Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі акциз салығы

Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі акциз салығы казакша Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі акциз салығы на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе 3
І бөлім. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі акциз салығының экономикалық мәні
1.1 Қазақстан Республикасы салық жүйесі 5
1.2 Акциз салығының экономикалық мәні 13
1.3 Акциз салығын салуда шетел тәжірибесі 15
ІІ бөлім. Акцизделетін қызмет түрлерін есептеу және рәсімдеу тәртібі
2.1 Акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу 19
2.2 Акцизделетін қызмет түрлерін есептеу және рәсімдеу әдісі 25
ІІІ бөлім. Акциз салығын салуда кездесетін мәселелер мен шешу жолдары
3.1 Акциз салығының мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы алатын орны. 29
3.2 Акциз салығын салуда кездесетін мәселелер мен шешу жолдары 33
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер 37

Кіріспе
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдықтарды жүзеге асыру керек:
1. Ұлттық қауіпсіздік;
2. Ішкі саяси тұратылық және қоғамның үйлесімі;
3. Шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу;
4. Республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
5. Энергетикалық ресурстар;
6. Инфрақұрылым;
7. Көлік пен байланыс;
8. Кәсіби мемлекет.
Осынау басымдықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді, ал ол өз кезегіндегі барлық қаржылық жүйені одан әрі реформалауды көздейді.
Қазақстандық бюджет республиканың стратегиялық басымдықтарын жүзеге асырудың негізгі құралы болып келеді, өйткені ол елдің ең маңызды қаржы ағымдарының қозғалысын реттейді. Келешек көкжиектегі салықтық-бюджеттік аяны реформалаудың негізгі бағыттарына салықтық әкімгерлеуді жақсарту және бюджеттік бағдарламау тәсілдерін өндіру кіреді.
Үкімет 2003 жылға дейін салық реформасын жалғастыру және салықтық әкімгерудің тиімділігін арттыру есебінен салық түсімдерін ішкі жалпы өнім көлеміне шаққанда 14-15 пайызға өсіруді көзеп отыр:
1. Салық органдарын міндеттілік дәйектері бойынша жаңарту;
2. Салық төлеушілерді есепке алудың біртұтас ұлттық жүйесін құру;
3. Салық қызметтерін компьютерлеу;
4. Салық мағлұмдамаларының ықшамдалған нысандарын жақсарту және өндіру, Әділет министрлігі, кеден және Салық комитеттері арасындағы ақпаратты тиімділікпен, ретімен ұйымдастыру, кенді пайдалану мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі келісім-шарттарда салықтық сараптау жүйесін енгізу, оларды орындау мониторингі, шаруашылық субъектілеріне кешенді салықтық тексерулер жүргізу жөнінде нұсқаунамаларды жасақтау.
Бұл жерде акциз туралы айта кету жөн. Акциз, қалыптасқан қағида бойынша, тұрғындарға арналған және мемлекеттің монополиясы болып табылатын тапшы, жоғары рентабедьді тауарлар мен өнімдерге салынады. Мемлекет акциз салығы сұраным мен ұсынымды реттеуге, сонымен бірге мемлекеттік бюджетті толықыру үшін пайдаланады.
Акциз салығы, салыстырмалы түрде азғантай тауар түрлеріне салынады. Саналмаған тауарлар бойынша акциз нарығын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті бекітеді, олар республиканың бүкіл территориясында бірыңғай болады және календарлық жыл бойы өзгертуге жатпайды.
І бөлім. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі акциз салығының экономикалық мәні
1.1 Қазақстан Республикасы салық жүйесі
Қазақстан территориясындағы салық пен салық салу дамуының өзіндік, спецификалық теориясы бар. Бұл Карл Маркстың, көшпелі тайпалар мен халықтардың отырықшыларға қарағанда меншік, айырбас және ақша қатынасы ерте дамиды деген белгілі ережесімен байланысты.
Жеке меншіктің пайда болуы мен жерді жеке меншікке иеленудің қалыптасуы туралы б. з. д. І мыңжылдықтан сақталған материалдық (қабір, тиындар) және жазбаша түрдегі мәліметтер бар.
Ерте орта ғасырдағы мемлекеттердің (Батыс Түрік және Түргеш Қағанаты) дамуы кезеңінде жеке меншіктің пайда болу салдары ретіндегі борыштылық мәселелері жазбаша мәліметтерде кеңінен қамтылған. Борыштылықтың негізгі түрі әскери борыштылық (басқаша "қан салығы") болды. Бұл кезде вассал тайпаларының барлық еркек жауынгерлері сюзерена тайпасының құрамына кірді. Олар алым төлеу арқылы бағынды. Бағындырылған құлдардан, әскери кезеңде тұтқындалған адамдардан құлдар категориясы қалыптасты. Алайда "раб-нул" терминін "классикалық" түрде түсінбеу керек. Құл-тайпалар – вассал тайпалар, олар сюзерен-тайпаларға елтірі, аң терісі түрінде алым-салық төлеуге міндетті болды.
Кейінгі орта ғасырдың дамуы кезеңінде (Х-ХІҮ) феодалдық негізде орнаған және басқа мемлекеттерге экономикалық, әлеуметтік жағынан ұқсамаған Қараханидтер қағанатының мемлекеттік-әкімшілік жүйесі қызық түрде болды.
Қараханид мемлекетіндегі негізгі әлеуметтік-саяси институт әскери лендік жүйе болды. Хандар өз туыстары мен жақындарына аудан, облыс және қала халықтарынан бұған дейін мемлекет пайдасына түскен салық алу құқығын алып беріп отырды. Бұл қағида "инта" деп аталды, ал оны ұстанушы адам "мукта" (араб термині) немесе "иктарар" (парсы термині) деп аталды.
Иктаның Қазақстан территориясында жайылуы туралы дерекнамаларда тек жанама мәліметтер сақталған. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірінің шаруашылық және саяси өмірінде икта институты маңызды роль атқарды. Икта мазмұны мен иктадорлар құқығын регламенттеу нақты белгіленеді. Низам-Әл-Мүлканың айтуынша, "Мукта заңды түрде өзіне жүктелген алым-салықты халықтан жинауы керек, алым-салық төленгеннен кейін халық, оның мүлкі, әйел мен бала, олардың заттары мен иеліктері қауіпсіздікте болғай" (Сиасет-Наме "Книга о правлении вазира ХҮ в. столетия Низам Аль Мулька" Москва, 1949. 34 бет).
Сонымен, икта институты (жерді иелену түрі) шаруалардың иктаратқа заңды ресімделген түрде тіркелуін алдын ала ескермеді, әйтсе де иктадарлардың көбі өздерінің шартты ұстанымын (икта) бекітуге тырысты. Көшпелі иеленушінің жүйелі табыс алуын қамтамасыз ете отырып, икта ұстаушының белгілі жерде үнемі тұрақтануын талап етпеді. Көшпелі иктадар өмірін өз бетінше жалғастырып, табысты жергілікті халықтан және қаладан ауылшаруашылық табысы түрінде жүйелі алып отырды. Иктаны иеленушілер алым-салық алуды ғана емес, сонымен қатар жер мен салық салынатын шаруаларды өз қарамағына алып, шартты жер беруді мұрагерлік меншікке айналдыруға тырысты. Иктаның дамуында, феодалдардың жерге деген құқығының кеңеюінде феодалдық жер меншігін нығайту және табыс алу құқығын жер рентасын алу құқығына айналдыру тенденциясы жатыр.
Иктамен қатар жерді иеленудің басқа да түрлері болды. Қараханид басшылары қазынаға салық түсімі ретінде және шартты, уақытша жер беру қоры болып саналған үлкен жер учаскелерін иеленген. Бұл қарахан династиясының жауларынан конфискелеген, сонымен қатар кейде мемлекетпен алынған жерлер болды.
Мұсылман дін басыларының ірі жерлерді иеленумен қатар негізгі материалдық базасы вакфтық жерлер (атақты және бай жер иеленушілерімен немесе көшпелі әскери басшыларымен діни мекемелер пайдасына өсиет етіп қалдырған учаскелер) болды. Вакфтық жерлерден мемлекет пайдасы үшін салық алынбады. Орта Азиядағыдай, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстанның отырықшы егіншілік жерлерінде эксплуатацияның (қанаушылық) бір түрі үлестестік болды. Парсы-тәжік дерекнамаларында үлескерлерді – "музари" немесе "барзигар" деп атады. Үлестіктің мәні: мұрагерлік жер иеленушілердің немесе мемлекеттің жері шаруаларға жалға берілді. Үлескер егіннің көп бөлігін мемлекетке және жер иеленушісіне немесе вакир басқарушысына (вакфтық жерлер де жалға берілді) салық түрінде беруге міндетті болды.
Х-ХІІ ғғ. Коммендация институты дамыды (Қараханидтер мемлекетінің құрамына кірген Қазақстанның территориясы – Жетісу, Шығыс Түркістанның бөлігі - Қашғар).
Коммендацияның мәні: ұсақ меншік иесі алым-салықтан сақтанып, басқа феодалдар мен шенеуніктер жағынан озбырлық көрмеу үшін жерді байлардың қамқорлығына беріп, сол үшін салық төлеген. Коммендацияны қабылдағандардың мүлік жағдайы көбінде олардың феодалға бағыну деңгейін анықтады:
• біреулер салық жарнасымен шектелді
• әскерді басқалар жеткізіп тұрды
• феодалдардың шаруашылығына қызмет етті және т. б.
Сонымен, Қараханид мемлекетінде құрылған жер иелену түрлері, басқа да түрлі салық міндеттіліктері сияқты, одан әрі дамыған жоқ, мысалы, Қараханид мемлекеті құлағаннан кейін (ХІІ ғ. 40 ж. басы) кифани шапқыншылары икта институтын теріске шығарды, яғни, жерге деген меншік түрлері онымен бірге салық түрлері де ауысып, түзелді.
Әлеуметтік-экономикалық жоспардағы өзгеріс моңғол шапқыншылығынан кейін болды. Бағындырылған халыққа салықтың жаңа түрлері салына бастады:
• ауыртпалық болып әскери міндеттілік саналды (халық моңғол жасақтарына әскер жеткізіп тұруға міндетті болды)
• көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халық хан сарайының пайдасына купчур төледі
• отырықшы халық жер салығын (харадж) төледі
• зекет – діни салық
• ушур – малға салынатын салық
• ясан
• сыбаға
Құн төлеуден мемлекеттік жүйе салық белгілеу және жинауға көшу өзекті мәселе болды. Тәжірибелік қажеттіліктердің шарасыздан ғылыми теорияны талап етуді қажет етті. Салық салу проблемалары түрлі экономистердің, философтардың, мемлекеттік қайраткерлердің негізгі мәселесі болды.
Салық – қоғамдағы сатып алушылықтың даму қажеттілігімен мемлекеттің болу фактісімен анықталған объективті қажеттілік болып табылады. Өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің шаруашылықтандыру субъектілері мен азаматтардың ұлттық табыстың белгілі үлесін міндетті жарна түрінде алуы салықтың маңызын құрайды.
Мемлекет қазынасының жарнасын өндірістің негізгі қатысушылары: материалдық және материалдық емес игіліктерді өз еңбегімен жасайтын және белгілі табыс алатын қызметкерлер, сонымен қатар шаруашылық субъектілері, капитал иеленушілері жүзеге асырады. Салық жарнасының есебінен бюджетте шоғырланған мемлекет ресурсы құрылады, кейін ол терең білімнің дамуы үшін, әлеуметтік-экономикалық, әскери-қорғаныс, құқық қорғау және басқа да мәселелерді шешу үшін пайдаланылады.
Салық төлеушілердің бюджетпен өзара қатынас жүйесі, бір жағынан – салықты бюджетте шоғырландыру бойынша өзара қатынасы, басқа жағынан – түрлі саланы бюджетпен қаржыландыру бойынша өзара қатынасы.
Қазақстан Республикасындағы салық салуды құқықтық реттеу өз дамуында үш кезеңнен өтті.
Салық реформасының бірінші кезеңі (1992 жылдан 1995 жылдың маусымы аралығында).
Республикада салықтың 40-тан астам түрі әрекет етті:
1. Жалпымемлекеттік салықтар;
2. Жалпыға міндетті жергілікті салықтар;
3. Жергілікті салықтар.
Салық реформасының екінші кезеңі (1995 жылдың шілдесінен 1999 жыл аралығында).
Бұл кезеңде салықтар саны 11-ге дейін қысқарды. Олар жалпымемлекеттік және жергілікті салықтарға бөлшектенді. 1996 жылдан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Заңына 30-дан астам өзгерістер мен қосымшалар енгізілді. Салықтар мен жиындардың саны 18 түрге дейін өсті.
Салық реформасының үшінші кезеңі (2000 жылдан осы уақытқа дейінгі аралықта). Жаңа Салық Кодексі салық жобасының әзірленуі. Заңның қабылдануына жобаның ғалымдармен, салық органдары мен салық төлеушілердің өзімен талқылануы бойынша үлкен жұмыс әсер етті.
1-кезең
Қазақстанның салық жүйесін құруға өзіндік тәжірибесі болмағандықтан, көбінде көрші мемлекеттер тәжірибесі, бәрінен бұрын Ресей Федерациясының тәжірибесі пайдаланылды. 1991 жылдың 24 желтоқсанында қабылданған "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы" тәжірибелік заңы Ресей заңының көшірілген нұсқасы ретінде саналды. Нәтижесінде, Қазақстан федерациялық мемлекет ке тән үш фазалы салық жүйесі құрылды.
Ол салықтың үш тобынан тұрды:
1. Жалпымемлекеттік;....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі акциз салығы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар салык кукыгы жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі акциз салығы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар са, Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі акциз салығы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін