Экономика | Коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорынның қаржысы

 Экономика | Коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорынның қаржысы

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3

I. Шаруашылық субъектілерінің қаржы теория негіздері
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы .......................................5
1.2 Шаруашылық субъектілерінің қаржы қорлары ............................................6 1.3 Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері.................................................................................11

ІІ. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.1 Өндірістік капиталдар және кәсіпорындар қызметінің қаржылық нәтижелері............................................................................................................. 16
2.2 Баланс активінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау......................................................................................................................21 2.3 Баланс активін құрастыру көздерінің динамыкасын талдау......................29

ІІІ. Кәсіпорынның болашақтағы даму перспективасын қарастыру
3.1 Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын талдау.........................................33

Қорытынды............................................................................................................36

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................37


I-Бөлім. Шаруашылық субъектілерінің қаржы теория негіздері.
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы – біріңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы табылады. Бұл сферада елдің ұлттық қоры жасалады. Сондықтан бұл буынның қаржысы, қаржылырдың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъекілердің қаржысының болуы жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты тауар - ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс – әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы өзіне:
- кәсіпорындардың
- фирмалардың
- қоғамдардың
- концерндердің
- ассоциялардың
- салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдарының
- шаруашылық аралық
- салааралық
- кооперативтік ұйымдардың
- мекемелердің;
қаржыларын біріктіреді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына негізгі мынандай белгілер тән:
1. Қаржылық қатынастарының көпқырлылығы.
2. Өндірістік құралдардың, яғни негізгі капиталдардың міндетті болуы.
3. Жоғары белсенділік.
4. Бастапқы шаруашылық жүргізуші субъектілерді айқындаушы қаржысы.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Бөлу – өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болма
1.2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары

Шаруашылық қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын – белілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланылады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қорланады, жұмсалады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды. Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары - материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс қалдықтарынан жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру үшін) жұмыс істеді. 1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылды. Министрліктер мен ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық – қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген (жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның тұтыну қорын жұмсау ауқымы, кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққандағы бұл мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілері мен маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары. Құрылтайшылардың немесе кәсіпорындар ұжымдарының қарап шешуі бойынша басқа да мақсатты қаражат қорлары құрылуы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, басқа шаруашылық органдарымен болатын үлестік қоры және басқалары.
Жарғылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады.
Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа толықтырылуы нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар - материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.
Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді қорларды – тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
Тұтыну қоры мыналарды кіріктіреді:
бүкіл қызметкердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары;
ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар;
еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және натуралдық нысандардағы қаражаттар;
материалдық көмек:
еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін табыстар (дивидендтер, пайыздар);
оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу үшін берілетін сыйақылардан бөлек басқа да жеке сипаттағы төлемдер.
Қорлану қоры:
кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс;
негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар;
шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
банктердің несиелері;
басқа да көздер есебінен қалыптасады.
Қорлану қоры ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын қаржыландыруға;
негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға;
ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді игеруге;
табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға үлестік қатысуға;
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға қатысуға пайдаланылады.
Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке-жеке қорлар көздерін құрып, пайдалана алады:жалақы, еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Ұдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры, сақтық қоры) маңызы зор. Нарыққа көшу жағдайында олардың маңыздылығы артпаса, кемімейді. Қаржы резервтерін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері меншікті қаржы ресурстары есебінен басқару құрылымдары (нормативтік аударымдар негізінде), мамандандырылған сақтық ұйымдары (сақтандыру әдісі арқылы) және мемлекет (әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің қаржы қорлары) жасай алады. Оның мақсаты - шаруашылық – қаржы жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығындарды жауып, кәсіпорындардың қаржы жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Қор кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады (осы мақсаттар үшін олардың жеткіліктілігі жағдайында).
Кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорлары валюта қаражаттарының есебінен мына көздерден қалыптасады:
экспорттық валюталық түсім-ақшадан;
жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңи тұлғалардың валюталық несиелерінен;
ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы валюта сатып алу;
бейрезиденттер көрсететін қаржы көмегі (гранттар).
Өнімдерді,жұмыстар мен қызметтерді экспортқа шығарудан түскен валюталық түсім-ақша заңмен белгіленген салықтар төленгеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорларына бағытталады. Бұл қорларға активтерге (бағала қағаздарға) инвестициялардан, депозиттер, салымдар нысанындағы және т.б. нысандардағы, егер бұл дивидендтер мен табыстар меншікті немесе қарыз қаражаттарының жұмсалымдарынан алынған болса, қаражаттарды орналастырудан алынған шетелдік валютадағы дивидендтер мен табыстар есептеледі.Кәсіпорындар мен ұйымдарға ортақ міндеттерді шешу үшін ерікті негізде өздерінің валюта қаржысын кәсіпорындар мен ұйымдар ешкімнің рұқсатынсыз, бірақ қолданылып жүрген валюта заңнамасының шеңберінде өздерінің қарап шешуі бойынша пайдалана алады. Валюта қорлары ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік-мәдени дамуына жұмсалады;
Валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатын шетел тауарларын, дәрі-дәрмектерді және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Валюта қорларының қаржысы ізгілік және қайырымдылық көмек көрсетуге де пайдалануы мүмкін. Кәсіпорындар мен ұйымдар валюта қоры қаражаттарының бір бөлігін қосалқы жеткізушілерге- кәсіпорындар мен ұйымдарға бере алады; бұл түсімдердің көлемі шарттың негізінде экспорттық өнім өндірісіне қатысушылардың үлесі ескеріле отырып, шешілді.
Жөндеу қоры кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар өнімнің, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің өзіндік құны есебінен қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға қарай жөндеу қорына аударылатын аударымдардың нормативтерін кәсіпорындар өздігінше белгілей алады, бұл шығындардың көлемі негізгі капиталдардың жай- күйімен және тозығының дәрежесімен анықталады. Ішінара жөндеуге жұмсалатын шығындар болашақ кезеңдерге жатқызылатын шығыстардың есебінен жабылуы м
1.3 Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері.
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді; коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері (жинақ ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногы мен ақша-кредит рыноктарына қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда- делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ-ні жасау, бөлу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақша немесе қаржы қатынастары деп атайды, қаржы қатынастары ақша қатынастарының бір бөлігі болып саналғанымен ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады да орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады:
Коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін - өзі өтеу, өзін - өзі қаржыландыру, қаржы - шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);
 жоспарлылық;
 меншіктің барлық нысандарының теңдігі;
 қаржы резервтерінің болуы.
1.Коммерциялық (шаруашылық) есеп - кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық - қаржы қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары (капиталы) тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылықты жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылық қызметтен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды талап етеді.
Коммерциялық есептің өзіндік ерекшелігі:
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тәуелсіздігі болады;
қаржы қатынастары мемлекет тарапынан болатын майда реттемелеуден бос болады;
қаржы қатынастары субъектілерінің жұмыстың нақты нәтижелері және міндеттемелердің уақтылы орындалуы үшін нақтылы экономикалық жауапкершілігі болады;
коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің банктермен, сақтық ұйымдарымен және мемлекетпен көптеген өзара қарым - қатынастары қалыптасады.
Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпкерлік нысанында іске асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының теңдігі қағидатын, мүлікке иеліктің бостандығын және қызмет сфераларын таңдауды іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға және азаматтардың кәсіпкершілігіне жағдайлар жасайды.
Коммерциялық есептің айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік пен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.
Өзін-өзі өтеушілік – шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол кәсіпорынның өз өнімінің (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсім - ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін - өзі өтеушіліктің төменгі шегі - залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық теңдігі. Шығындарды өзін - өзі өтеушілікке жету - кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы қолдауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабельді жұмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың кредит ресурстарын пайдалану, екіншісінде бюджеттік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар.
Жеткізушілер, банктер, бюджет, әр түрлі несиегерлер тарапынан кәсіпорынға қойылатын талаптар мен міндеттемелерді кәсіпорынның уақытында қанағаттандыруға төлем қаражаттарының жетіспеуімен байланысты тұрақты қабілетсіздігі кезіде белгілі бір рәсімдерді сауықтыруды, қайта ұйымдастыруды, тәуелсіз басқаруға беруді, сатуды немесе таратуды қолданумен кәсіпорын заңмен белгіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.
Өзін-өзі қаржыландыру – нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік- техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді несиелері мен коммерциялық несие есебінен ( ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді несиелер есебінен ( күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.
Нарықтық экономика мен жекешелендіру процестерінің дамуы жағдайында өзін - өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржы операцияларынан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.
Бюджеттік және салалық қаржы көздерін өзінің маңызын жоғалтты және олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, конверсияға қолданылады.
Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дербестігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырылып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?