Экономика | Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді жасау

 Экономика | Консолидалынған  (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді жасау

Мазмұны

Кіріспе

І-ТАРАУ.Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және
басқа да дайындық жұмыстары

ІІ-ТАРАУ. Қаржылық есеп беруді жасау
2.1. Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру
2.2. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру
2.3. Инвестициялық және қаржылық қызмет

ІІІ-ТАРАУ.Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді жасау
3.1.Негізгі және заңды тұлғалардың консолидацияланған есеп беруі
3.2. Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған қаржылық есеп беруі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер


І-ТАРАУ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары

Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта сортталудың нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.
Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді, және ол есеп айырысуды дәлдеу (анықтау) үшін де қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу (немесе түгелдеу) деп атаймыз.
Түгендеу (немесе түгелдеу)-бұл бухгалтерлік есеп әдісінің басты элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражаттарының, аяқталмаған өндірістің, тауарлы-материалдық құндылықтардың, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және олардың есп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне (нысанына), қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге бөлінеді: толық және ішінара болып. Толық түгендеу әдетте, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мұндай толық түгендеу бақылаушы органдардың талабы бойынша жасалуы мүмкін. Ішінара түгендеу, тек қана түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, мысалға, кәсірорынның кассасындағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі құралдардың саны т.б.
Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі мүмкін:
- жоспарлы – алдын ала белгіленген мерзімге, қойған мақсатына және мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі;
- кезектен тыс – бұл кәсіпорын басшының тапсырмасы бойынша бақылаушы органдардың талабы бойынша материалды жауыпты тұлғаның ауысқан кезінде, табиғи апаттардан кейін жүргізіледі. Ол БЕС 24 “Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру” стандартына сай етіп жасалынады. Онда оның кезектілігі түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу комиссиясының құрамы және т.б. қағидалар қарастырылады.
Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілейді, оның ішінде түгендеу комиссиясынің құрамын, есепті жылдағы түгендеу санын, олардың күнін белгілейді.
Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жұмыс істеп тұратын комиссия болады және оның құрамын кәсіпорын басшысы белгілейді.
Түгендеу комиссиясының істейтін жұмыстары сақтау органдарындағы және өндірістегі мүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі барлық міндеттерді тексеру; кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгендеу нәтижелерін анықтауға және қайта сұрыптауға арналады; сондай-ақ шыққандарды табиғи кему нормаларының шегінде есептен шығаруға; тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдауды, сақтауды және бастауды, реттеуге, есепке алуды жақсарту және оларыдң сақталуын бақылау мәселелірі жөнінде, сондай-ақ пайдаланылмайтын мүлікті сату туралы ұсыныстар әзірлеуге; мүлікті сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізуге; екі түгендеу аралығындағы сақтау және қайта өңдеу орындарындағы тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеуге, іріктеп түгендеудің әдістемесі бойынша да бақылау жұмыстарын жүргізуге бағытталады.
Түгендеу комиссияларының мүмшелері кем шыққандары және талан-таражға түскендерді, бүркемелеу мақсатымен мүліктің нақты қалдығы туралы немесе артық шыққан тауарлар, материалдар және басқа да құндылықтар туралы жазбаға білі тұра дұрыс емес деректерді енгізбегені үшін ҚР заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.
Мүліктің нақты қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу комиссиясы кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін немесе материалдық құндылықтары мен ақшалай қаражаттарын есепке алады.
Түгендеу комиссиясының нәтижесі де тексеріледі, ол үшін ішінара бақылау жұмыстары жүргізіледі, сол бақылау барысында комиссяның мүшелері де қатыса алады және ол да актімен хатталады.
Екі түгендеу аралығындағы кезеңде құндылықтарды номенклатурасы бойынша үлкен кәсіпорындардың сақтау және қайта өңдеу жұмыстары іріктеу әдісімен тексеріледі.
Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тәзімдемесі жасалынады, сосын оның деректері бухгалтерлік есептері деректерімен салыстырып, олардың арасындағы айырмашылықтары (ауытқулары) көрсетіледі. Түгендеу нәтижелерін көрсету үшін ҚР-нің Мемлекеттік статистика комитеті бекіткен бірінші реттегі толтыратын есеп құжаттарының мынадай үлгілері қолданылады.
Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы жалға алған және күнделікті жалға бергендерді қоса есептегендегі негізгі қорлардың нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады.
Түгендеу қағазы өндірісті ұйымдастыру ережелері бойынша материалдық құндылақтарды бірден санап, жазбаға жазуға мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады. Бұл түгендеу қағазы саналған құндылықтармен бірге олардың тұрған орындарында сақталады.
Түгендеу кезінде және басқа да тексерістердің көмегімен анықталған мүліктің нақты қолда бары мен бухгалтерлік есептегі деректердің арсындағы алшақтығы белгілеу тәртібі бойынша есептеледі. Сортталу нәтижесінде анықталған кем шыққандар мен артықтардың өзара есеп айырысуы тек ерекшелік ретінде ғана, сол тексеріліп отырған кезең үшін, тексерген комиссияның жұмысын бағалау үшін және тауарлы-материалдық құндылықтардың сапасы мен мөлшерін анықтау үшін қажет болуы мүмкін. Сорттаудың болғандағы жөнінде материалдық жауапты адамдар түгедеу комиссиясына егжей-тегжейлі түсініктеме берді. Сортталудың өзара есепке алынуы туралы ұсыныс тұрақты жұмыс істейтін түгедеу комиссиясының қаруына беріледі және оның кәсіпорын басшысы түбегейлі шешеді; ал ол ұсынылған барлық материалдарды зерттегеннен кейін, есепке алу туралы тиісті шешімдер қабылданды. Сортталуы (пересортицасы) бойынша олардың артық ие кем шығуын есепке (зачотқа) алғаннан кейін, жетпей қалған құндылықтар жауапты адамдардың жауапкершілігіне жатқызылады. Егер де сортталу кезінде нақты жауапты адамдар анықталмаса, онда оның сомасы кем шыққан мүліктер ретінде қаралады да, кәсіпорынның зиянына жатқызылады. Сортталу салдарынан анықталған құн айырмашылықтары материалдық жауапты адамдардың кінәсінен болмаса, ол түгендеу комиссиясының хаттамаларында бұл аталған айырмашылықтар жауапты адамның мойнына қойылмау себептерін ашып көрсетеді. Есеп айырысудың барлық түрлерінің түгенделуінде өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін. Бюджетпен, сатып алушымен, жабдықтаушымен, есеп беретін адамдармен, қызметкерлермен, депоненттермен және басқа дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу есеп айырысу шоттарында есептелген сомалардың мұқият негізделгеніне саяды. Есеп айырысу инкассо тәртібімен жүргізілмейтін барлық сатып алушылардың және басқа дебиторлардың мәліметтерінің дұрыстығын тексеру үшін кредиторлардың берешегі туралы дербес шоттардың көшірмелері жазылады.
Еспе берер алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бухгалтерия цехтардан, қоймалардан, есеп беретін адамдардан т.б. құжаттардың толық түскенін (немесе түспегінін) тексеруді; ай ішіндегі немесе жыл ішіндегі барлық шығындарды өндіріс шығындарына қосуды; негізгі құралдарды амортизациясын, демалысқа төленетін резервін және басқа мақсаттарға арналған резервті, материалдық емес активтердің тозуын толық есептеуді; алдағы кезеңдердегі шығындарды есептен шығаруды; құндылықтардың барлық шоттары мен топтарында есептік баға бойынша нақты өзіндік құнын, орташа КДШ процентін не ауытқушылықтарын (+,-) есептеп шығаруды; жұмсалған материалдардың нақты өзіндік құнын анықтап, оны өндірістік және басқа шоттарға көшіріп жазуды тексеруі қажет.
ІІ-ТАРАУ. Қаржылық есеп беруді жасау

Жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру түсіндірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалы:
- инвестор – жасаған инвестицияның тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз үлесін сақтаудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз үлесін сақтаудың сқажеттілігі анықтау үшін; кәсіпорынның келешектегі күтілетін дивидендтерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- кредитор – алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін (мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- жабдықтаушылар – кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- сатып алушы – кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
- қызметкерлер – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер – тұрақты түрде дивиденд алып тұруын көздейді;
- Мемлекеттік органдар – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;
- Жұртшылық – жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға (алуға) мүдделі болып келеді.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әртүрлі мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі талабы (басқа жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.
Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін ақпарат болып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі