Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорында өнім сапасын

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорында өнім сапасын казакша Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорында өнім сапасын на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе -3
1.1 ҚР-да сапа менеджментінің даму перспективасы -6

1.2 Өнімнің бәсекегеқабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы -14

1.3 Кәсіпорында өнім сапасын жетілдірудің негізгі
бағыттары -19

Қорытынды -24

Қолданылған әдебиеттер -27 .......


1.1. ҚР – да сапа менеджментінің даму перспективасы
Республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелінетін азық-түлік шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін тауарлардың және көрсетілетін қызмет сапасын тұтынушының сұраныс талабына сай болуы үшін өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілу қажет.
Отандық кәсіпкерлердің өнім сапасын және бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысымен «Сапа төңірегіндегі конкурстар» №384 26 – мамыр 2001 жылдан және «Сапа төңірегіндегі жеткен жетістіктері үшін», «Қазақстанның ең озық, сапалы тауарлары» деген конкурстары өткізіліп отырады. Сонымен қатар сапаны мемлекеттік реттеуде жыл сайын «XXI ғасырда сапаны жалпы басқару» және Республикалық акциялар «Тек қана біздікін сатып ал» атты конкурстары өткізіліп отырады. Бұл конкурста жеңген отандық кәсіпкерлер мемлекеттік инвестиция салу көзіне айналады және «Халық маркасы» атты атақ беріледі.{4}
Бұл конкурстардың негізгі мақсаты отандық кәсіпорындар арасындағы бәсекеқабілеттілікті арттыру және бәсекеқабілеттілікті арттыру арқылы өндірілетін және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру болып табылады.
Жапония, АҚШ елдері өндірушілер арасындағы бәсекені ынталандыру арқылы, бұл кәсіпорындағы жұмыс орындарына жоғары білікті, тәжірибелі мамандардың жұмыс істеуіне қол жеткізді. Бұл мамандар кәсіпорындағы сапамен байланысты мәселелерді шешуде өздерінің жоғары білімдерімен қатар тәжірибелерді алып келді.

ҚР Үкіметінің «Сапа төңірегіндегі жетістіктері» премиясының
моделі. № 14 сурет

Бұл конкурсқа 650 балдан асқан кәсіпорындар қатыса алады. Конкурсқа қатысушылардың материалдарын арнайы сарапшы топ тексереді. Бұл сарапшы топтың негізгі мақсаты конкурста ұсынылған материалдардың айқындылығын бағалау және тексеру болып табылады.
2006 жылы «Қазақстан нарығындағы үздік кәсіпорын» атағына Food Master компаниясы ие болды. Бұл компания 140 түрлі сүт тағамдары өнімдерін шығарады. Бұл компанияның Қазақстан нарығында 5 зауыты жұмыс істейді. Олар күніне 178 тонна сүт өнімдерін шығарады.{5}
Отандық кәсіпкерлердің бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1-наурыз 2006 жылы Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын ұсынды. Бұл стратегияда келесідей басымдылықтар ұсынылған:
Бірінші басымдық: Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі
Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.
Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді.
Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті.
Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық “серпілісті” әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, мен мынадай бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын.
Халықаралық маңыздағы “серпілістік” жобаларды іске асыру, индустрияны дамыту, әлемдік рыноктың белгілі бір тауашаларында бәсекеге қабілетті бола алатын тауарлар мен қызметтерді өндіру
Біз түпкі өнімдерін экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, мұнай-газ, көлік саласында және машина жасау мен металлургиядағы, химия мен агроөнеркәсіп кешеніндегі басқа да ішкі салаларда бірлескен кәсіпорындар құруға және дамытуға арқа сүйеуіміз керек. Алдымызда халықаралық ұйымдардың белсене қатысуымен биотехнологиялық орталықтар; өңірлік ІT-орталық ретінде ақпараттық технологиялар паркін дамыту міндеті тұр. Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлары мен қызметін әлемдік рыноктарға жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдік тәжірибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз керек.
Қазақстанның өңірлік және халықаралық экономикалық бірлестіктер мен ассоциацияларға қатысуы жолымен халықаралық
экономикаға кірігуі
Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау көрсетеді.
Өңірлік серіктестікке келгенде, біз ЕурАзЭҚ шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және Біртұтас Экономикалық кеңістікті қалыптастыруға одан әрі септесе беру ниетіндеміз. Сонымен қатар Бүкілдүниежүзілік банк, Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және таяуда құрылған Еуразия даму банкінің жобаларына баса назар аудару керек.
Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ-ға кіру
Қазақстанның БСҰ-ға кіруі жолындағы келіссөз үдерісі тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режимін реттейтін заңдарының едәуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына сәйкес келтірілді немесе Парламентте талқылану үстінде. Еліміздің осы халықаралық экономикалық ұйымға енуі Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін. Дегенмен осы мүмкіндіктерді ұтымды әрі тиімді пайдалана білу керек.
Біз әлі қолға алынбаған секторлардағы шетел инвесторларының құрылтайшылық қатысуы деңгейіндегі экономикалық тұрғыдан өзін ақтамайтын шектеулерді алып тастауымыз керек.
Ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру
Қазақстанда халықаралық ұйымдардың қатысуымен осы заманғы ғылыми орталықтар мен “технологиялық парктер” құру мен дамыту, жаңа технологияларды игеру үдерісіне қолдау көрсету мен кадрлардың білігін бағдарлаудың икемді жүйесін қалыптастыруымыз керек. Ғылыми әлеуетті дамыту қолданбалы ғылымды өндіріс пен бизнеске мейлінше жақындатуға бағытталуға тиіс. Көш басында жүрген академиялық институттар мен орталықтарды Қазақстанға тарту үшін тиісті алғышарттар жасау қажет. Бұл үшін бізге Қазақстанда халықаралық оқу орындарын бірлесе дамыту үшін “инкубациялық жобалар” үлгісіндегі құралдарды пайдалануымыз керек.
“Инкубациялық жобаларды” дамытуды көтермелеу мақсатында Үкімет, Үндістанда жасалғандай, ғылыми орталықтарды дамыту үшін жер телімдерін тегін беру, бастапқы капитал бөлу, қажетті негіздік инфрақұрылымды жасақтау және басқа да бірсыпыра шараларды ұйымдастыру мәселелерін шешуге тиіс деп санаймын.
Осы заманғы және бәсекеге қабілетті көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту
Қазақстанның көлік-коммуникация кешенінің басты мақсаты еуразиялық көлік жүйесіне кірігу болып қала береді. Көлік-коммуникация кешенін дамыту Еуропа мен Азия ортасындағы аралық көпір болып отырған еліміздің геостратегиялық орналасуының артықшылықтарын пайдалануды толығымен қамтамасыз етуге тиіс.
Жүктердің тез өткізілуін ұйымдастыру жөнінде тиімді рәсімдер енгізу үшін көршілермен арадағы нақтылы уағдаластықтарды дамыту қажет.
Осы және басқа да міндеттердің бәрі Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясын әзірлеу мен іске асыру барысында ескерілуге тиіс. Бұл мәселелерді шешуде біз мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті қамтамасыз ету тетіктеріне баса назар аударуға тиіспіз.
Халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс.
Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің халықаралық стандарттарын енгізу
Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу, әлеуметтік жағынан қорғаусыз азаматтарға нақты қолдау жасау арқылы үлгі көрсетуде. Мұндай тәжірибе дамыған елдердегі сияқты бизнес-орта үшін қалыпты жағдайға айналуы керек.
Мәселен, экономика үшін білікті кадрлар даярлау саласында бизнес пен білім беру жүйесінің бірлескен қызметі компаниялар үшін де, тұтастай алғанда бүкіл еліміздің мүддесі үшін де пайдалы болмақ.
Әлбетте, бұл жерде байыпты түсінік жұмыстарының жүргізілуі және бизнес бастамаларына қолдау көрсету бағдарламасы қажет етіледі.
Бізге бизнестің әлеуметтік есептілігінің жалпыға ортақ ережесін әзірлеп, жалпыұлттық міндеттерді шешуде осы саладағы халықаралық озық тәжірибелерге сүйене отырып, оның әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын уақыт келді деп ойлаймын. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің стандарттары БҰҰ-ның Жаһандық шартында айқындалған.
Мен бүгін сіздердің назарларыңызға өзіміз алдағы уақытта шешетін міндеттерді белгілеп, Қазақстанның бәсекеге қабілетті әрі дамыған мемлекеттер қоғамдастығынан орын алуына мүмкіндік беретін Стратегияны ұсындым. Астана, 2006 жыл 1 наурыз.
Отандық тауарлардың бәсекеқабілеттілігін арттыру, өндіріске халықаралық стандарттартты енгізумен байланысты. Бұл аксиома ҚР-ның ДСҰ-ға кіргеннен соң әлемдік нарыққа шығуына жол ашады.
Қазіргі таңда Қазақстанда, өкінішке орай, отандық кәсіпорындардың көпшілігі өндірістік техникалар мен технологиялық артта қалуымен байланысты бәсекегеқабілетсіз болып табылады. Осы мәселені шешу үшін Республиканың индустриалды-инновациялық даму стратегиясы кәсіпорындарға жаңа технологияларды қолдануға және ғылым саласын көп талап ететін өндірістік салаларға орта және ұзақ мерзімді, төмен пайыздық несиелерді беретін мемлекеттік даму институтын құру қажет. Отандық кәсіпорындардың сыртқы нарыққа шығуы үшін әлемдік стандарттарға, оның ішінде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарын енгізу қажет. Бұл стандарттар қазіргі таңда әлемдегі ең танымал және ең көп таралған халықаралық стандарттардың бірі болып табылады. Бұл стандарттар әмбебап болып табылады, яғни кез-келген өндірістік және өндірістік емес салаларда қолдануға болады.
ИСО 9000 стандарттары негізінде құрылған сапа жүйесінің негізгі мақсаты - өнімнің сапасын қамтамасыз ету, тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру, сапаны қамтамасыз етуде кәсіпорынның мүмкіншілігін анықтайды. Жыл сайын бүкіл әлемде 2 500 кәсіпорын сапа жүйесін сертификаттайды.
Сапаны басқару жүйесі – қатаң және қызметтің регламенттелген тәртібімен, айқын міндеттемелерді нақты бөлістіріп, ол міндеттемелер атқарылған жағдайдағы жауапкершілік кешендерін анықтайды. Тек осы процесстер сақталған жағдайда ғана сапа менеджменті күтілген нәтижені береді. Осымен Қазақстандағы сапа менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындарға талдау жасағанда, бұл кәсіпорындардың табысы 10%-дан 20%-ға дейін артқан.
Тауар маркасы мен сапа жүйесі бір-бірімен тығыз байланыста болады және бұл байланыс тауар өндіруден, оны таратуға дейінгі аралықтағы ИСО 9000 стандарртар талаптарын сақтай отырып өнім сапасын үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Тауар белгісін әлемге әйгілі ету үшін бірінші кезекте сапаны басқару сертификатының болуы, бұл сертификат сыртқы нарықта отандық өндірушілердің біліктілігін, профессионалдылығын сипаттайды.
Біздің еліміз экономикалық позициямызды жақсартуда және әлемдік нарыққа интеграциялануға потенциалды болып табылады. Бұған себеп ҚР-ның ДСҰ кіру бағдарламасы, Әлемдегі бәсекегеқабілетті 50 елдің қатарына ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Кәсіпорында өнім сапасын жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Кәсіпорында өнім сапасын, курстык Кәсіпорында өнім сапасын жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұ, Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорында өнім сапасын дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін