Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Қаржылық есеп және есеп ақпараттарын қолданушылар

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Қаржылық есеп және есеп ақпараттарын қолданушылар

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Қаржылық есеп және есеп ақпараттарын қолданушылар казакша Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Қаржылық есеп және есеп ақпараттарын қолданушылар на казахском языке
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ 5
1.1 Есеп түрлері. Қаржылық есеп және басқару 5
1.2 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары 9
1.3 Қаржылық есеп берудің негізгі элементтері 13
2 «ТАЛАП» ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІНІҢ НЕГІЗГІ ФОРМАЛАРЫ 16
2.1 Қаржылық шаруашылық қызметі туралы есеп беру 16
2.2 Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба 18
3 ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 23
3.1 ХҚЕС №1 және БЕС 330 талаптарына сай қаржылық есепті жасау мен жетілдіру жолдары 23
3.2 Қаржылық есепті жасауда 1С «Бухгалтерия» бағдарламасының мүмкіндіктері 24
3.3 Қаржылық ақпаратты қолданушылар 26
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
ҚОСЫМША 1 ШЫҒЫСТАР ЖӘНЕ КІРІСТЕР ТУРАЛЫ ЕСЕП 29

КІРІСПЕ
Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.
Қаржылық есеп беру мәні – оның атауына негізделеді. Бір жағынан ол бухгалтерлік есеп әдістерінің бір бөлігі болып саналса, екінші жағынан Қаржылық есеп беру –жылдық және кезеңдік есеп берулердің бір формасы болып табылады.
Қаржылық есеп беру көбіне ақпараттық формаға жатқызылады. Қаржылық есеп беруді білу – оның әрбір баптарының мазмұнын бағалау әдістерін, кәсіпорын қызметіндегі алатын орнын, басқа баптармен байланысын білу. Бұл тақырыптың маңыздылығы сол, қаржылық есеп беру арқылы:
- талданып отырған кәсіпорын туралы көп көлемде ақпарат алынады;
- кәсіпорынның жеке айналым құралдарымен қамтамасыз етілуін анықталады;
- айналым құралдарының өзгеріс мөлшерін анықтауға болады;
- аналитикалық көрсеткіштерді есептеуінсіз кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы бағаланады;
- жыл ішінде кәсіпорынның қаржылық жағдайында қандай өзгерістер болғаны анық көрінеді.
Сондай – ақ, Қаржылық есеп беру коммуникацияның нақты құралы болып табылады, ол арқылы: басшылар ұқсас кәсіпорындар жүйесінде өз кәсіпорны қандай орын алатыны туралы, таңдалған стратегиялық курстың дұрыстығы туралы, пайдаланылатын ресурстар тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы туралы мәлімет ала алады, және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға байланысты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді;аудитор өз тексерісін жоспарлау, аудит жүргізу процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін қосымша мәлімет ала алады, есеп жүйесіндегі әлсіз орындарды анықтауға және клиенттің сыртқы есеп берулеріндегі кейбір мүмкін қателіктерді анықтауға мүмкіндік алады;аналитиктер қаржылық анализ бағыттарын анықтай алады.
Сонымен, Қаржылық есеп беру кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен, белгілі бір сәтке екі топпен: орналасу мен пайдаланылуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – Қаржылық есеп берудің мәні мен маңызын, оның басқару шешімдерін бақылаудағы рөлін анықтау болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес жұмысымда келесідей міндеттер айқындалады:
- есеп түрлерін анықтап, оның ішінде қаржылық есепке толығырақ тоқталу;
- қаржылы есеп берудің негізгі элементтерін көрсету;
- «Талап» ЖШС негізінде шаруашылық қызметі туралы есебіне талдау жасау;
- ХҚЕС 1 және БЕС 30 талаптары негізінде қаржылық есепті жасау жолдарын көрсету;
- қаржылық есепті жасауда 1С «Бухгалтерия» бағдарламасының мүмкіндіктерін ашып көрсету;
- қаржылық ақпаратты қолданушылар жайлы айтып өту.
Курстық жұмысым кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады және ҚР-ң Заңы, нормативтік актілерге, теориялық және әдістемелік жағынан көптеген ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне сүйеніп, кәсіпорынның бухгалтерлік балансына негізделіп жазылған.
1 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ
1.1 Есеп түрлері. Қаржылық есеп және басқару
Шаруашылық есептің қамтитын объектілері сандық көрсеткіштер арқылы өлшенеді. Оларды алу үшін есепте заттай, еңбек және ақшалай өлшеуіштер қолданылады.
Заттай өлшеуіштегі есеп объектілерін бейнелеу үшін масса, көлем. ұзындык бірліктері мен (килограмм, литр, метр) түрлері, бұрьштары, мөлшері және т.с.с, шамалар қолданылады.
Еңбек өлшеуіштегі жұмыс уақыты бірлігімен (күндер, сағаттар, минуттар) еңбекке жұмсалған уақытты анықтауға мүмкіндік береді. Еңбек өлшеуіштерінің көмегімен затгай өлшеуіштер үлестіріліп. өнімділік мөлшері белгіленеді, еңбек өнімділігі, жұмыс уакыты мен жалақы қорын пайдалану анықталады.
Ақшалай өлшеуіштер (теңге, тиын ) шаруашылық құралдарын, олардьң пайда болу көздерін, бірдей ақашалай бағалау арқылы іс-әрекеттің процестері мен нәтижелерін жинақтап қорыту үшін қолданылады.
Есептік өлшеуіштердің барлық үш түрін өзара байланыстырып есепте қолдану тек кәсіпорын, сала бойьшша емес, бүкіл Республика ауқьмында да қорытындыланған көрсеткіштер алуға мүмкіндік береді.
Шаруашылық есептің біртұтас жүйесіне оперативті, статистикалық және бухгалтерлік есептер кіреді.
Оперативті есеп - кәсіпорынның іс-әрекетін күнделікті бақылауға мүмкіндік береді, белгілі бір шаруашылық операциялардың жекелеген деректерін сол болған сәтінде. тікелей орнында өндіріс барысы (жұмысқа шығу, шықпау есебі, автокөлік, оньң жүру есебі) туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен тіркеу жүйесі больш табылады. Оперативті есептің негізгі талабы - мәліметтерді алудың шапшаңдығы. Есепті бухгалтерлер, диспечерлер, бақылаушылар және тағы басқа қызметкерлер жүргізеді. [5, 66-б]
Статистикалық есеп - экономиканьң әр-түрлі салаларында жалпылама-көпшілік сипаты бар құбылыстарды. жалпы қоғамдық құбылыстарды олардың салалық жағынан ажырамас байланыстағы сандық жағын зерттейді. Статистика оперативтік және бухгалтерлік есептің мәліметтерін пайдаланады.
Бухгалтерлік есеп – кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңдарымен, бухгалтерлік есеп стандарттарымен, сондай-ақ ұйымның есеп саясаты мен («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңның 6-бабы) реттелетін кәсіпкерлер, ұйьмдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап қорыту жүйесі. Есеп қатаң түрде, әр жазба тек арнайы рәсімделген құжат негізінде ғана жүргізіледі, бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның күмәнсіз сенімділігін, шыншылдығын және тағы басқаларын арттырады.
Салыктъқ есеп - бухгалтерлік есептің салық заңдарының талаптарына сәйкес түзетілген мәліметтерін пайдаланады.
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылык-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жұйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жүмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына занды тұлғаның каржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашактағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық кызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезендерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Рсепубликасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу кағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс аткарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.
Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды. [6, 112-б]
Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылык, жедел жағдайларын (оқиғаларын) бағалаған кезде олардың кабылданған шешіміне алынған (немесе пайдаланған) мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде кабылданған экономикалық шешімдер олардын ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құрылады, егер де онда мәнді кателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша қаражатының козғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.
Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндетгемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың пайдальлығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.
Жүйелілік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
Есеп беруге қойьлатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің (деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден өтеді. Бұл өндеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік мәміле жасалады).
Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО, ведомость, Бас кітап).
Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру т.б.). [8, 108-б]
Төртінші кезең. ШС-нің қаржылық-шаруашылық, қызметі талданады.
Есеп беру жөніндегі жүмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші кызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:
№ 2 "Бухгалтерлік баланс және қаржылык есептің негізгі көрсеткіштерін ашып керсету" (2 БЕС); "Қаржылық-шаруашылық кызметінің нәтижесі туралы есеп беру" (3 БЕС) және "Акдша каражатының қозғалысы туралы есеп беру" (4 БЕС) арқылы жүзеге асады.
Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушьшарында, құрьлтайшыларында) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша); жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.
Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен қатар, жалпы белгіленген тәртіпте біріккен (жиынтық) есебін де береді.
Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының зандарында басқадай ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдык, бухгалтерлік есепті есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызьнан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері (қатысушылары, құрылтайшылары) белгілейді.
Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладағы кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі.
Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.
Кәсіпорындардың шаруашьшық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.
Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.
1.2 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылык қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасьнда алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта сортталудың нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.
Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылыкгардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді, және ол есеп айырысуды дәлелдеу (анықтау) үшін де қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу (немесе түгелдеу) деп атаймыз.
Түгендеу (немесе түгелдеу) — бұл бухгалтерлік есеп әдісінің басты элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражатарының, аяқталмаған өндірістің, тауарлы-материалдық құндылықтардың, материалдык емес активтердің, негізгі құралдардың нақты колда барын тексеруін және олардың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне (нысанына), қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы больп табылады. Тек соның көмегімен шаруашьлықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылык, құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге бөлінеді: толық және ішінара болып.
Толық түгендеу әдетте, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлык, активтері мен пассивтерін баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мұндай толық түгендеу бақылаушы органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін. Ішінара түгендеу, тек кана түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, мысалға, кәсіпорынның кассасындағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі құралдардың саны т.б. [9, 85-б]
Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі мүмкін:
 жоспарлы - алдын ала белгіленген мерзімде, қойған мақсатына және мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі;
кезектен тыс - бұл кәсіпорын басшысының тапсырмасы бойынша, бақылаушы органдардың талабы бойынша материалды жауапты тұлғаның ауысқан кезінде, табиғи апаттардан кейін жүргізіледі. Ол БЕС 24 "Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру" стандартына сай етіп жасалынады. Онда оның кезектілігі түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу комиссиясының құрамы және т.б. қағидалар қарастырылады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 19 | 22.01.2019



Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық есеп беруді жасау
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық есеп беруді жасау
Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық есеп және есеп ақпараттарын қолданушылар
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық есеп және есеп ақпараттарын қолданушылар
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есепке алу туралы Қазақстан  Республикасының заңы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есепке алу туралы Қазақстан Республикасының заңы
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есеп қағидалары
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есеп қағидалары
Курстық жұмыс: Экономика | БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде  ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ ЕСЕП ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ ЕСЕП ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қаржылық есеп және есеп ақпараттарын қолданушылар курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар бухгалтерлік есеп жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қаржылық есеп және есеп ақпараттарын қолданушылар курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар бухгал, Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Қаржылық есеп және есеп ақпараттарын қолданушылар дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін