Курстық жұмыс: Психология | ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ

Курстық жұмыс: Психология | ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ казакша Курстық жұмыс: Психология | ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ на казахском языке

Мазмұны
КІРІСПЕ............................................................................6-7
І ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды педагогикалық тұрғыда талдау..............................................................................................................7-8
1.2 Қиын балалардың қарым-қатынасындағы шиеленістіретін факторлар......................................................................................9-10
ІІ ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ, ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУДЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК МӘНІ
2.1 Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды
зерттеу әдістемелері............................................................................................11-13
2.2 Қиын балаларды қайта тәрбиелеу және
коррекциялау жолдары...............................................................14-23
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................24-25
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................26-27
V. ҚОСЫМШАЛАР...................................................................28-29

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қиын балалардың кездескен қиыншылықтарды шешуге және алдарына қойған мақсаттарына жетуге тырысады. Мұндай жағдайлар, өздерін дұрыс ұстай білуге, ішкі және сыртқы жағдайларды бағалауға және мінез-құлқы мен танымдық өрістерін дамытып, қалытастырады. Зейін-барлық психикалық таным процестерімен байланысты және соның көмегімен анықталады. Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегін де, дене еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді.
Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жүмысындағы кемшіліктермен сипатталады.
Зерттеудің мақсаты: Қиын балалардың балалардың психикалық дамуы барысында зейіннің қай дәрежеде тиянақтылығын бағалау және оны дамыту.
Зерттеудің міндеті:
-Қиын балалардың балалардың оқыту мен тәрбиесін бағалау;
- Қиын балалардың балалардың тәрбиесін дамыту және шоғырландыру;
- Қиын балалардың балаларда оқыту мен тәрбиелеу әдістемелерін пайдалану;
- Қиын балалардың балалардың оқыту мен тәрбиелеу принциптерін қалыптасу деңгейін бағалау;
Зерттеу объектісі:
Қиын балаларды оқыту негізінде өңделген сабақтармен, ұлттық ойындар арқылы оқыту, тәрбиелеу және дамыту.
Зерттеу пәні:
Қиын балалардың танымдық қасиеттерін дамытуға бағытталған сабақтар.
І ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА ҚИЫНДЫҒЫ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ТАЛДАУ
Жеткеншек жастаға оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін психологтар отбасында дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтап, оларды бірнеше түрге бөліп қарастырады: отбасының әлеуметтік, экономикалық жағдайы; баланың рухани дамуына ата-ананың немқұрайлы қарауы; қараусыз бала, қамқорлықтың жеткіліксіздігі; шектен тыс қамқорлық т.б. Мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен оқушы ешқандай күш жұмсамай көзге түскісі келіп тұрады. Олар өздігінен ешнәрсеге қол жеткізе алмайды (отбасының еркесі). Үлкендердің эмоциялық қақпайлауы салдарынан кінәмшілдік, өзін қажетсіз санау сезімдері қалыптасады («золушка» - «өгей қыз»). Адамгершілік, жауапкершіліктің шектен тыс жоғары болуы баланы балалық қуанышынан айырып, бойында уайымшылдықтың тууына әкеледі.
Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың ата-анасына және баланың құрбыларына қарым-қатынасын анықтай бастайды. Б.Г.Божович, И.С.Славина бұны эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен.
Д.Б.Эльконин мұғалім мен балалардың арасындағы қарым-қатынаста оқушылар өте байқампаз болып келетінін айтады. Егер оқушы мұғалімнің сыныпта басқаларға қарағанда өзіне жақын тартатын оқушысы бар екенін байқаса, онда мұғалімнің оқушы алдында беделі жоғалады. Алғашқы кезеңде оқушылар мүғалімнің айтқанымен жүреді, яғни мүғалімнің айтқаны олар үшін - заң. Егер де мұғалім оқушылардың бәріне бірдей көзқараста болмаса, баланың мұғалімге деген оң пікірі іштей бұзыла бастайды. Мұғалімнің өзгелерден өзіне жақын тартатын оқушысы басқалардан өзін жоғары ұстайды да, соның нәтижесінде «сөз тасығыш» балалар пайда болады. Бала мектепте өзін жақсы сезінсе, онда үйде де, құрбыларымен де қарым-қатынасы ойдағыдай болады.
Бүгінгі таңда әрбір жас адамның жеке тұлга ретінде калыпасуы үшін адамға берілген мүмкіндіктерді толық пайдалана алу үшін әрбір адамның психикалық даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған орай мектептегі мінез - құлқында қиындығы бар оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Үлкендер балалармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтындықтан, ата-аналардың тәжірибесінің жетіспеуінен.балада елестетудің, қиялдау процестерінің жеткіліксіз дамуынан мінез-қүлқының калыптасуында қиындыктар пайда болады.
Егерде зерттелу нәтижесінде мінез-кұлқында киындығы бар оқушылармен белгілі бағытта жұмыстар жүргізсе, баланың психикалық даму деңгейі калыпты болады.
Қазіргі кезде мектептің қойып отырған талабы оқушыларды— негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік пен қолдана білу. Осы жетістіктерге жету үшін мүғалім оқушының мінез-қүлқын, сана ссзімінің жетілу дәрежесін, таным процестерінің (түйсіну, қабылдау, ес, ойлау сөйлеу, қиял) дұрыс қалыптасуын қадағалап әрі дамытып отыруы қажет.
Мүғалім психологиялық танымдық процестерді
калыптастырудағы негізгі тұлға. Әрбір баланың психологиясын білу көп ойлануды, көп ізденуді қажет етеді.
Мүғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста мүғалімнің негізгі жүмыс бағыттары:
1. Окушының жеке дамуын бақылау оның еркін дамып, қабілеттерінің ашылуына, мінез-қүлқының қалыптасуына тиімді жағдай жасау
2. Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.
3. Оқушыларды қоғамдық құндық қатынастарға жетелейтін әрекеттің барлық түрлерін (жеке-дара, топтық, үжымдық) ұйымдастыру.
4. Оқушылардың еркіндіктері мен қүқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау
1.2 ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІСЕТІН ФАКТОРЛАР
Оқушының қарым-қатынасындағы мінез ерекшелігі
А) қоғамдық ортада, өндірістік коллективте, жора-жолдастары мен басқа адамдармен қарым-қатынасы /еліміздегі жаңалықтардан хабардар, хабардар емес, айналасымен байланыс жасай алады, шындықты айтады және жақтайды, үлкен-кішіні сыйлайды, сыйламайды, өзін-өзі ұстай алмайды, ызақор, ашуланшақ, тұйық т.б./;
Ә) қатар құрбылары мен мектеп оқушыларымен қарым-қатынасы /өзін біркелкі ұстау, сыйласымды, ұстамды, артықшылдығын, сезіну, күш көрсету, жәбірлеу, зорлықты сезіну, зорлық-зомбылық жасау, қорқақ, ұяң, ұялшақ т.б./.
1. Жеке өз басына қатысы:
А/ жеке басына сын көзбен қарау, дұрыс баға беру, артық санау, қатал, өзіне сенімді, сенімсіз, төмен санау т.б./;
Ә/ дене күшіне сену, басшылыққа ұмтылу, абройлы, жарамсақтану, жалынышты болу т.б./;
Б/ үлкендерге ұқсауда өз пікірі болуы, бағынышты болмау, өздігінен орындауға талаптану, ешкімге қажет емеспін деп сезіну.
2. Жеке басының ынта-ықыласы, құштарлығы, талап-тілегі:
А/ творчестволық, ұйымдастыру істер мен техникалық, математикалық, музыкалық бейнелеу өнеріне бейімділігі және спорт ойындарына икемділігі бар немесе жоқ;
Ә/ үйірме және секция жұмыстарына қатысады, қатыспайды;
Б/ көркем әдебиет, газет-жұрналдарды оқиды /оқымайды/, спектакльдер мен кинофильм, теледидарды тиянақты көреді, көрмейді;
В/ қыдырымпаздыққа, қаңғыбастыққа, ұрлыққа, бұзықтыққа, арақ-шарап ішуге, темекі, наша тартуға құмар, құмар емес.
3. Жеке басының мінез-құлқын жөндеуге, өзін-өзі тәрбиелеуге талаптануы:
А/ түзеуге талаптану, әрекеттенбеу;
Ә/ мінезін түзеуге сенімді, сенімсіз;
Б/ мінез-құлқын жөндеуді ойластырмау, болашағына көзі жетпеу, көзбояушылық жасау.
4. Қиын баланың жалпы адамгершілік қасиетіне мінездеме /коллективист, бір мақсатты, табанды, шыншыл, қарапайым, тұйық, ұяң, екі жүзді, қатыгез, қиқар, қыңыр, дөрекі т.б./.
Сынып ұжымының қиын балаға қатысы.
1. Класс туралы жалпы мінездеме / коллектившілдік негізде, ұйымшыл, коллектив мүшелеріне талап қою көлемі, әрбір оқушыны қоғамдық жұмыстарға тарту немесе ұйымшылдығы жоқ, әрбір оқушы өз мүддесін ойлау, топ-топа бөліну, жікшілдік т.б. /.
2. Қиын баланың кластас құрбыларымен қарым-қатынасы / кластағы қоғамдық тапсырмаларды белсенділікпен, тапқырлықпен орындау немесе енжарлқ, немқұрайдылық көрсету, коллектив мүддесін жеке мүддесінен жоғары санау немесе төмен қою, жолдастық, достықты сезіну, сезінбеу, қиын баланың құрбыларының арасында алатын орны, үстемдік жасау, басшылыққа талпыну, өзін-өзі жоғары санау немесе бағынышты болу, тұйықтық т.б. /.
3. Педагогикалық коллективтің қиын баламен өарым-қатынасы / әрбір оқушыны біркекі санау, таңдап сыйлау, жеке бастарын сыйлау, сыйламау, өзара және жас ерекшеліктерін ескермеу, ескеру, педагогтік этикасы бар, дауыс көтеру, әкімгерлікке жүгіну, мәдениет дәрежесі төмен т.б./.
Жанұядағы тәрбие жағдайы.
1. Жанұя туралы жалпы мағлұмат.
2. Жанұядағы қары-қатынас ерекшеліктері.
3. Баланың өз үйінде оқу жұмыстарын ұйымдастыруы.
4. Жанұяда баланың бос уақытын ұйымдастыру.
5. Ата-ананың мектепке көмегі.
6. Жанұяның тәрбие берерлік дәрежеі.
Бала мінез-құлкының киын болып келуі бірнеше факторға байланысты:
Биологиялық фактор – анасының баласына жүкті кезінде денсаулығы дұрыс болмағандықтан, бала туғаннан жүйке ауруымен көп ауырады. Соның салдарынан жүйке жүйесі бұзылған ықылас қою, еске сақтау, қабылдау қарқыны кешеуілдеп дамып, сылбыр, баяу қозғалады. Сонымен қатар әйел жүкті кезінде бір нәрседен жарақаталудан, уланғыш заттар зиянды әдеттердің (ішімдікке салыну, темекі тарту) әсерінен болады. Ұжымдық іс-шараларға қатысқысы келмейді, сабақ соңына дейін толық шыдап отыра алмай кетіп қалады. Жеке басының жақсы сапалары ашылмай қалған.
Үйішілік фактор – жанұяда бала тәрбиесіне араласпаушылықтың әсерінен үйден безіп, көше кезіп, сыртқы ортаның жағымсыз ықпалына түсіп жазықсыз қылмысқа іліккен. Баланың мұндай жағдайынан ата-анасы бейхабар. Баласының мінез-құлық ерекшелігіндегі өзгерістерді дер кезінде байқамаған. Тамағын тауып, киімін кигізсем болды деген немқұрайлы қарым-қатынас салдарынан бір-біріне селқостық сезім пайда болған.
ІІ ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ, ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУДЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК МӘНІ

2.1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Біздің зерттеуімізге Шымкент қаласының №77 А.Асқаров атындағы мектеп гимназиясының 6-шы сынып оқушылары қатысты.
Оқушылардың жеке т:^ғалық қасиеттерінде жағымды, жағымсыз жақтары болатыны белгілі. Сондықтан да оқушыларды түлғалық қасиеті тұрғысынан зерттеуге арналған жүмыстардың эдіс-тэсілдеріне тоқталайық. Оқушы бойындағы бір күн байқалмаған қасиет екінші күні байқалып отыратындық-тан оқушыларға арналған кңүнделік жүрғізу керек деп ойлаймыз. Онда жыл бойы әр бала туралы мэлімет жазылу керек. Ол эрі қысқа нақты, жазылады. Оқу жылы соңында «мен қандай оқушымын» - деген тақырыпта тэрбие сағатын өткізіп, жазылған психологиялық күнделікпен оқушыны таныс-тыруға болады.
Әр оқушының мінез-қүлқына талдау жасап, сенің бойыңда мынандай жақсы қасиеттер бар, сол үшін сені жүрттың бэрі үнатады, сенің бойыңда мынандай жағымсыз қасиеттер бар - деп оның зиянды екенін түсіндіріп отыру қажет.
Әрбір оқушының жеке басын тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін сынып жетекшісі тек қана оның күшті және әлсіз жақтарын біліп қоймай, сонымен қатар оның оқитын, тұраты жерін және қарым – қатынас жасайтын жақтарын білу қажет. Ол үшін олардың ата – аналарымен тығыз байланыста болу қажет: әңгімелесу, ата – аналар жиналысы, анкеталық сұрақтар қою, ата – аналардың психологиялық, педогогикалық білімдерінің деңгейімен танысу. Оқушының ары қарай жетілуінің бағдарламасын құрмастан бұрын, мұғалім оған әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы өзіндік бағалау және өзіндік талдау жасауға көмектеседі. Бұл мақсаттарда мына тақырыптарға әңгіме жүргізуге болады: “Мен кіммін?”, “Мен қандаймын?”, “Мені түсіну үшін не істеу керек?” “Менің досым” “қарым – қатынас деңгейін анықтау”, “Мектепке қалай қарайсың”, “Сен досыңа жол бере аласың ба”, “Мектеп - оқушы көзімен”, т.б.
Мінез - құлқында қиындығы бар оқшылары үшін жоғары деңгейдегі эмоционалды қозғыштық тән екендігін байқауға болады. Оқушылардың мектеп өмірін эмоционалды қабылдауын анықтау барысында біз 6 сынып оқушыларымен мынадай сауалдама өткіздік:
1. Мектепке сен қандай көңіл күймен келесің? Неге?
2. Саған өз ұстазың, сыныптас достарың ұнайды ма?
3. Ата – анаң сенің мектепке баруыңды қадағалап отырады ма?
Сауалнама нәтижесі:
Сыныптар Көңілді Көңілсіз Бір қалыпты
6а 90% 0 10%
6в 85% 5% 10%
6е 70% 8% 22%
Оқушы мінезін тәрбелеудің сан қырлы жолдары бар писихологиялық – педогогикалық әдебиеттерде тәрбиелеудің негізгі екі арнасы бар екені көрнеді. Біріншісі – оқушының іс - әрекетінің қателіктеріне көзін жеткізу, екіншісі – жақсы әдет ғұрыпқа дағдыландыру. Осы екі жолды қатар бір – бірінен ажыратпай байланыстыра жүргізсе, оқушы мінезі саналылық жолға бағытталады. Оқушылрдың мінез – құлқынның ерекшеліктерін анеықтау үшін төмендегі тәсілдерді ұсынамыз:
1. Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау:
2. Оның қызметін талдау (әр пән бойынша дәптерлері, бақылау жұмыстары, шығармалары т.б.):
3. Оқушымен оны не қызықтырады және жақсы көретін сабақтары жөнінде әңдімелесу:
4. Достары жөнінде әңгіме жүргізу.
Оқушылардың мінез – құлқындағы қиыншылықтардың пайда болу себептерін анықтау барысында, біз мынандай әдістерді қолдандық: “Отбасы суреті”, Әңгімелесу, қарым – қатынас деңгейін анықтау, Айзенк тесті, мектеп – оқушы көзімен, досыңа жол бере аласың ба? Т.б.
“Отбасы” суреті.
Мақсаты: Отбасы ішілік қарым – қатынас ерекшеліктерін анықтау.
Алдымен оқушыларға: “Оқушылар сендер үйде кіммен тұрасыңдар, Отбасы мүшелерін салыңдар” – деген тапсырма беріледі. Суретті талдау барысында, оқушының отбасы мүшелерін қалай суретегеніне көңіл бөлу керек.
“Отбасы” cуретті бойынша алынған нәтиже.

Оқушы ата – анасының ортасында Оқушы әкесіне немесе анасына жақын Оқушы екеуінен де алшақ
2 4 2
гистограмма арқылы оқушыларды бағалау үшін, төмендегі бағалар қойылады: 3 (жақсы), 2 (қанағаттанарлық), 1 (сын аралығы), 0 (қанағаттанарлықсыз).
Соңында осы қойылған бағалар қосылып, гистограмма мазмүны бойынша 15-ке бөлінеді. Сонда эр оқушының тэрбиелік деңгейі бойынша жинаған үпайы шығады. Егер оқушы (3) не одан көп ұпай жинаса, ол оқушы (3) не одан көп үпай жинаса, ол оқушының тэрбиесі „Жақсы,, егер 2,5 - үпай жинаса ол оқушының тэрбиесі „Қанағаттанарлық,, 1-1,5 үпай жинаса, ол оқушының тэрбиесін „сын аралығында,, - деп бағалаймыз. Егер оқушы 1-1,5 ұпайдан томен жинаса, ол оқушының тэрбиесін „Қанағаттанарлықсыз,, - деп бағаланады. Осындай баға алған оқушыларды „қиын балалар,, тобына жатқызамыз. Бала бойындағы қиындықтар эртүрлі себептерге байланысты ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумы, Курстық жұмыс: Психология | ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін