Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру казакша Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе
1 бөлім
Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
1.1 Халықаралық қаржы есеп стандарты бойынша есеп саясаты
2бөлім
Қаржылық есеп беруді жасау
2.1 Қаржылық есеп берудің элементтері
2.2 Бухгалтерлік баланс
2.3 Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру
2.4 Инвестициялық және қаржылық қызметі
2.5 Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар....


1 бөлім Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы

Қаржылық есеп беру - Бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы – шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысанарға топтастырылған көрсекіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Кәсіпорының есеп беру нысандары жетіліп , есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттарының талаптарына сай келе бастады. «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» 26.12.1995ж. №2732 ҚР Заңының (өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге)өзінде « Қазақстан Республикасындағы харжы есептілігінің стандарттары »2-1 бабында қазақстандық ұйымдардың ХҚЕС- на өту мерзімдері айтылмаған. Бұл бап « Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы » ҚР Заңына 24.06.2002 жылғы № 329-II Қр Заңының негізінде енгізілген болатын . Осы Заңмен (11.06. 2004ж № 562-II өзгерістермен және толықтыруларымен бірге) 2-1 бап:
- Қазақстан респубикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен айқындалатын жекеленген ұйымдар үшін-2003 жылғы 1 қаңтардан бастап;
- акционерлік қоғамдар үшін – 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап;
-өзге ұйымдар үшін 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап;
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап «бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы » ҚР Заңына сәйкес , Қазақстан Республикасы ұйымдарының барлығы дерлік ХҚЕС – қа көшті, енді осыған байланысты барлық ұйымдар өзінің қаржылық есебін ХҚЕС-қа сәйкес жүргізеді .
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер мен мердігерлер, сатып алушылар, еңбеккерлер , сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға , несие беру бойынша шешімдерге және инвеститциялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді .
Есеп беру мәліметтерді кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін , сондай-ақ шаруашылық қызметін жедел басқару үшін сыртқы пайдаланушылыр пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы)база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету , барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру , бухгалтерлік пен жедел – статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады .
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.



Қаржылық есеп берудің негізгі принциптері болып:

Базистік (әдістамалық) принциптер Сапалық принциптер Талапқою - принциптері
1.Екіжақтылық
2.Ақшалай өлшеу
3.Дербестік немесе мүліктік жекелік
4.Үздіксіздік
5.Өзіндік құн
6.Сақтық пен ықтималдық
7.Материалдық
8.Сату немесе есептеу әдісі
9.Сәйкестік 1. Түсініктілік
2. Орнықтылық
3. Сенімділік
4. Салыстырмалық
1.Толықтылық
2. Мәнділік
3.Шындық
4.Нысаннан мәнділіктің артықшылығы
5.Бейтараптылық
6. Сақтық
7. Деркезділік
8.Ұтымдылық пен жұмсалған шығындар арасындағы теңдік
9. Сапалы сипаттар арасының теңдігі
10.Анық объективтікпен даярлау

Әрбір прнцип қаржылық есептің мақсаты мен мазмұнын терең түсінуге, мұның сапасын сипаттауға, қаржылық есептің пайдалығын анықтауға, қаржылық есеп элементтерін өлшеу мен тану тәртібіне, капитал ұғымы мен мұны тұрақтандыру мәселелерін ашып көрсетуге арналған.

Сапалық принциптер
Түсініктілік – ақпараттар сапасы. Ақпараттар кәсіпкерлік қызметпен айналысушылар үшін жеткілікті және қолайлы қалыптасуы керек. Егер кәсіпкерлік әрекеттермен айналысушылардың белгілі дәрежеде кәсіби білімі болмса да, қаржылық есепке тән жасалған ақпараттар пайдаланушылар үшін қолайлы және түсінікті болуы шарт.Сондықтан қаржылық есеп өрісіндегі барлық ақпараттар түсінікті жасалып, нақтылы жағдайда қолдану және шешім қабылдау тұрғысында өте анық болуы керек.
Орнықтылық –ақпараттардың онықтылық принципінің негізін нақтылы әрекеттерді қамтитын ақпараттар құрайды.Орнықты ақпараттар қаржылық шешім қабылдаушылардың алдына қойған мақсатына жетуіне тікелей әсер етеді . Орнықты ақпараттардыңмысалына дивиденттер және еңбек аы төлеуді , құнды қағаздар курсының өзгеруін,сондай – ақ ұйымдардың дер кеінде алған міндеттемелерін жабу жөніндегі мәліметтер жатады. Орнықты ақпараттар өткен уақыттағы , қазіргі алдағы , сондай-ақ өткен оқиғаларды түзету мен бағалау үшін қажет. Орнықты ақпараттарды пайдалану мен талдау нәтижесінде өткен кездердегі орын алған нәтижелерді бекіту немесе түзету , сондай-ақ болжау процестерін шешуге болады.
Сенімділік – мәні жағынан қатесіз жасалған ақпараттар қасиетінің сипатталуы. Арнайы қабылданған есеп жүргізу жөніндегі ережелер мен стандарттар талабын сақтай отырып , орытындыланатын қаржылық есеп дайындау барысында осы ұйымның ызмет атқарушы бухгалтерлері есми қойылған талаптарға сай ұйымның қаржылық жағдайы жөніндегі барлық ақпараттарды, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жөніндегі ақпараттарды да аса бір шындық және сенімді жодармен сапалы дайындалуы керек.
Есеп ақпараттарын пайдаланушы жақтар және клиенттер, фирмалар мен ұйымдардың т. б. Заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы жөніндегі ақпараттарына сенімділік туғызуы керек . Егер қаржылық есеп даярлау барысында мәні жағына маңызды қателер мен ауытқушылықта жіберілмеген жағдайда ақпараттар сенімді болады. Яғни орын алған операциялар мен оқиғалар жөніндегі ақпараттар теек шындық фактілерді ғана сенімді тұрғыдан көрсетуі керек.
Салыстыру – есеп атқаратын пайдалаушылардың қабылдайтн шешімі көп ваианттылыққа жәнне бәсекелестікке байланысты . Бұған мысал ретінде бәсекеге түсуші жақтар асында өлемі жағынан шектеуі экономикалық ресурстарды инвестициялау жөнінде қабылданатын әр түрлі шешімді айтуға болады. Салыстыру принципі ұқсас екі компания арасындағы нәтижені осы жыл ішіндегі нәтижені өткен жылдардағы нәтижелермен өзара салыстыру арқылы жүргізіледі. Салыстыруға келмейтін нәтижелересеп жүргізудің әр түрлі қосымша әдістерін қолданумен түсіндіріледі. Қаржылық есеп пайдалы және маңызды болу үшін, оның көрсеткіштері әрбір есепті жылдар бойынша экономикалық және қаржылық трғыда салыстырып отыруы керек .
Есеп мәліметерін салыстырудың нәтижесінде ұйым қызметінің болашақтағы тиімділігін анықтау, алдағы кезеңдер үшін қаржылық бағыттағы шешімдер қабылдау және несиелендіруші жақтар мен инвесторлардың банкротқа ұшырап, кедейленіп кетпеуін қамтамасыз етуге жататын шараларды белгілеуге болады. Алайда бұл үшін басқарудың ережелері мен бухгалтерлік есеп әдістерін бұрмалауға және шектеуге болмайды.

Талап қою принциптері
Толықтылық. Қаржылық есепті сенімділігін қамтамасыз ету шін ақпараттар мәнділігімен бұларды алу шығындарының аз жұмсалуын қадағалай отырып толыық жасалынуы керек. Есепке алынбай қалған ақпараттар қате немесе бұрмалаушылық жолмен тапсырылған есеп және мұндай фактілер орнықтылық жағынан сенімсіз, әрі жетілмеген болып табылады.
Осыған байланысты талап қо принципі тұрғысындағы толықтылық принципұйымдардың қабылданған есеп жүргізу әдіснамаларына байланысты шаруашылық фактілерін топтастыру, құжааттама жүргізуді ұйымдастыру, түгендеу, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу, ақпараттарды өңдеу рісіндегі бухгалтерлік есепке тән тиіст әдістерді қолдана отырып, қаржылық есеп құрудың толықтылығы қамтамасыз етіледі.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданға экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.
Шындық. Қаржылық есеп беру субьектінің ақша қаражатының қозғалысы, опеацияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алақысыз мәлімет ұсынуы тиіс.
Нысан мәнділіктің айырмашылығы. Егер шаруашылық фактілері мен басқа да операциялар шындық бағытпен жасалынса онда экономикалық қатынастар мазмұны тек қана құқықтық тұрғыда ғана емес, экономикалық жағынан да тиімді бағаланады. Бұл принцип есепте көрсетілетін операцияларды тек құқықтық жағынан ғана танып қоймай, мұндай операцияларды экономикалық маңызы және шаруашылық жүргізу ерекшеліктері жағынан да тануға бағытталған принцип болып табылады.
Бейтараптық. Қаржылық есепте берілетін ақпараттар сенімді болуы үшін, ақпараттар алдын-ала ойланған кері фактілерден бейтараптық жағдайда болуы керек. Егер ақпараттар бейтараптық жолмен дербес жасалынса, онда ақпарат пайдаланушы жақтар да сенімді болады. Алдын – ала ойлнып жасалған кері факторлар құрамындағы жағымды факторларды көрсету үшін ақпараттар объективті тұрғыда зерттеліп, есепке алынатын объектілер қатесіз өлшенуі керек.
Бейтараптық принцип есеп процесі ағынынан ешқандайда факторлардың крі әсер етпеуін қамтамасыз етуге арналған . Бейтараптық принципті қолдану арқылы айрықша экономикалық жағдай туындату мақсатында бухгалтерлік есеп счеттарын және басқа да мәліметтерді қалай болса солай қызмет атқарушы бухгалтерлердің өз қалауы бойынша қолдана беруге болмайды.
Сақтық. Қаржылық есеп даярлаушылар қандай дәрежеде болмасын белгісіз және түсініксіз факторларды болдырмау бағытында қызмет атқаруы керек. Түсініксіз факторлар көптеген оқиғалар мен жағдайлардан туындайды.
Сақтық – орын алған белгісіздік жағдай жөніндегі фактілерді бағалау мен анықтау үшін сақтық таныту болыып табылады. Мысалға, активтер мен нақтылы түсетін пайда соммалары жоғарлап, ал міндеттемелер мен шығындар соммасы төмендеп кетпеуі үшін атқарушы бухгалтерлік аса бір сақтық танытып отыру керек.
Деркезділік. Ақпараттардың пайдаланушыларға қажетті уақытта жеткізілуін айтады. Деркезінде жасалған ақпараттар өткен кездегі мәліметтер мен операциялады бекіту мен түзету үшін қолданылады. Егер есеп ақпараттары пайдаланушыларға дер кезінде жеткізілмеген жағдайда, онда ақпарат өзінің орнықтылық пен сенімділік принципін жоғалтуы мүмкін. Деркезділік принципі жариаланатын немесе жариаланған қаржылық есептің құрамдық бөлінбейтін қасиетін сипаттауға арналған.
Ұтымдылық пен жұмсалған шығындар арасындағы теңдік принципі. Сапалы ақпараттар даяарланудан түскен пайданың ұтымдылық дәрежесі ақпараттар даярлауға жұмсалған шығындар көлемінен артық болуы керек. Яғни, ұтымдылық пен жұмалған шығындар арасында жағымды баланс сақталғаны жөн. Егер ақпараттар даярлауға жұмсалған шығындар пайда келтірмейтіндей орынсыз жұмсалса , онда ақпараттар қажетсіз болып танылады. Ақпараттар ұтымды дәрежеде жасалып жақсы қалыптасқан жағайда сырты және ішк іақпарат пайдаланушы жақтар сенімді болады.
Сапалы сипаттар арасының өзара теңдігін сақтау принципі.Қаржылық есептің негізгі қызметі мен орындайтын мақсатын іске асыру үшін қаржылық есептің жекеленген сапалық сипаттары арасында қолайлы дәрежеде жағымды баланстық тиімділік сақталу керек. Әртүрлі жағдайда орын алған сапалық ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру, курстык Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Эконо, Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін