Информационно - познавательный
сайт №1 в Казахстане.
» » » Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі казакша Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................3
І. Нарықтық экономиканың теориялық негіздері
1.1. Нарықтың мәні , құрылымы және дамуы.....................................................5
1.2. Нарықтың анықтамалары мен теориялары..............................................10
1.3. Нарық инфрақұрылымы кешендi жүйе ретiнде қарастыру.......................16
ІІ. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі.
2.1 Нарықтық экономикаға өтудің негізгі бағыттары........................................19
2.2 Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы.........................................23
Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................27

Кіріспе
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындар-дың, салалардың, аймақтық кешендердің ( территориялық кешендердің), ха-лық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршең-дігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланыс-ты, дегенмен нарықтардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттр мен зерттеулерде «нарық» деген терминнің мәні осы күнге дейін ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет «дәрі» деп те, немесе осы салада орын алып отырған олқылықтармен қайшылықтарды тез реттейтін керемет «күш» деп те дәріптеуде.
Саяси экономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйе-сінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен, нарық туралы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айналыс процесі. Нарық – тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.
Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, бәсеке, ұсыныс, және т.б.) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу нарықтық айырбасқа кең жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі «батыстық модельдерді» қайталау емес. Бұрынғы сациолистік елдердегі нарықтық қатынастардың ұлғюы щаруашылық механизмін қайта құру барысындағы эаңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтың тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байла-нысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастады.
Нарық – бұл нәтиже мен еңбек шығындары аралығындағы байланыстар- ды (арақатынастарын) обьективті көрсететін, демек, өндірістің ағымдағы мөлшеріне сай тұтынуды сипаттайтын өндіріс өнімдерін айырбастау актісінің жиынтығы. Экономикалық қатынастар қалыптасқан қоғамда нарық қоғамдық өндірісті біртұтас процесс ретінде ұйымдастырады. Тек нарық көмегімен ға- на қоғамдық өндіріс экономикалық жүйеге (немесе экономикаға) айналады. Осылайша нарық өз шешімін тауып, қоғамдық тұтынуды қамтамасыз етуге қажетті мөлшердегі өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күші халық шаруашылығы салалары арасында өзара пропорционалды түрде бөлінеді.
І. Нарықтық экономиканың теориялық негіздері
1.1. Нарықтың мәні , құрылымы және дамуы
Нарық – экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру және оларды ақшаның көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылық- ты ұйымдастыру формасы.
Нарық қатынастарының зерттеуін экономикалық теория классикалық мек-тебі өкілдерінің еңбегінен іздегеніміз дұрыс. Оған – Адам Смит пен Давид Рикардо жатады. Адам Смит нарықтық зкономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеген. Мемлекет “laissez faire”-“өзінше жүре берсін” саясатын жүргізгені абзал. Нарықтың өзі ұлы үйлестіруші саналады. Нарықтық тепе-теңдік жай адам эгоизмінің негізінде жүзеге асады – пайдаға (табысқа) мүдделі және еркін бәсекенің болуы. А.Смиттің ойынша, адам нарықта өз 0пайдасын көздей отырып, "қаперінде жоқ нәрсеге көрінбейтін қол арқылы мақсатқа бағытталады. Өзінің мүддесін көздей отырып, қоғам мүддесіне жйірек қызмет жасайды". Еркін нарыққа бар ниетінің артуының арқасында
А.Смит либерализм мектебінің айтулы идеологы болды (liberalis-еркін деген латын сөзі).
Карл Маркс экономикалық теорияда нарық тепе-теңдігі мәселесін үш дең- гейде қараған: микродеңгей – көп салалы шаруашылық деңгейін және қоғам -дық шаруашылықтың ең жоғарғы, көп факторлы, ұдайы өндіріс дәрежесінің деңгейі.
Мысалы, Карл Маркс «Капиталдың» екінші томында нарықтық тепе-тең -діктің жалпы схемасын экономиканың әртүрлі аясындағы өндіріс пен қорла -нудың өзара байланыстылығына қатысты қарастырған. Карл Маркс схема -сында ұдайы өндірістің екі бөлімшесі талданады (I-өндіріс құрал-жабдығы- ның ұдайы өндірісі, II-тұтыну заттарының ұдайы өндірісі) және өзара айыр -бастың болуы қарастырылады.
Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс заңдары айқындалады және жиынтық қоғамдық өнімнің өткерілу шарты көрсетілген. Жиынтық қоғамдық өнімнің өткерілуі I-ші мен II-ші бөлімшелердің арасындағы және әр бөлімшенің өз ішіндегі пропорциясының сақталғанда ғана жүзеге асу мүмкіндігін К.Маркс ұлғаймалы ұдайы өндіріс схемасында көрсеткен. Осы пропорциясының бұзы-
луы әртүрлі өндіріс аясының өзара байланысының бұзылуына әкеліп, артық өндіру дағдарысын тудырады. К. Маркстың ұлғаймалы ұдайы өндіріс схемасындағы жалпы нарқтық тепе-теңдік швейцар экономисы Леон Валърас (1834-1910жж.) осы тектес теориясына дөп келеді. Италъия экономистері Валъфредо Парето (1848-1923 жж.) мен Энрико Бароне (1859-1924 жж.) сияқты замандастары дер кезінде ол теорияны бағаламады. Шынын айтсақ, жалпы тепе-теңдікті талдау шаруашылықты жоспарлы жүргізу теориасының салдарын жасады.
Дерективті-үлестіру жүйесін басқару кезінде нарық мәсәлесін ғылыми зерттеудің қажеттілігі болмады. Әміршілдік-бюрократтық жүйенің идиоло -гиялық нұсқауының құрсауында болған экономикалық ғылым, көптеген жыл- дары нарықтың мәні, ролі, орынына догматикалық көзқарас бұрынғы Одақ экономикалық жүйесінде басым болды.
Нарықтық теория мен практикадағы мәнінің зор екендігіне қарамастан таяу шетел мен Қазақстан Республикасы ғалым-экономистерінің нарық жайлы пікірі біркелкі емес. Бірнеше анықтамаларды келтіріп көрейік.
«Нарық – белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субъектілерін байланыстырушы ұйым».
«Нарық – тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасын-дағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы».
«Нарық – сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы қатынастар жүйесін көрсетеді».
Осы көзқарастың әрқайсысында жеткілікті аргумент келтірілген және нарықтық қатынастардың объективті нақтылығын көрсетеді, бірақ мәселенің тек бір жағын ашады. Осы анықтамалардағы ортақ пікір: нарықты өндірістің емес, айырбас саласының категориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастар- дың субъектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады. Тауар қатынасының дамыған түрі мен сауда делдалының болған кезіндегі оның нәрсе, сатушы мен сатып алушы нарықтық қатынаста мүлде әртүрлі субъекті болып табылады. Белгілі жағдайдың бірі тауар – ақша, нарық байла- ныстары сату – сатып алу аспектісімен ғана шектелмейді. Бастау айырбас пен айналыс аясының қатынасынан басталмайды, ол өндірістік қатынастан баста- лады және өнім сол жерде өндіріліп, экономикалық байланыстар туындайды. Сөйтіп өндірілген өнім қай кезде тауар болып, қандай нақты түрде тауарлы –ақша қатынасы болатындығы айқындалады.
Нарық іс-әрекетінің саласын тек айырбаспен шектеу, оның бәсекелестік- пен шығын минимумын төмендетуге, өзара пайдалы өндірістік байланыстар- ды құру сияқты сапалы қасиеттерінен айырады. Демек, нарық пен нарықтық қатынастар жоқ өндіріспен салыстырғанда, тауарлы өндірісті тиімді көрсете- тін жоғарыдағы іс-әрекеттер екені аян.
Мемлекеттік-әміршілдік экономикадан басқасына өту экономиканы орта -лықтан жоспарлы басқарудан бас тартуға әкеледі. Себебі, қоғамның экономи- калық өмірін басқаруды жақсы әрі тиімді тек нарық атқара алады. Нарықтың мәні тұрғысынан қарасақ, онда оның мән-мағынасын жоғарыдағыанықта ма лардың ешқайсысы аша алмаған. Біздің ойымызша, нарықтың мәнін дәлірек Ю.Я.Ольсевич айтқан: «Нарықты әдеттегідей айналым саласына теңей салу»... «дұрыс емес, себебі өндіріс, бөлу, тұтынудың тұла бойы «нарықтық» таңбамен сызылған».
«Нарық – өзін-өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі, барлық элемент пен буындар төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсынымның тұрақты әсерінде болады».
Біздің ойымызша, бұл анықтамаға мына сөздерді қосуға болады: «тек қатаң бәсекелестік ортада». Осы анықтама біздің нарық жайлы шектелген ойымызды кәдімгідей кеңейтеді. Осыдан байқалатыны, өзін-өзі қаотына келтіретін біртұтас экономикалық жүйені «нарық» – дейміз және ол орталықтанған мемлекеттік жоспарлы теттеуші экономиакны ауыстыруға қабілетті.
Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: «нарық» ұғымын тар шеңберде сату түрін ұйымдастырған және орнын анықтаған деп түсінсек, кең шеңберде қоғамдағы экономиканы ұйымдастырудың түрі деп қарастырамыз.
Қазіргі нарық күрделі жүйені құрап, ол көптеген саладан және табиғаты әртүрлі функционалдық жүйелер тобынан тұрып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы шаруашылық байланыстарын құрайды.
Сурет №1.
Нарықтың құрылымы.
Адамзат қызметінің аясына байланысты (өндірістік, өндірістік емес, қаржылық, руханияттық және тауар-ақша айналысының саласы) жалпы ұлт -тық ішкі нарықты шартты жағдайда бірнеше түрге бөлуге болады (сурет №1).
Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлттық нарықтық жекелеген элементінің қалыптастырып, нақты өмірде біркелкі тұтастықты байқатады. Олар өзара бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Мысалы, өндірістік сала және материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсету салалары – өндіріс құрал-жабдығы, тұтыну тауарлары мен қызмет жасау, жұмыс күші нарықта -рын қалыптастырады.
Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қаты-настарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:
а) нарық элементтерінің пайда болуы;
ә) натуралдық айырбас кезеңі нарығы;
б) тауар баламасы кезеңінің нарығы;
в) тауар емес кезеңнің балама нарығы;
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сау- да-саттық көріністерде кездейсоқ болады.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1 – Т2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастай -ды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыпта -сады. Құнның субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен біртұтас бо -лып бірігіп кеткен жоқ, таза "таза" құнның иеленушісі болып бірнеше тауар -лар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1 – Т2 , балама –Т2 . Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде "таза" құн өзінің иеленушісінің белгілі бір зат -тық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын "шығындық" және "шығындық емес" деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алтын атқара бастайды.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы: Т1 – тауар емес бала -ма – Т2 . Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның "таза" иеленуші- лері несйе ақшалар өзінің "тауарлық" мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы – қазіргі замандағы нарық-ты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Адамның қоғамда өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың үш моделі қалыптасқан. Олар: а) жоспарлы-нұсқаулы; ә) нарықтық; б) аралас болып келеді. Жоспарлы-нұсқаулы экономика жағдайында шаруашылықты ұйымдастырудың әкімшілдік-әміршілдік механизмі өндіруші үстемдігіне не -гізделген. Мұндай жағдайда нарықтық инструмент қажет емес. Тауар өндіру -ші мен тұтынушылардың арасындағы шаруашылық байланысы орталық ор -ган арқылы жоспардың көмегімен жүзеге асады. Әміршілдік модельде бар-лығы ертерек есептелініп, бар позиция бойынша алдын-ала баланс жасалады. Орталықтың жоспарлаушы органдары нұсқау түрде төменгі ұйымға нені өндіруді және кімге, қандай бағамен өндіруді анықтап береді. Мұндай мо-дельдің негізгі принципі: «Қолымыздан не келеді, соны өндіреміз; қолда не бар, соны алыңыз». Орталықтан бекітілген қор бойынша материалдық ре-сурстарды жоспарлы бөлу – экономиканың осындай моделінің негізі болып табылады.
1.2. Нарықтың анықтамалары мен теориялары
Экономикалық теорияны келесідей белгімен анықтауымызға болады: экономикалық теория шаруашылықты оңтайлы жүргізу және әр түрлі деңгейде және әр түрлі тарихи замандағы шаруашылық жүргізетін субъектілердің әрекетінің заңдарын оқып біледі. Сонымен экономикалық теория біріншіден, экономикалық завдарды карасіырады.
Экономикалық заң дегеніміз не?
Экономикалық зерттеулерде ғылымдарға тек оқшауланған шындықпен ғана емес, сонымен қатар олардың үлкен ауқымымен де іс жүргізуге тура.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!




Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар экономика жобалар, Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін