Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІ

 Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІ

Мазмұны

КIРIСПЕ………………………….....……………………………….……………….4

1 НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ МАҢЫЗЫ, МӘНІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ СИПАТЫ

1.1 Қаржылық саясаттың тапсырмалары ......…….................………....……………6
1.2 Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиясы мен тактикасының ара қатынасы.......................................................................................................................8

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІ

2.1 Кәсіпорынның қаржы механизмінің элементтер жүйесі..................................14

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ПРОЦЕСІ....................................................................................................................19


ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………........….………………24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl…………………........……………….26


1 НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ МАҢЫЗЫ, МӘНІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ СИПАТЫ

1.1 Қаржылық саясаттың тапсырмалары

Саясат мемлекет қызметiнiң барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементi болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтiк, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, iшкi сыртқы саясат туралы айтады.

ҚОНДЫРМА
Қаржы органдары
Қаржы саясаты
Қаржы механизмi
ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫ

ҰДАЙЫ ӨНДIРIС

Экономикалық категориялар
Экономикалық заңдар
Өндiрiстiк қатынастар Өндiргiш күштер
БАЗИС

Сурет 1

Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн, белгiлi бiр мақсаттарға жету үшiн пайдаланады. Қойылған мақсаттарды iске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл аткарады. Оны жасап, жүзеге асыру процесiнде қоғам алдында тұрған мiндеттердi орындаудың шарттары қамтамасыз етiлдi; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгiлi құралы болып табылады.
Материалистiк диалектика жүйесiнде түрлi басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында бiлiнетiн және өндiрiстiк қатынастардың, белгiлi бiр экономикалық фомацияның бiр бөлiгi ретiнде көретiнiң қаржы қатынастары базистық болып табылады (1 суреттi қараңыз).
Қаржы саясаты- қаржыны басқарудың түптi мақсаты, оның нақты нәтижесi; өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн кәсіпорынның қаржы саласында жүргiзетiн мақсатты ойлары мен шараларының жиынтығы. Ол мемлекеттiнiң экономикалық саясатының құрамды бөлiгi болып табылады.
Қаржы саясаты-қаржыны басқарудың түптi мақсаты, оның нақты нәтижесi; өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн кәсіпорынның қаржы саласында жүргiзетiн мақсатты ойлары мен шараларының жиынтығы. Ол кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамы бөлiгi болып табылады.
Қаржы саясаты өзiне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегiнде кәсіпорынның қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асырудың құралы болып келедi, яғни қосалқы рөлдi орындайды. Мемлекеттiк саясатың басқа да бағыттарын - ұлтық, геосаясаты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды. Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттiк саясатты жүргiзудiң құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтаса керек.
Қаржыны басқарудың бүкiл жүйесi кәсіпорынның қаржы саясатына негiзделедi. Қаржы саясатын жасауға билiктiң заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшелiктерiне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентiне жатады, ол жыл сайынғы Жолдаунда ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Кәсіпорын экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтiк тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шенберiнде iс-қимыл жасауы тиiс.
Экономикалық заңдармен анықталатын қоғамдағы өндiрiстiк қатынастар категориялар арқылы көрiнедi. Категориялар- бұл бiркелкi экономикалық қатынастардың көрiнесi, бұл қатынастар экономикалық өмiрдiң белгiлi бiр жағын сиппатайды және абстракттi, қорытынды түрде көрiнедi; оларға баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) және т.т. жатады.
Қаржы эконмикалық категория ретiнде, экономикалық заңдардың (күн заңының, сұранамын мен ұсыным заңының, кажеттiлiктердiң жоғарылау заңының өндiрiстiк қатынастардың өндiргiш күштердiң сипаты мен даму деңгейiне сәйкестiк заңының, уақытты үнемдеу заңының) iс-әрекетiне негiзделедi.
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмiрде қаржы механiзмi арқылы iске асырылады. Ол қаржыны ұйымдастыру , жоспарлау және басқару түрлерiнiң, нысандарының және әдiстерiнiң жүйесi болып табылады. Қаржы механизмi арқылы шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтiк дамудың мемлекеттiк бағдамаларын орындау үшiн мақсатты ақша қорлары мен ақша қорландарын қалыптастыру және пайдалану жөнiндегi қаржы қатынастары басқарылады.
Көбiрек жалпы экономикалық категория ретiнде қаржы абстракцияның (салықтардың, бюджеттiң және т.т.) аз дәрежесi бар жеке қаржылық қосалқы категориялардан тұрақтындықтан, дербестiктiң белгiлi дәрежесiмен салық саясатын, бюджет саясатын және оларға сай механизмдердi - салық, бюджет, қаржы жоспарлары, қаржыны басқару, қаржы-құқықтық механизмдердi бөлуге болады.

1.2 Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиясы мен тактикасының ара қатынасы

Мезгiлiнiң ұзақтығына және шешiлетiн мәселелердiң сипатына қарай кәсіпорынның қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен тактикасы болып бөлiнедi.
Қаржы стратегиясы- экономикалық және әлеуметтiк стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және iрi ауқымды мiндеттердi шешудi қарастыртын қаржы саясатының ұзақ мерзiмдi курсы. Ол экономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңiне бағытталған, ал оның шеңберiндегi күнделiктi мiндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудiң кезеңдерi ретiнде жүзеге асырылып отырады. Сөйтiп, қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемi анықталып отырады. Алайда, тап осындай (стратегиялық) тәсiлдеменiң болмауы елдiң үнемi нашарлап бара жатқан қаржы жағдайынан, кәсіпорынның жиынтық қаржы балансының тепе-теңсiздiгiнiң өсiунен дер кезiнде тиiстi қорытынды жасауға және экономикадағы қажеттi құрымдылық өзгерiстердi уақытылы қамтамасыз етуге, оның бүгiнгi дағдарыстық жағдайға сығырып түсуiнен қорғап қалуға мүмкiндiқ бермедi. Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының iрi тарихи кезеңдерiне үйлестiре отырып жасайды. Оны жасау процесiнде қаржыны дамутыдың негiзгi тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы қатынастарын ұйымдастырудың қағидаттары белгiленедi. ұзақ мерзiмдi мақсаттарды таңдап алу және қаржы саясатынды мақсатты бағдарламалары жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтiк дамуының басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етедi.
Қаржы практикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезiнде өзгертiп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңiнiң мәселерiн шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттiрмейтiн мiндеттердi шешуге, пайда болған үйлесiмсiздiктердi қаржылардығы және елдiң, аумақтың,саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды. Қаржы страгетиясының бiршама тұрақтылығы кезiнде қаржы тактикасы орамдылығымен (икемдiлiгiмен) ерекшеленуi тиiс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтiк факторладың және басқалардың ширақтылығымен алдың ала анықталады.
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептердi шешу үшiн қолайлы жағдайлар жасады. Экономика мен әулеметтiк сала дамуының шешушi учаскелерi мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдiстердi өзгерту, қаржы байланыстрарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзiмi iшiнде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгiлеген мiндеттердi шешуге мүмкiндiк бередi.
Қаржы механизмi мемлекет белгiлеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы нәтижелерге - қоғамдық - экономикалық өмiрдiң барлық деңгейлерi мен сфераларындағы қоғамдық өнiмнiң, материалдiқ емес игiлiктердiң, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементерi құнының құрамына кiретiң қаржы ресурстарының ұдайы өндiрiлуiне айналдырып, iске асырады. Ұдайы өндiрiстiң әр алуандылығы өз кезегiнде қаржы механизмi құрамдi және ажырағысыз бөлiгi болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнiң нысандары мен әдiстерiнiң тиiстi әр алуандығын тудырады.
Сөйтiп, қоғамдық формацияның экономикалық заңдарымен, белгiлi бiр өндiрiстiк қатынастардың және тиiстi категориялардың болумен анықталатын өндiрiс процесi шаруашылық механизм арқылы iске асатын экономикалық саясатпен реттелiнiп отырғанда iшкi, сол сияқты халықаралық жағдайдың да ерекшелiктерiн кәсіпорынның нақты экономикалық және қаржылық мүмкiндiктерiн ескеруi тиiс. Қаржы ресурстарының көлемiне белгiленген және жұмсалған шығындардың тiкелей тәуекелдiгi жай ғана қаржы салалы айғалы болып табылады және шаруашылық жүргiзудiң барлық деңгейлерiнде қолдап отырылуы тиiс. Бұл маңызды талапты сақтамау бюджет тапшылығының, мемлекеттiк борыштың пайда болып, көбейюне, инфляциялық процестерге ұрындырады.
Кезең ерекшелiгiн есепке алу оның алдынғы шаруашылық және қаржы құрылысының тәжiрибесiң, жаңа тенденциялар мен прогрессивтi құбылыстарды, дүние жүзiлiк тәжiрибенi мұқият зердеудi де қажет етедi. Ағымдағы кезеңнiң ерекшелiктерiн, экономикалық дамуының толғағы жеткен қажеттiлiктерiн есепке алу негiзiнде қаржы саясатын дер кезiнде өзгертiп отыру алдыда тұрған мәселелердi неғұрлым қысқа уақытта және ең аз шығындармен мүмкiндiк бередi.
Қаржы саясатында қойылатын маңызды талап қаржы саясатын жүргiзiнде, яғни дамудың белгiлi бiр кезенiнiң негiзгi мiндеттерiн орындауға шаралар бағыттау жолымен қаржы жүйесiнiң барлық буындарында жүргiзiлетiн шараларды келiскенде кешендi көзқарасты сақтау, сондай-экономиклық саясаттын құрамды бөлiктерi арасыныда қаржы, кредит, баға белгiлеу, жалақы салалары саясатында тығыз өзара байланыста қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржы саясатының мақсаты - қоғам дамуының аса маңызды қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарының толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсiпкерлiк қызметтi жандандыра түсеге қолайды жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсiпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ак оларды экономикалық және әлеуметтiк дамуының басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маныз берiледi.
Эконмикалық дағдарыстан шығу және одан әрi серпiндi даму мемелекеттiң сындарлы және негiзгi саясаты арқылы болуы мүмкiн. Жүргiзiлiп отырған қаржы саясатының басты субъектiсi мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған мiндеттердi, қаражаттарды және оған жетудiң жолдарын анықтайды.
Кәсіпорынның қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың iс-әрекетiн ескере отырып және қоғамның даму мiндеттерiне сәйкес қаржыны жоспарлы үйымдасттыру болып табылады. Қоғамдықдамуының әрбiр кезеңiнде қаржы саясатының өзiне тәнбелгiлерi болады, ол экономиканың жай-күйын, қоғамның материалдық және мәдени өмiрiнiң толғағы жеткен кажеттiлiктерiн және мәдени өмiрiнiң толғағы жеткен қажеттiлiктерiн және басқа факторларды ескере отырып, түрлi мiндеттердi шешедi.
Кәсіпорынның қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделi, өйткенi ол шаралардың ауқымды кешенiн, оны дәйектi жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:
- экономикалық заңдарың әрекетi, экономиканың жай күйi, қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуының перспективалары негiзiнде елдегi қаржының ғылыми негiзделген тұжырымдамасын әзiрлеу;
- экономикалық саясаттың тиiстi мақсаттары мен мiндеттерi негiздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларының тұжырымдау;
- белгiленген iс-әрекеттердi қаржы механизмi (экономикалық қайта құрудың түбегейлiгiне қарай оны жаңғырта және түзете отырып) арқылы iс жүзеге асыру.
Осы негiзгi үш буынның бiрлiгi қаржы саясатынның мазмұнын анықтайды. Демек экономикалық заңдардың iс-әрекетiн есепке ала отырып, қоғамға дамытудың мiндеттерiне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мелекеттiң қаржы саясаты ның мазмұны болып табылады.Казiргi кезеңде қаржы саясатының көмегiмен шешiлетiн бастымiндеттердiң қатарына мыналарды жатқызуға болады:
А) елдiң дамуының әрбiр нақты кезеңiнiң ерекшелiктерi негiзiнде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкiн болатын көлемiн жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндiрiстiң сфералары арасында, ұлттык шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгiлi бiр максаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамуының белгiленген бағыттырын орныдау үшiн тиiстi қаржы механизмiн жасап, оны үнемi жетiлдiрiп отыру.
Қаржы саясатын жүзеге асырудың негiзiне жалпы және жеке (өзгеше) қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиiс.
Қаржы саясатын жүргiзiнде оныңмына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:
- колда бар нақты қаржы ресурстарын негiздей отырып, бюджеттердi жасау, бекiту және атқару кезiнде қоғмдық өндiрiстiң барлық қатысушыларының, әлеуметтiк, ұлттық және кәсiби топтардың мүдделерiн сақтау;
- қаржы қатыныстарының жоспорлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесiнiң барлық сфералары мен буындарында кiрiстер мен шығыстардың теңгерiмдiлiгi;
- қаржы резертерiн жасау (бюджет жүйесiнде кiрiстердiң шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резевртерiнiң асып түсуi);
- мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiледiң арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.
- Қаржы саясатының тиiмдiлiгiн қамтасыз ететiн жалпы қағидаттарға мыналар жатады:
- объективтi экономикалық заңдарының iс-эрекетiнiн есепке алу;
- нақты тарихы жағдайлары есепке алу;
- өткен жылдардың өзiндiк тәжiрибесiн және дүниежүзiлiк тәжiрибенi есепке алу;
- Жеке (өзгеше) қағидаттарға мыныларды жатқызуға болады:
- қоғамда қаржы жүйесiнiң ұтымды құрылымын, қаржы қатыныстардын жоспарлы ұйымдастыруды және қаржы механизмiнiң дұрыс құрылуын қамтамасыз ету;қаржы жүйесiнiң барлық салаларымен буындарындағы кiрiстер мен шығыстардың тепе-тендiгi;
- бюджеттегi кiрiстердiң шығыстардан асып түсетiн қаржы резервтерiн жасау;
- салық жүйесiн ұтымды құру арқылы экономикалық және әлеуметтiк дамуының манызды бағыттарына қаржы ресурстары шоғырландыру;
- негiзгi қаржы ресурстарын мемлекет қармағана жұмылдыру оларды мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында тиiмдi бөлу;
- қаржы және несие - ақша саясатының тепе-тендiгi.
Әрбiр экономикалық категорияның өзiнiң өзгешелiгi болады тиiстi қатынастарды бiлдiрудiң белгiлi бiр түрлi, нысандары мен әдiстерi арқылы көрiнедi. Тап осы ұғымдар - қатынастарды iске асырудың түрлерi, нысандарымен әдiстерi - экономикалық өмiрде тиiстi поцестердiбасқарудiң тетiктерi, механизмi ретiнде болып келедi. Қаржы өзгеше бөлгiштiк категория ретiнде түрлi мақсатты ақша қорлрын жасау және пайдалану арқылы ижасалынған өнiмдi бөлу және қайта бөлуге қатысады.Сондықтан осы процесте қоданылатын механизм - бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастары көрiнiсiнiң түрлерi, нысандары, мен әдiстерi.
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІ

2.1 Кәсіпорынның қаржы механизмінің элементтер жүйесі

'' Механизм'' терминi эконмикалық ұғымда бiр нәрсенi iс-қимылға келтiретiн, белгiлi бiр қызметке түрткi болатын құралды бiлдiредi. Бұл мағынада термин басқаруда қолданылады және оның мәнi экономикалық, соның iшiнде қаржы саясатының да мiндеттермен анықталатын басқарушы субъектiнiң басқарылытын объектiге ықпалының мазмұнымен байланысты.
Қаржы шаруашылық жүргiзудiң бүкiл жүйесiмен және оның жоспарлау, болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару сияқты құрамды бөлiктерiмен етене байланысты. Оның үстiне, қаржы қоғамдық қатынастар жүйесiнiң серпiнiн (динамикасының) анықтаушы негұрлым жалпы ұғым ретiндегi әлеуметтiк механизмнiң ұқсас құрамды бөлiктерiмен де өзара iс-әрекет етедi.
Қаржы механизмi- экономикалық және әлеуметтiк даму үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қалыптастырып, пайдлану әдiстерiнiң жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерiн, нысандарын және әдiстерiн, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.
Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлiмдерiнiң ерекшелiктерiне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлiнуiнiң негiзiнде қаржы механизмi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы механизмi, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмi болып бөлiнедi. Өз кезегiнде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындары қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмi бюджеттiк механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмi болып бөлiнедi. Аумақтық бөлiнiске сәйкес республиканың, билiктiң жергiлiктi органдарының қаржы механизмi деп бөлуге болады.
Қаржы механизмiнiң жүйесi

Қаржы механизмi (жүйе)
Қоскалқы жүйелер
қаржылық
жоспарлау
(болжау) қаржы
тұтқалары мен
ынталандырмалары ұйымдық
құрылым және
құқықтық және құқықтық режiм
Блоктар
Қаржы болжамдары, жоспарлары, және баланстары Қаржы қосреткiштерi Қаржы нормалары мен нормативтерi (ағымдi қаржыландыруда қолдалнылатындары) Қаржы ресурстарын бөлудiң нормативтерi (макроэкономикалық нормативтер: салықтардың мөлшерлемелерi, қрларға аударылған аударымдардың нормалары) ұдайы өндiрiстi және ынталандыруды қаржымен қамздандыру қорлары Қаржыны басқаруды ұйымдастыру Қаржыны қатынастарын реттейтiн, заңнамалық және нормативтiк актiлер Қаржылық бақылау


Сурет 2

Жалпы шаруашылық механизмi секiлдi қаржы механизмiнiң де өзiне тән iшкi құрымы бар және ол айтарлықтай күрделi. Оған қаржы қатынастарының әр алуандығына сәйекс келетiн түрлi элементтер кiредi. Қаржы механизмi экономикалық жүйе шеңберiнде құаржы қатынастарының ұйымдық нысандарының жиынтығын,орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын, қаржыны және қаржы жүйесiн басқарудың нысандарын, қаржы заңын қамтиды.
Қаржылық өзара байланыстардың тап осындай көптiгi оларды (элементттердi) ұйымдастырудың көптеген түрлерiн, нысандарын және әдiстерiн қолдануды ала анықтайды.
Қаржы механизмi құрымын сипаттау үшiн оның буындары ретiнде анықталатын жүйелi талдаудың қосалқы жүйесi (бөлiгi), блогы, элементi сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды.
Нақты өмiрде, шаруашылық және қаржы механизмдерiнде абстрактты экономикалық (құндық) категориялар нақтыланады және нақтылы нысандар түрiнде болады (сурет 2).
Қаржы механизмiнiң қосалқы жүйесi (бөлiгi) оның неғұрлым манызды қозғаушы күшi болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесiнiң құқықтық режiмi қаржыны ұйымдастыру.
Қаржы механизмiнiң блогы (буыны)- бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгiсi бойынша бiрiккен бiркелкi өзара байланысты элементтердiң жиынтығы.
Қаржы механизмнiнiң элементi - бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндiрiске қатысушылардың мүдделерi айрықша түрде бiлiнедi.
Қоғамдық өмiрде қарының және әрекет жасау әдiстерiнiң өзара iс-қимылы арқылы көрiнедi.
Нақтылы нысандар деп жоспарлана алатын, түрiн өзгерте алатын, адамдар есепке алатын категориялар ұгынылады. Нықтылы нысандар - бұл эконгомикалық категорилардың iске асу нысандары. Жалпы қаржылар арқылы емес, бiрақ оның нақтылы нысан дары (қаржылық қосалқы категориялар) - бюджет, кiрiстер, шығыстар арқылы экономикалық заңдарды адамдар өз мақсаттарына пайдаланады. Бұл мағынада жоғарыда аталған нақтылы нысандар ұдайы өндiрiс процестерiн басқарудың құндық категориялары болып табылады.
Әдiс - бұл.басқару функцияларын орындау жөнiндегi iс-әрекетiнiң тәсiлi, әрi бұл жағдайдағы анағұрлым ұтымды тәсiл. Ықпал ету әдiстерi белгiлi бiр ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!