезеңіндегі андронов тұрғындарының мәдениеті — алдыңғы қола мәдениетінің жалғасы мен табиғи дамуы. Сонымен бірге бұл — қоғамның, оның экономикасы мен мәдениетінің дамуындағы жаңа, неғұрлым жоғары кезең; бұл кезең қола дәуірінің дамыған ортаңғы кезеңіне жатады.
Атасу кезеңінде иіні дөңестеліп иілген ыдыстар сақталды, бірақ мойыны мен бүйірінің арасы ойық құмыралар, қарапайым құты сияқты ыдыстар, аралық түрлер басым болдды.
Қорымдардан көптеген қыш ыдыстар, бұранды бұрамалары түйісіп келетін қола білезіктер, самайға тағылатын алтын жалатылған сырғалар, қола тізбектер, алқалар және палеометалдан жасалған басқа да бұйымдар, ұнтақтан қатырылған, меруерттен, тастан жасалған моншақтары бар алқалар, тесіп ілінетін жыртқыш азулары мен қабыршақтар жиналды.
Орталық Қазақстанда Атасу кезеңінің ескерткіштері көп, олар: Қоңырат ауданындағы Былқылдақ Қарасай, Темірастау, Қарабие қорымдары, Шерубай-Нұра өзені алқабындағы Басбалдақ Ақсу-Аюлы-1 қорымдары, Бетпақдаланың солтүстік шетіндегі Елшібек, Беласар қорымдары және басқалар.
Атасу қонысының тұрғындары ыдыстың түрлі үлгілерін - тамақ пісіретін өрнексіз долбарлы керамиканы және тамақ ішетін, геометриялық өрнектермен сәнделген ыдыстарды жасай білген. Өрнектер көбіне тегіс қалыппен түсірілген, бірақ тарақ тәрізді қалыппен түсірілген өрнектер де аз емес.
Дәндібай-Беғазы мәдениеті. Дәндібай-Беғазы заманындағы (б. з. б. X— VІІІ ғасырлар) тайпалар мәдениетінің дамуы бірінен кейін бірі келетін үш кезеңге: өтпелі, дамыған және соңғы кезендерге белінеді.
Атасу заманынан Дәндібай-Бегазы заманына дейінгі өтпелі кезең Атасу өзеншен Ертіске дейінгі байтақ далада таралған көптеген ескерткіштермен сипатталады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3 кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге, бір жағынан, андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің: тұрпаты ерекше бейіт тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы тән. Жерлеу ғұрпы да андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктетілген каңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі, ерте темір дәуірінде Қазақстан аумағында тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.
Ақсу-Аюлы-2 кешеніндегі ең үлкен обаның биіктігі 2 метр, диаметрі 30 метр. Үйіндінің астынан бір-біріне жалғасқан терт тас құрылыс : үш қоршау және үлкен-үлкен төрт тақта тастан жасалған шомбал тас жәшік шықты. Бірінші, сыртқы қоршау қырынан қазылып орнатылған ірі гранит тақталардан құралыпты. Екінші қоршау әдейі іріктелген тік бұрышты тақталардан көлденең қалау техникасы арқылы салынған. Қалау сол кездегі жердің бетінен басталыпты. Дуалдардың төменгі жағы тіп-тік, ал жоғарғы жағы аздап ішке карай иілген. Бұл — соңғы қола дәуіріндегі құрылыс техникасына тән әдіс; мұнда артылта қалау арқылы жалған күмбез жасау шешімінің бастамасы көрінеді. Үшінші кіші қоршау екіншісіне жалғастырылған. Ол тік бұрышты түрде салыныпты, бұрыштары иілген. Екінші қоршау сияқты, бұл қоршау да эллипс бітімдес. Оның батыс және шығыс дуалдарының мандайшасына қосымша бір-бір үлкен тақта орнатылған. Құрылыс тебесінің негізгі салмағы осы тақталарға түсірілген.
Ақсу-Аюлы-2 кешеніндегі үлкен обаның тас жәшігінен қол-аяғы созылып жатқан адамның қаңқасы шықты. Дәндібай-Бегазы мәдениетінің басқа ескерткіштерінде созылып жатқан каңқалармен қатар әдеттегідей бүктетіліп жатқан қаңқалар да кездеседі.
Бұл обадан табылған қыш көзе өтпелі кезендегі керамикалық ыдыстың үлгісі бола алады. Түрі мен өрнектелуі жағынан ол андронов ыдыстарына жақын. Оның ернеуі үзік сызықты үш бұрыштармен және сопақша ойықтармен сәнделіпті. Бүйіріне жоғарғы жағын белдеулей әсем меандр мен бұршақ келеміндей дөңгелек ойықтармен белдеу жүргізілген. Мұндағы өрнек түсіру техникасы келденең сызықтары бар ірі тарақ тәрізді қалып; мұндай қалып Орталық Қазақстандағы соңғы қола дәуіріне тән. Жалпы алғанда, керамикалық ыдыстың бітімі түбірінен өзгеріске ұшырап, кешіп-қонымы көп тұрмыс салтына барған сайын бейімделе түседі.
Бегазыдағы ескерткіштер тобында біртектес алты қоршау бар, көлемі жағынан бұлардың екеуі кезге түседі. Бегазы құрылыстарының негізі — кіретін дәлізі, айналма галереясы мен тіреуіш тас бағандары бар аралас тұрпатты құрылым. Барлық ескерткіштердің іргелері 0,8—1,2 метрдей тереңдікте жерге көмілген. Бегазы монументтері бір немесе екі бөлікті төрт бұрышты құрылыстардан тұрады; ал төрт бұрыштын, төрт жағы әлемнің төрт жағына қарай бағдарланған, тігінен қойылған жалпақ гранит тақталармен қапталған немесе қырлы тастардан көлденең қаланған. Соңғы жағдайда қаланған тас арасы құрылымы өте тығыз ерітіндімен бекітілген. Құрылыстың көмілген белігінін жиегінен жоғары, жер бетінде, биіктігі бір метрдей дуал бар. Ол сыртынан тігінен қатарластырып жерге қазып орнатылған, бір-біріне тығыз қиюластырылған үлкен-үлкен гранит тақталармен түгелдей қапталған.
Бегазы ескерткіштерін салу үшін сүр түсті граниттің өте үлкен кесектері іріктеліп алыныпты; мұндай гранит құрылыстарға жақын жерден шыққан. Құрылыстың кейбір тік бұрышты тақталарының салмағы үш тоннаға дейін жетеді. Дуалдар берік, әрі орнықты болуы үшін бұл тақталардың биіктігінің үштен бірі жерге көмілген, соның өзінде олардың жазық жерден биіктігі 2-2,5 метрдей.
Қола дәуірінде Солтүстік және Батыс Қазақстандағы тайпалардың тарихи тағдырлары бір-бірімен тығыз байланысты дамыды. Б. з. б. II мыңжылдықта бұл аумақта андроновтық (алакөлдік) тайпалар мекендеді. Олардың шаруашылығының негізі мал өсіру мен кетпенмен өңдейтін егіншілік болды. Сол дәуірдегі шаруашылықтың талаптарына сай келетін қолайлы жер көлемінің шектеулі болуы құнарлы шүйгін жерлердегі тұрғын аландардың бос тұрмау себептерінің бірі еді. Бір тайпалардың орнына екінші тайпалар келді; олар дәстүрлі жерлерге қоныстанды, көбінесе өздерінің тұрғын үйлерін салу үшін бір кезде біреулерден қалған ескі құрылыстарды пайдаланды. Сөйтіп, Солтүстік және Батыс Қазақстанның андроновтық қоныс-мекендері көп қабатты ескерткіштерге айналды.
Алдыңғы қола мәдениеті. Бұл аймақта алдыңғы қола дәуірінің ескерткіштері онша көп шыққан жоқ: көбі әбден қираған жеті қоныс және елікті өртеу ғұрпы бойынша жасалған екі көмбе бейіт шықты. Неғұрлым көбірек зерттелгені Вишневка-1 шағын қонысы (Петропавл қаласының маңында) болды. Онда сақталған конструкциялар алдыңғы қола дәуіріндегі тұрғын үй туралы түсінік береді. Бұл — жер бетіне салынған үй, едені құмайт жердің топырағы. Ол тік бұрыш сияқты созыла орналасқан, аумағы 126 шаршы метр. Үйдің төбесі (сірә, екі сайлы болса керек) ұзынынан салынған бөренелерден қиылған қабырғаларға және үйдің ұзына бойындағы бағандарға (бағандар орнатылған бірнеше шұңқыр байқалды) тірелген.
Алдыңғы қола ескерткіштерінің материаддары неолит дәуірімен салыстырғанда халықтың көбірек отырықшы болғанын көрсетеді. Балық аулау мен аң аулау бірте-бірте екінші қатарға ығысқан.
Алдыңғы қола ескерткіштеріңдегі ыдыстар құты сияқты, түбі жайпақ. Суреттердің композициялық құрылымы және өрнек тұрпаттарының арақа-тынасы әр түрлі ыдыстарда әр келкі. Сол заманға жататын ыдыстардың бірінші тобына, Бескөл-1, -5, Вишневка-2, Пестрое қоныстарынан және көмбе бейіттерден табылған ыдыстарға тоқыма-шұңқырша керамика тән. Оның ең кеп тараған элементгері - үшбұрышты, төртбұрышты, сопақша келген алуан турлі шұңқырша ойықтар. Өрнек ыдыстардың бүйірі мен түбіне салынған. Суреттүсіру үшін әдетте бір элемент пайдаланылады. Керамиканың басым көпшілігінде дөрекі матаның ізі бар.
Ортаңғы қола мәдениеті. Б. з. б. II мыңжылдықтың екінші ширегінде өндіруші үлгідегі шаруашылық біржола орнықты, ал қола ғасырының металлургиясы әбден гүлденген шағына жетеді........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!