Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Карл Маркстің капиталистік қоғамда

Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Карл Маркстің капиталистік қоғамда казакша Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Карл Маркстің капиталистік қоғамда на казахском языке

Мазмұны
1 Кіріспе..........................................................................................................3-4 бет
2 Негізгі бөлім
2.1. К.Маркстің капиталистік қоғамда жұмысшы табын зерттеу............................................................................................................5-9 бет
2.2. К.Маркс әлеуметтану әдісін тарихи материализм................10-14 бет
2.3. Индивидтер бәсекесі мен таптардың қалыптасуы................15-21 бет
2.4. Индивидтер мен олардың тіршілік жағдайлары арасындағы қайшылықты зерттеу................................................................................22-23 бет
3 Қорытынды..............................................................................................24-25 бет
4 Пайдаланылған әдебиеттер ......................................................................26 бет
5 Сілтемелер .................................................................................................27 бет

Кіріспе
Карл Маркс (Karl Marx) (1818-1883) - неміс философы, әлеуметтанушысы, марксизмнің негізін қалаушы.
1818 жылы Трир қаласында (Германия) адвокаттың отбасында дүниеге келген. Германияда (Бонн, Берлин университеті) білім алады, окуын бітірген соң баронесса Женни фон Вестфаленге үйленеді.
Журналист болып істейді. Тұрақты жұмыс іздеп 1843 жылы Парижге келеді. Онда радикалды эмигранттар тобына кіріп, социалист болады. Парижде ауқатты фабрикант-тоқымашылар отбасынан шыққан Фридрих Энгельспен кездеседі. Кейіннен олар өмір бойы жақын дос болып кетеді. 1845 жылы Пруссия үкіметінің шешімімен Парижден жер аударылып, Брюсселые көшіп келеді. 1848 жылы Француз революциясы басталғаннан кейін Бельгия үкіметі оны тұтқындап, елден қуады. Маркс Парижге қайтып оралып, жаңа Коммунистер Одағының Орталық Комитетін құрады. Осы жылдың сәуір айында Маркс пен Энгельс Кельнге келеді. Мұнда Маркс "Жаңа рейн газетінің" бас редакторы болып істейді. 1849 жылы мамыр айында Пруссия үкіметі газетті жауып, Марксті елден қуады. Ол Парижге қайтып оралып, одан 1849 жылы тамыз айында Лондонға кетуге мәжбүр болады. Мұнда ол өмірінің соңына дейін, яғни 1883 жылға дейін өмір сүреді. Қатты мұқтаждық көріп, кездейсоқ журналистік табыспен күн көреді. Оның отбасына негізінен Энгельс қаржылық көмек беріп тұрды[1].
Британдық "The Penguin Dictionary of Sociology" сөздігі Маркстің еңбегі әлеуметтанудың дамуы үшін маңызды болып табылатын бес саланы көрсетеді: 1) өзінің алғашқы еңбектерінде Маркс иеліктен айыру ұғымына ден қойды; бұл тақырып оның кейінгі көптеген еңбектерінде кездеседі; 2) ол өзінің эколомикалық өмір мен басқа да әлеуметтік институттар байланысты деген көзқарастарымен кеңінен танымал; 3) ол ең алдымен әлеуметтік таптарға ұйымдасқан қоғам тіршілігіне тапдау жасауға мүдделі болды; 4) әлеуметтік өзгеріс теориясы Маркстің еңбектерінде таптық күрес теориясынан соншалықты көрініс табады. Таптық күрес, оның тұжырымдауынша, "тарихтың қозғаушы күші" болып табылады; бұл идея Маркстің шығармашылығын терең баурап алғаны сонша, батыс әлеуметтануында маркстік теорияны кейде "жанжалдар теориясы" (conflict theory) деп атайды; 5) Маркс негізінен капиталиста қоғамның теоретигі болды.
Батыстың теориялық әлеуметтануына еніп, әлеуметтануда антипозитивистік бағдар негіздерін қалаған немістің әлеуметтік философиясының басты негізі кезінде И.Г.Фихте айтқан иеліктен айыру идеясы болып табылады. Адамдар арасында орнайтын қарым-қатынастың ерекше түрі иеліктен айыру деп аталады. Үстірт қарағанда ол адамның қандай да бір затты бақылаудан айырылуып немесе тіпті өз болмысын құрайтын өзіндік қасиеттерден айрылу нысанын көрсетеді. Иеліктен айыру мәні мысалы, меншік жөне нарықтық айырбас қатынастарында айқын байқалады. Мәселен, егер мен бір затты жасап шығарсам және оны жасауға өзімнің білімімді, күшімді, уақытымды жұмсасам, онда ол затты өз қалауымша пайдалануға құқылымын. Ал егер мен оны басқа біреуге сататын болсам, онда ол затқа меншік құқығымды жоғалтамын, демек оның бұдан кейінгі тағдырына араласа алмаймын.
Маркстің пайымдауынша, капиталисте өндіріс процесі барысында "әмбебап" адам пайда болады, оның дене күштері өнеркәсіп күштерімен еселеніп, табиғаттың әмбебап күштерінің мөлшеріне дейін өседі, ал оның интеллектуалды күштері ғылым күштерімен еселеніп, "жалпы интеллект" мөлшеріне дейін ұлғаяды. Маркстің ойынша, мұндай адамды жасау - капитализмнің тарихи еңбегі.
2.1. К.Маркстің капиталистік қоғамда жұмысшы табын зерттеу
Маркс өзінің бірқатар еңбектерінде, атап айтқанда 1844 жылғы экономикалық және философиялық қолжазбаларынан" бастап, иеліктен айырудың мұндай түсіндірмесін дамытып, өрістете түседі. Ол иеліктен айыру қатынастарының негіздері адамдардың өзіндік табиғи болмысына қарсы келетін әлеуметтік құрылымның өзінде жатыр деп біp санады. Ол адамның болмыс-бітімі еңбектен көрінеді, шығармашылық белсенділігі басқа адамдармен бірлесіп әрекет етуінен жалғасын табады, сол арқылы адамдар өздерінен тыс дүние құрады деген сенімде болды. Өндіріс процесі - "объективтендірудің" бірі, сол арқылы адамдар адамзат шығармашылығы болып табылатын материалдық объектілер жасайды, алайда бұл ретте олар өздері жасап шығарушылардан бөлек тұрған болмыс ретінде көрінеді. Иеліктен айыру адам объективтендіруден өткеннен кейін өз өнімінен өзін көре алмаған жағдайларда, сол өнім өзіне жат көрініп, "бұдан былай оның меншігі емес" және "оның өзіне қарсы күшке айналған кезде" орын алады.
Маркс капиталисте қоғамда иеліктен айырудың төрт түрлі ерекшелігін көрсетеді. 1. Жұмысшы өз еңбегінің өнімінен айрылып отыр, себебі ол өндірген затты басқалар иемденеді, ал ол осы өнімнің кейінгі тағдырына бақылау жасай алмайды. 2. Жұмысшы өндіріс актісіне иелік жасаудан айырылған. Жұмыс іштей қанағаттандырмайтын нәрсеге айналады да, жұмысшыға сыртқы мәжбүрлеуші күш ретінде қысым жасайды. Бұл ретте еңбек өз аясына басқа біреу мәжбүрлеп ұсынатын бағаны да қамтиды. Жұмыс іс жүзінде сауда түріне айналады, ол сатылады және жұмысшы үшін мұндағы бірден-бір құндылық - өндіріс агенті ретіндегі оған деген сұраныс болып табылады. 3. Жұмысшы өзінің табиғи болмысынан немесе "әлеуметтік болмысынан" алшақтайды, себебі осы екі нәрсе оны жануарлардан ерекшелендіріп тұратын өндірістік белсенділігінен айырады. 4. Жұмысшы басқа адамдардан оқшаулана береді, себебі капитализм оның басқа , адамдармен қатынастарын нарықтық қатынастарға айналдырып жібереді. Және адамдарға деген қатынасты олардың адамдық қасиеттері бойынша емес, нарықтағы орнына байланысты қалыптастырады.
Адамдар бір-біріне тұлға ретінде емес, бастық пен бағынушы, жұмысшы мен капиталист ретінде қарай бастайды.
Маркс капиталдың өзі дамыған капиталисте экономика шеңберінде оқшауланудың қайнар көзі болып табылады деп есептейді. Бұл капиталисте қор өзінің қажеттіліктерін тудырып және ол қажеттіліктер адамдарды тұтыну заттарының деңгейіне дейін төмендетудің салдарынан туындайды, жұмысшы капиталды қолданысқа енгізетін факторға айналады, олардың қызметі адами қажеттіліктері мен мәніне қарай емес, жұмыс берушіге пайда әкелу қабілетіне қарай бағаланады. Нарықтық экономика шеңберіндегі қор жинауды басқаратын қағидалар - нарық қағидасы. Бұл қағидалардан бірқатар сүреңсіз механизмдер құрылып, олар барлық экономикалық факторларды (капиталистерді де, жұмысшыларды да) басқаратын болады және нарық бұлардың екеуіне де қатысты басым күшке ие болады. Маркс пайда мен капиталисте қордың қажеттіліктері сырттай байқаушыға өз бағытымен жүріп жатқан сияқты болып көрінгенімен, бұл сүреңсіз механизмдер іс жүзінде бір таптың шығарған нәрсесін екінші таптың иеленуіне мүмкіндік беретін капитал мен қанаудың адам баласына қатысты тамырларын бұрмалайды деп көрсетті.
Капиталисте иеліктен айыру туралы жоғарыда айтылғанның бәрін Маркс тарихи процесс нысаны деп атауға болатын осы процесс нәтижелерінің оны жасаушы адамдарға қатысты тұрғысынан қолданады.
Маркстің пайымдауынша, капиталисте өндіріс процесі барысында "әмбебап" адам пайда болады, оның дене күштері өнеркәсіп күштерімен еселеніп, табиғаттың әмбебап күштерінің мөлшеріне дейін өседі, ал оның интеллектуалды күштері ғылым күштерімен еселеніп, "жалпы интеллект" мөлшеріне дейін ұлғаяды. Маркстің ойынша, мұндай адамды жасау - капитализмнің тарихи еңбегі.
Капиталистік оқшауланудың дамуы барысында елеулі өзгеруді адамдардың оқшаулану мәселесінің өзі жасады. Мұндай адамға қайтар жол жоқ: өнеркәсіп мұндай агентті қажетсінбейді.
"Экономика адамына" бағдарланған саяси экономия өзінің пәні болып табылатын капитал экспроприациялаған "қосымша құннан" айрылып қалу алдында тұрады. Ең ірі өнеркәсіптің өзі жасаған қайта дамушы негізбен салыстырғанда, біреудің жұмыс уақытын ұрлау дегеніміз мәнсіз негіз болып көрінеді. Еңбек өзінің тікелей нысанында байлықтың қайнар көзі болудан қалған бойда, жұмыс уақыты да байлықтың өлшемі болудан қалады. Сондықтан айырбас құны тұтынушы құнының өлшемі болудан қалады.
"Еңбекті жою" талабы - ірі өнеркәсіптің жалпы үрдісіндегі көрініс болып табылады, ол бойынша өнеркәсіп табиғаттың "әмбебап күнгерін", адам қатынастары мен ғылымды өндіріс айналымына тарту деңгейіне қарай бұрынғыдай "еңбектің" көзі болып табылатын өндіріс агентіне деген қажеттілікке мұқтаж болмайды. Маркстің ойынша, "әмбебап адам" өндіріс үшін өте қажет. "Әмбебап адам" дегеніміз - өзінің қабілетін "жалпы адамзаттық дамудың нәтижесі" болып табылатын ғылым, өнер, философия, мәдениетпен толықтырған, яғни осы "әмбебаптықты" қабылдаған адам. Тек осындай адам өнеркәсіптің дамуында жаңа мүмкіндіктер аша алады, себебі олар тарих пен уақыттың өзін қоса алғанда, қазіргі өнеркәсіптің адамзат дамуында жаңа күштерді меңгеру мүмкіншіліктеріне тікелей байланысты. Маркстің ойынша, ірі өнеркәсіп "әмбебап субъектіні" қажетсініп қана қоймайды, сонымен қатар ол мұндай субъектінің қалыптасуына мүмкіндіктер (дамуы үшін "кеңістік", бас уақыт) жасайды. Машиналар жүйесі қажетті еңбекті ең аз шегіне дейін жеткізуіне қарай бос уақыт та көбейеді, сөйтіп адам қалыптасуының негізгі саласы - еңбек емес, бос уақыт және «қызықты іспен айналысу» болады.
Маркстің идеялық-теориялық эволюциясы барысында, "оқшаулану" ұғымы өзгеруінің жалпы үрдісі адамның оқшаулану жай-күйінің баламасы ретінде адам болмысы іс-әрекетінің "мәдениет" терминімен анықталатын нысаны барған сайын жиі кездесе бастайтынын көрсетеді. Ғылым, өнер, мораль тәрізді сана нысандарында көрінетін және ой елегінен өтетін жоғарғы құндылықтарға қатысты адамдардың тікелей практикасының аясындағы мәдениетті «жоя отырып», адамзат жақсылықтың, зұлымдықтың не екені туралы пайымдау мүмкіндігінен айырылады.
Ғылыми социализмнің теориялық ерекшелігі негізінен Маркстің социализмге немістің классикалық философиясы арқылы келуімен түсіндіріледі. Ол болмыс пен тіршілік ара қатынасының жалпы философиялық проблемасын антропологиялық тұрғыда: адам тіршілігінің адам болмысына қатынасы мәселесі ретінде тұжырымдады. Фейербах сияқты, Маркс те нақтылықты эмпирикалық-сезімдік, денелік көрсеткіш ретінде пайымдады. Алайда, онымен салыстырғанда, Маркс адамдар қатынасын "тектік" қатынастармен байланыстырмайды. Сөйтіп, адам болмысы өмірлік қажеттіліктерге байланысты өзі сияқтылармен шүйіркелесу барысында ашыла түседі. Ал бұл дегеніңіз - жеке адамның тіршілік ету мүмкіндігінің шарты ретінде оның өмірі басқа адамдармен байланысты екендігін білдіреді. Сонымен қатар, бұл әрбір жеке адамның «болмыс-бітімі» бір мезгілде одан тыс та бола алатынын білдіреді. Және бұл оның жеке, «туа біткен» болмысы десек те, әр адам оны баска адамдармен қатынасында ғана жасай алады. Мұндай адамзат болмысын сонымен қатар, "жалпы болмыс" немесе немісше - das Gemeinwesen деуге де болады [2].
Фейербах сияқты, Маркс те Gemeinwesen-ді «тектік» болмыс деп атайды, алайда әңгіме «ақжарқындық», «жұртшылық», «әлеуметтілік» деген ұғымдар аясында қамтылатын адам туыстығы туралы болып отырғанын естен шығармайды. Адамды түсінуге қатысты әлеуметтік-философиялық тұрғыдан алынған жалпы философиялық принциптердің белгілі бір үйлесімділігі нәтижесінде социализмнің алғашқы жорамалы - адам болмысындағы «текті» орбір жеке адамға қатысы бойынша сөзсіз басымдыққа ие ортақ, ұжымдық ретінде түсіндіру орын алды.
Маркс пен Энгельс оқшауланудың жойылуы (дәлірек айтқанда, құрып кетуі) коммунизмнің материалдық алғышарты ретіндегі өндіргіш күштердің орасан дамуымен тығыз байланысты деп санады. "Төзуге келмейтін" күш болу үшін, яғни оған қарсы революция құратын күшке айналу үшін бұл оқшаулану адамзаттың негізгі бұқарасын меншіктерінен айрылған және байлық пен білімге қарсы тұрған адамдарға айналдыруы керек, ал бұл екі шарт өндіргіш күштің керемет өсуіне, оның дамуының жоғарғы дәрежесіне жеткізеді".
Әрине, Маркс заманынан бері оқшаулану ұғымы өзінің алғашқы әлеуметтанушылық мағынасын жоғалтса да, бүгінгі күні ол әлеуметтік құбылыстарды кеңінен сипаттау үшін қазіргі заманғы әлеуметтану теориясында қолданылады. Жеке адамның өзінің өмір сүріп отырған қоғамға қанағаттанбаудың кез келген сезімдері; қоғамда моральдық іріп-шірудің орын алғанын сезіну, сонымен қатар әлеуметтік институттар алдындағы шарасыздығын сезіну; ірі бюрократиялық әлеуметтік ұйымдардың азғындаған табиғаты - осының бәрі оқшаулану ұғымына жатады. Соңғысы М.Вебердің қазіргі заманғы қоғам дамуының бюрократиялық үрдістері жайындағы пікірімен ұштасады. Жалпы алғанда, бұл ұғым қазіргі әлеуметтануда сирек қолданылады. Көптеген әлеуметтанушылар, соның ішінде марксшілдер Маркс өзінің кейінгі еңбектерінде оқшаулану идеясынан бас тартып, қанау идеясын жақтағанын айтып, бұл ұғымды сақтаудың мәні қалмады деп санайды. Ал көптеген марксшіл емес әлеуметтанушылар оқшаулану ұғымының тым көмескі болып кеткендігін.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс К.Маркстің капиталистік қоғамда курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар алеуметтану жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс К.Маркстің капиталистік қоғамда курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар алеуметтану жобалар курс, Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Карл Маркстің капиталистік қоғамда дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін