Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Экономика | Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Курстық жұмыс: Экономика | Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Курстық жұмыс: Экономика | Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау казакша Курстық жұмыс: Экономика | Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау на казахском языке
Мазмұны

1.Өнімнің,жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың бөлістік әдісі.

2.Өнімнің,жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және шығынды есепке алудың нормативтік тәсілі.

3.Өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың халықаралық практикада колданылатын әдістері


1.Өнімнің,жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың бөлістік әдісі.

Шығындарды есепке алудың және өнімнiң өзіндік құнын калькуляциялаудың белістік өдісі өнiмді жаппай өндіретiн кәсiпорындарда колданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнiмге дейiн рет-ретімен технологиялык өңдеуден өтеді Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсшорындарында металлургиялық, химиялық, мұнай өндеу және басқа да салаларда колданылады. Мысалы, мата тоқу кәсiпорындарында үш қайта жасау — иіру, тоқу және әрлеу саласы, қара металлургияда — домен пеші, болат балқыту, прокат, былғары өндірісінде — күлді, тері илеу жөне әрлеу саласы бар
Дайын өнiм немесе шалафабрикат шығарумен аяқтайтын технологиялық процесті бөлістік әдіс деп атайды Бөлістік әдісте өндіріске кеткен шығындар олардың әрбір кезеңі, фазасы, ауысымы, яғни бөлісі бойынша есептелінеді Әрбір белістен кейiн шалафабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде — дайын өнiм алынады Бөлiніс тізбесі пайдаланылатын жабдықтар, өндіріс процесстерінің арасындағы үзіліс-іркілістер; шығарылатын шалафабрикаттардың, өнiмнің сипаты мен басқа да өзiне тән жағдайлары ескеріле отырып, технологиялық процесстер туралы деректердін негiзінде белгiленеді Бұл орайда, бөлініс жөніндегi шығындарды жоспарлау мен есепке алуды, аяқталмаған өндірісті есепке алу мен бағалауды ұйымдастыру, өзі өндірген шалафабрикаттар мен дайын өншдердің өзiндік кұнын калькуляциялау мүмкіндігi ескерiледі
Тікелей шығыстар (шикiзат, негiзгi материалдар, шалафабрикаттар, өндіріс жұмысшыларының жалақысы т б) әдетте, бөлістер бойынша, ал әрбір бөлістердщ ішінде — әзірленген өнім түрлері бойынша есепке алынады (шалафабрикат немесе дайын бұйым)
Үстеме шығыстар бөлістердщ арасына таратылады, ал олар өрбір бөлістердің ішiнде — шығарылатын өнiм түрлерiнің арасына таратуға қабылданған коэффициенттердiң базасында жасалуы мүмкiн.
Бөлістік әдісiн колданған кезде нормативтік әдістің непзгi элементтері — нақты шығындардың ағымдағы нормадан жүйелі түрде ауытқуын, сондай-ақ нормалардың өзгеру есебін және олардың себебін табуды қолдану керек
Еңбек шығындарын, ресурстардың шығыстарын қүжаттауда және жедел (оперативтiк) есеп беруiнде энергетикалық, материалдық және баска да шығындардың нақты шығысын ғана көрсетiп қоймай, сонымен қатар өндірiс тапсырмаларына немесе нормасына непзделген шығындар да көрініс табуы керек. Белгiленген технологиялық процесстің ауьггқуынан, жұмсалған материадық шығыстардың құрамының өзгеруiнен, шығарылған өнімнің ассортиментінен, олардың сорттылығынан болған қосымша шығындар немесе үнемдеулер дер кезінде көрініс табуы тиіс.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың бөлістік әдісінің екі нұсқасы пайдаланылады: шалафабрикаттық және шалафабрикатсыз.
Шалафабрикаттық нұсқа әрбір бөлістер бойынша есептік калькуляция жасайды және оған үстеме шығысын коса есептейді. Шалафабрикатсыз нүсқасында бірінші қайта жасауға жүмсалған материалдық және еңбек шығындарына одан кейінгі қайта жасаулардан туындаған өндеу шығындарын қосып, содан соң өнімнің езіндік қүны анықталады.
Бөлістік әдісі кезінде ендірістегі шығындарды есепке алу өндіріс есебініқ карточкаларында немесе әрбір кайта жасауға ашьшатын ведомостарында жүргізіледі.
Алғашқы шикізаттан өндірістің бір процессінде әртүрлі сорттағы немесе маркадағы енім түрі алынады, сондықтан олардың өзіндік құнын анықтау үшін түзету коэффициентін пайдаланады. Мысалы, ағаш кесу кезінде алғашқы бір шикізаттан кесілген тақтайлар да, кесілмеген тақтайлар да, жаңқалар және отындық кесінді шеттақтайлар да алынады. Мүндай жағдайларда белгілі бір атаудың бірінші сорты өлшем бірлігі (единица) ретінде қабьшданады, ал қалған сортгарын коэффициенттердің көмегімен анықтайды.
Мұнай өңдеуші өнеркәсібінде, өнім шығымын техникалық түрғыдан сипаттайтын бір өнім (шикізат) бірлігінен алынған коэффициенттер жүйесі пайдаланылады. Егер де бір шикізаттан әртүрлі мүнай өнімдері алынатын болса, онда олардың арасында тарату коэффициентінің көмегімен өнімнің өзіндік қүнын белгілейді, ал еңдеу шығындары әрбір өнім түрінің арасына үлес салмағы бойынша таратылады.
Бөлістік әдістің кезінде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебін үйымдастыру ерекшеліктеріне бір мысал келтіріп көрейік.
Тоқыма өнеркәсібінде төрт түрлі негізгі бөлістер болады: шикізатгы дайындау; жіп иіру, тоқу, өндеу (әдемілеу).
Өндіріске босатылған алғашқы шикізаттың (жүн, синтетика талшығы) қүны 1200 мың теңге құраган. Өндеу шығындары (көмекші материалдар, жалақы және жалақыдан жасалатын аударымдар) әрбір цехтар (бөлістері) бойынша мынаны құраған: шикізатгы дайындау кезіндегі шығындар — 500 мың теңге; өңдеу — 400 мың теңге. Жалпы есептік кезендегі үстеме шығыс — 1400 мың теңге. Кәсіпорын шалафабрикаттық нүсқа бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаған. Егер де әрбір бөлістің өнімі дайын өнім болып саналмаса және ол сыртқа сатылмаса, онда үстеме шығыстарын ең соңғы беліске қосуына болады. Ал егер де әрбір цех (немесе бөліс) өз өнімін дербес түрде сата алатын болса, онда өрбір белістің шығарған өніміне үстеме шығыстар қосылады:
Шалафабрикаттық нұсқаның жағдайында барлық бөлістің жалпы шығыны мынаны құрайды: 12700000 теңге (1700000 + 2400000 + 3400000 + 5200000); ал олардын ішкі айналымы 7500000 (1700000 + 2400000 + 3400000); енімнің соңғы өзіндік құны 5200000 теңге (12700000 - 7500000).
Қарапайым, тапсырыстық және бөлістік әдістердің негізгі кемшілігі мынада: өнімнің нақты өзіндік кұны есептік кезеңнің соңында ғана немесе тапсырыс орындалғаннан кейін анықталады, ал мұның өзі кәсіпорынның (цехтың) басшылығының есеп беру кезеңі ішінде өндірістегі іс жүзіндегі шығындардың
жоспар бойынша белгіленген нормаларға сәйкестігін кадағалап отыруға мумкіндік бермейді. Бұдан басқа шығындарды есепке алудын әдістерінің барлығында бүкіл шығарылған (шығарылатын) өнімнің өзіндік кұны, сол өздерінің жоспарланған кезіндегі орташа деңгейімен салыстырылады және соның нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша жүргізілген ұйымдық-техникалық шараларға жұмсалған шығындардың шын мәніндегі деңгейін әрдайым дәл көрсете бермейді.
Бұл кемшіліктерді жою үшін нормативтік әдісін колданады, бұл кезде өнімнік бір өлшемінің және бүкіл шығарылымның өзіндік құны нормативтік езіндік кұнмен салыстырылады. Ал нормативтік езіндік құнның жоспарлы өзіндік құннан айыфмашылығы: осы кезенде жұмыс істеп тұрған өндірістік технологиялық процесстің, сондай-ақ материалдык, енбек және басқа да шығындардың прогресшіл нормаларының негізінде анықталады. Нормативтік калькуляциялауға технологияны жетілдіру жәнс өндірісті үйымдастыру женіндегі ұйымдық-техникалық жоспарлы шараларын жүзеге асыру дәрежесіне қарай нормалардың өзгерістері енгізіледі. Шығындарды есепке алу былайша кұрылған: шығындардың нормасынан материалдық, еңбек жөне басқа да шығындардың ауытқуларын ескеріп, оларға тікелей өн діріс процесінде ықпал етуге бар мүмкіндігін жұмыддырады.

2.Өнімнің,жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және шығынды есепке алудың нормативтік тәсілі.

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік қүнын калькуляциялаудың нормативтік өдісін негізінен жаппай өндіріспен шүғылданатын кәсіпорындар пайдаланады. Дегенмен де, оны кіші сериялық және жекелеген кәсіпорындарда пайдалануға болады. Өндірістегі шығындарды есепке алу өнімнін езіндік қүнын калькуляциялаудың нормативтік әдістері бойынша жұмыстардың технологиялық жәңе нормативтік карталар жасаудан басталады. Ол карталарда материалдардын, жалақының жүмсалуы жөне өнім дайындауға қажетті басқа да шығындар айқындалады. Нормативтік карталардын негізінде өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляциялары бойынша жасалады. Оларды жасау кезіңде қолданыста жүрген өндірістік технологияны, жалақы жөніндегі уақыт пен баға нормаларын, материалдар мен сатып алынған шала фабрикаттардың жұмсалу нормаларын негізге ала отырып, бастапқы массасы, таза массасы, қалдықтары, материалдар мен сатып алынған шалафабрикаттарға қолданылып жүрген баға көрсеткіштері және өндіріске қызмет көрсету мен басқару жөніндегі шығындардың бекітілген тоқсандық сметасы ескеріледі.
Нормалардың жөне шығындар сметаларының өзгеру тәртібін рәсімдеп, сондай-ақ кәсіпорынның мудделі цехтары мен бөлімдерінің технологиялық процесстерін жөне басқа да нормалары мен сметаларын өзгерту туралы төртібін ретгеу аркылы
жүзеге асырады. Нормативтік әдіс кезінде қоймалық және таразылау-өлшеу шаруашылығын тәртіпке келтірудін, материалдарды сақтау және өндіріске босату, цех бойынша ғана емес, сонымен бірге өнімнің жекелеген түрлері бойынша (егер энергия және баска да шығындар тікелей жолмен өнімге жатқызылса) және тұтастай алғанда судың, будың, газдын, электр энергиясының тұтыньшуын анықтау үшін цехтарға есептегіштер мен құрылғыларды орнатудың маңыздылығы зор.
Нормативтік әдістің кезінде әрекет етіп тұрған норма мен оның ауытқуы шығындар есебінде бөліп көрсетіледі. Бұндай шектеулер ендірісті үйымдастыру мен технологиядағы кемшіліктерді дер кезінде жендеуге, ресурстардың тиімсіз пайдаланылуына жол бермеуге септігін тигізеді.
Нақты шығындарды нормамен салыстырғанда ресурстардың үнемделуі немесе артық жүмсалуы, нормадан ауытқуы табылады, ал ол өз кезегінде кәсіпорынның ұйымдық-техникалық жұмыстарында біршама кемшіліктердің бар екенін баяндайды.
Нормадан ауытқуларға құжатталған және қүжатталмаған болып келеді.
Құжатталған ауытқулар алғашқы құжаттардың мәліметтері бойынша ашылған дабылдары жатады (талап накладнойы, қосымша жұмыстарға жазылған нарядтары, қосымша төлемдер және т.б.), сондай-ақ есептеу жолымен анықталған ауытқулар (түгелдеу тәсілімен, нақты рецептурасы бойынша алдын-ала жасалған есептеулер және т.б.)
Құжатталмаған ауытқуларға ауытқудың жалпы сомасы мен оның күжатталған бөлігінің арасындағы айырмасынан шығады. Әдетте, олар құжатталған ауытқулардың дұрыс есептелмеуінің нәтижесінен, ақау өнімдерін шығарғаннан, нарядтарды артық жазғаннан, кем шығудан, шалафабрикаттардың жоғалтулары мен бұзылуынан, аяқталмаған өндірісті дұрыс бағаламауынан шығады.
Егер де өндірісте кұжатталмаған ауытқулар бар болса, онда ол нормативтік есептің дүрыс үйымдастырылмаганын куәландырады.
Ауытқу теріс те (артық жүмсалғаны) және оң да (үнемделгені) болуы мүмкін.
Теріс ауытқулар (материалдар, отындар, энергиялар, технологиялық процестерде кдрастырылмаған, қосымша жұмысқа жасалған төленген және т.б.) өндіріс процесінің дүрыс ұйымдаспағандығынан туындайды.
Оң ауытқулар жекелеген учаскелердің жетістіктерін баяндайды (материалдардың тиімді пайдалануын ашу, материалдарды барынша қалдықсыз пайдалану, өнімнің сапасын арттыру, құрал-жабдықты тиімді қолдану және т.б.), және норма шығындарын үнемдеуді жүзеге асырады. Кейде оң ауытқулар шын мәніндегі қаражаттың үнемделгенін көрсете бермейді, ол тек норманын шын арттырылған деңгейін пайдаланғандығын көрсетеді.
Өндірісте материалдар қатаң белгіленген лимиттер шегінде беріледі. Материалдардың берілуін лимиттеу ай басында цехтарда жүмсалған материалдардың деңгейін ескере отырып, материалдардың шығынын қолданыста жүрген прогресшіл нормалардың негізінде нысаналы түрде жүзеге асырады.
Материалдардын жоспардан тыс босатылуына қүжаттар жасау, материалдарға жедел бақылау жасау және оларды жоспардан тыс босатуға алып келген себептерін талдауды қамтамасыз ету керек.
Ақауға шығарылған өнімнің орнын қалыпка келтіру үшін кажетті материалдарды алуға ақау туралы актілер негіз болады. Онда бұйымның, белшектің коды, енімнің акауға шығарьшған тапсырыс нөмірі көрсетіледі. Өндірістегі шикізат пен материалдардың сандық есебі жоспарлау бөлімінде, ал құндық есебі бухгалтерияда жүргізіледі.
Нормалардан ауытқуларды есепке алу шикізат пен материалдарға, олардың жұмсалуын нормалауға және өндірістік технологиялық процесіне байланысты ұйымдастырылады. Нормалардан ауыткуға материалдарды ауыстыру, оларды пайдалану және т.б. осы секілді факторлар әсер етеді. Материалдар шығыны бойынша нормалардан ауытқуларды анықтау үшін материалдарды кұжаттау, түгелдеу тағы басқа да шаралар жүргізіледі.
Кужаттау әдісі материалдарды ауыстыру салдарынан туындайтын ауытқуларды, сондай-ақ жеке-дара материалдардың.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 14 | 18.01.2019



Загрузка...
Читайте также
Дипломдық жұмыс:  Есеп және аудит  | Өнеркәсіптік кәсіпорын шығындарының есебі мен аудиті
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Өнеркәсіптік кәсіпорын шығындарының есебі мен аудиті
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның шығыны және оның формалары
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның шығыны және оның формалары
Дипломдық жұмыс:  Есеп және аудит  |  Өндіріске кеткен шығындар есебі
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Өндіріске кеткен шығындар есебі
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Материалдық запастар
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Материалдық запастар
Курстық жұмыс: Экономика | ДАЙЫН ӨНІМДЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | ДАЙЫН ӨНІМДЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Курстық жұмыс: Экономика | Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу
Курстық жұмыс: Экономика | Дайын өнімнің өзіндік құны
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Дайын өнімнің өзіндік құны
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі  шығындары
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, курстык Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахс, Курстық жұмыс: Экономика | Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін